И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
422
423
ций-45, кобальт-60, стронций-90, цирконий-95, ниобий-95, иод-131 т.б. Сәулелерді
байқау үшін әдетте газразрядты есептеуіштер, сцинтилляциялық есептеуіштер,
ядролық фотографиялық эмульсиялар, т.б.
бөлшектер детекторлары пайдаланы-
лады. Изотоптық индикаторлар арқылы заттардың жүйелердегі үлестірілуі және
қозғалыстары зерттеледі.
ИЗОТОПТЫҚ СПИН – изотоптық мультиплеттегі (спектрлік сызықтар-
дағы) адрондар санын анықтайтын кванттық сан. Изотоптық спин адрондар-
дың зарядтық күйлерін анықтайтын сан [немесе изотоптық мультиплеттегі
бөлшектер санын (n)]: n = 2І + I, мұндағы І – спин.
ИЗОТОПТЫҚ ЭФФЕКТ – асқынөткізгіш металдың кризистік
температурасының (Т
к
) оның изотоптық құрамына тәуелділігі; заттардың орташа
атомдық массасы (М) азайған кезде Т
к
температурасы артады. Бірқатар металдар
үшін Т
к
· М
1/2
= const қатынасы орындалады.
Изотоптық эффект алғаш рет 1950 жылы байқалған; Сынаптың
198
Нg изотопы
үшін Т
к
= 4,156 К, ал орташа атомдық массасы 200,6 болатын табиғи таза сынаптың
изотоптық құрамында Т
к
= 4,177 К. Зерттеулер бір мезгілде Т
к
температурасымен
бірге кризистік магниттік өріс Н
кө
-нің де өзгеретінін айғақтаған (Т→0 К ұмтылған
кезде), бірақ та Н
кө
/Т
к
қатынасы берілген асқынөткізгіштік металл изотопы үшін
тұрақты болып қалады. Изотоптық эффект асқынөткізгіштің торларын құрайтын
бөлшектердің массаларымен байланыстылығын және электрондардың фонон-
дармен (торлардың тербелістерімен) өзараәсерлесуіне байланысты болатынының
дәлелі болады.
ИЗОТРОПИЯ, изотроптылық (грекше «изос – бірдей» + грек. «тропос –
бұрылыс, бағыт) – ортаның физикалық қасиеттерінің барлық бағытта бірдей болуы.
Газ, сұйық және аморфты күйдегі қатты денелердің барлық физикалық қасиеттері
изотропты болып саналады. Кристалдардың физикалық көптеген қасиеттері
анизотропты болып келеді. Дегенмен кристалдың симметриясы жоғары болған
сайын, оның изотроптылық қасиеті басым болады. Мысалы, симметрисы жоғары
кристалдардың (алмас, германий, ас тұзы) серпімділік, беріктілік, электроптикалық
қасиеттері анизотропты, ал жарықтың сыну коэффициенті, электрөткізгіштік,
жылулық ұлғаю коэффициенті тәрізді қасиеттері изотропты болады.
ИЗОХОРА (грекше «изос – тең, бірдей» + «хора – орны») – күйлердің
термодинамикалық диаграммасында изохоралық үрдісті бейнелейтін сызықтар.
Идеал газға арналған изохоралық теңдеу өте қарапайым: р/Т=const, мұндағы р –
қысым, Т – температура.
И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
422
423
ИЗОХОРАЛЫҚ ҮРДІС (ПРОЦЕСС) – физикалық жүйеде т
ұрақты көлем
кезінде өтетін үрдіс; күйлердің термодинамикалық диаграммасында изохора
сызығымен кескінделеді. Газдарда және сұйықтарда изохоралық үрдісті жүзеге
асыру үшін оларды өздерінің көлемін өзгертпейтін герметикалық (ештеңе
өткізбейтін) ыдыста ұстау қажет. Изохоралық үрдіс кезінде дененің көлемін
өзгертуге байланысты механикалық жұмыс істелмейді; дененің ішкі энергия-
сының өзгеруі жылуды жұту немесе оны бөліп шығару есебінен жүзеге асады.
Газ (сұйық) температурасының өзгеруімен бірге оның қысымы да өзгереді.
Идеал газдағы изохоралық үрдіс кезінде
қысым температураға пропорционал
(Шарль заңы бойынша) болады. Идеал емес газға Шарль заңы тура болмайды,
себебі газға берілген жылудың бір бөлігі бөлшектердің өзараәсерлесу энергиясын
арттыруға жұмсалады. Қатты денеде изохоралық үрдісті жүзеге асыру техникалық
тұрғыда едәуір күрделі. Іс жүзінде қатты денедегі кез келген изотермиялық үрдіс
дененің аз сығылатындығынан бірнеше ондаған килобар қысымға дейін изохора-
лық үрдіс болып табылады. Өзараәсерлесетін заттардың көлемі өзгермейтін
химиялық реакцияларды,
карбюраторлық қозғалтқыштардағы отынның жа-
нуын изохоралық үрдіс ретінде қарастыруға болады.
ИЗОХРОНДЫЛЫҚ (грекше «изос – теңдей, бірдей» + «хронос – уақыт»)
т е р б е л і с т е р д і ң
–
тербелмелі жүйенің тербелістер амплитудасының өзіндік
тербеліс периодына тәуелсіздігі.
ИЗОЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚАТАР (грекше «изос – тең, бірдей» + электрон) –
электрондар саны бірдей атомдар мен иондардан құралған әр түрлі элементтердің
(мысалы, сутекке ұқсас атомдар, Li, Вс
+
, В
2+
, ... қатары) қатары; бұлардың
оптикалық қасиеттері ұқсас.
ИЗОЭНТАЛЬПИЯЛЫҚ ҮРДІС (ПРОЦЕСС) (грекше «изос – тең, бірдей» +
«енталпо – қыздырамын») – физикалық жүйенің энтальпиясы өзгермей сақтала-
тын үрдісі. Газ ағыны мен қоршаған дененің (құбырлардың, қабырғаларының, т.б.)
арасындағы
жылу алмасу болмайтын кездегі
газдың кеуекті қалқа арқылы
ағуы изоэнтальпиялық үрдістің классикалық мысалы болады.
ИМПУЛЬС (латынша – соққы, түрткі) – 1) материяның барлық түрлерінің
қозғалыстарының ортақ өлшеуіші – қозғалыс мөлшері; физикалық жүйелердің
өзараәсерлесуі кезінде олардың механикалық импульстерінің өзгерістері бойынша
анықталады; 2) қысқа мерзімді сигнал.
Алып импульс – ұзақтығы 100 нс (наносекунд – 10
-9
секунд) және қуаты
10
11
– 10
12
Вт болатын жарық импульсі. Қатты денелі лазерлер шығарады (таратады).