Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет7/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   271
 
 
 
Жаркеева Г.Б. 
ҚО ББД ОӘО, әдіскері 
 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
 
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық 
негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған 
білімінің өмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз ететін тиімді әдістемелік жүйе жасауға 
және қолдануға мүмкіндік береді.
Қазақ тілін оқыту барысында қалыптастырылуы тиіс деп күтілетін «функционалдық 
сауаттылықтың» белгілері: 

өмірдің күнделікті мәселелерін шешуге бағытталған; 

жеке тұлғаның жағдаятқа байланысты танылуы; 

қалыпты, үйреншікті міндеттерді шешуге бағытталған; 

оқу мен жазудың қарапайым деңгейі; 

ересектердің бағалауы ретінде қолданылады; 

сауатсыздықты жою мәселелерін іздеу тәсілдері. 
Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы дегеніміз мектепте білім алуы 
барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба 
алатын қабілетке ие болған, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім 
иесі болып табылады. Жинақтай алғанда, функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының 
әлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады.
Қазақ 
тілін 
оқыту 
барысында 
оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастырудың теориялық негіздеріне психология және педагогика ілімдері, жеке тұлғаны 
қалыптастыру мен дамытуға бағдарланған жаңа оқыту технологиялары, қазақ тілінің 
функционалдық грамматикасы, мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру тәсілдері, мектеп 
оқушыларының білімін құзыреттілік негізде бағалау жүйесі жатады.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — 
олардың психологиялық қырынан даму мәселесін қарастыруды қажет етеді. Оқушының дамуы 
дегеніміз — оның өмірлік күш-қуаты мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы деп түсінуіміз қажет.
Психологияда баланың дамуы туралы екі түрлі бағыттағы көзқарас бар: бірі — баланың 
дамуын жеделдетуге болады деген болса, екіншісі — баланың дамуын табиғи күйінде қалдыру 
керек, тіпті мүмкін болса, тежеңкіреу керек. Қоғам баланы ертерек есейтуге әрдайым бейім 
тұратындықтан, оның өмірлік күшінің толық пісіп-жетілмеуі мүмкін, сондықтан оқу-танымдық 
процесс білім беру мен тәрбиелеуді бір тізгінде ұстайтын болғандықтан, баланың сыртқы және ішкі 
даму барысындағы тепе- теңдікті бұзып алмау жағына сақ болу керек. Ол үшін оқушы тіл туралы 
алған білімін интериоризациялауы тиіс. Бұл жерде қазақ тілін функционалдық мақсатта оқыту 
маңызды рөл атқарады. Оқушылар тілдің грамматикалық ережелерін есте сақтап, жатқа қайталап 
айта алғанымен тілдік құбылыстар туралы білімін коммуникативтік мақсатта еркін пайдалану 
қабілеті болмайды. Тілдің грамматикасын игермесе де оқушы сабақтан тыс кездерде сол тілде 
жақсы сөйлей алуы мүмкін. Ал тілді жылдам және сапалы игеру үшін міндетті шынайы түрдегі 
қарым-қатынастар жағдаяттары ұйымдастырылуы керек. Мұндай сөйлеу тілдік жағдаяттары 
арқылы оқушылар қазақ тілін саналы түрде меңгере алады. 
Тілдің саналы түрде игерілуі баланың танымдық қабілеті мен таным күштерінің бірігуі 
арқылы іске асып отырады. 
Баланың дамуға бейім таным күштерін 
байқаған мұғалім арнайы 


21 
жұмыс арқылы оны ұштай түсуі тиіс. Мұғалім оқушының қазақ тілінде төселе сөйлеуін, сауатты 
жазуын қамтамасыз ету барысында міндетті түрде оның танымдық қабілеттерінің де дамуын 
ескеріп отырғаны жөн. 
Баланың даму барысы оның физиологиялық даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет 
етеді. Мұғалім оқу-танымдық процестің жетекшісі мен ұйымдастырушысы ретінде оқушының 
биологиялық және әлеуметтік дамуын үйлестіріп отыруды баса назарда ұстайды. Жасөспірім 
кезінде баланың танымдық қызметі ерекше белсенділікпен өтеді [1]. 
Қазақ 
тілінен 
оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастырудың 
педагогикалық негіздері дегенде, ең алдымен, оқушылар меңгеруі тиіс деп танылған қазақ тілінен 
берілетін білім мазмұны, қазақ тілін ана тілі ретінде оқуы арқылы оқушылардың тілдің 
кумулятивтік қызметін меңгеруі арқылы өзін-өзі тануы, тілдік санасы жетіліп, тілдік тұлға ретінде 
қалыптасуына игі ықпал ететін педагогикалық заңдылықтар қарастырылады. 
Қазақ тілін функционалдық сауаттылықты дамыту бағытында оқытуда педагогиканың
дидактиканың жаңашыл идеяларын қолдану керек, оны төмендегідей көрсетуге болады: 
Қазақ тілін функционалдық бағытта оқытуда дәстүрлі дидактикалық және қазақ тілін оқыту 
ұстанымдарының жүйесі қатарында мынадай педагогикалық ұстанымдар басшылыққа алынғаны 
дұрыс: когнитивтік ұстаным, креативтік ұстаным, рефлексивтік ұстаным. Бұл ұстанымдар 
оқушының ой өрісінің логикалық-сабақтастық желісін құрап, ауызекі сөйлеу мен жазу 
сауаттылығын қалыптастырып, дамытуда орны ерекше екендігі педагогикалық зерттеулер мен 
еңбектерде дәлелденіп келеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын 
игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат 
көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің 
болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен 
дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен 
әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді [2].
Жаңа технологиялар, әдістер, тәсілдер және білім беруді тексеру мен бағалаудың жаңа 
формалары, бағдарламалардың бәрі оқушылардың коммуникативтік және ақпараттық 
қалыптасуына бағытталған. Қазақ тілі сабағындағы оқушы жұмысының нәтижелілігі бастауыштағы 
біліміне, мұғаліміне байланысты екені аз айтылып жатқан жоқ, яғни пән мұғалімінің ақпараттық-
технологиялық сауаттылығы үлкен рөл атқаратыны сөзсіз[3]. Осылайша тиімді деген әдіс-
тәсілдерді ұдайы пайдалану пәнге деген қызығушылығын дамытуға қызмет етеді, соның негізінде 
мектеп оқушысының функционалдық сауаттылығы қалыптасады. Жетістікке жету үшін жаңа 
технологиядан ұдайы хабардар болып отыру әр ұстаздан көп ізденуді қажет етеді.
Жаттанды білім жарға жығатыны сөзсіз. Егер бойыңдағы білімің күнделікті өмірде қажетіңе 
жарамаса, ол білімнің керегі не? Осы орайда мұғалімнің үйретері мен берері мол. Ал шәкіртіне 
білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер саны артса, нұр үстіне нұр болар еді. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау