энергия қабыршақтың ішкі энергиясының изотермиялық процесс кезінде жұмысқа айналуы мүмкін болатын бөлігі болып табылады. Термодинамикада энергияның бұл бөлігі еркін энергия деп аталады.
(2.2.4) өрнектен беттік керілу коэффициентінің тағы бір мынадай анықтамасы шығады: беттік керілу коэффициенті сан жағынан алғанда беттік қабыршақтың бос энергиясының өзгеруінің осы қабыршақ ауданының өзгеруіне қатынасына тең болады.
Беттік керілу заттың сұйық күйіне тән көптеген құбылыстарды, мысалы, сұйықтар тесіктен ағып шыққанда тамшының пайда болуы, көбіктің пайда болуы, тағы осылар сияқты құбылыстарды түсіндіреді.
ҚОНДЫРҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН ӨЛШЕУ ӘДІСІ
2.2.3-сурет
Қондырғы күйентесінің бір жақ басына сақина ілінген техникалық
таразыдан тұрады. Сақина астына ішінде зерттелетін сұйығы бар ыдыс штативке бекітіліп қойылады (2.2.3-сурет). Егер сақинаны сұйық бетіне жанастырып тигізсек, онда сақина сұйыққа жабысады. Бұдан соң сақинаны сұйық бетінен ажыратып алу үшін күш жұмсалады. Сақинаның ішкі диаметрі , ал сыртқы диаметрі болса, онда жанасатын шекара ұзындығы
Достарыңызбен бөлісу: |