Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет84/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   265

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

212


213

Г

107



Радиоактивті  сәулені  анықтауға  қолданыла- 



тын Гейгер санауышы (А). Камера (1) төменгі  

қысымды  неонмен  (Б)  толтырылған.  Камера- 

дағы  неонның  атомдары  радиоактивті  бөл- 

шектер түскенде иондалады да оң иондар пай- 

да  болады.  Электр  өрісі  (2)  зарядталған  бөл- 

шектерді  үдетеді,  бұлар  неонның  (Г)  өзге 

атомдарымен соқтығысып жаңа зарядталған 

бөлшектер тудырады

Гармоникалық тербелістер барлық тербелістер арасында ерекше орын ала-

ды, оның себебі бұл тербеліс кез келген сызықтық жүйеден өткен кезде пішінін 

өзгертпейтін (бұзбайтын) бірден-бір тербеліс болып табылады. Сонымен қатар 

кез келген гармоникалық емес тербелістерді әртүрлі гармоникалық тербелістердің 

«қосындысы» ретінде өрнектеп көрсетуге болады.



ГАУСС (Гс, Gs) – СГС және СГСМ бірліктер жүйесіндегі (симметриялы не-

месе Гаусстық) магниттік индукцияның бірлігі. Неміс математигі Карл 



Гаусстың 

(1777–1855) құрметіне аталған. 1 Гс = 10

-4

 тесла (Тл).



ГЕЙГЕР-МЮЛЛЕР  САНАУЫШЫ  –  аспап  көлемінен  зарядталған 

бөлшектердің  [радиактивті  және  басқа  иондауыш  бөлшектердің  (α-  және 



β-бөлшектердің), γ-кванттардың, жарық және рентгендік кванттардың, ғарыштық 

сәулелер  бөлшектерінің]  өтуі  кезінде  іске  қосылатын  газразрядты  детектор

Сигналдың  шамасы  (ток  импульсі)  бөлшектердің  энергиясына  тәуелді  емес 

(аспап дербес разрядталу бойынша жұмыс істейді). Бұл санауышты 1908 жылы 

неміс физигі Ханс 

Гейгер (1882–1945) және ағылшын физигі Эрнест Резерфорд 

(1871 – 1937) ойлап тапқан, 1928 жылы Гейгер неміс физигі Вильгельм 



Мюл-

лермен (1905 – 1979) біріге отырып, 

жетілдірген. Гейгер-Мюллер санауы-

шы герметикалық резервуар түрінде 

(әйнек түтік, екі ұшы дәнекерленген) 

жасалған, ішіне 13–26 кПа қысымды 

газ  толтырылған.  Аспаптың  әйнек 

түтігінің ішкі бетіне жұқа мыс қабатты 

цилиндр  жапсырылған  (сұлба). 

Баллонның  осі  бойынша  керілген 

жіңішке металл сым (4) цилиндрмен 

(2) бірге конденсатор ретінде пайда-

ланылады. Металл сым үлкен кедергі 

арқылы  ток  көзінің  оң  полюсіне 

(4),  ал  цилиндр  теріс  полюсіне  (3) 

жалғанған.  Резервуардың  өзегіне 

орнатылған  өткізгіш  бар  (сыртқы 

цилиндр  –  катод,  керілген  жіңішке 

металл  өткізгіш  анод  болады),  ка-

тод пен анодқа бірнеше жүздеген В 



Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



214

215


Гейгер-Мюллер  санауышының  сұлбасы:  1  –  

герметикалық шыны түтік; 2 – катод (жұ- 

қа  мыс  қабаты  немесе  тоттанбайтын  бо- 

лат  түтік);  3  –  катодтың  ұшы;  4  –  анод 

(керілген жіңішке металл сым)

кернеу түсіріледі. Санауышқа сырттан 

иондаушы бөлшектер енген кезде газда 

еркін электрондар пайда болып, электр 

өрісінің  әсерімен  анодқа  қарай  үдей 

қозғалады да газды иондайды. Электрод-

тар аралығында пайда болған иондалу 

тасқыны  нәтижесінде  тәж  разряды 

туып, сыртқы тізбекте ток импульсі пайда болады, осы импульстер күшейтіледі. 

Электрмагниттік есептеуішпен тіркелетін болады. ХХ ғасырдың 20–40 жылдары 

ядролық физикада маңызды орын алды. Қазіргі кезде дезиметрияда пайдаланылуда.

ГЕЙГЕР-НЕТТОЛ ЗАҢЫ – α-радиоактивті ядролардың жартылай ыдырау 

периоды  мен  ұшып  шығатын  α-бөлшектер  энергиясы  арасындағы  байланы-

сты тұжырымдайтын заң: lg T

1/2


 = A/

+ B, мұндағы 

α

 – α-бөлшектің МэВ 



өлшеміндегі энергиясы, Т

1/2


 – жартылай ыдырау периоды, А және В – тұрақты 

шамалар. Бұл заңды 1911 – 12 жылдары неміс физигі Ханс 



Гейгер (1882 – 1945) 

және Дж. 



Неттолл тәжірибе жүзінде ашып, кейін 1928 жылы оны теория жүзінде 

түсіндірді. Бұл заң жартылай ыдырау периодын тікелей өлшеу арқылы анықтау 

мүмкін болмайтын ядроларға қолданылуы ықтимал.

ГЕЙ-ЛЮССАК ЗАҢЫ – 1) тұрақты қысым кезінде газдың берілген массасының 

көлемі температурамен сызықтық байланыста болатынын айғақтайтын негізгі газ 

заңдарының бірі: V

t

 = V

0

 (1+α

v

t), мұндағы V



0

 және V



t

 – температураның бастапқы 

және соңғы кездеріндегі көлемдер, t – осы температуралардың айырымы, α

v

 – 



барлық газдар үшін 1/273,15 К

–1

 шамасына тең, тұрақты қысымдағы газдардың 



жылулық көлемін ұлғайту коэффициенті. Бұл заң идеал газдар үшін тура; нақты 

газдар үшін кризистік (шұғыл өзгерісті) шамаларға тең болмайтын температура 

мен қысым мәндерінде ғана осы заңға бағынады. Клапейрон теңдеуінің дербес 

жағдайы болып табылады. Осы заңды 1802 жылы француз физигі әрі химигі Жозеф 



Гей-Люссак (1778–1850) ашқан.

2) Химиялық реакцияға қатыспақшы газдардың көлемдері бірінің-біріне және 

реакцияның газ тәрізді өнімдеріне қатынастары жай қатынаста, яғни үлкен емес 

бүтін сандар қатынасында болатындығы, мысалы, 1:1:2 (көлемдік қатынастар 

заңы) растайтын заң. Мұны 1808 жылы Ж.

Гей-Люссак ашқан. Авогадро заңын 

ашуда маңызды болған.



ГЕЛИЙ-НЕОНДЫ ЛАЗЕР – неон газының атомдарының энергия деңгейлерінің 

арасындағы энергетикалық ауысулар негізінде тудырылатын атомаралық газдық ла-




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау