Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


Дәріс №8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 291,5 Kb.
бет4/4
Дата06.02.2020
өлшемі291,5 Kb.
#28309
1   2   3   4

Дәріс №8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Жалпы инклюзивті білім беру?

  2. Еліміздегі инклюзивті білім беру деңгейі?

  3. Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірігіп оқыту мәселесі?


9-дәріс. Қазақстан Республикасында инклюзивті оқытудың жүзеге асу жағдайы
• Білім беру және оқу-әдітемелік қамтамасыз ету жағдайлары жасалынбаған, бұл жағдайлардың жасалынбауы жалған интеграцияға, одан кейін оқушылардың мектептерден іріктелуіне және дезадаптацияға әкеледі.

• Дамуында психикалық және дене кемістіктері бар балаларды ерте жастан анықтау және оларды түзете-дамыта оқыту жүйесі нашар қызмет атқаруда.

• Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жалпы білім беру мекемелеріне шынайы қол жеткізу қамтамасыз етілмеген.

• Жалпы білім беретін мектепке дейін және мектеп мекемелерінде әлеуметтік, медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету (қолдау) жоқ.

• Бұл топтағы балаларға педагогтар білікті көмек көрсетуге қабілеттері жоқ,ce6e6i,ЖОО-ның дайындығы арнайы педагогика және арнайы психология саласындағы білімді толық қамтамасыз етпейді.

• Мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін мекемелерде көмекші және компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз етілмейді.

• Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу баяу және бақылаусыз етуде.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған ic-шаралар:

• Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтауды ұйымдастыру және оларға түзете- педагогикалық көмек көрсету.

• Жалпы мектепке дейін және мектепте оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалар нормативті-құқықтық және оқу-әдітемелік құралдармен қамтамасыз ету.

• Жалпы білім беру мекемелерінде, ОО-нда, ППТК, логопедиялық пункттерде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуге арналған ic-шаралар:

• Жалпы білім беру мекемелерінде оқитын балаларды көмекші және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету.

• Білім беру жүйесінің барлық керекті қызығушылықтары бар құрылымдармен (денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, әділет, қаржы мекемелері және т.с.с.), қоғамдық мекемелермен, НПО және ата-аналармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.

• Инклюзивті оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін құрастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.

• Арнайы қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізуді қамтамасыз ететін МБСО жүзеге асыру.

Қазіргі уакытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық, білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру,баскару және қаржыландыру, кадрмен және материалдық-техникалық кұралдармен қамтамасыз ету керек. Осындай көпқұрылымды жүйесінің құрылуы және қызмет атқаруы инклюзивті оқытудың үрдістерін дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқытудың болжамдары мен стратегиялық мақсаттары отандастық білім беру жүйесімен осы мәселе өте жоғарғы деңгейде шешілген мемлекет өкілдерімен үнемі кең өзара әрекеттесу үрдісінде шешіліп, жетістіктерге жету керек.

Стратегияның құрылуына тек осы жолы ғана — аймақтың тәжірибе мен жергілікті білім беру жағдайларының ескерілуімен инклюзивті оқытудың ұлттық білім беру моделін құрастыруға мүмкіндік береді.

Арнайы жағдайда оқыту мен тәрбиелеу — физикалық және психикалық бұзылысына қарамастан, бала мектепке дейін және мектепте білім ала алатын білім беру жағдайы туралы Ресейде (Н.Н.Малофеев, В.Г.Петрова. Г.Ф.Кумарина, С.Г.Шевченко және т.б.) ғалымдар айтып кеткен.

Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған біздің елімізде мектептер мен мектепке дейінмекемелер бар. Онда осы балалардың ақыл — ойы және физикалық дамуын қамтамасыз ететін білім беру жағдайы құрылған. Бұл жағдайға әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп жеке ықпал ету болып табылады. Оған мыналар жатады:

• Арнайы білім беру бағдарламаларын, әдістерді және оқытуға қажетті техникалық құралдарды қолдану;

• Арнайы дайындаған педагогтар, психологтар, дефектологтар және басқа мамандардың жұмыстары;

• Оқытуды кажетті медициналық және профилактикалық, емдеу шараларымен қатар жүргізу;

• Белгілі әлеуметтік жағдайдың болуы;

• Арнайы білім беру мекемелерінің материалды — техникалық базасын құру және оларды ғылыми —әдістемелік қамтамасыз ету.

Қазіргі уакытта арнайы білім беру мекемелері әр түрлі қызмет атқаруда. Балалар мұкият тексеруден кейін ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы оқыту бағдарламасымен білім алатын мектепке дейін мекемелер мен арнайы мектептерден басқа, мемлекеттік емес мекемелер, оналту орталықтары, дамыту орталықтары, аралас топтар және т.б. ашылып жасалуда. Мұндай мекемелерде кемістіктің түрлері мен жас ерекшеліктері әртурлі балалар болады. Оларды бірдей бағдарламамен оқыту мүмкін емес, сондыктан, әр баланы жеке психологиялық — педагогикалық оқыту мүмкіндігі артады.

Арнайы психология мен педагогика ғылымдарының ұғымдарына «анықтау», «түзету», «компенсация», «бейімдеу» жатады. Психологиялық, педагогикалық және дефектологиялық эдебиеттерде арнайы педагогиканың ұғымына тереңірек Ресейде (Т.А.Власова, В.А.Лапшин, М.С.Певзнер, Б.П.Пузанов, Н.М.Назарова, С.Г.Шевченко және т.б.), өз елімізде (Ж.И.Намазбаева, А.Сулейменова,Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева және т.б.) анықтамалар берген.

Түзету (коррекция)(лат.correctio-түзету) — балалар мен жасөспірімдердің психофизикалықдамуының ауытқуын алдын-алу немесе бағытталған арнайы және жалпы психологиялық, педагогикалықшаралар жүйесін ұйымдастыру.

Түзету мынадай болуы мүмкін:

• өз бетімен педагогикалық құбылыс;

• кемістіктерді біртіндеп түзетуге немесе бұзылыстың алдын алуға (сөйлеуді түзету; жеке дыбыстардың айтылуын түзету; көру, есту қабілетін түзету) бағытталған арнайы әрекет.

Сондай — ақ, түзету оқу-тәрбиелік процестің бөлігін құрауы да мүмкін және баланың жеке тұлғасының қалыптасуын өзгертуге бағытталған психологиялық, педагогикалық құбылыс та болуы мүмкін.

Түзету дамуында ауытқуы бар балалардың барлық категориясын қамтиды және әртүрлі саланыңмамандары: дәрігер, мұғалім, психолог, педагог-дефектолог, логопедтің бірлесе отырып жұмыс icтeyi арқылы жүзеге асады.

Компенсация (орнын толтыру) (лат.compensatio-орнын толтыру, теңестіру) — ағзаныңбұзылғаны немесе дамып жетілмеген психофизиологиялык функцияның қайта құрылуы, немесе орнын алмастырудың көп аспектілі, күрделі npoцeci болып табылады.

Компенсация процессі кезінде баланың ағзасында жаңа динамикалық жүйенің қалыптасуы, оныңжаңа шартты байланыстардың бұзылған немесе әлсіреген функциясының қайта құрылуы (көру анализаторы зақымдалғанда есту және сезім мүшелерінің мүмкіндігі күшейеді; сөйлеу мүмкіндігініңжеткіліксіз дамуында кинестикалық анализаторлардың ролі өседі) журеді.

Мүлде жойылған функцияны компенсациялауда арнайы техникалық құралдар маңызды орын алады. Мысалы, дыбыстық сигналдарды жарыққа айналдыратын арнайы құрылғылардың көмегімен естімейтін балалардың сөйлеу тілін қабылдауын жеңілдетуге болады, ал керісінше айналдыратын құрылғы көрмейтіндерге жарықты қабылдап, кәдімгі кітаптарды қолдануына болады.
Дәріс №9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қажет пе?

  2. Түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары?

  3. Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру ?


3.Инклюзивті білім беру пәні бойынша семинар

тапсырмалары.
1-семинар. Инклюзивті білім беру пәні және міндеттері. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.

1. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.

2. Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисыны
2-семинар. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.
1. Баланың жеке дара қасиеттерін ,ескере білу, оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау.

2. Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құру. Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы.


3-семинар. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.



  1. Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында қызметті кадрлармен тиімді қамтамасыз ету

  2. Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту.

  3. Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы.



4-семинар. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін қамту.

1.Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыру.

2.Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің м.а. бұйрығымен бекітілген санитарлық ережесі.
5-семинар. Инклюзивті білім берудің шет мемлекеттердегі даму деңгейі.

1.Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде қарастырып отырған категориядағы балалардың даму деңгейін саралау.

2.Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.
6-семинар. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту.
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер»

2.Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңы.



7-семинар. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары
1.Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмектің жаңа жолдары.

2.Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру.



8-семинар. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.
1.Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020ж. арналған бағдарламасы.

2.Бала Құқықтары туралы Конвенция.



9-семинар . Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ұйымдарнда мемлекеттік жалпы міндетті жүзеге асыру шарттары.

1.Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру

2.Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері.

10- семинар. Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.

1. Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі.

2. Әлемдік практикада мүгедектердің білім деңгейі мен олардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі.


4. Студенттердің өздік жұмыстары.
СӨЖ № 1

Тапсырма. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.


СӨЖ № 2

Тапсырма. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамыту шаралары.


СӨЖ № 3

Тапсырма.Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен логопед, психолог, әлеуметтік педагог пен медициналық қызметкердің жұмыс істеу жүйесі.



СӨЖ № 4

Тапсырма. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары туралы мәлімет.


СӨЖ № 5

Тапсырма. Оқытуға қабілетсіз балаларды анықтау жолдары.


СӨЖ № 6

Тапсырма. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері. Мүгедек балаларды

оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері.

СӨЖ № 7

Тапсырма. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары.



СӨЖ № 8

Тапсырма.Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.
жүктеу 291,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау