к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
506
507
электрқозғаушы күші (ЭҚК) белгілі болса, өткізгіштердің кез келген тармақталған
жүйесіндегі ток күші және оның бағыты анықталады. Бірінші ереже негізінде n
өткізгіштен, r түйіннен құралған жүйе үшін r – 1 теңдеу құрылады (соңғы түйінге
арналған теңдеу тәуелсіз болмайды, алдыңғы теңдеуден екінші ереже негізінде
тұйық контур үшін n – (r-1) теңдеу туындайды; осы соңғы теңдеуге n өткізгіштің
әрбіреуі ең болмағанда 1 рет енуі керек.
КИРХГОФТЫҢ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ ЗАҢЫ – денелердің сәуле шығарғыштық
қасиеттері [ε(λ,Т] мен сәуле жұту қасиеттеріне [α(λ,Т)] қатынасы дененің табиға-
тына тәуелді болмайтынын және абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық
қасиетіне [ε
о
(λ,Т)] тең және сәуленің толқын ұзындығына (λ) және абсолют
температураға (
Т) тәуелді болатындығын
= ε
о
(λ,Т) тағайындайтын заң. Бұл
заң жылулық сәуле шығарудың негізгі заңдарының бірі болып саналады және
сәуле шығарудың басқа түрлеріне жарамсыз. Мұны 1859 жылы неміс физигі
Густав
Кирхгоф (1824 – 1887) термодинамиканың екінші бастамасы негізінде
тұжырымдаған. Кейіннен тәжірибе жүзінде дәлелденген. Кирхгофтың осы за-
ңына сәйкес дене берілген температурада сәулені жақсы жұтатын кезде,
қарқынды сәуле шығаруы тиіс. Мысалы, бір бөлігі қарайтылған платина плас-
тинка қыздырылған кезде, оның қарайтылған бөлігі (жұту қасиеті 1-ге жуықтау)
ақшыл бөлігінен күштірек жарқырайды.
КЛАПЕЙРОН – КЛАУЗИУС ТЕҢДЕУІ – заттардың бір фазадан өзге
фазаға ауысу (булану, балқу, құрғақ айдау, полиморфтық түрлену т.б.) үрдістеріне
(процестеріне) қатысты термодинамикалық теңдеу. Бұл теңдеу бойынша тепе-
теңдік күйде өтетін үрдіс кезіндегі фазалық ауысу жылуы (L) (мысалы,булану
жылуы, балқу жылуы) мына формуламен анықталады: L = Т∙dр/dТ∙(V
2
–V
1
), мұндағы
Т – ауысу температурасы (изотермиялық үрдіс), dр/dТ – қысымның фазалық
тепе-теңдік қисық сызығындағы температура бойынша алынған туындысының
мәні, ал (V
2
–V
1
) – зат көлемінің бір фазадан өзге фазаға ауысу кезіндегі өзгерісі.
Бұл теңдеуді 1834 жылы француз физигі Бенуа
Клапейрон (1799 – 1864) сұйық
пен жылулық тепе-теңдікте болатын конденсацияланатын буға арналған Карно
циклін талдау нәтижесінде қорытып шығарған. 1850 жылы неміс физигі Рудольф
Клаузиус (1822 – 1888) теңдеуді кемелдендірген және оны өзгедей фазалық
ауысуларға жалпылаған. Клапейрон – Клаузиус теңдеуі (К.–К.т.) жылуды жұту
немесе оны шығарумен (
1 текті фазалық ауысу) қабаттасатын кез келген
фазалық ауысуларға қолдануға жарамды және қорытып шығарылатын фазалық
тепе-теңдіктің тікелей салдары болып табылады. К.–К.т. өзінің құрамындағы кез
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
506
507
к
178
∑
келген шамаларды есептеуге арналған. Дербес жағдайда бұл теңдеумен
булану
жылуы есептеледі.
КЛАПЕЙРОН ТЕҢДЕУІ,
Клапрейрон – Менделеев теңдеуі – идеал газ
күйін анықтайтын физикалық шамалардың (қысым р, көлем V және абсолют
температура Т) арасындағы тәуелділік: рV = ВТ (мұндағы В – газ массасы ()
М мен оның молекулалық массасына тәуелді пропорционалдық коэффициент.
Клапейрон теңдеуін қасиеттері идеал газдарға қарайлас болғанда – белгілі бір
дәрежеде төменгі және жоғары температурадағы (мысалы, атмосфералық ауаға,
газ қозғалтқыштарындағы жану өнімдеріне) нақты газдарға қолдануға болады.
Бұл теңдеуді 1834 жылы француз физигі Бенуа
Клапейрон қорытып шығар-
ған. 1874 жылы орыс химигі Дмитрий
Менделеев (1834 – 1907) идеал газдың бір
моліне арналған теңдеуді қорытып шығарған: рV=RТ, мұндағы R – әмбебап газ
тұрақтысы. Егер газдың молекулалық массасы μ болса, онда pV = M/μ(RT) немесе pV
= NkT, мұндағы N – газ бөлшектерінің саны. Клапейрон теңдеуі Бойль – Мариотт
заңын, Гей – Люссак заңын және Авогадро заңын біріктірген идеал газ күйлерінің
теңдеуі болып табылады.
КЛАССИКАЛЫҚ МЕХАНИКА (латынша «классикус – үлгілі, ең үздік»;
грекше «механика – машина жасау өнері») – негізіне Ньютондық механика
заңдары жатқан және зерттеу пәні жарық жылдамдығымен салыстырғанда аз
жылдамдықпен қозғалатын материалдық денелердің макроскопиялық қозғалысы
болатын механика.
КЛАССИКАЛЫҚ ФИЗИКА (латынша «классикус – үлгілі, ең үздік»). Физика
ғылымының біздің заманымыздан бұрынғы (б.з.б.) VI ғасырынан бастап атомның
бөлінбейтін бөлшек екеніне күмән тудырмайтын кезеңге дейін дамытылған
жетістіктер – классикалық физиканың үлесіне жатқызылған. Осы кезеңнің басында
ежелгі грек философы
Демокрит [(б.з.б.470(460) – 370 (ұзақ жасаған)] материяның
атомдардан (грекше «атом – бөлшектенбейтін бөлшек» деген сөз) құралатыны
туралы идеяны қолдаушылардың алғашқыларының бірі болды. Одан кейінгі
кезде грек философтарынның тағы біреуі
Эпикур (б.з.б. 341 – 270) және біздің
заманымыздан бұрынғы І ғасырда ғұмыр кешкен грек философы
Лукреций (б.з.б.
І ғасырда) де атом жайындағы идеяны қолдады. Осылай басталған классикалық
физика кезеңінде табиғат туралы ғылымның салалары дамытылған болатын.
КЛИСТРОН [(грекше «клизо – соғамын» + (электр) трон] – аса жоғары жиілікті
тербелістерді күшейтуге және тудыруға арналған электрондық аспап. Клистрон
тура өткізгішті (қосрезонаторлы және көпрезонаторлы) түрлерге ажыратылған.
Асашағын шағылыстырғыш клистрон – м и н и т р о н деп аталған.