Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет9/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

29

релятивтік кванттық теориясына, ядролар теориясына, магнетизмге, ғарыштық 



сәулелер  физикасына,  қарапайым  бөлшектер  теориясына  арналған.  1925  ж. 

кванттық  механиканың  алғашқы  нұсқасы  –  матрицалық  механиканы 

тұжырымдаған.  1926  ж.  пара-  және  ортогелий  жүйелеріне  арналғна  екі  терм 

жүйесінің  айырмашылығын  түсіндірген:  паратермдер  симметриялы,  ал  орто-

термдер – толқындық функциялардың антисимметриялы шешімдеріне сәйкес бо-

лады. 1927 ж. микронысандарға (микрообъектілерге) классикалық ұғымдар мен 

түсініктерді қолдануды шектейтін анықталмағандық принципін тұжырымдаған. 

1928  ж.  П.Диракпен  бірлесіп,  алмасу  күшін  ендіре  отырып,  алмасулық 

өзараәсерлесу  идеясын  ұсынған  және  Я.Френкельге  қатыссыз  электрондардың 

алмасулық өзараәсерлесуіне негізделген ферромагнетизмнің алғашқы кванттық-

механикалық теориясын тұжырымдаған. 1934 – 36 жылдары Дирактың кемтік- 

тер теориясын дамытқан. 1934 ж. вакуумның полярлану эффектісінің болатынын 

постулаттаған.  1932  ж.  изотоптық  спин  ұғымын  енгізген,  ядролық  күштердің 

сіңіргіштігін көрсеткен. 1943 ж. өзараәсерлесулерді сипаттауға арналған маңызды 

құрал болып табылатын шашырату матрицасын енгізген (S-матрицаны).

ГЕЙССЛЕР Генрик Иоганн (1815 – 1879) – неміс физигі. 1855 ж. сынапты 

вакуумдық сорғы жасаған. 1868 ж. газдан электр тогы өткен кезде оның жарқырау 

құбылысының  газдың  табиғатына  тәуелді  болатынын  тұжырымдаған.  1858  ж. 

газдың химиялық құрамы оның жарқырау түсі бойынша анықталады деген бол-

жам жасаған.

ГЕЛЛ-МАнн Мюррей (1929 ж.т.) – американ физигі. 1953 ж. кванттық сан 

– 

ғажаптық ұғымын енгізген. 1973 ж. өзгелерге қатыссыз глюоондар туралы 

болжам ұсынған. Нобель сыйлығының иегері (1969 ж.).

ГЕнРИ Джозеф (1797 – 1878) – американ физигі. 1832 ж. өздік индукцияны 

және 


экстраток құбылысын ашқан. 1842 ж. конденсатор разрядының тербелмелі 

сипатын дәлелдеген.



ГЕРц Генрих Рудольф (1857 – 1894) – неміс физигі. 1888 ж. тәжірибе жүзінде 

бос кеңістікте таралатын электрмагниттік толқындардың болатынын дәлелдеген. 

Герцтің тәжірибесі Максвелл теориясы алдын ала болжаған әлгі толқындардың 

ашылуы болды. 1887 ж. Сыртқы фотоэффектіні ашқан.



ГЕРц Густав Людвиг (1887 – 1975) – неміс физигі. 1912 – 14 жылдары Дж. 

Франкпен бірге 



электронның газ атомымен соқтығысуы бойынша тәжірибелер 

жасаған  (Франк  –  Герц  тәжірибелері),  осы  тәжірибелер  қорытындысы 



атом-

дарда дискретті энергия деңгейлерінің болатынын айғақтаған, осы жайт Бор 

атомының  кванттық  теориясын  тікелей  растаған.  Нобель  сыйлығының  иегері 

(1925 ж.).



ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

30

ГЕСС Виктор Франц (1883 – 1964) – австриялық физик. 1912 ж. ғарыштық 



сәулені ашқан. «Иондық желді» ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1936 ж.).

ГИББС  Джозайя  Уиллард  (1839  –  1903)  –  американ  физигі.  1873  ж. 

геометриялық  термодинамиканың  бастамасын  ашқан,  1873  –  78  жыл-

дар  аралығында  химиялық  термодинамиканың  негізін  қалаған,  дербес 

жағдайда 

термодинамикалық тепе-теңдіктің жалпы теориясын және термо-

динамикалық  потенциал  әдісін  1875  ж.  фазалар  ережесін,  капилляр-

лықтың теориясын тұжырымдаған. 

ГИЛЬБЕРт  Уильям  (1544  –  1603)  –  ағылшын  физигі.  1600  ж.  «Магнит, 

магниттік  денелер  және  Жер  –  үлкен  магнит...»  деген  ғылыми  еңбегі  жарық 

көрген. Онда 

магнетизм және электр құбылыстарына арналған 600-ден аса 

тәжірибе сипатталып түсіндірілген, магниттің әрқашан да екі полюсі болаты-

ны, аттас полюстердің бірінен-бірі тебілетіні, ал әр аттас полюстердің тартыла-

тыны, т.б. құбылыстар қарастырылған. Жердің үлкен магнит екені түсіндірілген, 

оған жерде магнит тілінің солтүстік пен оңтүстікке бағытталуы себеп болатыны 

айтылған. Гильберт – 

электр туралы ғылымның негізін салушы. Жалын дене-

де үйкеліс арқылы пайда болған электрлік қасиетін жоятынын анықтаған. Жылу 

құбылысын бөлшектердің қозғалысы ретінде қарастырған (1590 ж.).

ГИттоРФ  Иоганн  Вильгельм  (1824  –  1914)  –  неміс  физигі.  1869  ж.  ка-

тод  сәулесінің  көлеңке  түсіретінін  байқаған.  Ол  спектрлерді  жолақ  және 

сызықтық  деп  екі  түрге  ажыратқан.  Газдың  өткізгіштігінің  негізі  ионда  деп 

есептеген (1879 ж.).



ГЛЕЗЕР Дональд Артур (1926 ж.т.) – американ физигі. 1952 ж. зарядталған 

бөлшектерді  тіркеуге  арналған 



көпіршікті  камераны  жасаған.  Нобель 

сыйлығының иегері (1960 ж.). 



ГоЛЬдШтЕЙн Эуген (1850 – 1930) – неміс физигі. 1880 ж. катод сәулесінің 

магнит  өрісінде  ауытқитынын  байқаған.  1895  –  98  жылдары  катод  сәулесі 

түскен  кейбір  тұздардың  жарқырайтынын  анықтаған  және  катод  сәулесіне 

толқындық қасиетті таңған. 1886 ж. 

арналық (каналдық) сәулені ашқан.

ГРЕЙ Стефен (1666 – 1736) – ағылшын физигі. 1729 ж. электр өткізгіштікті 

ашқан.  Барлық  денелерді 



өткізгіш  және  өткізгіш  емес  деп  екіге  ажыратқан. 

электр зарядының дененің беті бойынша таралатынын анықтаған.

ГРИМАЛЬдИ Франческо (1618 – 1663) – итальян ғалымы (философ, мате-

матик). «Жарық, түстер және кемпірқосақ туралы Физика ғылымы» деген еңбегі 

ғалым қайтыс болған соң 1665 ж. жарияланған. Ол еңбекте жарық дифракциясы, 

жарықтың таралуы, шағылуы, сынуы, т.б. мәселелер сипатталған.




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау