Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет7/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

22

АЛЬХАЗЕн  (Әбу  Әли  Хайсама)  (  965  –  1039)  –  араб  ғалымы,  ортағасыр 

физигі.  Ол  ежелгі  грек  ғалымдарының  затты  көруі  үшін  адамның  көзінен 

шығатын сәуле әлгі затты «сипалап» шығады делінетін түсінігін жоққа шығарып, 

заттан шағылысатын сәуле, көзге түкенде ғана адам затты көретін болады деген 

ұстанымда болды.



АМпЕР Андре Мари (1775 – 1836) – француз физигі. Электрдинамиканың 

негізін салушылардың бірі. Токтың механикалық өзараәсерлесуін ашқан және осы 

өзараәсерлесудің  заңын  тұжырымдаған  (Ампер  заңы).  Магнетизмнің  алғашқы 

теориясын ұсынған. 



АнГСтРЕМ Андерс Ионас (1814 – 1874) – швед физигі әрі астроном. Спектрлік 

талдаудың  негізін  салушылардың  бірі.  Ұзындықтың  бірлігі  –  10

  –  10


м=10

  –  8


см

 

ангстремді (Å) енгізген.



АндЕРСон Карл Дейвуд (1905 – 1991) – американ физигі. Ғарыш сәулесінен 

позитронды және мюонды ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1936).

АРАГо  Доминик  Франсуа  (1786  –  1853)  –  француз  ғалымы  әрі  саясаткер. 

Электр тогының магниттеуші әсерін және айналу магнетизмін ашқан. Жарықтың 



хроматикалық полярлануын ашқан (Ж. Био мен Д. Брюстерге қатыссыз). По-

ляр шұғыласы мен магниттік дауылдың байланысын ашқан.



     А.Ангстрем              А.доминик                Ф.Астон                   дж.Бардин

Аббе эрнест Карл          А.Авагадро              Л.Альварес            А.Альфвен


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

23

АРИСтотЕЛЬ (б.з.б. 384 – 322) – ежелгі грек философы әрі ғалым. Ғылымға 

«физика» деген атауды енгізген. Грек тілінде «физика» деген сөз «табигат» де-

ген  ұғым  береді.  Аристотельдің  физикасы  табиғаттың  пайдалылығы  туралы 

принципке  негізделгенімен,  бұрынғы  ғалымдардың  озық  идеяларын  –  гелио-

орталықты және атомизмді кейін тартқызды. Канондалған шіркеу Аристотельдің 

ілімін тежеп, ғылымның дамуына кедергі жасады. Сондықтан да ортағасырлық 

шіркеу «Аристотельдің бойындағы жанды нәрселерді мәңгілікке өлтірді» деген 

нақыл сөз қалған.

АСтон  Френсис  Уильям  (1877  –  1945)  –  ағылшын  физигі.  1919  ж.  маcс-

спектрскопия жасаған. 1931 ж. 



уран =238 изотопын ашқан. Нобель сыйлығының 

иегері (1922).



БАРдИн  Джон  (1908  –  1991)  –  американ  физигі.  транзисторды  алғаш 

жасаушылардың  (1948  ж.),  асқынөткізгіштіктің  микроскопиялық  теориясы 

авторларының бірі. Нобель сыйлығының екі мәрте (1956, 1972 ж.) иегері болды.

БАРКЛА Чарлз Гловер (1877 – 1944) – ағылшын физигі. 1904 ж. тәжірибе жү- 

зінде  алғаш  рет 



рентген  сәулесінің  полярлануын  ашқан,  осы  тәжірибе  рент-

ген сәулесінің толқындық қасиеті болатынын дәлелдеген. Нобель сыйлығының 

иегері (1917).

       Ч.Баркла               А.Беккерель                  К.Браун            п.Бриджмен

        д.Брюстер               К.Вагнер               я.Ванд-гофф                э.Варбург



ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

24

БАСоВ Николай Геннадьевич (1922 – 2001) – орыс физигі. Алғашқы квант-



тық генераторды (мазерді) жасаушылардың (1954 ж.) бірі.

БЕККЕРЕЛЬ Антуан Анри (1852 – 1908) – француз физигі. Уран тұзының 

табиғи радио активтілігін ашқан (1896 ж.). Нобель сыйлығының иегері (1903).

БЕннЕт Уильям Ральф (1930 – 2008) – американ физигі. 1960 ж. А. Джи-

ванмен және Д. Эрриотпен бірлесіп 



алғашқы газды лазерді (гелий мен неон 

қоспасы негізді), 1962 ж. П. Киндлманмен бірге магнитстрикциялық баптаулы 

лазер жасаған.

БИРКЕЛАнд Кристиан (1867 – 1917) – норвег физигі. 1903 ж. ауадан азот 

алу тәсілін ұсынған.

БоР Нильс Хендрин Давид (1885 – 1962) – дат физигі. 1913 ж. М. Планктың 

энергияны кванттау туралы идеясы бойынша жасалған Резерфорд атомы моделі 

негізінде  өзінің  сутекке  ұқсас  атомдық  теориясын  ұсынған.  Бұл  теорияның 

негізіне  оның  екі  постулаты  алынған.  Осы  модель  атом  теориясындағы  жаңа 

заманның басы болды. Бор 

уранның өздігінен бөлінетіндігі туралы алдын ала 

болжаған. Нобель сыйлығының иегері (1922 ж.).



БРАУн Карл Фердинанд (1859 – 1918) – неміс физигі. 1897 ж. катодтық түтікті 

жасаған, 



электрондардың  қозғалысын  магнит  өрісі  арқылы  басқарған

Бұл түтік алғашқы осциллографттық-сәулелік түтік болды. 1874 ж. кейбір крис-

талдардың біржақты өткізгіштігін ашқан. Нобель сыйлығының иегері (1909 ж.).

БРИдЖМЕн  Перси  Уильямс  (1882  –  1961)  –  американ  физигі.  Жоғары 

қысымдар физикасының негізін қалаушы. 425 000 атмосфералық қысым шығару 

әдісін ойлап тапқан. Оның зерттеулерінің нәтижесінде синтетикалық алмас алу 

мүмкіндігі ашылған (1955 ж.). Нобель сыйлығының иегері (1946 ж.).



БРоЙЛЬ  Луи  де  (1892  –  1987)  –  француз  физигі.  Кванттық  механиканы 

тұжырымдаушылардың  бірі.  1923  ж.  А.  Эйнштейн  жарықтың  екі  жақтылық 

(дуализмін) табиғатының заттарға да тән екендігі туралы идея ұсынған, бұл идея 

         В.Вебер                 дж.Вебер                      В.Векслер               В.Вивиани



ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

25

электрондардың  кристалдардағы  дифракция  құбылысының  ашылуына  байла-



нысты біржолата дәлелденген. Луи де Бройль 1924 ж. 

материяның (де Бройль 

толқындары) 



толқындық қасиеттері туралы идеясын докторлық диссертация-

сында баяндаған болатын. Нобель сыйлығының иегері (1929 ж.).



БРЮСтЕР Дэвид (1781 – 1868) – шотланд физигі. Полярландыру заңының 

біреуін тұжырымдаған. 1815 ж. диэлектриктің сыну көрсеткіші мен жарықтың 

түсу  бұрышының  арасындағы  байланысты,  жарықтың  диэлектриктің  бетінен 

шағылған  кезде  түгелдей  полярланатынын  (Брюстер  заңы)  ашқан.  1817  ж. 



ка-

лейдоскопты ойлап тапқан.

БУШ Ханс (1884 – 1973) – неміс физигі. 1926 ж. магнит өрісінің фокуста- 

уыш әсерін ашқан және электрондық магниттік линза жасаған.

ВАГнЕР  Карл  Вильгельм  (1901  –  1977)  –  неміс  физигі.  1930  ж.  жартылай 

өткізгіштердің екі 



электрондық және кемтіктік типтері болатынын ашқан.

ВАнт-ГоФФ  Якоб  Хендрик  (1852  –  1911)  –  нидерланд  физик-химигі.  

1890 ж. қатты ерітінді деген ұымды енгізген. Химия ғылымы саласы бойынша 

Нобель сыйлығының ең алғашқы иегері (1901 ж.).

ВАРБУРГ  Эмиль  Габриель  (1846  –  1931)  –  неміс  физигі.  1881  ж. 

ферромагнетиктердің  циклдік  магниттелушілігінің  гистерезистік  жылудағы 

магниттік  және  сәйкес  электрмагниттік  энергияның  шығындалуымен  байла- 

нысты  болатынын  дәлелдеген  және  осы  энергия  шығынның  гистерезистік 

қисықтың ауданымен байланысын тапқан.

ВЕБЕР Вильгельм Эдуард (1804 – 1891) – неміс физигі. Қарапайым магниттер-

магниттік диполдер теориясының авторы(1854ж.). 1871 ж. 



атомның алғашқы 

электрондық моделін (ғаламшарлық құрылымды), 1830 ж. дыбысты жазу идея- 

сын ұсынған.



ВЕБЕР Джозеф (1919 – ?) – американ физигі. 1952 – 53 жылдары электрмаг- 

ниттік  толқындарды  индукцияланған  сәуле  арқылы  күшейту  мүмкіндігін 

қарастырған  және 

лазердің  әсер  ету  принципін  ашқан.  1959  ж.  өзгелерге 

қатыссыз түрде 



кванттық санауышты ұсынған.

ВЕЙСС  Пьер  Эрнест  (1865  –  1940)  –  француз  физигі.  1911  ж.  магниттік 

момент квантының болатынын алдын ала болжаған және оны магнетон деп 

атаған. 1918 ж. Г. Пикармен бірлесіп магниткалориялық эффектіні ашқан.



ВЕКСЛЕР  Владимир  Иосифович  (1907  –  1966)  –  кеңес  физигі.  1944  ж.  Э. 

Макмилланға қатыссыз үдеткіш техниканың әрі қарай дамытылуына қажет прин-

цип 

автофазалауды ашқан. 1947 ж. кеңестік ең алғашқы синхротонды жасауға 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау