Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет85/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   265

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

214


215

Г

107

зер. Бұл барынша көп  



таралған газразрядты  

лазер  болып  табыла- 

ды.  Құрылысы  қара- 

пайым, аумағы шағын,  

қоректенетін қуаты аз  

(10 – 100 Вт). Шыға- 

рылатын  сәулесінің 

толқын  ұзындығы 

632,8 нм (нанометр).

ГЕЛИКОН (грекше «геликос – сақина, спирал»), с п и р а л ь  т о л қ ы н – тұрақты 

магнит өрісінде орналасқан өткізгіштерде (металдарда, жартылайөткізгіштерде, 

плазмада) пайда болатын және таралатын салыстырмалы түрде әлсізденіп сөнетін 

төменгі  жиілікті  электрмагниттік  толқын.  Геликон  газды  және  ионсфералық 

плазмада  таралатын  ысқырғыш  атмосфериктерге  ұқсас.  Геликон  Холл 

эффектісі негізінде әрқилы шоғырланған ток тасығыш өткізгіштерде (мысалы, 

электрондық өткізгіштікте (n

1

) және кемтіктік өткізгіштікте (n



2

) пайда болады. 

Геликон магниттік өріске перпендикуляр бағытта таралмайды. Геликондардың 

өшуі заряд тасушылардың фонондар мен кристалдық торлардың ақауларымен 

соқтығысуларының, сондай-ақ соқтығысусыз резонанстық жұтылу салдарынан 

туындайды төменгі температуралар кезінде таза металдарда резонанстық жұту 

маңызды болады.

ГЕНЕРАТОР  (латынша  –  өндіргіш)  –  электр  энергиясын  тудырушы 

(электрмашиналық,  электрондық  шамды,  бутурбиналы,  гидротурбиналы) 

немесе  энергияның  бір  түрін  өзге  түрге  (тербелістердің,  ультрадыбыстың, 

электр импульстердің, радиосигналдардың) түрлендіруші құрылғылар немесе 

қондырғылар.

Ван де Грааф генераторы – электрстатикалық генератордың бір түрі. Мұны 

1931 жылы американ физигі Роберт 



Ван де Грааф (1901 – 1967) ойлап тапқан.

Гартман генераторы – дыбыс және ультрадыбыс толқындарын тарататын газ 

ағынды құрылғы.



Кванттық  генератор  –  еріксіз  сәуле  шығару  құбылысы  пайдаланылған 

электрмагниттік толқындар тарататын көз және лазер мен мазер түрлері болып 

табылады. Бұл генераторды 1954 жылы орыс физиктері: Николай 

Басов (1922 

– 2001), Александр 



Прохоров (1916–2002) және американ физигі Чарльз Таунс 

(1915 – 2015) ойлап тапқан.



Гелий-неонды  лазерде  иондар 

(1)  жоғары  кернеу  (2)  көзінің 

электр өрісінде үдетіледі және 

гелий атомдарын (3) қоздырады. 

Олар  соқтығысқан  кезде  неон 

атомдарына  (4)  энергия  береді. 

Фотон  неонның  қоздырылған 

атомдарымен  соқтығысқан 

кезде  жарық  күшейіп  олардан 

жарық  шығартады.  Фотондар 

ішінара күмістелген айналардан 

(5) бірнеше рет шағылысқан соң 

лазерлік сәуле пайда болады.


Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



216

217


Кварцтық генератор – пьезоэлектрлік эффект пайдаланылған жоғары жиілікті 

электрлік тербелістер тудыратын көз.



Магниттік-гидродинамикалық  генератор  (МГД-генератор)  –  әсері 

электрөткізгіш  сұйықтың  немесе  плазмадағы  электрмагниттік  индукциялық 

құбылыстарға негізделген жылу энергиясын электр энергиясына түрлендіретін 

қондырғы.



Молекулалық генератор – молекулалардың еріксіз кванттық ауысулары сал-

дарынан когерентті электрмагниттік тербелістер тудыратын кванттық генератор.



Оптикалық кванттық генератор – лазер дегенмен мағыналас атау.

Параметрлік генератор – жарықтың  белгіленген жиіліктегі жарық толқынының 

энергиясын едәуір төменгі жиілікке түрлендіретін кванттық генератор.



Электрстатикалық генератор – электр зарядтарын механикалық тасымалдау 

арқылы жоғары тұрақты электр кернеуін тудыруға арналған құрылғы. Бұл құрылғы 

әдетте Ван де Грааф генераторы деп те аталады.

ГЕНРИ (Гн, Н) – индуктивтіліктің және өзара индуктивтіліктің Халықаралық 

бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Американ физигі Джозеф 

Генридің (1797 – 

1878) құрметіне аталған. 1 Гн – тұрақты ток күші 1 А болған кезде 1 вебер магниттік 

ағын қоздырылатын электрлік контурдың индуктивтілігіне тең. Осы анықтамаға 

пара-пар анықтама: 1 Гн – электр тізбегіндегі токтың 1 А/секунд жылдамдықпен 

бірқалыпты өзгеруі кезінде 1 В өздік индукцияның электрқозғаушы күші пайда 

болатын индуктивтілігі. 1 Гн = 1 В·секунд/А = 1 Вб/А = 10

9

 см (СГСМ бірлігі) = 



1,1·10

–12


 СГСЭ өлшем бірлігі.

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ  ОПТИКА  –  оптиканың  жарық  сәулелердің  таралу 

заңдарын жарық сәулелер түсініктері негізінде зерттейтін саласы. Жарық сәуле деп 

бойымен 

жарық энергиясы ағыны таралатын түзу сызықты түсінеміз. Оптикалық 

біркелкі емес орталарда жарықтың дифракциясын елемейтін жағдайларда ғана 

сәуле ұғымын пайдалану керек. Бұл жағдайда жарық толқынының ұзындығы 

біркелкі  емес  ортаның  өлшемдерінен 

кіші болуы тиіс. Геометриялық оптика 

жарық сәуле жүйесінің оңайлатылған, 

бірақ көпшілік жағдайда дәл теориясын 

тұжырымдауға мүмкіншілік туғызады. 

Геометриялық  оптика  негізінен 

оптикалық  кескіндердің  пайда  болу-

ын, оптикалық жүйенің аберрациясын 

ескеруді және оларды түзету әдістерін 



Диафрагма арқылы жарық сәулесін шығару


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау