504
туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық» дегендей, қосымша білім беру
сабақтарда «Туған өлке сырлары» үйірмесі бойынша «Қарағанды –мәдени орталық», «Қаладағы
тарихи ескерткіштер», «Жәдігерлер сыр шертеді» (өлкетану мұражайына онлайн-виртуалды
саяхат) «Болашақтағы Қарағанды» тақырыбында көркем еңбек сабағымен кіріктіріп
шығармашылық топтық жұмыс жасау (композиция құрастыру) т.б. тақырыптарында балаларға
туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, жергілікті тарихи ескерткіштердің мән-
мағынасын түсіндіріп, функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігі бойынша жұмыстар
жүргізіп жатырмыз. Балалардың онлайн – виртуалды саяхатқа, қаламыздағы өздері күнделікті
көріп жүрген ескерткіш сырларын білуге ынталары зор.
Бастауыш сынып оқушыларының қарапайым функционалдық сауаттылық дағдыларын
әдебиеттік оқу және қазақ тілі сабақтарында қалыптастыру сөйлесім әрекеттері (тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым) арқылы жүзеге асады.
«Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті» тарауында мынадай тапсырмалар орындалды.
Мақсаты: оқушылардың халқымыздың атадан қалған асыл мұрасымен танысу, білу,
құзыреттілігін қалыптастыру. Ауызша тараған халық шығармаларын жүйелі түрде жеткізу.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері. Видеороликтер тамашалап, аудиоертегі тыңдап,
көлеңкелі ертегі бейнелеп, ішінен қажеттісін екшеп бөліп алып, сол арқылы ертегі
кейіпкерлеріне мінездеме беріп, сахналық қойылымдар көрсетті. Өздеріне ұнаған жақымды
кейіпкерлер бейнесінің суретін салды.
Қазақ тілін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында
оқытуды ұйымдастыруда сабақта мынадай тапсырма түрлерін қолдану тиімді нәтижеге қол
жеткізеді. «Сұрақ ілмегі» әдісі, «Бір ауыз сөз», «Ойын сабақтар», «Квест-сабақтар», «Жоба
сабақтар» сияқты оқу іс-әрекеттері белсенді өтетін түрлермен көбірек ұйымдастырылуы арқылы
оқушылардың өз бетімен қазақ тілі меңгеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік мол болады.
«Сөз және оның мағынасы» тақырыбын өткенде мына тапсырмалар оқушылардың танымдық
қабілеттерін арттырады, сөздерді дұрыс қолдана білу, сөздің өзіне тән мағынасын танып керекті
кезде орынды қолдана алады. Білімділік дағдыларын жетілдіру мақсатында мына тапсырмалар
берілді.
«Жұмыртқадан» жиырма сөз. Тапсырма: осы сөзден жиырма жаңа сөз тауып жаз.
Мысалы: жыра, тамыр, қамыт, ара т.б. Тілдік дағдыларын дамытуға берілген сөздерден оңнан
солға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жазу ұсынылды. Қала мектептеріндегі
орыс тілді балаларға мұндай сөз тауып жазу үлкен жетістік. Осы айтылғандармен қатар, қазақ
тілі сабақтарында оқушылардың «рефлексиялық жаттығулар» орындауына, жаңа ақпараттық
технологияларды мұғаліммен және өз бетімен қолдануына, өзара пікірталастар ұйымдастыруына
жағдайлар жасап, белсенділігін арттыру жолдары көзделеді.
Жаттанды білім жарға жығады. Егер бойыңдағы ілімің күнделікті өмірде қажетіңе
жарамаса, ол білімнің керегі не? Осы орайда мұғалімнің үйретері мен берері мол. Ал шәкіртіне
білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер саны артса, нұр үстіне нұр болар
еді. Қорыта айтқанда, әр пән бойынша тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды,
қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп,
жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту –
ұстаздар қолында.
Достарыңызбен бөлісу: