Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



жүктеу 0,96 Mb.
бет4/4
Дата14.05.2018
өлшемі0,96 Mb.
#13137
1   2   3   4

Тәрбие жұмысының моделі
Тәрбиеші оқушы
Іс-әрекет

Коллективті әрекет жеке бастың дамуы.


Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім оқушы – оқушы мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал коллектив сыныпта қалыптаса сынып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдай жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз.

Жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жүйесі бірін-бірі толықтыратын, сабақтастыратын негізгі екі бөлімнен тұрады.



1-ші бөлім: Оқу, білім беру саласындағы тәрбие.

2-ші бөлім: Арнайы тәрбие.

Қазіргі кезде жаңа жасалып жатқан оқулықтар мен бағдарламада ескертетін жағдай-бастауыш буыннан бастап білім мазмұны, Қазақ халқының өмір тәжірибесі, салт-дәстүрі, шаруашылық жүргізу тәсілдері, рухани байлығы, саяси әлеуметтік, экономикалық ерекшелігін ескеру. Сонымен қатар, дүниежүзілік мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін әлем халықтарының озат тәжірибесімен дәстүрлерін пайдалану.

Бұдан былай мектептерімізде мақсатын көздеген арнайы пәндер болады. Олар:


  1. Өнер және Әдеп. /6-7 кл. Арналған/.

Ұлттық өнер мен әдеп жайында жүйелі білім беру. Өнердің әрбір саласының іші мазмұнын ашу, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, шығармашылыққа, іскерлікке үйрету; халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіріп имандылық мінез-құлқын қалыптастыру.

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрі. /8-9 кл. арналған/.

Халқымыздың ұлттық ерекшелігін, психологиясын, дүниетанымын, ойын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін олардың санасына сіңіру арқылы халқымыздың ұрпақты тәрбиелеудегі, әулет жалғастырудағы өмір тәжірибесінен түсінік беру.

  1. Ұлттық мәдениет тарихы. /10-11 кл. үшін/.

Оқущылардың жас шамасын ескере отырып қазақ халқының бай тарихынан /әдебиет, сәулет, бейнелеу, қолданбалы өнерлерді, спорт ойындары, ән-күй, тәлім-тәрбие тарихы т.б./ жүйелі мәлімет беру. Ұлттық санасын азаматтығының негіздерін қалыптастыру.

Мұнымен қатар білім министрлігі бекіткен «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы бар».

Мектептегі тәрбие жүйесінің екінші бөлімі – арнайы тәрбие. Бұл түрлі әдіс-тәсілдерге, баланың іс-әрекеті мен қарым-қатынасына негізделген оқытудағы тәрбие беру жұмысының мазмұндас жалғасы.


  • Халықтың, мәдениетін, өнерін, ғылымының тарихи даму негіздерін зерттеу;

  • Отбасы және мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені байланыстыра отырып жаңа мазмұнды «Атамекен», «Сөз зергері», «Қол өнері», «ұлттық ойындар», «сөз хат», «Шежіре», «Шешендік өнер», т.б. үйірмелер, клубтар ұйымдастыру.

  • Ақындар, терме-жыршылар кластарын ашу;

  • «Әкелер», «әжелер», «енелер», «келіндер» мектептерін ұйымдастыру;

  • Үй шаруасы сабағын ұлттық тәрбие кезіне айналдыру.

  • Ата тарихын зерттеу, зерделеу. Сол арқылы баланы ел тарихына, өз әулетіне, тегіне үңілуге баулу;

  • Тарихи-этнографиялық орындарда/ұлы жібек жолы, жоңғар қапасы/зерттеу, мазмұны саяхаттар ұйымдастыру.

  • Ғылым, мәдениет қайраткерлерімен, көпті көрген қариялармен кездесу кештері, пікір алысу.

  • Жоғары кластарда халықтың ауыз әдебиеті үлгілері, шежірелері бойынша шығармашылық сайыстары өткізуді дәстүрге айналдыру;

  • Киноклубтар жұмыстарын жандандыру;

  • Ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру;

  • Отбасы мен мектептің жұмысындағы бірлікті күшейту мақсатында «Халық педагогикасы университеттерін» ұйымдастыру.

Қазақ мектептеріндегі ұлттық тәлім-тәрбие жұмысының бағдарламасын айтқанда әсіресе 6-11 кластарға арналған «Атамекен» бағдарламасының ролі ерекше. «АТАМЕКЕН» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің өзіндік ұлттық айшық, ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік принциптеріне негізделген ғылыми-педагогикалық және методикалық бағдарлама болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жобасын балалар мен ересектерді біріктіретін, ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын/штабын/ құру. «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық іскерлік, шығармашылық /творчествалық/ - көріністік ойындарын өткізу, өз Туын, елтаңбасы /эмблемасын/, төсбелгісін /значогін/, ұлттық киім формасын және өзге рәсімдік-символдық белгілерді иелену әрбір мектепте тарихи ұлттық этнографиялық музейлер ашу.

Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармашылық бағыттан тұрады. Онда халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этномәдениеті, этностық тілдері рухани игіліктерін қолдана отырып, балық ағарту-тәрбие процестерін кешенді /комплексті/ түрде қарастырған. Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептерден тыс мекемелерде, педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен училищелерінде іс-әрекет етуші штабтар-«Атамекен» ордасы құрылады. Орда төрағасы, орынбасарын, 3 бірлестіктіің жетекшілерін 1-4 класс «Балдырғандар ата-баба елінде», 5-8 кластар-«Мұрагер» бірлестіктерін құрып, сайлап толық шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.

Әрбір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай және тілектеріне қарай бағыттарын белгілейді. Олар белгілі бір мерзімдер бойынша бірлестіктерге тапсырылып салтанатты және дәстүрлі түрде жалғастырылып отырады, қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып отырады.



Әрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық-рәсімдік символдық елтаңбасын /эмблемасын/ иеленеді.



  1. Сендіру-сөзге негізделген баяндама, әңгіме, диспут, лекция – бұл ең жетекші әдісі. Сөйтіп бұл әдісті сендіру әдісі деп айтамыз.

  2. Практикалық әдіс. Жағымды мінез-құлыққа жаттықтыру – оған түрлі тапсырмалар беру. Қоғамдық азаматтық, пионерлік тапсырма беру. Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияға қатыстыруға тапсырмалар беру; Ойындар пәнді, әскери т.б. жылжымалы ойындар арқылы жығымды әдет-ғұрыпқа тәрбиелеу.

  3. Ынталандыру – мұны Бабанский стимуляция жасау деп атайды, көтермелеу және жазалау бұл педагогикада көмекші қосымша әдістер ретінде қарастырылады.

  4. Өзін-өзі тәрбиелеу – Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды», - дейді. «Менің атым Қожа» - Қожаның айна алдына отырып өзіне-өзі бұйрық беруі. (Абайдың қара сөздері).

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану мақсатын анықтаңыз.

2.Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлерін атаңыз.

3.«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусарбұлақ», ұлттық бағдарламаларының мақсатын түсіндіріңіз.

4.Қазақстан Республикасыны орта және жалпы білім беретін мектептеріндегі ұлттық тәрбиені жүзеге асыру жолдары қандай?

Әдебиеттері:

1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.

2. С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991

З. З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж

4. Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992

5. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері Алматы, 1995 ж.


3. Этнопедагогика пәні бойынша семинар

тапсырмалары.
1-семинар. Этнопедагогика пәні: пәннің мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Этнопедагогика пәнінің мазмұнымен таныстыру. этнопедагогика ұғымына анықтама беру. Оның негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру.

Жоспар:

1.Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметтері

2.Этнопедагогиканың басқа ғылыми салаларымен байланысы

3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика



Бақылау сұрақтары:

  1. Халық педагогикасы туралы ғалымдардың көқарастарындағы айрмашылықтарды көрсет

  2. Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидаларының үндестігін салыстыра отырып ажыратып бер.

  3. Этнопедагогика қандай ғылым салаласынан бөлінген? Қандай салалармен байланысты?

  4. Халықтық педагогиканың қандай негізгі қағидалары бар?

  5. Этнопедагогиканың пайда болуына қандай теория әсерін тигізді?

Әдебиеттер:

1.Айдаров І., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы, ғ, 1990

2.Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары, Алматы, 1991

3.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері, Алматы 1987

4.Косков Г.Н.Этнопедагогика Чебоксары, 1990

5.Баласағұн, Құтты білік, Алматы, 1995

6.О.Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы А.2001 ж.
2-семинар.Этнопедагогиканың этникалық компоненті.

Мақсаты: Этнопедагогиканың этникалық құрылымы түсінігімен таныстыру. «Этнос», «Ұлт», «Халық» ұғымдарына түсінік беру. Этностарды зерттейтін ғылым салалары жайлы ақпарат беру. Қазақ этносының дамуымен қысқаша таныстыру.

Жоспар:

1.Этнос, ұлт және халық ұғымдары

2.Этностар мәдениетін зерттейтін қоғамдық ғылымдар және олардың өзара байланысы

3.Қазақ этносының пайда болу тарихы



Бақылау сұрақтары:

  1. «Этнос» ұғымының «халық» және «ұлт» ұғымдарымен байланысы қандай?

  2. Этностың шығу тегін қалай сипаттауға болады?

  3. Этнос мәдениеті қай кездерден бастап зерттеле бастады, және оған кімдер қатысты?

  4. Қазақ этносының қалыптасуына үлес қосқан адамдар жайлы айтып бер.

Әдебиеттер:

1. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, 1991

2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987

3. Косков Г.Н. Этнопедагогика, Чебоксары, 1991

4. Баласағұн , Құтты білік, Алматы, 1995

5. Табылдиев, Қазақ этнопедагогикасы А-2оо1


3-семинар.Халықтық тәрбие құралдары және олардың факторлары.

Мақсаты: Халықтық тәрбие ұғымымен таныстыру. Халықтық тәрбие туралы еңбектерді қарастыру. Тәрбие құралдарына тоқталып, олардың халықтық тәрбие беруде атқаратын қызметтерін қарастыру.

Жоспар:

1.Педагогтардың ғылыми еңбектеріндегі халықтық тәрбие

2.Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар

Бақылау сұрақтары:


  1. Халықтық тәрбие құралдарына нелерді жатқызуға болады?

  2. Қазіргі тәрбие құралдары мен ертеректе қолданылған тәрбие құралдарына қандай салыстырмалы талдау жасауға болады?

  3. Халықтық тәрбиені зерттеген педагог ғалымдарды атап, олардың педагогикалық ойларын талда.

Әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі, Алматы, «Сана», 1995

2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тағылымдары, Алматы, «Кітап» 1992

3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары.// Бастауыш мектеп-1991-№5-26 б.

4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, Алматы, РБК, 1993

5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2оо2 №5 37 б.


4-семинар.Этнопедагогика бойынша зерттеулерді талдау.

Мақсаты: Этнопедагогика бойынша зерттеу жұмыстарымен танысу, этнопедагогиканың әдіснамасын қарастыру.

Жоспар:

1. Этнопедагогика әдіснамасы.

2.Интегративті этнопедагогика.

3.Этнопедагогикалық менеджмент.

4.Этнопедагогикалық антропология.

Бақылау сұрақтары:


  1. Этностық тарих дегеніміз не?

  2. Этнопедагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы қандай?

  3. Этностар тарихына әсер ететін факторларды ата.

  4. Этностарды зерттеуде тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар қандай?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995

  2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992

  3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.

  4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

  5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б.



5-семинар.Қазақ этнопедагогикасы.

Мақсаты: Қазақ этнопедагогикасының негіздерін, ұстанымдарын, заңдылықтарын қарастыру. Қазақтың этнопедагогикасының қайнар көзерімен, мазмұнымен танысу.

Жоспар:

1.Қазақ этнопедагогикасының негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары.

2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.

3.Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері қандай?

  2. Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздерін ата.

  3. Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны қандай?

  4. Қазақтың халықтық педагогикасының ұстанымдары қандай?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995

  2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992

  3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.

  4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

  5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б.

  6. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл

6-семинар.Этномәдениет – этнопедагогика негізі ретінде.

Мақсаты: Этномәдениет ұғымына анықтама беру. Этномәдени білім жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Жоспар:

1.Этникалық мәдениет және білім. Этномәдени білім туралы түсінік.

2.Білімнің мәдени сәйкестілігі.

3.Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру. Этномәдени білімді іске асыру ұстанымдары. Мәдениетаралық толеранттылық. Полиэтникалық білімдік орта.



Бақылау сұрақтары:

  1. Этникалық мәдениет дегеніміз не?

  2. Этномәдени білім туралы түсінік.

  3. Қазақстандағы этномәдениеттің қалыптасуы.

Әдебиеттер:

  1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.

  2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл

  3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы:/Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек/ Алматы: Қайнар, 1996 – 286 б.

  4. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла: салт-дәстүрлері туралы таным. Алматы: Ана тілі, 1998-159

7-семинар.Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары.

Мақсаты: Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогикалық факторлар жайлы түсінік беру.

Жоспар:

1) Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие деген халықтық көзқарас.

2)Табиғат. Қарым-қатынас Тұрмыс. Балалар ортасының уақытша топтар, ұжымдар.

3) Халықтық ойындар, жарыстар.



Бақылау сұрақтары:

  1. Тұлға дегеніміз кім?

  2. Тұлға қалыптасуына әсер ететін халықтық педагогикалық факторларды ата.

Әдебиеттер:

  1. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.

  2. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

  3. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б.

8-семинар.Еңбек халық педагогикасының өзегі

Мақсаты: Еңбек тәрбиесімен таныстыру, халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесін жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Жоспар:

1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні.

2. Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.

3. Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б.



Бақылау сұрақтары:

  1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні қандай?

  2. Еңбектің дәстүрлі түрлерін ата.

  3. Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. жайлы айт.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995

  2. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992

  3. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары // Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.

  4. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

  5. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат -2002-№5 – 37 б.

  6. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл


9-семинар.Болашақ мұғалімдерді этнопедагогика бойынша даярлау.

Мақсаты: Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетіне қолдану жолдарына түсініктеме беру. Жүргізіліп жатқан тәжірбиелік-педагогикалық жұмыстар халықтық педагогикалық идеалар мен тәжірбиені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып табылатындығын сенімді дәлелдеу.

Жоспар:

1.Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімдік кәсіптік іс-әрекетіне қолдану, этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері. 

2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы енгізудің қазіргі жағдайы «Атамакен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусар бұлақ», ұлттық бағдарламалары, олардың Қазақстан Республикасын орта және жалпы білім беретін мекемелердегі бағыттарды және қолданылуы.

Бақылау сұрақтары:


  1. Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың қандай түрлері бар?

  2. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы енгізудің қазіргі жағдайы қандай?

Әдебиеттер:

  1. Мырзатаева Б. Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.

  2. З.Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 1990 жыл

  3. Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. А.-1992. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. Алматы, 1995.

  4. Қ.Б.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А-1994.

4. Студенттердің өздік жұмыстары.
СӨЖ №1

Тақырып: Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні

Мақсаты Мақал-мәтелдерді тәрбие процесінде қолдана білу жолдарын меңгерту.

Тапсырма мазмұны Мақал мәтелдерді топтастырыңыз, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашып түсіндіріңіз

Тапсырма тақырыбы:

1.Төрт түлікке байланысты

2.Өнер, білім

3.Батырлық, ерлік

4.Елдік, ынтымақ, бірлік.

Тағыда басқа тақырыптарды қарастырыңыз.

Әдебиет Ә. Табылдиев.Халық тағылымы. А-1992

Формасы Ақпараттық жоба (топқа бөлініп буклет жасаңыз)
СӨЖ №2

Тақырып: Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар

Мақсаты Қанатты сөздерді педагогикалық процесте қолданудың жолымен таныстыру

Тапсырма мазмұны Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Тапсырма: Конспект жасап материал жинақтап қабырға газетін дайындаңыз

Әдебиет С.Ғаппасов.Ізгілік әліппесі А-1991.

Бастауыш мектеп №8,9-2006



Формасы Қанатты сөздер (слайд жасау)
СӨЖ №3

Тақырып: Тәрбие сағатын халықтық педагогикамен байланыстыру

Мақсаты Пәнаралық байланыс жолдарын анықтау

Тапсырма мазмұны Бір тәрбие сағатының тақырыбын алып халықтық педагогикамен байланыстыру жолдарын көрсету

Әдебиет З.Ә Әбілова,К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж

Формасы Әдістеме жүргізу (жоспарын құрыңыз)
СӨЖ №4

Тақырып: Шешендік сөздердегі адамгершілік тағылымдар

Мақсаты Шешендік сөздердің философиялық мазмұнын түсіндіру

Тапсырма мазмұны Адамгершілікке байланысты айтылған шешендік сөздерді тауып конспект жасап, эссе жазыңыз

Әдебиет Б.Адамбаев Шешендік сөздер А-1992

Формасы Жаднама жасаңыз

СӨЖ №5

Тақырып:Ертегілерді сахна арқылы тәрбиеге пайдаланудың жолдары

Мақсаты Теорияны практикамен байланыстыру

Тапсырма мазмұны Ертегілерді сахна арқылы тәрбиеге пайдаланудың жолдары Тапсырма: Әдістеме жүргізу

1.Тұрмыс-салт

2.Табиғатқа байланысты

3.Аңдарға байланысты



Әдебиет О. ТабылдиевҚазақ этнопедагогикасы А-2001ж

Формасы: Әдістеме жргізі (Интерактивті тақталарды қолдану)
СӨЖ №6

Тақырып:Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні

Мақсаты Тұрмыс салт жырларының педагогикалық мазмұнымен танысу

Тапсырма мазмұны Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні

Тапсырма: Бақылау сұрақтары

1.Қазақтың тұрмыс-салт жырлары

2.Қазақтың тұрмыс-салт жырларының жаңаша мазмұны



Әдебиет К.Ж.Қожахметов Халыктық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялык мәселелері. А-1993

Формасы Ақпараттық баяндама жасаңыз
жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау