116
зерделеп - олардың шығармашылық ізденісіне жол салып, сабаққа ынтасын, зейінін арттыра түседі.
Ал бұл өз кезегінде қоғамдық пәндерді игерудің басты әдістемесі. Мысалы жазушы, ізденуші
Қойшығара Салғариннің Қытай архивтерінен қазақ халқының тарихына байланысты «Егеменді
Қазақстан»газетінде жарық көрген мәліметтер топтамасы танымдық үлгіде болғанымен, жас
ұрпақтың үлкен қызығушылығын тудырады. Сол сияқты, түркі сына жазуларымен жазылған
Күлтегін құрметіне қойылған құлпытас туралы, Еуразия университетінде ашылған мұражай
жөніндегі мерзімді басылым мәліметтері қазақ тарихын жаңаша зерделеуге үлкен септігін тигізеді.
Осыған қарамастан мерзімді басылым мәліметтерін пайдаланғанда аса мұқият болған жөн. Мысалы,
далалық ауызша мәліметтер, фольклор нұсқаларын яғни ел аузында қалған аңыз,
оқиғаларды
көпшілік авторлар тарихи дерек орнына жиі пайдаланады. Ал ғылымда бұл деректер қашанда
жазбаша деректермен де сабақтастырылуы қажет. Сол себептен де өткенді жазғанда әсірелеуге жол
бермеуге тырысуымыз керек. Ол үшін мерзімді басылым мәліметтеріндегі деректердің ғылыми
құндылығын айырып алуға оқушыларды қалыптастыруымыз қажет. Маңыздылығы жоғары
мәліметтер қатарында, яғни баспасөз мәліметтерінің ішінде «Егеменді Қазақстан» газетінде жарық
көрген «Қазақ мемлекетінің тарихы» айдарымен берілген тарихшылар К.Пищулина мен
Н.Мыңғұлов, тарихшы-ғалым, профессор Ж.Қасымбаев, академик М.Қозыбаевтың ғылыми-
танымдық мақалалары нақты тарихи фактілермен маңызды.
2002 жылы осы «Егеменді Қазақстан» газетінде «Әлемге әйгілі» деген сериямен Қазақстан
тарихына қатысты тұлғалар туралы мәліметтер жарық көре бастады. Мұнымен қатар, «Қазақ
тарихы» журналы, басқа да ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар да оқушылардың танымдық
өрісін кеңейтуге мүмкіндік жасады. 1999 жыл«Тарих және ұрпақ сабақтастығы жылы» болып
жарияланды. Осыған орай жергілікті мерзімді баспасөзде ел тарихына қатысты,жеке
тұлғалар
жайында мәліметтер кеңінен жарық көрді.
Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу арқылы патриоттық тәрбиені қалыптастырудың
маңыздылығы жоғары болса, мерзімдік баспасөздің бұл мақсатты жүзеге асырудағы ұтымды жағы
мыналар деп қорытындылауға болады:
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті дамыту жылдарындағы ұлттық құндылықтардың жаңа
жүйесін қалыптастырудағы нақты шешімдеріне байланысты ақпараттар ағымы күшейтіп, жаңа
қоғамдық құбылыстардың жаппай ентелеп жатқан тұсында өз тарихымызды жедел оқып-
үйренуімізге мүмкіндік береді;
2. Мерзімді басылым өткен тарихи оқиғаларды бүгінгі күнмен тығыз байланыстыра қарауды
жеңілдетеді;
3. Мерзімді басылым мәліметтері тәуелсіздік тынысымен сабақтасып, жас ұрпақты ұлттық
құндылықтарға баулу арқылы патриоттық тәрбиені қалыптастырумақсатына жетуде мұғалім
еңбегін жеңілдете түседі.
4.Қазіргі оқулықтарда жоқ қосымша мәліметтермен жас ұрпақты баулып, көптеген пайдалы
қосымша мағлұматтар береді. Тек жоғарыда атап көрсеткендей баспасөз мәліметтеріндегі тарихи
деректіліктің көркем әдебиетте әдеби әсірелеушілікпен берелгендігін оқушыға айыра білуге жол
сілтеуіміз қажет.
Бүгінгі күнде
қоғамдық сананы, жаңа танымды қалыптастыру кезек күттірмейтін өзекті
мәселелердің бірі және бұл мәселе қашанда мемлекеттік саясатта күн тәртібінен түспейтін бағыт
болуы керек деп есептейміз. Орта мектептерде бүгінгі күні оқушылардың дүние деген көзқарасын
қалыптастыруға, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, қаһармандыққа, барлық
халықтарға құрметпен қарауға, достық қарым-қатынас жасауға, діннің қоғамдағы орнын дұрыс
түсінуге тәрбиелеуге, эстетикалық, экологиялық, экономикалық тәрбие беруге көптеген жағдайлар
жасалған. Міне осындай міндеттердің тиімді шешілуі жоғарғы сынып оқушыларында,
қоғамдық
сананы жаңғырту жағдайында, олардың бойында азаматтық ұстанымдардың қалыптасуының кепілі
болады деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: