КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
500
501
к
178
∑
КИЛОГРАММ (кг, kg) – массаның Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ)
негізгі бірлігі. Килограмм – Өлшеуіштер мен салмақ жөніндегі халықаралық
бюрода (Париж маңында) сақтаулы халықаралық түпкітиптің (прототиптің)
массасына тең. Килограмның түпкітипі
платина-иридий қорытпаларынан (90%
Рt, 10% Іr) цилиндр пішінді
гир (диаметрі және биіктігі 39 мм) түрінде жасалған.
Түпкітиптік эталонмен салыстырғанда жіберілетін салыстырмалық қателік 2∙10
–9
шамасынан артпайды. Килограмның үлестік бірлігі г р а м м, ол 0,001 кг-ға тең.
КИЛОГРАММ КУБ МЕТРГЕ (кг/м
3
, kg/m
3
) – зат тығыздығының Халықаралық
бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі; 1 кг/м
3
– біртекті заттардың 1 м
3
көлемінде 1
кг масса болатын тығыздық. 1 кг/м
3
= 10
–3
г/см
3
.
КИЛОГРАММ КҮШ (кгкүш немесе кГ, kG) – бірліктердің МКГСС жүйесіндегі
күш бірлігі. 1 кгкүш = 9,80665 ньютон (Н). Еуропалық елдерде килограммкүш к
и л о п о н д (kр) деп аталған.
КИЛОГРАММ-КҮШ-МЕТР (кгкүш∙м немесе кГ∙м, kg∙m немесе КG∙m) –
(кейде килограммметр деп жаңсақ аталады) энергия мен жұмыстың МКГСС
бірліктер жүйесіндегі бірлігі. Килограмм-күш-метр – 1 кг күштің әсерінен оның
бағыты бойынша 1 м қашықтықта орын ауыстырылғанда істелетін жұмысқа тең.
1 кг∙күш∙м = 9,80655 Дж.
КИЛОГРАММ-МЕТР – килограмм-метр секундына атауының қысқаша
аталуы.
КИЛОГРАММ-МЕТР СЕКУНДЫНА... (кг∙м/сек, kg∙m/s) – импульстің
(қозғалыс мөлшерінің) Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірлігі; 1 кг∙м/сек –
массасы 1 кг дененің 1 м/сек жылдамдықпен ілгерілемелі қозғалатын кездегі
импульсіне тең.
КИЛОПАРСЕК [кило... + пар(аллакс) + сек(унд) атауларынан қысқартылған
атау] – қашықтықтың астрономиядағы өлшеу бірлігі. Ол парсектің еселік бірлігі
ретінде пайдаланылады. 1 килопарсек = 10
3
парсек = 1000 парсек. 1 парсек
– параллаксы 1´ (бір минутқа) тең қашықтыққа тең. Халықаралық бірліктер
жүйесінде пк болып белгіленген. 1 пк = 206 265 астрономиялық бірлік (а.б.) =
3,263 жарық жылы = 3,086 ∙10
16
м.
КИНЕМАТИКА (грекше «кинематос – қозғалыс») – механиканың
денелердің массаларын және оларға әсер етуші күштерді есепке алмастан
олардың қозғалыстарының геометриялық қасиеттерін зерттеуге арналған
бөлімі. Кинематикада тұжырымдалған әдістер мен тәуелділіктер қозғалыстарды
кинематикалық зерттеулерде, дербес жағдайда қозғалыстарды әртүрлі
механизмдерге, машиналарға, т.б. беруді есептеуде, сонымен қатар динамиканың
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
502
503
есептерін шешу кезінде пайдаланылады. Зерттелетін нысандардың (объектілер-
дің) қасиеттеріне тәуелді түрде кинематика н ү к т е л е р кинематикасына,
қ а т т ы д е н е л е р кинематикасына және ү з д і к с і з ө з г е р м е л і о р т а
кинематикасына ажыратылған.
Нүктелер қозғалысы векторлық, координаттық немесе табиғи әдістермен
берілуі мүмкін. Координаттық тәсілде санақ жүйесіне қатысты үш координатпен
анықталады. Әдетте таңдалған санақ жүйесіне қатысты траектория белгілі
болғанда табиғи (немесе траекториялық) тәсіл қолданылады.
Кинематикада кез келген нысанның (объектінің) қозғалысы санақ жүйесімен
байланысқан өзге бір денеге (санақ денеге) қатысты зерттеледі (санақ жүйесінің
осьтері х, у, z, 1-сызба). Санақ жүйесі
қозғалмалы нысанның белгілі қалпын
уақыттың әрбір сәтіндегі санақ денеге
қатысты қалпын анықтауға мүмкіндік
береді. Кинематикадағы санақ жүйені
таңдау ерікті болады, тек зерттеу мақсатына
ғана тәуелді. Мысалы, вагонның доңғалағы
қозғалысын рельске қатысты зерттеу кезінде
санақ жүйе Жермен байланыстырылады,
ал осы доңғалақтың вагон қорабына
(кузовына) қатысты зерттеу кезінде қорапқа
байланыстырылады, т.с.с. Қарастырылып
отырған нысанның қозғалысы берілген деп (белгілі деп) есептеледі, егер осы
нысанның санақ жүйесіне қатысты орнын анықтауға мүмкіндік жасайтын
теңдеулер (немесе графиктер, кестелер) белгілі болатын болса ғана.
Кинематиканың негізгі мәселесі – нүктелердің
немесе денелер қозғалысының берілу тәсілдерін
(математикалық әдістер арқылы) білу және
осы қозғалыстардың сәйкес кинематикалық
сипаттамаларын (қозғалыстағы нүктелердің
траекторияларын, жылдамдықтары мен
үдеулерін, айналатын денелердің бұрыштық
жылдамдықтарын және бұрыштық үдеулерін
т.б.) анықтау.
Нүктелердің қозғалысы мына үш тәсілдің
біреуімен: векторлық, координаттық немесе
Табиғи немесе траекториялық әдісті
қолданған жағдайдағы дененің қоз-
ғалысы
1-сызба. Санақ жүйесі О нүктесінде
орналасқан деп есептелген кездегі дененің
қозғалысы
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
502
503
к
178
∑
табиғи тәсілмен берілуі мүмкін. В е к т о р л ы қ тәсіл кезінде нүктенің қалпы
санақ жүйесіне қатысты осы нүктенің векторлық радиусымен ( r) анықталады.
Нүктенің траекториясы вектордың
годографы болады. К о о р д и н а т т ы қ тәсіл
кезінде нүктенің қалпы санақ жүйесіне қатысты үш координаттың (х, у, z) кез
келгенімен анықталады. Т а б и ғ и (немесе т р а е к т о р и я л ы қ) тәсіл әдетте
нүктенің траекториясы таңдалып алынған санақ жүйесіне қатысты белгілі болған
кезде қолданылады.
Қатты дене қозғалысының берілу тәсілі әлгі дененің қозғалысының түріне, ал
қозғалыс теңдеулерінің саны – дененің еркіндік дәрежесінің санына тәуелді. Қатты
дененің ілгерілемелі қозғалыс пен айналмалы қозғалысы –
қарапайым қозғалыс
болып табылады. Бұлардағы кинематикалық негізгі сипаттамалар: бұрыштық
жылдамдық (ω) пен бұрыштық үдеу (ε) болады. Егер қозғалмайтын нүктесі, үш
еркіндік дәрежесі (мысалы, гироскоп) болатын дененің қозғалысы едәуір
күрделі
қозғалыс болып табылады. Осы жағдайда дененің қалпы санақ жүйесіне қатысты
кез келген үш бұрышпен (мысалы, Эйлерлік бұрыштармен), ал қозғалыс заңы үш
бұрыштың уақытқа тәуелділігін өрнектейтін теңдеулермен анықталады. Бұлардың
негізгі кинематикалық сипаттамалары: дененің ω және ε бұрыштары болады.
КИНЕТИКА (грекше «кинетикос – қозғалтушы») – механикалық денелер
күйінің физикалық себептерін анықтайтын және денелер күйлерін физикалық
себептермен байланысты зерттейтін саласы. Кинетика – күштер әсер етуші
денелердің қозғалыстары туралы ілім – динамикаға және денелердің тепе-теңдігі
туралы ілім – статикаға ажыратылған.
КИНЕТИКА, физикалық кинетика – статикалық тепе-теңсіз жүйелердегі
үрдістердің (процестердің) микроскопиялық теориясы. Бұл теория энергияларды,
импульстерді тасымалдауды және әртүрлі физикалық жүйелердегі (газдардағы,
плазмадағы, қатты денелердегі) заттарды, сондай-ақ сыртқы өрістердің осы
жүйелерге әсер етуін
кванттық немесе классикалық статистикалық әдістерімен
зерттейді.
Физикалық кинетиканың
термодинамикалық тепе-тең емес үрдістерден
және
тұтасорта электрдинамикасынан айырмашылығы, бұл кинетика
қарастырылатын орталардың және олардың бөлшектерінің молекулалық
құрылымдары туралы түсініктермен негізделген, сол себепті кинетикалық
коэффиценттерді,
диэлектриктік және магниттік өтімділікті және
тұтасорталардың ұқсас сипаттамаларын есептеуге мүмкіндік туғызады.
Физикалық кинетикаға бейтарап атомдардан немесе молекулалардан құралған
газдардың кинетикалық теориясы, плазмадағы тепе-теңсіздік үрдістердің
Достарыңызбен бөлісу: |