Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


Дәріс №2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 291,5 Kb.
бет2/4
Дата06.02.2020
өлшемі291,5 Kb.
#28309
1   2   3   4

Дәріс №2. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Шетелдегі мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.

2. Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі?

3.Ресейдегі инклюзивті білім беру?

4. Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту?

5. Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру?

6. Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру?

7. Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру?


3-дәріс. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.
Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан.

Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін.

Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік топтарындағы балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр. Осылайша, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар тіркеген 10788 саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27 %-ы) ғана арнаулы білім беру ұйымдарында білім алады. Жалпы білім беретін мектептердің 425 арнаулы сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар бақшасында және 236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы топтарында 9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жастайынан мүгедектерді Сонымен бірге мүгедектердің осы санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен жүрек кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, есту қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 540 мүгедек оқиды.

Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер, диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қол жетімділігін кеңейтуге бағытталған оң өзгерістер "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар үшін жаңа типті мекемелер желісінің дамуына жол ашылды: 16 облыстық және республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларына (бұдан әрі – ПМПК) қосымша 18 жасқа дейінгі 60 мың балаға арнап 17 қалалық және аудандық ПМПК, 7 оңалту орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылды.

Кемтар адамдарды оқытудың әр түрлі кіріктірілген нысандарының саны елеулі түрде артуда. Арнаулы білім саласындағы инновациялық процестер кемтар балаларды дені сау балалар білім алатын ортаға кіріктіруге бағытталған.

Алайда кемтар балаларға білім беру мәселелері әлі де толыққанды шешілуден көш алыс.

Кіріктіріп білім беру ішінара формальды сипатқа ие, мұны жалпы білім беретін мекемелердің бағдарламалары растап отыр, олар кемтар балалардың даму ерекшеліктерін жете ескермейді.

Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді, педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында қосымша білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар әзірше жетіспейді.

Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің «Соқыр музыкант» деген шығармасында соқыр баланың семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындал отыратындықтары туралы жазады.

Кемтар адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда жетілген дейді. Алайда арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың сипау сезімі мен саңыраудың көру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау адамдардың сезімімен салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай айырмашылығы жоқ екендігін көрсетеді.

Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың көру қабілеті сау адамдардікінен кем емес, кейде ондай адамдар біздердің көрмеген нәрселерімізді көре алады, ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда төмен немесе олардан артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол бара-бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді Н.М.Поговский. Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және саңыраудың көру қабілеттілігі сол сезім мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың тиісті нәрселерді сезіп білуде үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.

Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр. Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок. Керең мен мылқау балалар тәрбиесіндегі күрделі мәселе педагогиканың қиын да, әрі қызықты тармашның бірі. Соқырға қарағанда керең-мылқау өмірге араласуға және оны тез танып білуге бейімдірек. Бірақ онын сезім мүшесіндегі кемшілігі өз денесін еркін билеп, әрқилы әрекеттер жасауына кедергі етпейді, олардьщ іс-әрекеті денісау адамдардікіадей болуы. Керен-мылқау өз қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-мылқау өз қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-мылқаудың дене бітімі дені сау адамдардікімен бірдей екендігін Н.А.Попов айрықша атап көрсетеді. Сондықтан олардың еңбек ету қабілеті мен үйренуі айтарлықтай қиындых. тудырмайды. Соқырдын айырмашылығы еңбектін, қандай түрі болса да (музыкадан басқасы), оған үйренуге оңай. Сурдопедагогика осы уақытка дейін ешқан-дай қажеті жоқ қол еңбегімен шұ ғылданып келді, бұған кінәлі болжамсыздык және керең-мылқаудың тәрбиесіне кемтар деп санап, оған аяугершілік көзқарастын ірге тебуі. Өмірдің келешегін ойламай, ұсак-түйек нәрселерді жасау және оларды сатумен шұғылдану ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген өткендегі өнімсіз тіршіліктің қалдығы. Құлақтың естімеуі көзге қарағанда жеңілдеу. Мұндай жағдайда адам сана-сезімімен тіршілік еткен ортаны аңғарып, соған орай бейімделе алу ерекшелігі. Адам табиғатында дыбыстық алатын орны өзгешелеу. Керең-мылқау соқырға қарағанда жағдайы біршама жеңілдеу.

Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп интернат болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың мектеп- интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары, жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады. Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты.
Қорытынды: Кеміс баланың әлеуметтік жағдайын жәбірлеп, оны өз құрдастарынан бөлектеп тастау бала психикасының дамуына теріс әсер етуіне жол бермеу,әлеуметтік сарыны кемтар балалардың қалайда кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық мүшесі етіп даярлау.Кемістікті туғызатын жағдайларды жою және оны бір қалыпқа келтіру.

Естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және психологиялық, дене, дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, кемістіктің күрделілігіне, құрамына тәуелді. Сондықтан естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн.


Дәріс №3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Мүгедек балалар мен кемтар балалардың қоғамдағы көрсеткіші?

2.Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы?

3.Естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту жүйесі?

5.Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің мұғалімдері мен тәрбиелеушілердің негізгі міндеттері?
4-дәріс. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін қамту.
Бала жас болған сайын оның шаршаған белгілеріде ерте пайда болады. Сонымен, 5-6 жастағы балалар үшін уақыт 10-15 минут құрайды. Бұл жастағы балалардың қызмет ету мүмкіншілігі өте аз. 7-12 жастағы балалар үшін компьютерлік сабақтардың үздіксіз ұзақтылығы – 20 минут, ал олардан үлкен балаларға – жарты сағаттан аспау керек. Сабақтың ұзақтылығында балалар мен жасөспірімдердің көру және жалпы шаршау белгілері пайда болады. Егер балада неврологиялық бұзылуы, тырысқақ реакциясы, көру қабілеті бұзылу бар балаға компьютерлік сабақтар туралы сұрақты сақтықпен шешу керек, өйкені компьютер денсаулығына байланысты осы барлық ауытқуларды күшейтуі мүмкін. Екінші ереже — жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыру. Ең алдымен, компьютер экранына сол жақтан жарық түсетіндей етіп орналастыру керек. Экранның жарықтығына қарамастан сабақ қараңғы емес, жақсы жарық комната өту қажет. Компьютермен жұмыс істеу орнына сол жақтан, табиғи жарық бір бүйірден түсетіндей етіп орналасуы керек. Компьютерді қолданушының алыс арақашықтыққа көзқарасты ауыстыру мүмкіншілігі бар кезде жұмыс орны сәтті орналасқаны болып табылатыны — жұмыс уақытында көру жүйесінің жеңілдету ең бір тиімді әдісі. Сөйлеу дефектісі мен қозғалыс, интелектуалдық түзетуде компьютерлік бағдарламаны оқыту ролі мен дамыту туралы айтсақ, бала ағзасына компьютердің өзімен өзара іс-қимылына байланысты кейбір мәселелерді айта кеткен жөн. Денсаулыққа зиян келтіретін балалардың білімдерін компьютерлеудің кейбір жағымсыз кезеңдері бар. Компьютерде сабақ немесе ойын, жұмыс біртұтас кешенді факторларының балаға әсер етуіне байланысты. Олардың негізгісіне тоқталамыз. Бірінші, медиктер өзінің көңілін неге бөлу керек еді, бұл диспеемде жұмыс істейтін жастық көру жүктемесі. ЖК жұмыс кезінде жүріп тұрған экран, жарқыраған фонына және жақын арақашықтықта затты қарау керек болады. Бұл көру жұмыстың үйренбеген жағдайы. Сонымен қатар заттарды жақын жерден қарау кезінде баланың иліктіру жүйесі үнемі күшейтуде болады. Компьютер алдында балалардың көру жұмысының ерекшелігіне, сонымен қатар оларға экраннан перне тақтаға және қайтадан жиі көңіл аудару жатады. Сондықтан балалар көзінің шаршауына, әсіресе компьютер алдында баланы дұрыс отырғызу ережесін бұзуында тез дамиды. Арнайы көп жылдық зерттеулер әртүрлі жастағы жасөспірімдер мен балалардың оңтайлы ұзақты үздіксіз сабақтарын анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек күттірмейтін шараларды талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 29212-сі немесе 19, 5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8% -ды ғана құрайды. 2. Жобаның мақсаты: дамуында ауытқулары бар балаларды қалыпты ортаға қосу технологиясын зерделеу



Дәріс №4. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Бала дамуындағы ауытқулардың диагнозына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай алу?

  2. Балалардың түрлі даму деңгейіне сай, сыныптар мен топтардағы табысты жұмысты қамтамасыз етудің ұсынымдары?

  3. Ауытқулар түріне қалай нақты стратегиялар мен әдістемелік ұсынымдарды қолдану тәжірибесі дамуда?


5-дәріс. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.
Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім -барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы бол¬са, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдау-ға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп. Орта білім беретін мектептерде педа¬гогтарды дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілу керек. Республиканың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде ерекше қажеттілікті балаларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі заманғы қазақстандық әлеуметтік экономикалық жағдайларды, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оның үстіне, интеграция мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сезімтал бағдарлама мен кадрлық базамен қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асуы қажет, ал әдістемелер баланың ерекше мүмкіндіктері мен қабілетіне, сонымен қатар оның дамуындағы ерекше қиындықтар сипатына сәйкес болғаны жөн. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклюзивті білім беруді дамытуға дайын» деп есептейді. Бірақ қажетті құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу қажет. «Біз алғашқы қадамын жасадық. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан. Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді.Оның негізіне төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған: 1. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады. 2. Әр бала білім алуға құқылы. 3. Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар. 4. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды. Балаға бағдарланған балабақшалар мен мектептер әр баланың әлеуетін ашуға ұмтылады, бала бойына адамдардың айырмашылығына шыдамдылық таныту дарытылады, отбасымен өзара қарым-қатынасты нығайтады. Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет болады.Оның үстіне педагогтер осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема - оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету-осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады. Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі толмайтындығын атап көрсетеді.мысалы, педагогтар (тәрбиешілер) , оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, мұғалімдер бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуы тиіс.

Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.


Дәріс №5. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Төменгі жастағы балаларды инклюзивті оқыту идеясының қандай артықшылықтары бар?

  2. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға толыққанды жағдай қаншалықты қарастырылуда?

  3. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема?


6-дәріс. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтары.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал, әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында – даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар да бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада макемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.

Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:

• білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;

• оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;

• оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;

• мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;

• қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;

• мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;

• білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:

• Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

• Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;

• Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;

• Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең құқылы болуы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.

Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі нормативтік-құқықтық базасы:

ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.;

ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.;

ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.;

2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

2011-2015 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары;

2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 қарашадағы «Стационарлық емдік-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтетін мүгедек балаларға арналған оқыту, мүгедек балаларды үйде оқытуда оқыту-тәрбелеуді ұйымдастыруға ата-аналарға жәрдемдесу тәртібін реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 974 бұйрығы.

Республикада даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы білім берудің ыңғайластырылған желілері бар.

39 арнайы балабақша және 315 арнайы топта мектепке дейінгі жастағы шамамен 10 мың бала тәрбие мен білім алуда.

106 арнайы (түзеу) мектепте және жалпы білім беретін мектептер жанындағы 1219 арнайы сыныпта негізгі 8 түр және типтері бойынша шамамен мектеп жасындағы 25 мың бала оқиды.

Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) мәліметі бойынша республикамызда 2013 жылдың басында 53258 мүгедек бала тіркелген, оның ішінде 8796 үйде оқитын оқушы (2010 ж. - 7898 бала, 2011 ж.- 8527 бала).

Көру, есту, тірек-қимыл аппараттары, күрделі сөйлеу бұзылыстары және психикалық дамуы кенжелеп қалған балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады. Көзі нашар көретін оқушылар Брайль шрифт көмегімен жазылған, ұлғайтылған шрифті оқулықтар бойынша оқытылады.

2013 жылдың басында 127 арнайы оқу бағдарламалары әзірленді және бекітілді. Олардың ішінде арнайы мектер үшін – 116, арнайы балабақшалар үшін – 11 бағдарлама қолданыста.

ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу процесінде арнайы мектептерге арналған 161 оқулықтардың атауы және 136 оқу-әдістемелік құралын әзірлеп, қолдануға рұқсат етті. Олардың ішінде 105 атау қазақ тілінде, 192-і орыс тілінде.

2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде

2015 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда тең мүмкіндік беру үшін жергілікті атқарушы органдар 2235 жалпы білім беру мектептеріне жағдай тудыратын болады: 2011 жылы — 768 мектеп, 2012 жылы — 1068 мектеп, 2013 жылы — 1462 мектеп, 2014 жылы — 1846 мектеп және 2015 жылы - 2235 мектеп.

2020 жылға қарай инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің үлесі 70 пайызға дейін ұлғаятын болады. 2016 жылы — 2726 мектепте, 2017 жылы — 3217 мектепте, 2018 жылы — 3708 мектепте, 2019 жылы — 4199 мектепте, 2020 жылы — 4690 мектептерде өседі.

Жалпы балабақша санынан 2020 жылға қарай балабақшаларда кедергісіз орта тудыру үлесі 30 пайызға дейін артады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім берумен қамтамасыз етудің ең маңызды мүмкіндіктерінің бірі қашықтықтан оқыту, электронды оқыту жүйесі болып табылады.

Үйде оқитын мүгедек балаларды жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі шарттары: мүгедек-балалардың жеке ерекшеліктеріне қарай, компьютерлік-техникалық кешенмен, бағдарламалар-мен, сонымен қатар Интернет желісіне қосу қарастырылған. (2011-2020 жылдары Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары).

2011 жылдың басында Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде үйде оқитын мүгедек-балалар, жеке білім алу марштрутынан табысты өту үшін, бағдарламалық- техникалық құралдармен жабдықтауға 4 млрд. 170 млн. теңге қаражат жұмсалды.

Тірек-қимыл аппараттары бұзылған балаларға арналған қозғалысын қамтамасыз етумен қоса, бүгінгі күні арнайы пернетақталар және манипуляторлар, есту бұзылыстары бар балаларға арналған жеке есту аппараттары, дыбысты қатайтатын микрофоны бар тифлотехникалық құралдар сатып алынуда. Білім алуға мүкіндіктердің бірі ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар принтерлер, Браиль дисплейі, оқитын машиналар және ұлғайту құрылғысы, электронды лупа, сөйлейтін, экранды ұлғайтатын мобильді құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды.

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға ынталандыру үшін 43% арнайы білім беруді ұйымдары, оның ішінде мультимедиялық оқыту (Eduplay, Multikid, Sound beam) жүйелерімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 пайызында интерактивті тақта орнатылған.

Көру қабілеті бұзылған балаларға 46 тифлокешенді компьютер алынды.

Арнайы мектептердің шамамен 95 пайызы интернет желісіне қосылған. Арнайы білім беру ұйымдарының 41 пайызы логопедтік тренажерлармен, 327 пайызы есту сөйлеу тренажерлерімен жабдықталған.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушы мүгедек балалардың саны 1650 адамды құрайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына оқуға түсу барысында мүгедектерге 0,5 пайыз қабылдау квотасы белгіленген.

Қазіргі уақытта Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кадрлық даярлау жеңіл мамандықтар бойынша жүргізіледі: «әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері»; «сылақшы–майлаушы», «ағаш ұстасы», «ауылшаруашылық техникасының темір ұстасы–жөндеушісі», «автомеханик», «аспазшы», «тігін өндірісі және киімді модельдеу», «аяқ-киім жөндеу шебері», «есептеу техникасы мен бағдарламалық қамсыздандыру», «тамақтануды ұйымдастыру», «емдеу ісі», «аударма ісі», «іс қағаздары және мұрағаттану», «қаржы», «құқықтану», «ақпараттық жүйе» және т.б. І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 296 қаулысына сәйкес жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан 1 пайыз көлемінде қабылдау квотасы қарастырылған. Бұрын бұл квота 0,5 пайызды құрайтын.

2012-2013 оқу жылында 273 мүгедекке, оның ішінде белгіленген квота шегінде 204 адамға білім беру гранты тағайындалды.

Соңғы үш жылда 713 мүгедекке гранттар тағайындалды. Осыған қоса, 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектер, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығында-ғы) балалар ұлғайтылған (+75 пайыз) мемлекеттік стипендия алады.

Сондай-ақ, мүгедектер білім алып жатқан жоғары оқу орындарында олардың еркін кіруі үшін (пандус) жағдай жасалады, арнайы оқу құралдары пайдаланылады.


жүктеу 291,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау