ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
212
213
Г
107
∑
Радиоактивті сәулені анықтауға қолданыла-
тын Гейгер санауышы (А). Камера (1) төменгі
қысымды неонмен (Б) толтырылған. Камера-
дағы неонның атомдары радиоактивті бөл-
шектер түскенде иондалады да оң иондар пай-
да болады. Электр өрісі (2) зарядталған бөл-
шектерді үдетеді, бұлар неонның (Г) өзге
атомдарымен соқтығысып жаңа зарядталған
бөлшектер тудырады
Гармоникалық тербелістер барлық тербелістер арасында ерекше орын ала-
ды, оның себебі бұл тербеліс кез келген сызықтық жүйеден өткен кезде пішінін
өзгертпейтін (бұзбайтын) бірден-бір тербеліс болып табылады. Сонымен қатар
кез келген гармоникалық емес тербелістерді әртүрлі гармоникалық тербелістердің
«қосындысы» ретінде өрнектеп көрсетуге болады.
ГАУСС (Гс, Gs) – СГС және СГСМ бірліктер жүйесіндегі (симметриялы не-
месе Гаусстық) магниттік индукцияның бірлігі. Неміс математигі Карл
Гаусстың
(1777–1855) құрметіне аталған. 1 Гс = 10
-4
тесла (Тл).
ГЕЙГЕР-МЮЛЛЕР САНАУЫШЫ – аспап көлемінен зарядталған
бөлшектердің [радиактивті және басқа иондауыш бөлшектердің (α- және
β-бөлшектердің), γ-кванттардың, жарық және рентгендік кванттардың, ғарыштық
сәулелер бөлшектерінің] өтуі кезінде іске қосылатын газразрядты детектор.
Сигналдың шамасы (ток импульсі) бөлшектердің энергиясына тәуелді емес
(аспап дербес разрядталу бойынша жұмыс істейді). Бұл санауышты 1908 жылы
неміс физигі Ханс
Гейгер (1882–1945) және ағылшын физигі Эрнест Резерфорд
(1871 – 1937) ойлап тапқан, 1928 жылы Гейгер неміс физигі Вильгельм
Мюл-
лермен (1905 – 1979) біріге отырып,
жетілдірген. Гейгер-Мюллер санауы-
шы герметикалық резервуар түрінде
(әйнек түтік, екі ұшы дәнекерленген)
жасалған, ішіне 13–26 кПа қысымды
газ толтырылған. Аспаптың әйнек
түтігінің ішкі бетіне жұқа мыс қабатты
цилиндр жапсырылған (сұлба).
Баллонның осі бойынша керілген
жіңішке металл сым (4) цилиндрмен
(2) бірге конденсатор ретінде пайда-
ланылады. Металл сым үлкен кедергі
арқылы ток көзінің оң полюсіне
(4), ал цилиндр теріс полюсіне (3)
жалғанған. Резервуардың өзегіне
орнатылған өткізгіш бар (сыртқы
цилиндр – катод, керілген жіңішке
металл өткізгіш анод болады), ка-
тод пен анодқа бірнеше жүздеген В
Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
214
215
Гейгер-Мюллер санауышының сұлбасы: 1 –
герметикалық шыны түтік; 2 – катод (жұ-
қа мыс қабаты немесе тоттанбайтын бо-
лат түтік); 3 – катодтың ұшы; 4 – анод
(керілген жіңішке металл сым)
кернеу түсіріледі. Санауышқа сырттан
иондаушы бөлшектер енген кезде газда
еркін электрондар пайда болып, электр
өрісінің әсерімен анодқа қарай үдей
қозғалады да газды иондайды. Электрод-
тар аралығында пайда болған иондалу
тасқыны нәтижесінде тәж разряды
туып, сыртқы тізбекте ток импульсі пайда болады, осы импульстер күшейтіледі.
Электрмагниттік есептеуішпен тіркелетін болады. ХХ ғасырдың 20–40 жылдары
ядролық физикада маңызды орын алды. Қазіргі кезде дезиметрияда пайдаланылуда.
ГЕЙГЕР-НЕТТОЛ ЗАҢЫ – α-радиоактивті ядролардың жартылай ыдырау
периоды мен ұшып шығатын α-бөлшектер энергиясы арасындағы байланы-
сты тұжырымдайтын заң: lg T
1/2
= A/
+ B, мұндағы
α
– α-бөлшектің МэВ
өлшеміндегі энергиясы, Т
1/2
– жартылай ыдырау периоды, А және В – тұрақты
шамалар. Бұл заңды 1911 – 12 жылдары неміс физигі Ханс
Гейгер (1882 – 1945)
және Дж.
Неттолл тәжірибе жүзінде ашып, кейін 1928 жылы оны теория жүзінде
түсіндірді. Бұл заң жартылай ыдырау периодын тікелей өлшеу арқылы анықтау
мүмкін болмайтын ядроларға қолданылуы ықтимал.
ГЕЙ-ЛЮССАК ЗАҢЫ – 1) тұрақты қысым кезінде газдың берілген массасының
көлемі температурамен сызықтық байланыста болатынын айғақтайтын негізгі газ
заңдарының бірі: V
t
= V
0
(1+α
v
t), мұндағы V
0
және V
t
– температураның бастапқы
және соңғы кездеріндегі көлемдер, t – осы температуралардың айырымы, α
v
–
барлық газдар үшін 1/273,15 К
–1
шамасына тең, тұрақты қысымдағы газдардың
жылулық көлемін ұлғайту коэффициенті. Бұл заң идеал газдар үшін тура; нақты
газдар үшін кризистік (шұғыл өзгерісті) шамаларға тең болмайтын температура
мен қысым мәндерінде ғана осы заңға бағынады. Клапейрон теңдеуінің дербес
жағдайы болып табылады. Осы заңды 1802 жылы француз физигі әрі химигі Жозеф
Гей-Люссак (1778–1850) ашқан.
2) Химиялық реакцияға қатыспақшы газдардың көлемдері бірінің-біріне және
реакцияның газ тәрізді өнімдеріне қатынастары жай қатынаста, яғни үлкен емес
бүтін сандар қатынасында болатындығы, мысалы, 1:1:2 (көлемдік қатынастар
заңы) растайтын заң. Мұны 1808 жылы Ж.
Гей-Люссак ашқан. Авогадро заңын
ашуда маңызды болған.
ГЕЛИЙ-НЕОНДЫ ЛАЗЕР – неон газының атомдарының энергия деңгейлерінің
арасындағы энергетикалық ауысулар негізінде тудырылатын атомаралық газдық ла-