Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
210
211
қабаттаса шығарылады. Ядро жоғары энергиялы деңгейден төменгі деңгейлер
арасындағы ауысулардың Энергия деңгейлерінің айырымына тең болатын ау-
ысулар кезінде γ-кванттар шығарылады. Қоздырылған күйлердегі ядролардың
«өмір сүру» уақыты осы күйдегі және γ-кванттар шығаратын ауысулардың болуы
мүмкін болатын төменгі деңгейдің қасиеттерімен (спинімен, жұптылығымен,
энергиясымен) анықталады.
γ-активті ядроның «өмір сүру» уақыты олардың энергиясының кемуіне байла-
нысты және ядроның бастапқы және соңғы күйлерінің спиндерінің айырымының
артуына орай кенеттен артатын болады. Осының салдарынан ядроның негізгі
күйімен қатар оның метатұрақты қоздырылған (изомерлік) күйі салыстырмалы
түрде ұзақ (кейде жылдар бойы) уақыт сақталатын болады. Ядроның радиоактивті
ыдырауы кезінде әдетте γ-кванттардың энергиясы ( γ) 10 кэВ-тан 5 МэВ-қа дейін
байқалады. Жоғары энергиялы гамма-кванттар қарапайым бөлшектердің ыдырауы
кезінде пайда болады. Бейтарап тыныштықтағы пи-мезон ыдырағанда ~70 МэВ
энергиялы гамма-сәуле шығады.
Шапшаң электрондардың зат арқылы өтуі кезінде туындайтын гамма-cәуле
ядроның кулондық өрісінде тежелуінің салдары болып табылады. Үдеткіштердегі
зарядты бөлшектер тежеуіштік гамма-сәуле шығарады (максимал энергиясы
бірнеше ондаған ГэВ болады). Гамма-сәуленің өтімділігі жоғары. Гамма-сәуленің
затпен өзараәсерлесуі кезінде пайда болатын үрдістер: фотоэффект, Комптон
эффектісі және электро жұбының – позитронның пайда болуы. Фотоэффект
кезінде атомның электрондарының бірі γ-кванты жұтады, γ-квант энергиясы
электронның кинетикалық энергиясына түрленеді.
γ-кванттар ядролық реакцияларда және радиоактивті ыдырау, сонымен қатар
шапшаң қозғалатын зарядты бөлшектердің затпен өзараәсерлесуі кезінде таратыла-
ды. Бұл сәуле ғарыштық сәулелер құрамында да кездеседі. Гамма-сәуле ядролардың
және қарапайым бөлшектердің қасиеттерін зерттеу кезінде, ауыр әрі үлкен көлемді
құймаларды және балқытылып біріктірілген жапсырларды сәулелеп тексеретін
дефектоскопияда,
сәулелік терапия мақсатында медицинада, пластмассалар-
ды полимерлеу үшін радиациялық химияда т.б. қолданылады. Гамма-сәулелер
радиациялық беріктілігі төмен электрондық аспаптарды істен шығаруы немесе
олардың жұмысын бұзуы мүмкін.
ГАММА-СПЕКТРМЕТР (латынша «спектрум – көрінетін, көріну» +
«метр – өлшеуіш») – гамма-сәулелердің кванттық энергиясын және оның
қарқындылығын (1 секундтағы γ-кванттарының санын) өлшеуге арналған аспап.
Көпшілік гамма-спектрметрлерде γ-кванттардың энергиясы – γ-сәуленің заттар-
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
210
211
Г
107
∑
Магниттік γ-спектрметрдің сұлбалық көрінісі. Су-
рет жазықтығына перпендикуляр бағытталған
магниттік өрістегі (Н) радиустары электрондар
мен өріс (Н) энергияларымен анықталатын шең-
бер бойынша қозғалатын екінші реттік элек-
трондар. Өріс өзгерген кезде детектор әртүрлі
энергиялы электрондарды тіркейді. Қорғасыннан
жасалған қорғаныш штрихталып көрсетілген.
мен өзара әсерлесуі нәтижесінде
пайда болатын зарядт а лған
бөлшектердің энергиялары бойынша
анықталады. Гамма-спектрметрдің
тиімділігі мен ажыратқыштық қа-
сиеттері негізгі сипаттамалар болып
табылады. Тиімділігі екінші ретті
бөлшектердің пайда болу және оны
тіркеу мүмкіндігімен анықталады.
Ажыратқыштық қасиеті энергияла-
ры бойынша жақын γ-сызықтарды
ажырату мүмкіндігін сипаттай-
ды. Монохроматты γ-сәулені өл-
шеу кезінде белгілі болатын сы-
зықтардың салыстырмалы ені
ажыратқыштық қасиеттің өлшеуі-
ші болады, бұл өлшеуіш сан жүзінде
Δ / қатынасымен анықталады,
мұндағы Δ – сызықтардың ені, –
екінші реттік бөлшектердің энергиясы.
М а г н и т т і к г а м м а - с п е к т р м е т р д і ң с ұ л б а с ы н д а ғ ы р а д и а -
т о р д а γ - к в а н т ж ұ т ы л ғ а н д а эл е к т р о н д а р н е м е с е п о з и т р о н -
дар пайда болады; бұлардың энергиясы магниттік бета-спектрметрдегідей
өлшенеді. Радиаторда Комптон эффектісінің нәтижесінде атомдық нөмері (Z)
кіші заттардан электрондар пайда болады, егер γ-кванттар энергиясы аз болса,
онда радиаторда фотоэффект салдарынан атомдық нөмірі (Z) үлкен заттардан
электрондар түзіледі. Энергиясы ħω = 1,02 МэВ-ке тең болғанда электрон-по-
зитрон жұбының пайда болуы мүмкін. Электрон мен позитронның қосынды
энергиясы γ-квант энергиясын анықтауға мүмкіндік тудырады.
ГАММА-СПЕКТРСКОПИЯ ( спектр + грекше «скопе – қарапайым») –
спектроскопияның гамма-сәуленің спектрлерін және гамма-ыдырау кезіндегі атом
ядроларының қасиеттерін зерттейтін саласы. Гамма-сәуленің спектрін өлшейтін
аспап гамма-спектрметр деп аталған.
ГАММА-ЫДЫРАУ – гамма-сәуле пайда болатын ядролық үрдіс (процесс).
ГАММА-ЭКВИВАЛЕНТ (латынша «эквиваленс – бірдей мәнді, бірдей
бағалы») – нүктелік радийлік радиоактивті көздің берілген радиоактивті көздің,
Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
212
213
берілген қашықтықта шығаратын дозасының қуатындай қуат шығаратын шартты
массасы.
ГАНН ЭФФЕКТІСІ – жартылайөткізгіште N тәрізді вольт-амперлік сипат-
тамалы жоғары жиілікті электр тогы тербелістерінің тууы. Бұл эффектіні 1963 ж.
американ физигі Джон
Ганн (1928 – 2.12.2008) айғақтаған.
Бұл
эффекті өткізгіштік зонасы бір төменгі алапты және бірнеше жоғарғы алапта
құралған екі алапты жартылайөткізгіштерден байқалады. Мұндағы алап өткізгіштік
зонадағы минимум энергиялы аймақтың әрбір минимумының қасындағы аймақ.
Жоғарғы алаптағы электрондардың жылжымалығы төменгі алаптағыдан едәуір кем
болады. Электрондар күшті электр өрістерінде (Е) қызады, осы электрондардың
бір бөлігі төменгі алаптан жоғарғы алапқа ауысады, нәтижесінде электрондардың
орташа жылжымалылығы, яғни электрөткізгіштігі төмендейді. Осы жайт Е>Е
1
өрістерінде электр өрісінің кернеулігі артқанда ток тығыздығының кемуіне әкеп
соғады.
Ганн эффектісі үлгіде
Ганн домені
деп аталатын күшті электр өрісінің
аймағы периодты түрде пайда бо-
лып, әлгі өрісте орын ауыстыруына
(қозғалады) және жойылуына байла-
нысты туындайды.
ГАРМОНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІС-
ТЕР – физикалық (немесе кез кел-
ген басқа) шамалардың уақыттың
өтуіне байланысты синусоидалық
заң (х = Аsin(ωt+φ) бойынша өзге-
ретін тербелістер. Формуладағы х –
тербелетін шаманың дәл осы уақыт
(t) сәтіндегі мәні (механикалық гар-
моникалық тербелістер үшін, мысалы,
ығысу немесе жылдамдық, электрлік
тербелістер үшін – кернеу немесе
ток күші), А – тербелістер амплиту-
дасы, ω – тербелістердің бұрыштық
жиілігі, (ωt+φ) – тербелістер фазасы,
φ – тербелістердің бастапқы фазасы.
Бүкіл периодты қозғалыстар кинетикалық
және потенциалдық энергиялардың үздіксіз
өзара түрленуімен қабаттасады (А). Гар-
мониялық қозғалыс – синусоидамен сипат-
талатын периодты қозғалыстардың бірі
(Б). Шеңбері бойынша N нүктесі қозғалатын
дөңгелектің диаметріндегі р нүктесінің
ығысуы – қарапайым гармониялық қозғалыс-
тың мысалы. Серіппедегі жүктің (В) қозға-
лысы сызықтық гармониялық қозғалыс, ал
маятниктің (Г) тербелісі – бұрыштық гар-
мониялық қозғалыс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |