Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет56/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   265

БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ

МС

143



Б

86




Б

86

БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ



144

145


БАҒАН, оң баған – солғын разряд кезіндегі газразрядты түтіктің жарқырауық 

анодтық бөлігі.



БАЗА  (грекше  «базис  –  тұғырық»)  –  эмиттерлік  және  коллекторлық  р–n 

–  ауысу  аралығындағы  аймақпен  электрлік  байланысты  қамтамасыз  етуші 

жартылайөткізгіш тетіктің электроды. 

БАЙЛАНЫС, ф и з и к а д а ғ ы, атомдар, электрондар, иондар т.б. қарапайым 

бөлшектер, үрдістер, құбылыстар, тағы да басқалар арасындағы қатынастарды 

айғақтайды.



Атомдық байланыс – коваленттік байланыс болып табылады.

Әлсіз  байланыс  –  асқынөткізгіштің  екі  аймағын  –  кризистік  тогы  әлгі 

өткізгіштің өзге көлеміндегі токтан аз болатын аймағымен қосу.



Донорлық-акцепторлық байланыс – бір атомның (донордың) ажырамаған 

электрондар жұбы мен өзге атомның (акцептордың) энергиясының бос деңгейі 

есебінен жүзеге асатын химиялық байланыс.

Иондық байланыс – иондар арасындағы электрстатикалық өзараәсерлесу 

нәтижесінен туындайтын химиялық байланыс.



Кері байланыс – кез келген үрдіс нәтижесінің осы үрдістің өзіне қайтарымды 

әсер етуі.



Металдық байланыс – металдық қасиеттері болатын заттардағы оң ион-

дар  мен  электрондық  газдардың  өзараәсерлесуі  себепші  болатын  химиялық 

байланыс. 

Сутектік байланыс – сутек атомы мен бір молекулаға немесе өзге молекулаға 

тиісті әрі ажыратылмаған электрондар жұбы болатын атом арасындағы тартылыс 

күші.

Химиялық байланыс – әртүрлі атомдарға тиісті электрондардың осы атомдар 

үшін ортақ болуы нәтижесінде пайда болатын молекула атомдарының арасындағы 

байланыс.



БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ

144


145

Б

86



Идеал байланыстар – жүйенің мүмкін болатын кез келген орын ауыстырула- 

рындағы механикалық байланыстардың реакцияларының қарапайым жұмыста- 

рының қосындысы нөлге тең болатын механикалық байланыс.



Механикалық байланыстар – қарастырылып отырған жүйенің қалпына (ор-

нына) немесе қозғалысына қойылатын шектеулер. 



Тұрақты байланыстар – теңдеулерінде уақыт айқын көрсетілмейтін (болмай-

тын), яғни уақытқа тәуелді болмайтын механикалық байланыстар.



БАЙЛАНЫСҚАН  КҮЙ  –  жүйенің  бөлшектер  жүйесінің  берілген  пе-

риодты  жүйеге  арналған  сипаттамасымен  салыстырғанда  ұзақ  уақыт  бойы 

кеңістіктің шектелген аймағында (шектеулі болатын) әлгі жүйенің салыстырмалы 

қозғалысының жүзеге асырылуы кезіндегі күйі. Табиғатта жұлдыздық шоғырлар 

мен  макроскопиялық  денелерден  бастап  микронысандарға  –  молекулаларға, 

атомдарға, атом ядроларына дейін байланысқан күйлер молшылық. Көптеген 

қарапайым бөлшектердің (а д р о н д а р д ы ң) материяның едәуір іргелі бөлшекте- 

рі – кварктер болып табылуы мүмкін.

Байланысқан күйдің құрылуы үшін, ең болмағанда жүйе бөлшектерінің ара-

сында белгілі қашықтықтықтардағы тартылыс күшінің болуы қажет. Тұрақты 

байланысқан күйлер үшін жүйе массасы оларды құраушы бөлшектердің қосынды 

массасынан кем болады; олардың арасындағы осы айырым ∆m жүйенің байланыс 

энергиясын анықтайды: 

бк

=∆mc



2

.

Байланысқан  күй 



классикалық  механикада  жүйе,  мысалы,  (немесе 

ғаламшарлар) бірін-бірі тартатын екі бөлшек әрқашан байланысқан күй түзеді.

К в а н т т ы қ  м е х а н и к а д а ғ ы  байланысқан күйдің құрылуы үшін 

классикалық  механикадағыдан  айырмашылығы,  тартылыстық  потенциалдық 

энергия мен тартылыс күшінің әсер ету радиусының жеткілікті үлкен болуы қажет.

БАЙЛАНЫС ЭНЕРГИЯСЫ (грекше «энергия – әсер, қызмет») – кез келген 

бөлшектер жүйесін (мысалы, атомның ядродан және электрондардан құралған 

жүйесі  ретіндегі)  оны  құраушы  бөлшектерге  ажырату  үшін  шығындалатын 

жұмысқа тең және олардың бір-бірімен өзараәсерлесулері ескерілмейтіндей алыс 

қашықтатуға шығындалатын жұмысқа тең болатын байланыс энергиясы. Егер 

бөлшектер жиынтығы молекула құрайтын атомдар болса, байланыс энергиясы 

ретінде химиялық байланыстың, ал ядро құрайтын нуклондар (протондар мен 



нейтрондар) болса, ядролық байланыстың энергиясы қарастырылады. Байланыс 

энергиясы бөлшектердің өзараәсерлесуімен анықталады және 



теріс шама болады, 

себебі жүйе байланысықан кезде энергия бөлінеді. Байланыс энергиясының аб-

солют шамасы байланыстың беріктігін және жүйенің тұрақтылығын сипаттайды. 



Б

86

БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ



146

147


Мысалы, байланыс энергиясы атом ядросы үшін ядродағы нуклондардың күшті 

өзараәсерлесуімен  анықталады  және  Эйнштейннің  қатынасы  бойынша  масса 

ақауына пропорционал болады: ∆m:Δ =Δmс

2

. Едәуір тұрақты ядролардың байла-



ныс энергиясы жуық шамамен 8·10

6

 эВ/нуклонға тең (меншікті байланыс энергия-



сы). Осы энергия жеңіл ядролардың едәуір ауыр ядроларға бірігуі (термоядролық 

реакция),  сонымен  қатар  меншікті  байланыс  энергиясының  кемуінің  салда-

рынан ауыр ядролардың өздігінен ыдырауы кезінде бөлінуі мүмкін. Атомдағы 

немесе  молекуладағы  электрондардың  байланыс  энергиясы  электрмагниттік 

өзараәсерлесумен анықталады және әрбір электрон үшін иондалу потенциялына 

пропорционал болады: мысалы, бұл шама сутек (Н) атомы үшін негізгі күйде 13,6 

эВ-қа тең. Молекулалардағы және кристалдағы атомдардың байланыс энергиясы 

осы өзараәсерлесуден пайда болады. Гравитациялық өзараәсерлеуден пайда бола-

тын байланыс энергиясы, әдетте өте аз және тек кейбір ғарыштық нысандар үшін 

ғана маңызды болады. 

БАЙЫТЫЛҒАН УРАНДЫ РЕАКТОР – ядролық отын ретінде 

235


U изото-

пымен байытылған табиғи уранды пайдаланатын ядролық реактор. Мұны 



баяу 

нейтронды реактор деп те атайды. 

БАЛҚУ – заттардың кристалдық (қатты) күйден сұйық күйге ауысуы. Осы ауысу 

кезінде жылу жұтылады (І текті фазалық ауысу). Таза заттардың балқуының басты 

сипаттамасы балқу температурасы (Т

балқу


). Балқу температурасы сыртқы қысымға 

(р) тәуелді; таза заттардың күй диаграммасында бұл тәуелділік қатты және сұйық 

фазалардың  балқу  қисық  сызығымен 

(АD  немесе  АD′)  бейнеленген  (1-сыз-

баны қараңыз). Қорытпалар мен қатты 

ерітінділердің балқу температурасының 

белгілі бір аралығында (бұған тұрақты 

балқу температурасы болатын қорытө 

па – 

эвтектика жатпайды) ғана балқиды. 

Қорытпалардың құрамдарының берілген 

қысымдағы балқу температурасының ба-

сталуы мен аяқталуының тәуелділік күй 

диаграммасында арнайы сызықтармен 

бейнеленген [ликвидус (L) және солидус 

(S) сызықтары] (2-сызба). 

Балқу кезінде заттардың физикалық 

қасиеттері  өзгеріске  ұшырайды:  эн-

1-сызба.  Таза  заттың  күй  диаграммасы 

(р  –  қысым,  Т  –  температура).  АD  және 

АD’  –  балқу  сызықтары,  АD’  –  сызығымен 

аномальды өзгерісі болатын заттар балқиды. 

А – үштік нүкте; В – кризистік нүкте



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау