Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет201/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   265

к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



492

493


бір бұрыш жасай түскенде, тамшының 

ішінде екі рет шағылысуы нәтижесінде 

пайда болады. Ай сәулесінің әсерінен 

байқалатыны  Ай  кемпірқосағы  деп 

аталады. Кемпірқосақты күн ашық кезде 

субұрқақтарынан да байқауға болады. 

Ол  үшін  субұрқақтарына  Күн  жақтан 

(яғни  жотаңызды  күн  сәулесі  түсіп 

тұрған жаққа қаратып) қарау жеткілікті.

Күн  көкжиектен  42°  бұрыштық 

биіктікте тұрған кезде ғана кемпірқосақ 

байқалады. Күн көкжиекке таяу келген 

кезде кемпірқосақ доғасы жоғары көте- 

ріледі,  олай  болса  кемпірқосақтың 

байқалатын  жарты  доғасы  ұзаратын 

болады. Кемпірқосақтың негізгі доғаның 

үстіндегі  қосымша  доғаларының 

түстері бұлыңғырлау болады. Қосымша 

доғаларының  түстері  негізгі  доғаның 

түстеріне керісінше күлгін түстен (сыртқы жағында) басталып, қызыл түспен (ішкі 

жағында) аяқталады. Негізгі доғаның қызыл түсті шеті мен қосымша доғаның 

аралығында күңгірт жолақ болады. Ол жолақ 



Александр жолағы деп аталған – 

қосарланған доғаның осы ерекшелігін біздің заманымыздың ІІ ғасырында ғұмыр 

кешкен грек философы 

Александр алғаш рет байқаған. Соның құрметіне аталған. 

Жазғы найзағайлы жаңбырдан соң көрінетін кемпірқосақ өте айқын, түстері 

қанық болып көрінеді. Сіркіреген жаңбыр кезінде кемпірқосақтың түстері оңған 

боз түсті болып көрінеді. Қосымша кемпірқосақтың байқалуы үшін γ бұрышың 

53°  аспауы  керек.  Жердегі  бақылаушы  Күн  көкжиектен  42°  бұрыштан  биік 

көтерілгенде негізгі кемпірқосақ, ал Күн көкжиектен 53° бұрыштан биіктегенде 

қосымша  кемпірқосақ  байқалмайды.  Егер  бақылаушы  Жер  бетінен  жоғарыда  

болса, яғни ұшақта отырғанда немесе биік шыңда тұрса ол 



кемпірқосақты шең- 

бер түрінде байқайтын болады.

Кемпірқосақтың толық сырын алғаш ашқан ағылшын физигі, астрономы әрі 

математигі Исаак 

Ньютон (1643–1727) болды. Оның «Оптика туралы лекция» 

деген ғылыми жұмысы ғалым дүние салған соң 1729 жылы жарияланған. И.



Ньютон 

осы ғылыми жұмысында кемпірқосақтың пайда болуын түсіндірген.



Сызбада  қызыл  (үстіңгі)  және  күлгін  (ас- 

тыңғы)  сәулелердің  жаңбыр  тамшысынан 

сыртқа шығу траекториялары бейнеленген. 

Осы сәулелер тамшыға енген тұста сынып, 

сонан  соң  тамшының  ішінде  шағылып,  ең 

соңында  тамшыдан  сыртқа  шығар  тұста 

екінші рет сынуға ұшырайды


КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

492


493

к

178



а  –  жарықтың  тамшының  ішінде  екі  рет  сынуы 



және  өзге  тамшыдан  шағылуы;  ә  –  жарықтың 

тамшы ішінде екі рет сынуы әрі бір рет шағылуы; 

б  –  жарықтың  тамшы  ішінде  А,  В,  С  және  D 

нүктелерінде сынуы әрі шағылуы

Жаңбыр  тамшыларының,  әрине,  ауада  қалықтап  бір  орында  тұрмайтыны 

белгілі, олар айтарлықтай жылдамдықпен төмен қарай еркін үдеумен түсетін 

болады. Сондықтан тамшылар кемпірқосақтың пайда болуына бақылаушыдан 

кемпірқосаққа қарай бағытталған 

γ  бұрыш  42°-тан  аспайтын  ара- 

лықтағы  қысқа  мерзімде  ғана 

қатысады.  Осылайша  тамшылар 

бірінен кейін екіншісі келіп, үздік- 

сіз  алмасып  тұратын  болады.  

Тамшылардың  тез  ауысуы  се- 

бепті  бақылаушы  олардың  көз 

ілеспейтін  ауысуын  байқай 

алмайды, сол себепті бақылаушы 

кемпірқосақтың тапжылмайтын бейнесін көретін болады. Дәл осы жайтқа ұқсас 

жайтты к и н о э к р а н ы н а н да, теледидар экранынан да көріп жүргеніміз 

белгілі. Бұларда 1 секундта 24 кадр ауысатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда 

кемпірқосақты «аспанның киносы» деуге болады.

КЕМТІК  –  қатты  дененің  энергетикалық  зонасындағы  электрондар 

орналаспаған кванттық күй. Егер кемтікке е-ге тең (электронға тең) оң заряд 

және  жоқ  электронның  кері  таңбалы  энергиясы  қосылып  жазылса,  сыртқы 

электр өрісінің әсерінен толықтай дерлік толтырылған энергетикалық зонадағы 

электрондардың қозғалысы зонаның жоғарғы шетінде пайда болатын кемтіктің 

қозғалысына эквивалентті болады. Кемтік – кристалл жүйесінің динамикалық 

қасиеттерін  электрондық  өткізгіштермен  қатар  анықтайтын  квазибөлшектер

Кемтіктің әдетте эффектілік массасы электрондық өткізгіштіктен үлкен, ал орын 

ауыстырушылығы кем.

Жартылайөткізгіштерде  кемтік  валенттік  зонаның  жоғарғы  шетінің 

айналасында пайда болады. Өткізгіштік зона ішінара толтырылған металдарда 

және жартылайметалдарда кемтік ұғымы кейде  Ферми деңгейінің электрондар 

орналаспаған төменгі күйі ретінде енгізіледі.

КЕМТІКТІК ӨТКІЗГІШТІК, р-типті өткізгіштік – негізгі заряд тасушылары 

кемтіктер болып табылатын жартылайөткізгіштердің өткізгіштігі. Сан жүзінде 

меншікті өткізгіштікпен (σ

р

=e

µ

p



p, мұндағы е – заряд, 

µ

– жылжымалылық, – 

еркін электрондардың шоғырлары) анықталады.  Акцепторлардың шоғырлары 



донорлардың шоғырларынан артық болатын кезде жартылайөткізгіштерде пайда 

болады. 



к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



494

495


КЕНОТРОН [грекше «кенос – бос» + «элек(трон)»] – негізінен өндірістік 

жиілікті айнымалы токты түзетуге арналған екі электродты электрондық шам; 

электрвакуумды  диодтың  бір  түрі.  Мұны  1905  жылы  ағылшын  физигі  Джон 

Флеминг ( 1849–1945 ) ойлап тапқан. 

КЕҢІСТІК  –  физиканың  нысандардың  ұзындықтары  мен  өзара  орналасу 

қасиеттері сипатталатын негізгі ұғымы. Философиялық тұрғыдан алғанда ке- 

ңістік – материяның «өмір сүруінің» екі формасының бірі, екіншісі  – у а қ ы т. 

Әрбір құбылыс кеңістікте уақыттан тыс немесе белгілі бір уақытта кеңістіктен 

тыс бола алмайды. 

Заттар кеңістігі – оптикалық жүйелер арқылы пайда болатын заттар кескіні 

нүктелерінің жиынтығы.



Изотоптық  кеңістік  –  изотоптық  спиннің  мүмкін  болатын  мәндерінің 

жиынтығы.



Импульстік кеңістік – фазалық кеңістіктің кіші кеңістігі болып табылатын 

жалпыланған импульстердің көпөлшемді кеңістігі.



Катодтық күңгірт кеңістік – төменгі қысымды газда солғын разряд кезінде 

катодтың маңайында пайда болатын күңгірт кеңістік.



Көпөлшемді  кеңістік  –  фазалық  жүйе  күйін  анықтайтын  айнымалы 

шамалардың мәндері қамтылған аймақтың геометриялық бейнесі; әрбір нүктесіне 

кез келген күй сәйкес болатын айнымалылардың мәндері көпөлшемді кеңістіктің 

координаттарының нүктелері болып табылатын кеңістік.



Фазалар кеңістігі – механикалық жүйенің жалпыланған координаттары мен 

жалпыланған импульстерінің көпөлшемді кеңістігі.



Фарадейлік  кеңістік  –  төменгі  қысымды  газда  солғын  разряд  кезіндегі 

жарқылдан соң пайда болатын күңгірт кеңістік.



КЕҢІСТІК-УАҚЫТ – салыстырмалық теорияда кеңістік пен уақыттың бір 

мәнге  біріктірілуі.  Философиялық  тұрғыдан  алғанда  бұл  материяның  «өмір 

сүруінің» жалпылама формасы; к е ң і с т і к – материялық нысандардың және 

үрдістердің  [құрылымдығын  және  материялық  жүйелердің  созылымдылық- 

тарын (ұзындықтарын) сипаттайды]; у а қ ы т – құбылыстардың ауысымдылық 

тізбегінің және материя күйлерінің (олардың болмыс ұзақтығын сипаттайды). 

формасы. Материядан тәуелсіз, оның қозғалысынан тыс жеке-дара кеңістік те, 

уақыт  та  жоқ.  Уақыттың  әмбебеп  қасиеті  –  ұзақтығы,  қайталанбаушылығы, 

қайтымсыздығы; кеңістіктің жалпылама қасиеті – созылымдылығы (ұзындығы), 

үздіксіздігі мен үздіктілігінің бірлігі.




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау