Физика пәніне арналған оқу-әдістемелік нұсқау



жүктеу 455,62 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата09.03.2018
өлшемі455,62 Kb.
#12033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан 

кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық 

орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды 

серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», 

«Мир»  орбиталық  станциялары,  жұмыстар  жүргізуге  арналған  «Протон», 

«Зонд»,  «Прогноз»,  байланыс  мақсаты  үшін  пайдаланылатын  және 

метеорологиялық  бақылаулар  жүргізуге  арналған  «Молния»,  «Экран», 

«Горизонт»,  «Радуга»,  «Метеор»,  т.б.  ЖЖС-тері  ұшырылды.  Айды,  Марсты 

және  Шолпанды  зерттеуге  арналған  ғарыш  аппараттары  бар  РТ-лар  да 

Байқоңырдан аттандырылды. 

1991  ж.  2  қазанда  тұңғыш  қазақ  ғарышкері  Т.  Әубәкіров  «Союз  Т-13″ 

ғарыш  кемесімен  Байқоңырдан  ғарышқа  көтерілді.  Ресеймен  бірлескен 

бағдарлама  бойынша  қазақ  ғарышкері  Т.А.  Мұсабаев  ғарышта  2  рет  (1994, 

1998) болды. 



 

3.5 

Қазақстандағы радиациялық жағдай және радиациядан қорғану 

 

Қазіргі  таңда  әрбір  азамат  радиоактивтілік  құбылысын  ядролық 



энергетика, медицинадағы қолданысы бойынша тиімділік, ал қоршаған ортаға 

туғызатын экологиялық залалы тиімсіздігі тұрғысынан түсінеді. 

Радиоактивтілік  құбылысы  атом  ядросындағы  процестерге  тәуелді 

болғандықтан,  орта  мектептің  физика  курсының  «Атомның  құрылысы. 

Атомдық құбылыстар» тарауында оқытылады. 

Алайда, мына төмендегі жағдайларды ескеру қажеттілігін атаймыз. 

Қазақстан  Республикасында  радиациялық  ахуалдың  жағдайы  әрбір 

азаматты ойландырары сөзсіз.  

1. 

Семей,  Атырауда  (Азғыр),  Батыс  Қазақстанда  (Капустин  Яр,  Глиц), 



Шығыс  Қазақстанда,  Қызылордада  (Байқоңыр),  Ақтөбеде  (Ембі)    ядролық 

сынақтар жасалды.  Алматы, Талдықорған қалалары Қытайдың ЛобНор сынақ 

айлағындағы жарылыстардан да зардап шегетіні анық. 

2. 


АЭС-ң  қатты  радиоактивті  қалдықтарды  жоспарлы  бөлуін  ескерген 

дұрыс деп ойлаймыз. Кеңестер Одағы кезінде алғашқы АЭС-ң бірі Қазақстанда 

(Маңғыстау  облысында)  жасалғандығын,  АЭС-ң  жұмыс  істеу  мерзімінің 

шектеулілігін ескерген жөн. 

3. 

Қазақстан  Республикасы  уран  өндірісі  жөнінде  алдыңғы  қатарға 



шығып  отырғандығы,  кейбір  аймақтарда  (Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда, 

Жамбыл облыстары) радиациялық деңгейдің жоғарылығы байқалады. 

4. 

Әлем  тәжірибесін  ескерсек,  Чернобыль  АЭС-ғы,  бүгінгі  озық 



технологиялы  Жапон  еліндегі  Фукусима  АЭС-ғы  реактордың  істен  шығуы 

әрбір  азаматтың  радиоактивтілік  құбылысымен,  оның  тиімділігі  мен  залалы 

жөнінде жүйелі білімге ие болуды қажет етеді. 

Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері 

жасалды.  Семей  полигонында  1949  жылдан  1989  жылға  дейін  470  ядролық 

жарылыс,  оның  90-ы  ауада,  354-і  жер  астында  және  26-ы  жер  бетінде 

жүргізілген. 

 

17 




Олар  Қазақстан  территориясының  біраз  бөлігінің  радиациялық  ластануға 

әкелді.  Шығыс  Қазақстан  тұрғындары  Хиросима-Нагасаки  мен  Чернобыльдан 

кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. 

Қазақстан  территориясында  радиациялық  ластану  себептеріне  мыналар 

жатады: 

1. 


Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары.  

1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген 

аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий  –  137 активтілігі 

65  – 


100  мкр/сағ.  болғаның  көрсетті.  Кейбір  жерлерде  120-500  мкр/сағ. 

байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 Радиациялық 

фоны 120-150 макр/сағ. құраған. 

Бұрын  жүргізілген  ядролық  жарылыстар  табиғи  сулардың,  тек  ядролық 

полигон  зонасында  ғана  емес,  оған  жақын  жатқан  территорияда  да 

қалыптасуынан  теріс  әсер  етеді.  Стронций-90  ең  көп  мөлшері  Сарыөзек 

жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында 

байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар 

селосында,  Абыралы  колхозындағы  барлық  дерлік  құдық  суларында 

анықталған.  Сонымен  қатар,  Семей  қаласынан  оңтүстікке  қарай,  Тарбағатай 

маңында  су  алмасу  белсенді  жүретін  аймақта  -  α  және  β  белсенділік 

салыстырмалы түрде төмен болған. 

2. 

Радиоактивті  материалдарды  пайдаланылатын  атомдық  өнеркәсіп 



орындары. 

 

Қазақстан  территориясының  техногенді  қызмет  әсерінен  радиоактивті 



ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық 

құрылғылар,  полиметалдық,  мұнай  және  газ  кен  орындарындағы  өндіру  және 

өндеу жұмыстарымен байланысты. 

Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен 

радиоактивтіліктің  жоғарғы  болуымен  сипатталады.  Республикамызда  

80000-


нан астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 

мың  кюриден  астам.  Аталған  йондаушы  сәулелер  көздерінің  жалпы  санынан, 

шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет. 

3. 


Ғаламдық жауындар. 

1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында 

ауытқиды.  Ал  жалпы  β  –  белсенділік  айына  0,4-0,9  Бк/кв  м  өзгереді.  Бұл 

республика  халқына  қауіп  туғызбайды.  Ауадағы  радиоактивті  аэрозольдердің 

мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес. 

4.   


Халық  шаруашылық  мәселелерін  шешу  мақсатындағы  жер  асты 

ядролық жарылыстар.  

1995  жылға  дейін Қазақстан  территориясында  әскери  полигондардан  тыс 

32  жер  асты  ядролық  жарылыстары  жасалған.  Олар  әр  түрлі  халық 

шаруашылық  мәселелерін  шешу  үшін,  соның  ішінде  жер  қыртысын 

сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты 

кеңістіктерін  жасау  үшін  жүргізілген.  Қазіргі  уақытқа  дейін  бұл 

территориядағы  жер  асты  суларының  ластану  дәрежесі  және  мониторингі 

бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.  

 

18 




жүктеу 455,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау