Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет70/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   271
Күй әуені
(күй - аспаптық домбыра жанры) 
бізді сүйіспеншілікке толтырады». Осы жазбаға сүйене отырып, Қаржаубай Сартқожаұлы бұл 
аспап біздің заманымыздың V ғасырына жатады деп есептейді. 
Д 
О 
М 
бұ(ы)ра- тарт, айналдыр, ойна, жеткіз... т.б 
А 
Й 
Ұ 
Л 
Р 
А 
А 
Енді жоғарыда ұсынған нұсқаны түсіндірейік. Домбыра этимологиясын түсіну үшін біз 
лексика әдістерін қолдандық. 
Алғашқы «Д» әрпі - дала, дәстүр немесе дана, екінші «О» әрпі - ой, үшінші «М» әрпі – 
мұра, мүсін. Осы алғашқы үш әріпті сөздің негізгі түбірі деп алайық, ал «быра» жұрнағы «бұра» 
(яғни, аспаптың құлағын бұрау, күйге келтіру), ойна, жеткіз етістігі ретінде пайдаланылған. 
Нәтижесінде келесі сөйлемдер шығады: «Дәстүрлi ой мұрасын жеткіз», «Даланың ой мұрасын 
тарту ет», «Дананың ой мұрасымен сусындат», біздің пікірімізше, бұл сөйлемдер, ұлттық 
аспаптың мақсаты мен негізгі рухани-өнегелік маңызын анықтайды. Біздің болжамымыздың 
мақсаты - болашақ ұрпаққа қазақ халқының ұлттық аспабы мұрасының киелі мәнін жеткізу. 
Домбыраның шынайы даусы - күй мен ән. Бұл екі жанр қазақ халқының жан дүниесін 
сипаттайды. Зерттеуші және этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбектің айтуынша: «күй» «көк» 
(көк аспан) сөзімен байланысты». Яғни, біздің аспаннан әуен естілді дегеніміз, бұл бізге аспан 
Тәңірі жіберген әуен естіледі деген сөз. Қазақ халқының домбырамен шынайы байланысы 
мына ұлттық мақалда тамаша көрініс тапқан: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - 
Домбыра!»). 
Домбыра аспабының шығу тарихы туралы ғылыми зерттеулерге, мифтер, аңыздар мен 
күйлерге талдау жасай отырып, біз аңызға өз нұсқамызды жаздық. 
Әдеби аңыз - эпикалық жанр: халық ертегісімен тығыз байланысты қиялға негізделген, 
бірақ ертегіге қарағанда, белгілі бір авторға тиесілі, жарияланғанға дейін ауызша нұсқасында 
кездеспеген және нұсқалары болмаған шығарма. Әдеби аңыз не фольклорлық шығармаға 
еліктейді, немесе фольклорлық емес сюжеттер негізінде дидактикалық шығарма жасайды. 
Тарихи тұрғыдан фольклорлық аңыз әдеби ертегіден бұрын болған. 
Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, домбыра туралы аңызды келтіріп отырмыз. 
Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшалайды, 
себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның 
есімін беру үрдісі бар. 
Ел аузында мынадай аңыз бар. Ертеде қылышынан қан тамған заһарлы жанның 
атастырған жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. 
Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, 
бір қыз өмірге әкеледі. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын 
іздеп қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын Мыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір 
өмірге жаңа ғана келген сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік өскен жап-
жасыл ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз 


143 
жасы тамған ағаш бұтақтары суалып қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, байтерек те 
өсуін доғарады. 
Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады. Бармаған 
жер, баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен 
жылдар өтеді. 
Қатты шаршап, діңкесі қатқан әбден қурап, қабағы түсіп, шіруге айналған биік ағаштың 
түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ 
түріп, тың тыңдаса «ән салып» тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз 
күндіз егізін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп, көңіл жұбатып
тынығып жүреді.
Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп оны құлатып 
алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөңеледі. Қыз оның құпиясын 
білмек болып, тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейңн қуыс екен. Жіңішке басының екі 
жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған 
жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің өлімімен хабары жоқ қыз енді 
ағаш неге ән салатынын түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы екі ішекті соған 
тағады. Шертіп көрсе, керемет үн шығады, құлақ тыңдырады. Қыз байғұс бостау тартылған 
ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлы – Мұңлық, ал ащы, тым зарлы шығатындықтан қатты 
тартылған ішекті қызым – Зарлық деп ат қойып, күндіз-түні қолынан тастамай күй шығарып, ел 
кезіп, егізін іздеп кеткен екен. 
Бүкіләлемдік тарихта және бүгінгі таңда әлеуметтік және мәдени тұрғыдан әр халық 
үшін өздерінің мәдени жетістіктерін түсінуі және игеруі мәдени дамыған елдер қатарында болу 
үшін өзекті болды. Халық арасында ұлттық өзіндік сана-сезімді ояту, өз мәдениетін жоғарғы 
деңгейдегі мінсіз адами норма ретінде меңгеру және ұғыну не себепті ерекше маңызға ие. 
Ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени жетістіктерді түсіну және құрметпен қарау ұлттық өзіндік 
сәйкестіктің оянуына, өзінің соған тиесілі болуына ықпал етеді, бұл, әсіресе, орта буын ұрпаққа 
қажет. 
Бүгінгі таңда ұлттық мәдени жетістіктерді сақтау және оларды кейінгі ұрпаққа қалдыру 
мәселесі өзекті болып қала береді, бұл қисынды да және рухани ұлттық құндылықтар мен 
онымен байланысты атрибуттарға негізделген қоғамдық сананы жаңғырту процесінің пайда 
болуын, біздің жағдайда, қазақ ұлттық аспабы - домбыраның шығу тегі мен сақталу үрдісін 
жаңартупроцесін өзектілендіруді талап етті. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау