110
Инклюзивті білім беру – барлық балаларды соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы
білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына
қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға,баланың
түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру
сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекттік саясат.
Инклюзивті оқыту негізінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға деген теңдік
қатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы
жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты дамыған балалармен қандай жолмен,
қандай әдіспен кіріктіріп оқытуды білу мен аталмыш бағыттағы жұмыстар ұйымдастыру.
Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын
мәдениеттанымдық, коммуникативтік, ақпараттық-технологиялық, оқу-танымдық құзыреттіліктер
негізінде дамыту әдістемесін басшылыққа алу. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында
жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімінің өмірінің қай саласында да тірек болуын
қамтамасыз етеді.
Қазақ
тілінен
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастырудың
педагогикалық негіздері дегенде, ең алдымен, оқушылар меңгеруі тиіс деп танылған қазақ тілінен
берілетін білім мазмұны, қазақ тілін ана тілі ретінде оқуы арқылы оқушылардың тілдік кумулятивті
қызметін меңгеру арқылы өзін-өзі тануы, тілдік санасы жетіліп, тілдік тұлға ретінде қалыптасуына
игі ықпал ететін педагогикалық заңдылықтар қарастырылады.
Оқушылардың тілдік-лингвистикалық білімнің сапалы болуы – барлық пәндердің сапалы
оқытылуының негізі болып табылады. Өйткені қазақ тілі – маңызы қарым-қатынас құралы, жеке
тұлғаның әлеуметтенуінің негігі құралы. Қазақ тілі сабақтарының
тиімділігін арттырып,
оқушылардың алған білімінің сапалы болуына не ықпал ете алады? Қазақ тілі сабақтарының
тиімділігі, ең алдымен оқушылардың іші пыспайтын, оқу іс-ірекеттеріне толы, нәтижесі жоғары
деңгейде болу белгілерімен танылады. Қазақ тілі сабақтарының көздейтін түпкі нәтижесі –
оқушылардың білім алу ізденісі арқылы өздерінің қолын жеткізетін әдістер қолану. Сол арқылы
оқушылардың өмірлік тәжірибесі байытылып, жеңіске жету және оны қуанышты эмоциямен
сезініп, алдағы сабақтарға қызыға құлшынысы артуы сияқты жайлы сезімдерге бөленуі керек.
Мұндай жайлы сезімдер оқушының рухани баюына, ішкі қуаты ашылуына, жеке тұлға ретінде
қалыптасуына игі ықпалын тигізетіні белгілі. Тілді меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені
онсыз ойды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткізу мүмкін емес.
Сондықтан
грамматиканы толыққанды тілдесімге жетудің құралы ретінде қарастырылады. Грамматикалық
дағдыны қалыптастыру функционалдық бағытта грамматикалық форма мен функцияны бірлікте
үйрену арқылы грамматикалық ережелерді толық игеру, жағдаяттық және шартты сөйлеу
жаттығулары негізінде іске асады.
Арнайы (көмекші) мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі басқада әдістемелер тәрізді
педагогика пәніне жатады. Бұл пән ақыл-ойы кем балаларға қазақ тілін оқытудың мақсаттарын,
мазмұнын, заңдылықтарын қағидаларын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Мұғалімнің негізіг
міндеті – алдында отырған әр оқушының психикалық-дене бітімдік даму және қалыптасу
ерекшелігін білумен мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас негіздерін білу.
Адамзат баласына тән қасиеттердің бірі –әрекет барсында жаңаны білуге, тануға деген
ұмытылыстың болуы. Сондықтан тіл үйретудің психологиялық заңдылықтары мен тіл үйренушінің
жеке тұлғалық қасиеттерін ескермей нәтижелілік күту мүмкін емес. Ж.Аймауытов «Ана тілін қалай
оқыту керек?» атты еңбегінде тілді дұрыс үйренудің басты қағидаларының ішінде ынталандыруға
ерекше мін берген:
Баланың өз бетімен сөйлеуіне мүмкіндік жасау қажет;
Тіл үйренуді - тыңдау,
сөйлеуден бастау қажет, оқу, жазу солардан кейінгі әрекет болуы тиіс;
Сөйлеу өмірдегі құбылысқа жақын, жеңілден басталғаны жөн;
Баланың ой-қабілеті мен өмірді ұштастыра отырып, пәнаралық байланыстарды күшейтіп,
ынталандыру қасиетіне ерекше мән берген дұрыс.(3,8б).
Қазақ тілінде оқушыны сөйлетуге мәжбүрлейтін жағдаяттық тапсырмалар, сұраққа жауап талап
ететін сөйлем құруда тапсырмалар оның ойы мен сөзін дәлелдеуге, дәйектеп бекітуге итеремелейді.
Тілдік қатынас жасау үшін әрекет жасаушылар жұп, топ болып тілдесімге түсуді педагогикалық
111
теорияны тиімді деп көрсетеді. Орыс мектебінің оқушыларының қазақша сөйлеу дағдысын
қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Бұл міндетті мәтін атқарады. Мәтін –
сөйлеуге жаттықтыру, сөйлеу дағдысын қалыптастыру құралы. Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы
түрі – мәтінді дұрыс оқи білуге дағдыландыру. В.М.Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі
жіктеулерді ұсынады: құрылымдық логикалық технология (қазақ тілі сабағында логикалық
тапсырма беру арқылы), интеграциялық технология (әр түрлі пәндік білімдердің бір-бірімен
байланысы – қазақ тілі мен басқа пәнді), ойындар технологиясы (психологиялық
тренингтер),ақпараттық технология(оқушыларға қазақ тілінде жаңалықтар дайындату немесе сабақ
үстінде топпен жұмыс жасату ), диалогтық жұмыс.
Осы жіктеулерді қазақ тілі сабағында кең қолдану керек. Себебі, қазақ тілінде білім берудің
негізгі жолы оқыту. ХVІІІ ғасырдың аяғында өмір сүрген шведтік
педагог Иоганн Генрих
Пестолоцци «оқыту кезінде бас, жүрек, қол бірге қарастырылуы керек» деп айтқан екен.Бұл үшін
біз әрбір ұстаз мынандай қағидаларды ескеру қажет:
Баланың қазақ тіліне деген бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оны үнемі алға
жылжытуға
деген
табиғи
талап-тілектерін,
сұраныс
пен
мұқтаждықтарын
ескеру,
шығармашылықпен жетілдіру;
Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға жағдай жасау;
Өз-өзін дамытатын тұлға қалыптастыру.
Сөйлеудің мазмұны мен сөйлеудің қажеттілігі. Егер балаға сөйлеу қажетсіз болса немесе
оның айтатын ешнәрсесі болмаса, сөйлегісі келмесе – тіл дамыту мүмкін емес. Сондықтан баланы
қоршаған ортасындағы дүние мен құбылыстар туралы білімін тексеру тіл дамытудың әдістемелік
шартына жатады. Балалар оқығанын талдайды, өткен сабақтармен байланыстырады, белгілі бір
пәнді, құбылысты, затты қарастырады, зерттейді, басқамен байланыстырады, салыстырады,
практикалық жұмыстар жүргізеді, қорытындылайды. Сөйтіп
мұғалім оның тілін дамытуға
мүмкіндік алады.Келесі әдістемелік шарт – оқушының сөйлеуге қызығушылығын арттыру.
Мұғалімнің сұрағы, көрнекілік, қызықты тақырып, қызықты ситуация, мадақтау, көрген білгенін
бөлісу – оқушының сөйлеуге қызығушылығын тудырады. Сөйлеу тілін қажет тілдік құралдармен
қамтамасыз ету. Олар: сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектелген балаларға медициналық-психологиялық-педагогикалық
және әлеуметтік реабелитация жасау, кемістіктің алдын алу мәселелері алға қойылған. Оларды
оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға араластыру, яғни қоғамға
пайдалы еңбекке баулу. Сондықтан тірек қимыл аппараты зақымдалған балаларды оқыту мен
тәрбиелеу мәселесі дефектология ғылымындағы ғана емес, жалпы әлеуметтік
маңызды мәселелер
болып саналады.
Қорыта айтқанда, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың танымдық үрдістерінің
даму ерекшеліктерін ескерту. Қарым-қатынас жасауға белсендіретін тақырыптар алу. Сөйлеу мен
таным әрекеттерін түзете отырып, дамыту, оқыту. Әр дидактикалық кезең мүмкіндігі шектеулі
балалардың мүмкіншілігіне сай, қарапайымнан күрделіге қарай жүйеленген, берілген тақырыптар
үнемі қайталанып оқушының зейінін және есте сақтау қабілетін дамытып отырады.
Дәстүрлі оқытудың басты мақсаты – білім беру, оқушының іскерлігі мен дағдысын
қалыптастыру болса, түзете-дамыта оқытуда білімді де, тәрбиені де жеке тұлғаға бағыттай отырып,
оны жан-жақты дамытуды мақсат етеді, оқушыны суъект ретінде қарастырады. Түзете- дамыта
оқыту жүйесі шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға,
есте сақтауға, тіл дамытуға
бағытталған. Арнайы мектептерде сөздіктермен жұмыс істеудің маңызы зор. Жалпы қалыптасқан
тәртіп бойынша ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға арналған сөздіктердің сипаты да
өзгешелеу болатыны белгілі.Көбінесе оларда біркелкілік басым және сын есім, көмекші етістіктер,
дерексіз ұғымдағы , жалпы (жинақтау) мағыналы сөздердің қоры өте шағын. Көпмағыналы
сөздерді, әсіресе олардағы түсініктердің ауысып отыратынын ұғыну балаларға өте қиынға түседі.
Ерекше білім алуды қажет ететін балалар айналадағы дүниені сол қалпында нақты түрінде
қабылдайды. Соның салдарынан олардың сөйлеу тілінде заттың тура мағынасы басым келеді де,
оның сөздік ұғымы деген түсінік мүлде болмайды. Оқушыларда белсенді сөйлеу тілінің ұзақ уақыт
қалыптаспауы, олрдың айтылған сөзді жеткілікті деңгейде түсінбеуі сөйлеу тілінің
коммуникативтік атқарымының қалыптасуын қиындатады.Ал сөйлеу тілдік қарым-қатынассыз
баланың толыққанды дамуы мүмкін емес.Сондықтан сөйлеу тілін тілді практикалық тұрғыда
меңгерту негізінде дамыту тіл дамыу сабақтарының басты міндеттері болып табылады.