Физика пәніне арналған оқу-әдістемелік нұсқау



жүктеу 455,62 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата09.03.2018
өлшемі455,62 Kb.
#12033
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

5.   

Табиғи радиоактивтілік. 

Қазақстан  территориясының  табиғи  радиоактивтілігі  оны  құрайтын 

метерологиялық  әртектіліктің  түзілуімен  генетикалық  байланысты,  сонымен 

қатар  уран,  радий  мен  торий  қатарының  элементтерімен  және  космостық 

сәулеленумен байланысты. Табиғи радиоактивтік фон әр түрлі болуы  мүмкін: 

ірі су қоймаларының акваторияларында (Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі) 

6-

8  мкр/сағ  болса,  граниттік  массадан  тұратын  территорияда  50-60  мкр/  сағ 



құрайды.  

Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 

18-

22  мкр/сағ,  ал  күшті  қазіргі  тұңбалық  түзілістердің  табиғи  Радиациялық 



фоны 10-18 мкр/сағ құрайды. 

Космостық  сәулелердің  жалпы  табиғи  Радиациялық  фондағы  үлесі  

3-

8  мкр/сағ.  1995  жылы  зерттеулер  нәтижесінде  Көкшетау  облысының 



Арықбалық  және  Сарытүбек  мекен-жайларындағы  барлық  ғимараттарда 

радиоактивті  газ  радонның  жоғары  концентрациясы  анықталған.  Мысалы, 

Арықбалық  селосында  екі  балалар  бақшасы  жабылған  (радонның 

концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200 Бк/куб м. 

Жыл  өткен  сайын  адамдардың  радиоактивті  сәулеленумен  зақымдануы 

көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станцияларын салып, олар іске 

қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, 

атом  бомбалары  жарылып  жатыр.  Олардан  қаншама  радиоактивті  сәулелер 

бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде.  

6. 


Радиоактивті қалдықтар 

Қазіргі  уақытта  дамыған  елдерде  ядролық  энергетиканың  дамуына 

байланысты  қоршаған  ортаның  Радиациялық  ластануы  үлкен  қауіп  тудыруда. 

Ластанудың  бұл  түрі  химиялық  кейін  екінші  ортаға  шықты.  Радиациялық 

ластанудың мынадай топтарға бөледі: 

1) 


Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа 

(гелий  ядросы),  бетта  –(жылдам  электрондар)  бөлшектердің  және  гамма  – 



сәулеленулердің  әсерінен  болатын  Радиациялық  ластану  (Физикалық  ластану 

түрі); 


2) 

Қоршаған  ортадағы  радиоактивті  заттардың  мөлшерінің  көбеюіне 

байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). 

Ортаның  Радиациялық  ластануына  атом  қаруын  сынау  аз  үлесін  қосқан 

жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл 

элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң 

және  теріс  йондар  жұбын  түзуімен  қоса  қабілетті  радиобелсенді  сәулелену 

шығаратын  изотоптары.  Мұндай  сәулеленуді  иондаушы  деп  атайды.  Кейбір 

заттарда  барлық  изотоптар  радиобелсенді  болып  табылады.  Атап  айтқанда. 

Оларға  технеций,  прометий,  сондай-ақ  Д.И.Менделеев  кестесінің  полоний 

басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады. 

Гелий  ядроларының  (альфа  –сәулелену)  немесе  жылдам  электрондардан 

(бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп 

атайды.  Электромагнитті  иондаушы  сәулелену  –  бұл  гамма  -  сәулелену  мен 

 

19 



оған  жақын  рентгендік  сәулелену.  Альфа  және  бетта-сәулелену  организмнен 

тысқары тұрып та оған әсер ете алады. 

Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға 

аса  күшті  әсер  етеді.  Оған  микроағзалар  төзімдірек  келеді.  Эксперименттік 

зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-

60,  цезий-137)  қуатты  көздерінің  қасында  жоғарғы  топтағы  бірде-бір  өсімдік 

немесе  жануар  тірі  қалмайтындығын  көрсеткен.  Түрлі  радинуклидтердің 

организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, 

оларға  мутагенді  және  бластомогенді  эффект  тән.  Мысалы,  131-иодтың  аз 

мөлшерінде  қалқанша  бездің  қызметі бұзылады,  ал  көп  мөлшерінде  –  зиянды 

ісіктер түзіледі. Сондықтан да адамзат баласын Радиациядан қорғау осы кездегі 

кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. 



Радиоактивті  заттардан  қорғаудың  бірнеше  жолдары  бар.  Олар: 

Физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. 



Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты 

денені  жылы  су  мен  жуып  отыру  керек.  Қолға  арнаулы  түрде  дайындалған 

қолғаптарды  кию  керек.  Қатты  радиоактивті  элементтердің  бөлшектерінің 

кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.  

Егер  кішкентай  бөлшектер  ішкі  органдарға  өтсе,  олар  тез  арада  ағзадан 

шыға  қоймайды.  Әсіресе  радий,  уран,  плутоний,  стронций,  иттрий  және 

цирконий  бөлшектері  ағзаларға  өтсе  қауіпті  ісіктер  туғызуы  мүмкін.  Олар 

радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам 

ағзаларының  жұмсақ  тканьдерінде  жиналады  да  үнемі  иондалған  сәулеленуді 

таратады.  

Радиоактивті  стронцийдің  бөлшектерін  адам  ағзаларынан  шығару  оңай 

емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады. Тез еритің цезий – 

137  бөлшектерін  ағзалардан  ығыстырып  шығару  үшін  көп  мөлшерде  су  ішу 

керек.  Радиоактивті  элементтерді  ағзалардан  шығару  үшін  қымыздық  сірке 

қышқылы  мен  лимон  қышқылынк  өп  мөлшерде  пайдалану  керек.  С,  Д 

витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис).  



Радиациядан  қорғанудың  химиялық  және  биологиялық  жолдары

Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. 

Олар  радиоактивті  элементтердің  бөлшектері  ағзалардан  шығару  үшін  неше 

түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.  

Олар  ағзаларды  радияциядан  сақтап  қалады.  Иондалған  сәулеленуді  ем-

дом  ретінде  пайдалануға  болады.  Дерттерге  диагностика  қою  үшін  де 

таңбаланған атомды пайдаланады. 

Сәуле терапиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де 

емдеу  үшін  бета-сәулесін  пайдаланады.  Адамдарды  Радиациядан  қорғау 

Қазақстан  Республикасының  алдында  тұрған  аса  күрделі  мәселе.  Қазақстан 

Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе 

экологиялық  аппатқа  ұшыраған  аймақтарда  да  тұратын  халықтардың 

денсаулығы  қатаң  бақылауға  алынған.  Осы  айтылғандарды  қорыта  келе, 

радияция  (сәуле)  дертіне  шалдықпау  үшін  халыққа,  әсіресе,  жеткіншіктерге 

 

20 



жүктеу 455,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау