156
проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігі; Оқушылардың жеке бас
қабілеттерін дамытудың тетігі; Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты. Баланың
тәрбиесі ата-ананың ғана баласы болмай, елдің жанашыры, патриоты, қорғаушысы, тұлғалық
«Мені» қалыптасқан, басқарушылық, көшбасшылық, достық, ынтымақтастық қабілетін дамытуға
мүмкіндік беретін жүйенің бірі осы функционалдық сауаттылықты дамыту.
Ол үшін педагог осы бағытта өзінің функционалдық сауаттылығын жоғары дәрежеде
дамытып, түсінген жағдайда, осы бағытта дәстүрлі бағыттан, өзгермелі заман талабына, оқушы
қажеттілігіне қарай білім беру әдісін өзгерткен жағдайда оқушының оқуы, функционалдық
сауаттылығы, өмір сүруге икемділігі дамиды. Қазіргі сауатты адам кім? Сауаттылығы пәнмен
шектелмеген, бір бағытта ғана дамыған емес, жан-жақты біліммен қаруланған: адами қасиеті, тіл
табыса білу қабілеті дамыған, үш тілді меңгерген, үш тілмен қатар үш жүздің, бірнеше ұлттың
мәдениетін танып білген, сыйластықпен ұлттарға құрметпен қарайтын, туған елдің қадірін,
туған
жердің
тілін,
ділін
сыйлайтын,интелектісі
жоғары,
адами
ерекшелігімен
ұйымдастырушылық қабілеті, креативті ойы ұшқыр, ынтымақшыл, бірлік пен достықтың
жаршысы ғана сауатты адам болады деп ойлаймын. Ал педагог осы тұлғаны өмірге дайындауы
үшін мұғалімнің бойында осы қасиеттер қалыптасқан, әр іс-әрекетінен жоғарыда айтылған
қасиеттерді білім алушылар айтпай -ақ, жар салмай-ақ байқайтындай дәрежеде болуы шарт деп
ойлаймын.
Қазіргі педагогтарымыздың алдында жоғарыда айтылған міндеттер тұр. Себебі қоғам күнде
қарыштап дамуда, өзгеруде, еліміз әлеммен қарым-қатынасы нығаюда, жастарымыз шетелдерде
білім алып,өз елінің тарихын, дәстүрін басқа елдермен салыстыра алады, өзге мәдениеттің де өз
тәжірибесіне, қажеттілігіне қарай қолдануына мүмкіндіктері бар. Қазіргі педагогтарымыз
оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуда осы айтылған бағыттарды дамытумен
айналысуда. Нәтижесінің алғашқы қадамдары да бар. Жас білім алушылар орыс, ағылшын,
француз, қытай, түрік, өзбек, қырғыз тілдерін емін игеріп, сол халықтардың да әдет-
ғұрыптарымен танысып, достық, ынтымақтасқан қарым-қатынастары дамуда. Келешек ұрпаққа
жасалынған бағдарламарымыз өз уақытында, ұрпақтың сұранысына дөп басып келіп отыр.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту –ол өмір талабы, қоғам талап етіп
отырған жүйе. Бұл жүйені дамытуда педагогтің ролі ең жоғары дәрежеде болып отыр. Себебі,
барлық білімін жетілдіру курсына келген мұғалімдерге осы оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуы бойынша тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық
жобалар, өзіндік жұмыстар арқылы педагогтың оқытуда функционалдық сауаттылығы дамуына
мүмкіндік алады. Аталған іс-шаралар тек облыс көлемінде ғана емес, Республика көлемінде,
Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, өз идеяларымен әдіс- алмасу
мен пікір таластарға қатысып ктеді. Әрине, педагог білімін жетілдірудің түрлі формалары бар,
қашықтықтан оқу, онлаин тәртібінде, желілік қауымдастық арқылы, оқу семинарлары арқылы т.б
іс-шаралардың педагогтар үшін берері мол. Ол үшін педагогтың өзіндік талпынысы, ұмтылысы,
қызығушылығы,белсенділігі, қажеттілігі, ізденісі жоғары дәрежеде болған жағдайда оқушының
функционалдық сауаттылығы дамиды. Педагогтың білім берудегі ролі жоғарыда айтылған
жүйеде жұмыс атқарған жағдайда жетістікке жетеді деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: