Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
324
325
скопияда да кең қолдау тапқан. Бұларда шағылу көздері
денелердің құрылымдарындағы ақаулар (сызат, қуыс)
болады. Көптеген жануарлар (мысалы, жарғанаттар,
дельфиндер т.б.) жаңғырықты бағдарлау мақсатында
пайдаланады.
Дыбыс толқындары бір мезгілде бірнеше нысаннан
шағылғанда жаңғырық сонша рет қайталанады. Бұл
құбылысты 2-cызбадан аңғаруға болады. О нүктесіндегі
дыбыс көзінен таралған
толқынның біреуі 1-нысаннан
(L
1
қашықтықтағы) екіншісі
2-нысаннан (L
2
қашықтықтағы) шағылған дыбыс
толқындарынан естіледі. Ойлы-қырлы жазық дала-
да ауа ысыған кезде кейбір биік нысандардан дыбыс
толқындары шағылып естіледі де, кешкілік ауа салқын-
дағанда жаңғырық естілмейтін болады. Мұның себебі
неде?
Енді осыны түсіндірейік. Оптикалық рефракция
құбылысы кезінде жарықтың біртекті болмайтын ортада таралуы түзу сызықты
бағытынан ауытқып бұрылатыны белгілі. Дәл осы құбылыс дыбысқа да ортақ.
Дыбыстың таралу жылдамдығы ауаның (яғни ортаның температурасына тәуелді,
сол себепті дыбыс таралатын ауаның әрбір нүктесіндегі
жылдамдығы әрқилы болады. Ауа жылынғанда
дыбыстың жылдамдығының артумен қатар оның таралу
траекториясының ауытқуының дөңестік жағы жылы ауа
қабаты жағында пайда болып, дыбыс толқындары сызба-
да көрсетілгендей жоғары қарай (аспандап) ауытқитын
болады да жолында ешқандай шағылдырушы бет
кездеспегендіктен жаңғырық естілмейді. Осы айтылған
құбылыс салдарынан жоғарыда айтылған жазық даладағы
жаңғырықтың бірде естіліп, кейде естілмей қалады.
Р е ф р а к ц и я құбылысы кейде жаңғырықтың естілуіне жағдай тудырады. Осы
құбылыс негізінде таулы аймақтағы көлдер маңайында жаңғырық аспан тұстан
(яғни биіктен) естіледі. Сызбаға қараңыз. Таулы аймақтағы көлдің суы әрқашан
салқын болатынын білеміз. Ал көлдің үстіндегі ауа қабатының температурасы
биіктеген сайын жылырақ болады. Сондықтан дыбыстық толқынның таралу
траекториясының дөңес жағы жылы ауа жағына қарай көтеріліңкі болмақ (жарық
Кей кезде жазық далада
биік нысаннан (объектіден)
жаңғырықтың естілмей қа-
лу себебі
Таулы аймақтағы көлдер-
дің айналасындағы нысан-
дардан шағылған жаңғы-
рықтың аспан жақтан ес-
тілу құбылысы
2-сызба. Екі рет қайтала-
натын жаңғырықтың пай-
да болуы
Ж
104
∑
ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ
326
327
та осылай болатын). Сол себепті көлдің жиегіндегі тұстан шағылған жаңғырық
аспан (яғни биіктен) жақтан естілетін болады.
ЖАЛПЫ САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯ (ЖСТ) – кеңістіктің, уақыттың
және тартылыстың осы заманғы физикалық теориясы; 1915 жылы Альберт
Эйн-
штейн (1879 – 1955) біржолата тұжырымдаған. ЖСТ-ның негізіне инертті масса-
мен (Ньютонның екінші заңына енген) және кез келген денені эквиваленттілікті
әкелетін, кез келген денеге арналған гравитациялық массаның (тартылыс заңына
енетін) ғылыми тәжірибеден анықталған теңдік фактісі жатқан. Инерттік және
гравитациялық массалардың теңдігі дененің тартылыс өрісіндегі қозғалысының
дене массасына тәуелді болмайтындығын меңзейді. Осы жайт ЖСТ-на кеңістіктік-
уақыттық континуумның (үздіксіздік) майысуы (иілуі) ретінде түсініктеме беруге
мүмкіндік береді. Сондықтан, ЖСТ салыстырмалық теория негізінде құрылған
кеңістік-уақыттық тартылыс теориясы болып табылады.
ЖАРҚЫРАУ – жарық тарататын беттен шығатын жарық ағынының, осы беттің
ауданына қатынасымен анықталатын жарық шамаларының бірі. Халықаралық
бірліктер жүйесіндегі (СИ-де) жарқыраудың бірлігі – квадрат метрге шаққандағы
люменге (лм/м
2
) тең. Энергетикалық жүйедегі осыған ұқсас шама энергетикалық
жарқырау деп аталған және ол Вт/м
2
-мен өлшенеді.
Анодтық жарқырау – солғын разряд кезіндегі газразрядтық түтік анодының
маңайындағы жарық аймақ.
Теріс жарқырау – солғын разряд кезіндегі газразрядтық түтік катодының
маңайындағы жарық аймақ.
ЖАРТЫЛАЙМЕТАЛЛ – электрлік қасиеттері бойынша металдар және
жартылайөткізгіштер арасынан орын алатын заттар. Жартылайметалдар үшін
валенттік зоналар мен өткізгіштік зоналар әлсіз жабылу тән, бұл жайт бір
жағынан жартылайметалдардың абсолюттік нөл температураға дейін өткізгіш,
ал екінші жағынан ток тасушылары (~10
18
– 10
20
см
–3
) аз шоғырланатын болып
қалады. Температура артқанда ток тасушылар саны көбейіп, электр өткізгіштігі
жоғарылайды. Жартылайметалдарға висмут, сурьма, мышьяк, графит т.б. жата-
ды. Жартылайметалдардағы ток тасушылардың жылжымалылығы үлкен және
эффективті массасы аз болады. Осы қасиетінің арқасында жартылайметалдар
күшті магниттік өрістерде өлшемдік эффектілерді, диэлектрик-металдық фазалық
ауысуларды бақылауға арналған ыңғайлы нысандар болып табылады.
ЖАРТЫЛАЙӨТКІЗГІШТЕР – меншікті электрөткізгіштігінің мәндері
(σ) металдардың меншікті электрөткізгіштігі σ ~ 10
6
– 10
4
Ом
–1
см
–1
және
жақсы диэлектриктердің меншікті электрөткізгіштігінің σ ~ 10
–10
– 10
–12
Ом
–1
см
-1
аралығындағы мәндермен сипатталатын кең алқапты алып жатқан заттар.