2.3 АУАДАҒЫ ДЫБЫСТЫҢ ТАРАЛУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ЖӘНЕ
ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУ
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ -ЖАБДЫҚТАР: телефон, микрофон, қос сым, осциллограф.
2.3.1 ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
Белгілі бір ортада тербелістің таралу процессін толқын деп атайды.
Толқын таралатын ортаның бөлшектері толқынмен бірге таралмайды. Олар тепе-теңдік төңірегінде тербеліс жасайды. Толқынмен бірге тербелмелі қозғалыс күйі – энергия бөлшектен бөлшекке беріле отырып таралады.
Серпімді толқындар көлденең және қума толқындар болып екіге
бөлінеді. Қума толқындарда ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытымен тербеліс жасайды. Көлденең толқындарда ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр болып тербеліс жасайды.
Қума толқындар сығылу, созылу деформациясы кезінде, толқын таралатын ортада серпімді күштер пайда болғанда тарала алады, яғни қатты денеде ғана тарала алады. Сонымен, қатты денелерде қума толқындар да, көлденең толқындар да тарала алады. Ал газдар мен сұйықтарда тек көлденең толқындар ғана тарала алады.
Тербеліс фазасының бір период ішінде жеткен қашықтығын толқын ұзындығы деп атайды
(2.3.1)
Достарыңызбен бөлісу: |