Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет26/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



76

77

Линзасыз 



ультрадыбыстық 

гологра- 

фия: 1 – сәуле таратқыш; 2 – акустикалық 

линза;  3  –  зат;  4  –  су  құйылған  ыдыс; 

5  –  жартылай  мөлдір  айна;  6  –  қалпына 

келтіруші  оптикалық  жүйе;  7  –  кескінді 

тіркеу жазықтығы

Дыбыстың таралу жылдамдығы онша 

шапшаң  болмағандықтан,  акустикалық 

дыбыс қабылдағыштардың көпшілігі сы- 

зықтық (оптикадағыдай квадратты емес)

болғандықтан, оптикалық голографиядағы 

тірек толқындарды пайдаланбауға немесе  

оны электр арнасында жасанды түрде ен- 

гізуге болады. Акустикалық голограмма- 

ны  қалпына  келтіру  көзге  көрінетін  жа- 

рық  сәуле  диапазонындағы  когерентті 

сәулемен  жүзеге  асырылады,  сондықтан 

акустикалық  голограмма  не  амплитуда-



сы,  не  фазасы  өзгертілетін  арнайы  та- 

сығыштарға  жазылады.  Тасығыштар  ре- 

тінде  фотопленкалар,  термопластиктер, 

электроптикалық кристалдар пайдаланылады. Акустикалық голограмманың көрінуі 

үшін дыбыстық өрістерді көрінерлік ету әдістері қолданылады. 

Жоғары жиілікті диапазондардағы голограммаларды тіркеу (жазу) кеңістік- 

тік тасығыштарға негізделген, бұлар дыбыстың қарқындылығын сезгіш келеді. 

Кеңістіктік бедер әдісіне негізделген тәсілдер кең таралған. 

Судың шағылдырушы бетіне түскен дыбыстық толқын, оны деформациялап 

бедер түзеді, осы бедер акустикалық голограмма болып табылады, оны жарық 

сәулемен жарықтағанда кескін қалпына 

келтіріледі. 

Акустикалық  голография  медици- 

налық  диагностикада  қолданылады, 

жұмсақ ткандарды, тамырларды, ішкі 

ағзалардың кескіндерін көрінерлік ету 

мақсатында қолданылады. 

АКУСТИКАЛЫҚ МИКРОСКОП 

 акустикалық толқындар арқылы ұсақ 

нысандардың және оның бөліктерінің 

ұлғайтылған кескінін байқауға мүмкін- 

дік  беретін  микроскоп.  Сканирлеуші 

жарық  өткізгіш  және  жарық  шағыл- 

дырғыш  акустикалық  микроскоптар  



Матрицалық  қабылдағыштың  көмегімен  акус-

тикалық  голографиялық  кескін  алу:  1  –  нысан; 

2 – сәуле шығарғыш; 3 – генератор; 4 – сигнал 

тудырғыш; 5 – тор; 6 – модулятор; 7– лазер; 8 – 

проекциялауыш; 9 – видикон; 10 – монитор.


А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



76

77

көп таралған. Сканирлерлеуші акусти- 



калық микроскоп негізінен 0,1 – 1,0 ГГц 

диапазондағы акустикалық толқындар 

қоздырғыш электракустикалық түрлен- 

діргіштен  (сәулетаратқыштан),  екі 

акусткалық  линзадан  (оның  біреуі 

акустикалық толқынды зерттелуші ны- 

санға фокустайды, екіншісі нысан ар- 

қылы өтіп шыққан толқынды жинақ- 

тайды) және кескіндер құрылғысының 

электронды-сәулелік  аспабында  сәу- 

ленің жарықтылығын модуляциялай- 

тын, акустикалық толқынды электр сиг- 

налдарына түрлендіретін электракус- 

тикалық  түрлендіргіштен  (қабылда- 

ғыштан) құралған (төмендегі сызбаға 

қараңыз).  Сканирлеуіштік  сәуле  ша- 

шыратқыш акустикалық микроскоп бір 

электракустикалық түрлендіргіштен және бір акустикалық линзадан құралған. 

Мұндай акустикалық микроскопта электракустикалық түрлендіргіш акустикалық 

толқын қоздырғыш (акустикалық линзамен зерттелуші нысанға фокустайтын, ал 

нысаннан шағылысқан соң оны жинақтайтын) ретінде, сондай-ақ оларды нысан-

нан шағылғаннан кейін түрлендіреді. Зерттелуші нысанның кескіні акустикалық 

микроскопта осы нысанды сканирлеуші үрдісте электронды-сәулелік аспаптың 

растрлы жаймалауыш сәулесімен синхронды түрде пайда болады. Акустикалық 

микроскоп 10

4

 есе ұлғайтуды қамтамасыз етеді, ажыратуы 0,005 мкм шегінде.



Акустикалық  микроскоппен  өзгедей  құрылғылар  арқылы  алынбайтын 

мәліметтер  (мысалы,  оптикалық  мөлдір  емес  нысандарды,  беттін,  құрылым-

дарын көруге мүмкіндік жасайды) алуға мүмкіндік береді. Бұл микроскоп микро-

электроникада, минералогияда, металлграфияда, биологияда және медицинада 

қолданылады.  Бұл  микроскопты  1936  жылы  кеңестік  физик  Сергей 

Соколов 

(1897 – 1957) ұсынған.



АКУСТИКАЛЫҚ ОПТИКА – электрмагниттік толқындардың қатты де- 

нелер  мен  сұйықтардағы  дыбыстық  толқындармен өзараәсерлесуін  зерттейді.  

Техникада  осы  құбылыстар  негізінде  әртүрлі  аспаптар  жасалған.  Оптикада, 

электроникада, лазерлік техникада когерентті жарық сәулені басқару үшін жарық  



Акустикалық  микроскоптың  сұлбалық  кес- 

кіні:  1  –  электракустикалық  түрлендіргіш; 

2  –  дыбыс  өткізгіш;  3  –  акустикалық  линза; 

4  –  иммерсиялық  сұйық  (балқарағай  майы, 

минералдық  май);  5  –  бекітіп  ұстағыш;  6  – 

зерттелуші нысан.


А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



78

79

сәуле  мен  дыбыстың  өзараәсерлесуі  кеңінен  пайдаланылған.  Акустикалық 



құрылғылар (дефлекторлар, сканерлер, модуляторлар, сүзгілер, т.б.) жарық сәуле- 

нің  амплитудасын,  полярлануын  (поляризациясын),  спектрлік  құрамын  және  

жарық  сәуленің  таралу  бағытын  басқаруға  мүмкіндік  туғызған.  Акустикалық 

оптикалық аспаптар ақпараттарды нақты уақыт масштабында өңдеуге мүмкіндік 

береді. Мұндай көпшілік акустикалық оптикалық аспаптар ультрадыбыстардағы 

жарық сәуленің дифракциясына негізделген. Дифракцияланған жарық сәуленің 

ауытқу  бұрышы  дыбыстық  толқындардың  ұзындығымен  анықталатын  бол- 

ғандықтан, осыларды ендірілетін дыбыстың жиілігін өзгерту арқылы басқаруға 

болады. Жарық сәуленің бағытын кеңістікте басқарудың осы принципі сәулені 

берілген бағытта бұруға (ауытқытуға) және сәулені үздіксіз жаймалауға арналған 

акустикалық  дефлекторлар  мен  сканерлердің  жұмысының  негізіне  алынған. 

Энергияны негізгі сәуле мен дифрагмаланған сәуле арасында тарату дыбыстың 

қарқындылығын  өзгерту  арқылы  реттеледі.  Осы  эффекті  сәуленің  қарқынды- 

лығын басқаратын акустикалық модуляторларда пайдаланылған. 



АКУСТИКАЛЫҚ ПАРАМАГНИТТІК РЕЗОНАНС (АПР), электрондық 

АПР – тұрақты магнит өрісінде орналасқан парамагниттік кристалдардағы белгілі 

жиілікті серпімді толқындардың (фонондардың) энергияларын талғамалы жұту. 

АПР әдеттегі электрондық парамагниттік резонанспен (ЭПР) тығыз байланысты. 

АПР кезіндегі акустикалық энергияның парамагниттік бөлшектерге берілуі спин-

фонондық өзараәсерлесулер арқылы жүзеге асады, бұл кристалішілік, акустикалық 

өрістердің (электрлік немесе магниттік) тербелістерін модуляциялау тәсілімен 

жүзеге асады.

АПР кезінде кванттық сан m = ±1, ±2 болғанда, әдеттегі ЭПР-та кванттық сан 

m =  ±1  болғанда  таңдау  ережесін қанағаттандыратын  ауысуларда  байқалады. 

АПР жиілігі 10

9

–10


11

 Гц гипердыбыс аумағында байқалады. Металдарды және 

жартылайөткізгіштерді  зерттеу  үшін  скин-эффект  қиындық  тудыратын  әдісі 

қолданылмайтын кезде АПР пайдаланылады.



АКУСТИКАЛЫҚ-ЭЛЕКТРЛІК ЭФФЕКТ (латынша «еффектус – орындалу, 

әсер») – өткізгіштен акустикалық (ультрадыбыстық қума) толқындардың өтуі  

кезінде тұйық электр тізбегінде тұрақты токтың (акустикалық электрлік токтың) 

немесе  өткізгіштің  ажыратылған  ұшында  электр  кернеуінің  (акустикалық 

электр қозғаушы күштің) пайда болуы. Бұл эффект – акустикалық электрондық 

өзараәсерлесудің  бір  түрі.  Ультрадыбыстық  толқындардың  өткізгіштік  элек- 

трондарға импульс (және сәйкес энергия) таратуына байланысты ток туады. Осы 

жайт  дыбыстың  таралу  бағыты  бойынша  заряд  тасығыштардың  бағытталған 




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау