Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет80/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   265

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

202


203

Г

107

ауысулары 1-ге жуық кванттық шығу береді. Осының пайдалы әсер коэффициенті 



~20–25%-ке жетеді.

ГАЗДИНАМИКАЛЫҚ ЛАЗЕР – асқындыбыстық жылдамдықпен қозғалатын 

қыздырылған газ массасын адиабаттық салқындату тәсілімен газ молекулалары 

энергиясының  тербелмелі  деңгейлерінің  жүйесінде  толымдылық  инверсиясы 

жасалатын газдық лазер.



ГАЗРАЗРЯДТЫҚ ИНДИКАТОРЛАР (латынша «индикатор – көрсеткіш») – 

ақпараттары қайталап көрсетуге арналған газразрядтық аспаптар; аспаптардың 

ақпараттарды бейнелеуінің бір түрі. Газразрядты индикаторларда әдетте солғын 

разрядтың 

катодтық аймағының немесе оң бағанының сәулесі пайдаланылады, 

осыған байланысты бұл индикаторлар – солғын разрядтық индикаторлар деп те 

аталады. Солғын разрядты пайдалану салқын қыздырылмайтын катодты газраз-

рядты индикаторлар жасауға, талап етілетін пішінді бірқалыпты жарқырайтын 

бетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді, аз меншікті қуатта (~10

–2

Вт/см



2

) жұмыс 


істейді, көбінесе неондары (Nе) инертті газдар негізді қоспалармен толтырылады 

(ашық-сырғыш түспен жарқырайды).

Газразрядтық индикаторлардың жұмысы электр тогының газ арқылы өтуі кезінде 

пайда болатын 



оптикалық сәулеге (жарқырауға) негізделген. Газ разрядының 

жарқырауы электрондардың соққысынан атомдардың қоздырылуына, соңынан әлгі 

атомдардың 

жарық кванты түрінде энергия шығарып қалыпты (қоздырылмаған) 

күйге қайтып оралуына немесе оң иондардың электрондармен рекомбинациялануы 

нәтижесінде де оптикалық сәуле тұрінде артық энергия шығарумен байланысты 

жүзеге асырылады. Газразрядтық индикаторлардағы газ разрядымен қабаттасып 

шығатын 

көрінетін  сәуле,  сонымен  қатар  ультракүлгін  сәуле  спектрінің 

аймағында  жатуы  мүмкін.  Соңғы  жағдайдағы  ульракүлгін  сәуле 



көрінбейтін 

сәулені көрінетін сәулеге түрлендіру үшін фотолюминофорлар пайдаланылады.

ГАЗ РАЗРЯДТЫ ШАМ – электр тогының газ немесе басқа зат буы арқылы  

өту  кезінде  жарық  шығару  құбылысына 

негізделген жарық көзі.

Газразрядты шам газ атомдарындағы энергетикалық 

өзгерістер есебінен жарық шығарады (А). Анод пен 

катод  сәйкес  түрде  электрондар  мен  оң  иондарды 

өздеріне тартады. Қысымның кемуі (Б) осы үрдісті 

(процесті) үдетеді. Иондар катодқа (В) соқтығысып, 

одан электрондарды жұлып шығарады, бұлар (элек- 

трондар) анодқа қарай ұшатын болады, жол-жөне- 

кей газ атомдарымен соқтығысады. Атомдар энер- 

гия жұтып, сәлден соң әлгі энергияны жарық түрінде 

шығаратын болады (Г).



Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



204

205


ГАЗ РАЗРЯДЫ – электр өрісінің ықпалымен электр тогының газ немесе ме-

талдар буы арқылы өтуі. Газ разрядының пішіндері мен параметрлері әрқилы. 

Олар  газдың  құрамы  мен  қысымына,  разрядтық  аралықтың  геометриялық 

сипаттамаларына,  түсірілетін  (яғни  ықпал  ететін)  кернеу  шамалары  мен 

жиіліктеріне  тәуелді.  Толығырақ  газдардағы  электр  разрядтары  деген 

мақаладан таныса аласыз.



ГАЗ ТҰРАҚТЫСЫ (R) – 1 моль идеал газ күйінің теңдеуіне енетін әмбебап 

физикалық  тұрақты  шама:  рυ=RT,  мұндағы  р  –  қысым,  υ  –  моль  көлемі,  Т  – 

абсолюттік  температура,  Газ  тұрақтысының  физикалық  мағынасы  –  тұрақты 

қысым түсіп тұрған 1 моль идеал газдың 1 К температураға қыздырылуы кезінде 

көлемді ұлғайту жұмысына тең. Екінші жағынан газ тұрақтысы – тұрақты қысым 

және  тұрақты  көлем  кезіндегі  молярлық  жылусыйымдылықтың  айырымы:  

с

р

  –  с



v

 = R  (асасиретілген  газдар  үшін).  Газ  тұрақтысының  Халықаралық 

бірліктер жүйесіндегі сан мәндері: 8,31441 (26) Дж/моль·К). Өзге бірліктерде  

R=8,314∙10

–7

эрг/(моль∙К)=1,9872кал/(моль∙К)=82,057 см



3

·атм/(моль·К).



ГАЛ (гал, Gal) – бірліктердің СГС жүйесіндегі үдеудің өлшеу бірлігі. Ол грави-

метрияда қолданылады. Гал атауы Галилео 



Галилейдің (1564 – 1642) құрметіне 

аталған. 1 гал = 1 см/сек

2

. Галдың үлестік бірлігі миллигал (1 мгал = 10



–5

 гал = 10

–5

 

м/сек



2

) да қолданылады.



ГАЛИЛЕЙДІҢ  САЛЫСТЫРМАЛЫҚ  ПРИНЦИПІ  –  классикалық 

механикадағы инерциялық санақ жүйелері заңдарының барлық инерциялық санақ 

жүйесінде бірдей болатыны туралы физикалық теңдік принципі. Осы принцип бой-

ынша кез келген инерциялық санақ жүйесінің тыныштықта немесе бірқалыпты және 

түзу  сызықты  қозғалыста  болатынын 

ешқандай  механикалық  тәжірибемен 

анықтау  мүмкін  емес.  Осы  жайтты 

1636  ж.  итальян  физигі  әрі  астроно-

мы  Галилео 

Галилей  (1564  –  1642) 

тұжырымдаған.



Материалдық  нүктенің  қозғалы- 

сының  қалпы,  жылдамдығы,  траек- 

ториясының түрі салыстырмалы түрде 

қандай  инерциялық  санақ  жүйесіне 

қатысты  қарастырылатынына  тәуелді  

болады.  Солай  бола  тұрса  да,  клас- 

сикалық  механиканың  заңдары  бү- 

L´ инерциялық санақ жүйесі өзге бір L инер- 

циялық санақ жүйесіне қатысты тұрақты U 

жылдамдықпен х осінің бағытымен қозғалған. 

Координаттар  осі  уақыттың  бастапқы 

сәтінде (t=0) екі жүйедегі координаттар осі 

сәйкес болатындай таңдалған.



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау