Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет54/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



136

137


нің  кинетикалық  энергиясының  бір  бөлігінің  жылуға  қайтымсыз  ауысуының 

нәтижесі.  Бұл  кедергі  дененің  пішініне  және  өлшеміне,  оның  жылдамдық 

бағытына  қатысты  бағдарлануына  және  ортаның  күйіне  тәуелді.  Нақты  ор-

таларда:  шекаралық  қабаттағы  дененің  беті  мен  ортаның  арасындағы 

тұтқырлық  кедергі,  асқындыбыстық  жылдамдыққа  жуық  қозғалыс  кезін- 

дегі соққы толқынын тудыру шығыны және 



құйынды түзілістер орын алады.

АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ  ҚҰБЫР  –  ғылыми  тәжірибе  жүзінде  денелерді 

орағытып ағу кезінде туатын құбылыстарды зерттеу үшін ауа немесе өзгедей 

газ  ағынын  тудыруға  арналған  қондырғы.  Аэродинамикалық  құбырда 

ұшақтарға  және  тік  ұшақтарға,  ракеталарға  және  ғарыштық  кемелер-

ге  олардың  ұшу  кезінде,  сүңгуір  кемелердің  су  астындағы  қозғалысында, 

олардың  орнықтылығы  мен  басқарылуын;  ұшақтардың,  ракеталардың,  ға- 

рыштық және сүңгуір кемелердің, сонымен бірге автокөліктер мен пойыздардың 

тиімді  пішіндерін  табуда;  жел  ту-

дыратын  қысымдарды,  сондай-ақ 

ғимараттарға  әсер  ететін  жары-

лыс  (қопарылыс)  толқындар  ту-

дыратын  қысымдарды,  әсер  ететін 

күштерді  анықтауға  арналған 

ғылыми  тәжірибелер  жүргізіледі. 

Арнайы  аэродинамикалық  құбырда 

ракеталардың, ғарыштық кемелердің, 

дыбыс  жылдамдығынан  шапшаң 

ұшатын  ұшақтардың  қызып  кетуі 

және  жылудан  қорғау  мәселелері 

зерттеледі. 

Аэродинамикалық  құбырдағы 

тәжірибелер  денелердің  ауаға  не-

месе сұйыққа қатысты қозғалысын – тыныш тұрған денелерді орағытып ағатын 

ауаның қозғалысымен алмастыру принципіне негізделген. Осы принцип негізінде 

зертханалық жағдайдағы модельдер үшін алынған нәтижелерді нақты өлшемді 

нақты нысандарға  жалпылауға болады. Модельді және нақты нысанды орағытып 

ағатын өлшемсіз сипаттамалар бірдей болу үшін геометриялық ұқсастықпен қатар 

аэродинамикалық құбырда Мах саны мен Рейнольдс санының мәндерінің нағыз 

ұшу жағдайындағы мәндерімен тепе-тең (бірдей) болуы қажет. 

Аэродинамикалық құбырлар дыбыстық жылдамдыққа дейінгі және дыбыстың 

жылдамдығын  артық  асқынжылдамдықтарға  арналған  құбырлар  болып  екі- 

Дыбыс  жылдамдығына  дейінгі  жылдамдық- 

тағы аэродинамикалық құбырдың жалпылама 

сұлбасы: 1 – жұмыстық бөлік (көлденең қима- 

сы  дөңгелек  немесе  тіктөртбұрыш  пішінді); 

2 – зерттелетін модель; 3 – аэродинамикалық 

таразы;  4  –  сопло;  5  –  диффузор;  6  –  жыл- 

дамдық  өрісін  теңестіргіш;  7  –  компрессор 

(желдеткіш); 8 – бағыттау қалақшалары; 9 – 

кері арна; 10 – радиатор; 11 – клапан.



138

139


А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



ге ажыратылған. Дыбыстық жылдамдыққа дейінгі зерттеулерге арналған аэро- 

динамикалық құбырдың жалпылама құрылысы сұлбада бейнеленген. 



АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚЫЗДЫРЫЛУ – ауада немесе өзге газда үлкен 

жылдамдықпен  қозғалатын  денелердің  аэродинамикалық  кедергі  салдарынан 

қызуға  ұшырауы.  Аэродинамикалық  қыздырылу  –  денеге  соқтығысатын  ауа 

молекулаларының дененің бетіне жуық аралықта тежелуінің нәтижесі болып та-

былады. Егер дене асқынжылдамдықпен ұшатын болса, онда тежелу ең алдымен 

дененің тұмсық жағында пайда болады. Молекулалардың әрі қарай тежелуі тікелей 

дененің бетінде – шекаралық қабатта жүзеге асырылады. Ауа молекулаларының 

ағыны  тежелген  кезде  оның  ретсіз  қозғалысының  энергиясы  артады,  яғни 

қозғалатын дененің бетіне жақын аралықта газ температурасы жоғарылайды. Ды-

быс жылдамдығынан үш есе артық асқынжылдамдықпен (1 км/сек шамасында) 

ұшқан ұшақтың тежелу температурасы ~400

0

С-қа, ал ғарыштық ұшу аппараты 



ғарыштан Жер атмосферасына 

1-ғарыштық жылдамдықпен (8 км/сек) енген 

кезде тежелу температурасы  ~8000

0

С-қа дейін көтеріледі. 



Температурасы артқан газ аймағынан жылу қозғалыстағы денеге беріледі, яғни 

аэродинамикалық қыздырылу жүзеге асады. Аэродинамикалық қыздырылудың екі 

түрі болады, олар 

конвекциялық және радиациялық қыздырылу. Конвекциялық 

қыздырылу молекулалық жылуөткізгіштік арқылы ыссы шекаралық қабаттан де-

неге беріледі. Ұшу жылдамдығы ~5000 м/сек-қа жеткен кезде соққы толқынының 

артындағы температураның шамасы газ энергия бөліп шығаратын мәнге қажет 

энергия алатын болады. Жоғары температуралы аймақтан энергияны сәулелік 

тасымалдау салдарынан дененің беті радиациялық қыздырылуға ұшырайды. Жер 

атмосферасында 1-ғарыштық жылдамдықпен ұшу кезінде радиациялық қыздырылу 

конвенциялық қыздырылудан кем болады. 2-ғарыштық жылдамдық (11,2 км/сек) 

кезінде бұлардың мәндері теңеседі. 13–15 км/сек жылдамдықпен нысандар Жерге 

қайтып оралу кезінде радиациялық қыздырылу басым болады.



АЭРОСТАТИКА  (грекше  «аэр  –  ауа»  +  «статос  –  қозғалмайтын»)  – 

гидроаэромеханиканың газ тәрізді орталардың тепе-теңдігін, негізінен атмосфера-

ны зерттейтін саласы. Іс жүзінде сығылмайтын сұйықтардың тепе-теңдік заңдарын 

қарастыратын  гидростатикадан  айырмашылығы  –  аэростатика  сұйықтардың 

сығылғыштығынан  әлдеқайда  артық  болатын  ауаны  және  өзге  газдарды 

қарастырады. Аэростатиканың негізгі мәселесі – атмосфера қысымының биіктікке 

тәуелділігін, сонымен қатар ауада жүзетін денелерде демеуші (ұстайтын) күштерді 

зерттеу болып табылады. Аэростатиканың заңдары көбінесе атмосфераның тепе-

теңдігін және 



ауада ұшу теорияларын зерттеуде қолданылады. 


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау