Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет17/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   265

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

52

ядросының бөлінуінің екі тәсілін: теріс мю-мезонның қармауы және мюондық 



атомдардағы сәулесіз ауысуларымен жүзеге асырылуын айғақтаған.

УИтСон Чарлз (1802 – 1875)  – ағылшын физигі. 1837 ж. электрмагниттік те-

леграф, 1838 ж. 



стереоскоп (айналы) жасаған. 1843 ж. электрлік кедергіні өлшеу 

(Уитсон көпірі) әдісін тапқан. 1833 ж. Хладнидің акустикалық пішінін түсіндірген.



УЛЕнБЕК Джордж Юджин (1900 – 1988) – американ физигі. 1925 ж. С. Гауд-

смитпен бірге 



электронның спині ұғымын енгізген.

УоЛтон Эрнест Томас Синтон (1903 – 1995) – ирланд физигі. 1932 ж. жасанды 

үдетілген протондармен алғаш рет ядролық реакция литийдің трансмутациялық 

реакциясын жүзеге асырған.



ФАБРИ Шарль (1867 – 1945) – француз физигі. 1899 ж. А. Перомен бірлесіп, 

интерферометр 



(Фабри-перо интерметрін) жасаған. 1914 ж. зертханалық жағ- 

дайда алғаш рет Доплер принципін жарық үшін тексерген. Атмосфераның жоға- 

ры қабаттарындағы ультракүлгін сәуленің жұтылуы азонның себебінен болаты-

нын анықтаған.



ФАРЕнГЕЙт Даниель Габрель (1686 – 1736) – физик. 1710 немесе 1714 ж. 

мұздың еру және қайнау нүктелерінің аралығы 180 бөлікке (градусқа) бөлінген 

температуралық шкаланы (межені) ұсынған. Бұл шкалада 

мұздың еру нүктесі 

32°Ғ мәніне, ал 



судың қайнау нүктесі 212°Ғ градусқа сәйкес болды. Осы термо-

метр іс жүзінде қолданылған алғашқы термометр болып саналады.



ФЕЗЕР  Норман  (1904  –  1978)  –  ағылшын  физигі.  1932  ж.  ең  алғашқы 

ядролық реакциялардың бірі нейтрондардың қатысуымен өтетін ядролық ре-

акцияны жүзеге асырған.



ФЕЙнБЕРГ Джеральд (1933 ж.т.) – американ физигі. Э. Сударшанға тәуелсіз 

тахион болжалын ұсынған.

ФЕЙнМАн Ричард Филлипс (1918 – 1988) – американ физигі. 1948 ж Ю. 

Швингерге және С. Томонагоға тәуелсіз осы заманғы 



кванттық-электрдина-

       э.Ферми                  Г.Феррарс          дж.Фитцджеральд    дж.Флеминг


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

53

миканы тұжырымдаған. 1949 ж. бөлшектердің мүмкін болатын түрлендірулерін 

түсіндіру тәсілі 

Фейнман диаграммасы деп аталған диаграмманы ұсынған.

ФЕРМИ Энрико (1901 – 1954) – итальян физигі. 1925 ж. П. Диракқа қатыссыз 

спині  бүтіннің  жартысына  тең  бөлшектердің  статистикасын  тұжырымдаған 

(Ферми-Дирак  статистикасы).  1934  ж.  нейтрондар  себеп  болған 

жасанды 

радиоактивтілікті  ашқан.  1942  ж.  2  желтоқсанда  алғаш  жасалған  ядролық 

реакторды іске қосқан. 1952 ж. алғашқы адрондық резонансты ашқан. 1949 ж. 

Ч.Янгпен бірге қарапайым бөлшектердің алғашқы құрама моделін ұсынған.



ФЕРРАРИС  Галилео  (1847  –  1897)  –  итальян  физигі  әрі  электртехнигі.  

1888 ж. 


айналмалы магнит өрісін (Н. Теслоға қатыссыз) ашқан және айналма-

лы магнит өрісті 



мотор (латынша – қозғалтушы) жасаған.

ФИтцдЖЕРАЛЬд  Джордж  Фрэнсис  (1851  –  1901)  –  ирланд  физигі.  

1883 ж. 


дипол шығаратын энергияға арналған өрнекті қорытып шығарған. 

Майкельсон-Марли  тәжірибесінің  теріс  нәтижесін  түсіндіру  үшін  1882  ж. 

Х.Лоренцке  қатыссыз 

қозғалыстағы  дененің  өлшемдерінің  қозғалыс  бағы- 

тында қысқаруы туралы идея ұсынған (Фитцджеральд-Лоренц қысқаруы).

ФЛЕМИнГ  Джон  Амброз  (1849  –  1945)  –  ағылшын  физигі.  Өткізгіштегі 

индукциялық  токтың  бағытын  анықтауға  арналған 



оң  қол  ережесін  ұсынған 

(Флеминг ережесі). 1904 ж. екі электродты электрондық шам (



диодты), 1905 ж. 

кенетронды ұсынған.

ФЛЕРоВ  Георгий  Николаевч  (1913  –  1990)  –  кеңес  физигі.  1940  ж.  радио-

активтілік түрленудің типі – 



уран ядросының өз еркімен бөлінуін ашқан. 1939 

ж. уран ядросының бөлінуі кезінде екінші реттік екіден артық нейтрондардың 

бөлініп шығатынын дәлелдеген. Ол бірқатар транс-фермилік элементтерді (102-, 

103-, 104-, 105-, 106-, 107- нөмірлі) синтездеуге қатысқан.



ФоИГ  I  Волдемар  (1850  –  1919)  –  неміс  физигі.  1878  ж.  жарықтың  меха- 

никалық дисперсиясын, ол 1888 ж. электрмагниттік дисперсиясының теория-

сын тұжырымдаған.



     Г.н.Флеров                 дж.Форбс              Б.Франклин          И.Фраунгофер


ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

54

ФоРБС Джеймс Дэвид (1809 – 1868) – шотланд физигі. 1834 ж. жылулық 



сәулелердің полярлануын ашқан, ол сәулелердің интерференциясын бақылаған.

ФРАнКЛИн Бенджамин (Вениамин) (1706 – 1790) – американ физигі. 1746 – 

54 жылдары ғылыми тәжірибелерді жүзеге асырған. 1750 ж. 



жайқайтарғышты 

ойлап тапқан, 1753 ж. 



найзағайдың электрлік табиғатын, жердегі және атмос- 

ферадағы электрдің тепе-теңдігін дәлелдеген. 1750 ж. электрлік құбылыстардың 

теориясын – унитарлық теориясын тұжырымдаған, ол теория бойынша, электр 

денелердің барлығын тесіп өтетін ерекше сұйық болып табылған. Бұл теорияда 

алғаш рет элекр 

оң және теріс электр (заряды) деген ұғым енгізілген, олар (+) 

және (-) таңбаларымен белгіленді. Ұшқынды оқ-дәріні жару үшін ұсынған.



ФРАУнГоФЕР  Иозеф  (1787  –  1826)  –  неміс  физигі.  1814  –  15  жылдары 

У.  Волластонға  қатыссыз  күн  спектріндегі  күңгірт  сызықтарды  зерттеп,  оны 

түсіндірген, бұл сызықтар кейін оның құрметіне 

Фраунгофер сызықтары деп 

аталған,  дифракция  құбылысын  пайдаланып,  олардың  толқын  ұзындықтарын 

анықтаған.  Параллель  сәулелердегі  дифракцияны  (

Фраунгофер  дифракция-

сы  деп  аталған)  зерттеген,  алғашында  бір  саңылаудан,  сонан  кейін  көптеген 

саңылаулардан  өткенде  пайда  болған  дифракцияны  зерттеген.  Фраунгофердің 

үлкен еңбегі спектрлерді зерттеу үшін 

дифракциялық торларды (1821 ж.) пай-

далануы болды.



ФРЕнЕЛЬ  Огюстен  Жан  (1788  –  1827)  –  француз  физигі.  1815  ж.  интер-

ференция  құбылысын  қайталап  ашқан.  1816  ж. 



когеренттілік  туралы  түсінік 

енгізе  отырып  Гюйгенстің  белгілі  принципін  және  оның  интерференциясын 

толықтырған (Гюйгенс-Френель принципі). Осы екі принцип негізінде 1818 ж. 

жарық дифракциясы теориясын тұжырымдаған. Алғашқы болып саңылаудың 

шетінен  және  дөңгелек  саңылаудан  пайда  болатын  дифракцияны  қарастырған. 

Жарықтың  айналы  (1816  ж.)  және  бипризмалы  (1819  ж.)  интерференциялары 

бойынша  тәжірибелер  жасаған.  1821  ж.  жарық  толқынының  көлденең  толқын 

екенін (көлденең толқын идеясына Т. Юнгке қатыссыз 1819 ж. келген болатын) 

дәлелдеген. Т. Юнг екеуі 



толқындық оптиканы тұжырымдаушылар болып та-

былады.  Бірқатар  интерференциялық  аспаптар  (Френель  айнасы,  Френель  би-

призмасы, Френель линзасы) ойлап тапқан.

ФРЕнКЕЛЬ  Яков  Ильич  (1894  –  1952)  –  кеңес  физигі.  1926  ж.  кристалл 

торының  ақаулары  «Френель  бойынша  ақаулар»  және  жылжымалы  ақаулар 

(ақаулық өткізгіштік) туралы түсінік енгізген. 1931 ж. қатты диэлектриктердің 

жарықты  жұту  теориясын  тұжырымдаған  және 



экситондар  туралы  идея 

ұсынған.



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау