Физика пәніне арналған оқу-әдістемелік нұсқау


 7- 9 сыныптарға арналған «Физика» оқу бағдарламасының өзектігі



жүктеу 455,62 Kb.
Pdf просмотр
бет2/14
Дата09.03.2018
өлшемі455,62 Kb.
#12033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1  7-

сыныптарға арналған «Физика» оқу бағдарламасының өзектігі 

 

XX  - 


ғасырдың  соңындағы  қоғамда  болған  өзгеріс  жалпы  білім  беру 

жүйесінде де күрделі  серпілістер  әкелді.  Мемлекетіміздің  дүние  жүзілік білім 

беру  кеңістігіне  шығуы,  Қазақстанда  осы  кезеңге  дейінгі  қалыптасқан  тарихи 

жағдайларға, жинақталған құндылықтарға  және қоғамның  түбірімен өзгеруіне 

байланысты қазіргі уақытта мектепте физика пәнінің білім беру мен тәрбиелеу 

мақсаты жаңаша көзқарас алды.  

Физика  ғылымының  жеткен  жетістіктері  өндірісті  механикаландыруда, 

энергетикада,  автоматтандырылуда  және  жаңа  материалдарды  жасауда 

пайдаланылуда.  Өндірістің  техникалық  жағынан  қарулануы  –  кешенді 

механикаландыру  мен  автоматтандырылу,  есептеу  техникасының  енуі 

жұмысшыдан  физика  ғылымының  негізін  біліп,  оны  политехникалық  сипатта 

қолдану дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды талап етуде. 

Сондықтан  қазіргі  қоғамда  әлеуметтік  жағынан  бейімделу  үшін  адам 

баласына  тек  білім  ғана  емес,  алған  білімін  күнделікті  өмірде,  практикада 

шығармашылықпен қолдана білуді қажет етеді. 

Қазіргі  заманғы  «

физика»  оқу  пәнінің  негіздерін 

қалыптастыруда 

қоғамның дамуының екі мақсатын ескеру қажет:  

а)  өмір  сүруге  қажетті  дүниежүзілік  және  жалпы  ұлттық  проблемаларды 

шешу;  

б)  жоғары  технологиялармен  қамтамасыз  ететін  ғылыми-техниканың 



жаңалығын қолдану. 

Жаратылыстану  ғылымдарының  ішінде  физиканың  маңызды  орын  алуы 

ғылыми-техникалық  прогрестің  үздіксіз  артып  отыруына  байланысты  емес, 

табиғаттағы  басқа  да  ғылымдардың  дамуында  алатын  орнына  байланысты 

болып  отыр.  Физика  химия,  биология,  астрономия  мен  тығыз  байланыста 

болғандықтан,  оның  негізгі  әдістерін  осы  ғылымдарда  қолданады.  Осының 

барлығы  жалпы  білім  беретін  орта  мектептегі  оқушыларды  физика  курсы 

бойынша дайындауда ерекше орын алады.  

Сонымен қатар қазіргі нарық жағдайындағы қоғам өте сапалы мамандарды 

қажет етуде, ал бұл өз кезегінде мектептердегі білім берудің маңызын арттыра 

түсуде.

 

Бүгінгі таңда еліміздегі және әлем кеңістігіндегі физикалық білім берудің 



басым бағыттары ретінде: 

− 

оқушыларды  іргелі  физикалық  теориялардың  негіздерімен  таныстыру, 



игерілген  білімдерін  бақыланатын  құбылыстар  мен  үдерістерді  түсіндіруге 

қолдана алу біліктілігін қалыптастыру; 

− 

оқушылардың  ғылыми  ойлауын  және  дүниетанымын,  әлемнің  ғылыми 



бейнесін қалыптастыру; 

− 

оқушыларды  болашақ  кәсіпті  таңдап  алуға  дайындау,  олардың 



шығармашылық  қабілеттіліктерін  дамыту,  білім  алуға  ынталандыру,  қазіргі 

заманғы өркениеттегі физиканың рөлін ашу; 

 




− 

оқушылардың  ақпаратты  сын  көзімен  ой  елегінен  өткізе  алу,  түсіндіре 

алу,  түрлендіре  алу,  игеру,  оның  ғылыми  сапасын  бағалай  алу  сияқты 

қабілеттіліктерін дамыту болып табылады.

 

Физика  пәнін  оқытуда  күтілетін  нәтижелерге  жету  практикалық  және 



ойлау  іс-әрекетінде,  белсенді  қарым-қатынас  жасауда  көрініс  табатын 

оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларының  тереңдеуіне  әкеледі  және  нақты 

жағдайларда өзінің мүмкіндіктерін бағалау арқылы таңдауды жүзеге асыра алу 

біліктерінде пайдаланылады.  

Білім  алушының  жетістіктері  МЖМББС-да  белгіленген  күтілетін 

нәтижелер  жүйесі  түріндегі  оқу  іс-әрекеттері  түрлерін  игеру  сапасын  бағалау 

жолымен анықталады.  

Күтілетін  нәтижелердің  орындалуы  пәндік  білім,  білік  және  дағдыларды 

пәндік, түйінді және базалық құзырлықтардың құрамды компоненттерін белгілі 

бір  контексте  интгерациялауды  көздейтін  оқу  іс-әрекеттерінің  әр  түрлерінің 

сипаттамасы болып табылады.  

Күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесін жобалауда  

а) мәдени үйлесімділік,  

ә) табиғи үйлесімділік,  

б) іс-әрекеттік тұрғыдан қарау,  

в) жүйелілік,  

г) практикалық бағытталғандық қағидалары басшылыққа алынады. Физика 

пәнін оқытуда білу, түсіну, қолдану, білік түрінде берілетін игеру деңгейлерінің 

иеархиясы білімді игерудің толық үдерісін сипаттайды.  

Сондықтан  физика  пәні  бойынша  оқушылардың  оқу  жетістігі  келесі 

күтілетін нәтижелер арқылы сипатталады:  

– 

табиғат  құбылыстарының  және  жасанды  орталардағы  үдерістердің  өту 



барысын талдайды; 

– 

адам  мен  табиғаттың  өзара  әрекеттесу  аясындағы  ғаламдық  және 



аймақтық  проблемаларды,  экологиялық  проблемалардан  туындайтын  

қатерлерді азайту қажеттігінің құндылығын түсінеді; 

– 

игерілген  білімдері  мен  біліктерін  күнделікті  өмірде,  химиялық  және 



биологиялық  құбылыстардың  қандай  да  бір  қасиеттерін  сипаттау  үшін 

пайдаланады;  

– 

игерген  білімін  басқа  жаратылыстану  пәндерінен  игерген  білімдерімен 



ұштастыра отырып, адамзат қызметінің әр түрлі саласында қолданады.  

«Физика» пәнінен білім берудің бұл мақсаттарына жетудегі мүмкіндіктері 

жеткілікті, ол оның қоршаған ортаны, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық 

және мәдени өмірін танып-білудегі мәнімен анықталады. 

Қазіргі оқу жүйесінде әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде бағалағандықтан, 

мұғалім  білімнің  нақты  көзі  емес,  оның  ұйымдастырушысы  болып  табылады. 

Мұғалім  сабақтарда  адамның  табиғатпен  өзара  қатынасына  байланысты 

жалпыадамзаттық мәселелердi, адамның әлемдегi және ғаламшардағы орны мен 

мәнiн және т.б., екiншiден, оқушыларды бұл мәселелердi саналы түрде шешуге 

 




жүктеу 455,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау