Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет162/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   265

З

16

ЗАҢ – ЗОНД



400

401


үйкелісінің күшін нормал қысым күші мен цилиндрдің немесе шардың жазық беті 

бойынша сырғанайтын радиусымен байланыстыратын заң. Бұл заңды 1785 жылы 

француз физигі Шарль 

Кулон (1736–1806) тәжірбие жүзінде анықтаған. 1788 жылы 

нүктелік магнит өрісіне жалпылаған.



Массалар мен энергиялардың өзарабайланыс заңы – релятивтік динамика- 

ның дененің толық энергиясы дене массасының жарық жылдамдығының екінші 

дәрежесінің көбейтіндісіне тең болатындығын тұжырымдаған заңы.

Механикалық энергияның сақталу заңы – механиканың уақыттың өтуіне 

байланысты тек консервативтік күштер әсер ететін тұйық жүйенің кинетикалық  

және  потенциалдық  энергияларының  қосындысының  өзгермейтіндігі  тұжы- 

рымдалған заң.



Нүкте қозғалысының заңы – нүкте координаттарының уақытқа тәуелділік 

заңы.


Ньютонның бірінші заңы – өзгедей денелер тарапынан материалдық нүктені 

тыныштық немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалыс күйінен шығаратын күш 

әсер  еткен  кезеңге  дейінгі  әлгі  нүктенің  бастапқы  күйінің  сақталатындығын 

тұжырымдайтын механиканың заңы.



Ньютонның екінші заңы – механиканың материалдық нүктенің уақыт бой-

ынша импульстен алынған бірінші туындысы нүктеге әсер ететін бүкіл күштердің 

қосындысына тең болатыны тұжырымдалған заң. Осы заң «егер денеге сыртқы 

күш әсер ететін болса, онда дене массасының үдеуге көбейтіндісі күшке тура 

пропорционал және үдеудің бағыты күштің бағытымен үйлесетін болады» деп те 

тұжырымдалады.



Ньютонның үшінші заңы – механиканың материалдық екі нүктенің бір-біріне 

әсер  ететін  күштері  сан  жүзінде  тең  және  бір  түзудің  бойында  қарама-қарсы 

бағытталған болады делінетін заңы.

Осы үш заңды 1687 жылы ағылшын физигі, механигі Исаак 



Ньютон (1643 – 

1727) ашқан.



Ом заңы – өткізгіштің белгіленген екі нүктесі арасындағы электр тогының  

күші мен кернеуінің өзара байланысын анықтайтын заң. Бұл заңды 1826 жылы 

неміс физигі Георг 

Ом (1787 – 1854) ашқан.

Паскаль заңы –  гидростатиканың сыртқы күштердің сұйыққа түсірілетін 

қысымы оның жан-жағына барлық бағыттарда бірдей таралады делінетін заңы. 

Бұл заңды 1653 жылы француз математигі әрі физигі Блез 

Паскаль (1623 – 1662) 

ашқан.


Сәуле  шығару  заңы  –  абсолют  қара  дененің  тепе-теңдік  сәуле  шығару 

спектріндегі энергияның таралуын тұжырымдаған заң.




З

16

ЗАҢ – ЗОНД



400

401


Сыну  заңы  –  жарық  сәулелерінің  қасиеттері  әртүрлі  мөлдір  екі  ортаның 

арасындағы  айқын  шекара  арқылы  өту  кезіндегі  бағыттарының  өзгеруін 

анықтайтын заң.

Тең үлестірілу заңы – термодинамикалық тепе-теңдік күй кезінде жүйенің 

әрбір еркіндік дәрежесіне орташа есеппен бір ғана кинетикалық энергия тән бо-

латыны туралы заң.

Толық ток заңы – тұрақты электр тогы магнит өрісінің кернеулік векторының 

тұйық  контуры  бойынша  айналысы  (циркуляциясы)  осы  контур  қамтитын 

токтардың алгебралық қосындысына пропорционал болатыны тұжырымдалған заң.

Фарадейдің  электрмагниттік  индукция  заңы  –  электрлік  контурдағы 

электрмагниттік индукцияның электрқозғаушы күшінің мәнін және таңбасын 

анықтайтын заң. Бұл заңды 1831 жылы ағылшын физигі Майкл 

Фарадей (1791 –  

1867) ашқан. 



Физикалық заң – физикалық тәжірибелер нәтижесінде анықталған немесе 

тәжірибелік мәліметтерді теориялық жалпылау тәсілі бойынша бір шамалардың 

өзге шамаларға мөлшерлік немесе сапалық объективті тәуелділігі тұжырымдалған 

заң.


Фурье заңы – бірқалыпты болмай қызған орталардағы жылудың таралуын 

анықтайтын заң. Бұл заңды 1822 жылы француз математигі әрі физигі Жан 



Фурье 

(1768 – 1830) ашқан.



Шағылу заңы – жарық сәулесінің (толқындардың) қасиеттері әртүрлі орта-

ларды ажырататын тегіс (айналық) беттен шағылуынан соңғы оның бағытын 

анықтайтын заң.

Шарль  заңы  –  идеал  газдың  берілген  массасының  қысымы  тұрақты 

көлемдегі газдың абсолюттік температурасына тура пропорционал болатындығы 

тұжырымдалған заң. Бұл заңды 1787 жылы француз физигі Жак 

Шарль (1746 – 

1823) ашқан.



Электр зарядының сақталу заңы – оқшауланған жүйедегі электр зарядта- 

рының алгебралық қосындысының тұрақты сақталатыны тұжырымдалған заң.



Энергияның сақталу және түрлену заңы – оқшауланған жүйеде өтетін кез 

келген  үрдістер  кезінде  оның  толық  (барлық)  энергиясының  өзгермейтіндігі 

тұжырымдалған заң.

Динамикалық  заңдар  –  себеп  және  салдар  арасындағы  өзарақатынас  

кезіндегі қажетті себептілік байланыстарды тұжырымдайтын заңдар.



Кеплер заңдары – материалдық нүктенің орталық күш өрісіндегі қозғалысының, 

дербес жағдайда ғаламшарлардың Күн төңірегіндегі қозғалыстарының заңдары 




З

16

ЗАҢ – ЗОНД



402

403


(үш заң). Бұл заңдардың алғашқы екеуін 1609 жылы, үшіншісін 1619 жылы неміс 

ғалымы Иоганн 



Кеплер (1571–1630) тұжырымдаған.

Статистикалық заңдар – себеп пен салдар арасындағы өзарақатынас оның 

жүзеге асырылу ықтималдығымен сипатталатын кездегі қажетті себептілік бай-

ланысты тұжырымдайтын заң. 

ЗАРЯД  –  физикалық  бөлшектердің  өзараәсерлесулері  жүзеге  асырылатын 

өрістердің көзі болып табылатын шама (электр заряды, әлсіз заряд, т.б.). Белгілі бір 

өзараәсерлесу типі себеп болатын бөлшектердің түрлену үрдістеріндегі сақталатын 

(дәл немесе жуықтап) кейбір қосынды физикалық шамалар да заряд деп аталған 

(мысалы,  бариондық  сан,  лептондық  сан,  гиперзаряд,  ғажаптық).  Зарядтық 

түйіндестік  амалы (операциясы)  кезінде бүкіл  заряд  өз  таңбаларын өзгертеді 

(яғни бөлшек пен антибөлшек шамалары, таңбалары бойынша қарама-қарсы). 

Зарядтың сақталу заңына 



калибрлеуіш түрлендірулерге (ішкі симметриялы 

кеңістіктегі түрлендірулерге) қатысты инварианттылық теория жауап береді.



Заряд ұғымы электрлік құбылыстарды зерттеуге және Кулон заңының 

ашылуына байланысты пайда болған. Кулон заңы екі нүктелік электр зарядының 

(q



1

  және  q

2

)  өзараәсерлесу  күші Ғ  бостық  (вакуумда)  жағдайда 

мұндағы r



12

 – зарядтардың арақашықтығы. Осы өрнектегі k көбейткішінің сан мәні 

зарядтың электрстатикалық бірлігін анықтайды (СГСЭ). Халықаралық бірліктер 

жүйесінде (СИ-де) 



электр зарядының бірлігі кулон (Кл). 1 Кл = 3·10

9

 бірлігі 



(СГСЭ).

Берілген өткізгіштің көлденең қимасынан белгілі бір уақытта өтетін заряд 

мөлшері ретінде анықталатын күші болатын электр тогын тудырады. 

Заряд өзінің 

айналасында өріс тудырады; зарядқа әсер ететін күш – зарядтың өзараәсерлесетін 

күші болады. Сондықтан электрстатикалық құбылыстарда q



1

 зарядтың екінші 

бір  q

2

  зарядтың  тудырған  электр  өрісімен  өзараәсерлесуінің  маңызы  болмақ. 



Қозғалыстағы заряд, яғни электр тогы да әлгі өріспен өзараәсерлесетін маг-

нит өрісін тудырады. Электр зарядының токпен және өріспен өзараәсерлесулері 

Максвелл теңдеулерімен сипатталады. Осы теңдеулер электр зарядтарының 

сақталу заңына әкеп соғады. Ол заң бойынша белгілі бір уақытта берілген көлемдегі 

(денедегі) зарядтың өзгеруі әлгі көлемге (денеге) енетін (келетін) және одан кететін 

(шығатын) токтардың айырымын әлгі уақытқа көбейтілген шамаға тең болады.



ЗАРЯД,  электр  заряды  –  бөлшектердің  және  денелердің  сыртқы 

электрмагниттік  өріспен,  сондай-ақ  бұлардың  өздерінің  электр  өрісімен 

өзараәсерлесуін анықтайтын негізгі сипаттарының бірі. Электр зарядының шартты 

түрде 

оң және теріс заряд деп аталған екі түрі бар. Дененің электр заряды оның 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау