Практикалық сабақтардың жоспары
Күні
|
Модуль мен сабақ тақырыптарының нөмірі мен аталуы
|
Практикалық (семинар) сабақтарын өткізу түрі
|
Бақылау түрі
|
Модуль 1. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай
|
|
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Хандық дәуір әдебиетінің даму бағыттары және көркемдік-идеялық ерекшеліктері
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Қазтуған жырау
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Асан қайғы
|
Презентация
|
Ауызша сұрау
|
|
Доспамбет жырау
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Шалкиіз жырау
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Марғасқа жырау
|
Презентация
|
Ауызша сұрау
|
2 МОДУЛЬ. XVII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
|
|
XVII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Ақтамберді жырау
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Тәтіқара ақын
|
Презентация
|
Ауызша сұрау
|
|
Үмбетей жырау
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Бұқар жырау
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Қожаберген жырау
|
Презентация
|
Ауызша сұрау
|
|
Көтеш ақын
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Шал ақын
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Барлығы
|
|
|
СӨЖ тақырыптары мен жоспары
№
|
Тапсырма
|
Тапсыру формасы
|
Тапсыру мерзімі
|
Сағаттық есептегі шығыны
|
Модуль 1. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай
|
1
|
Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.
|
Эссе/баяндама
|
|
1
|
2
|
М.Мағауин - әдебиет тарихын зерттеуші
|
Реферат
|
|
1
|
3
|
Толғау жанрының табиғаты туралы
|
Презентация
|
1- апта сәрсенбі
1500 -1800
325 ауд
|
1
|
4
|
Жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері
|
Реферат
|
|
1
|
5
|
Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктері
|
Презентация
|
2- апта сәрсенбі
1500 -1800
325 ауд
|
1
|
6
|
Асан Қайғы: акиқат пен аңыз
|
Презентация
|
|
1
|
7
|
Асан Қайғы толғауларының әлеуметтік мәні
|
Реферат
|
|
1
|
Модуль 2 XVIIІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті
|
8
|
Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы
|
Презентация
|
3- апта сәрсенбі
1500 -1800
325 ауд
|
1
|
9
|
Жыраулар шығармашылығындағы арнау толғаулар
|
Презентация
|
|
1
|
10
|
XVIIІ ғасырдағы қазақ поэзиясының өзіндік ерекшеліктері
|
Реферат
|
4- апта сәрсенбі
1500 -1800
325 ауд
|
1
|
11
|
Бұқар жырау толғауларындағы Абылай бейнесі
|
Эссе/баяндама
|
|
1
|
12
|
. Бұқар жырау толғауларының дидактикалық сипаты
|
Презентация
|
|
1
|
13
|
Бұқар толғауларындағы заман шындығы
|
Реферат
|
5- апта сәрсенбі
1500 -1800
325 ауд
|
1
|
14
|
Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
|
Презентация
|
|
1
|
15
|
Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы және оның әдебиетке
ықпалы.
|
Презентация
|
6- апта сәрсенбі
1500 -1800
325 ауд
|
1
|
|
2-ші Межелік бақылау аптасы
|
Коллоквиум
|
15-апта
|
Рейт.
|
|
Барлығы:
|
|
15-апта
|
15
|
ОСӨЖ тақырыптары мен жоспары
№
|
ОСӨЖ тақырыбы мен жоспары
|
Сағат саны
|
Бақылау түрлері
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы тарихи, қоғамдық-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері.
|
3
|
Коллоквиум
|
2
|
Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
|
3
|
Тренинг, аyызша сауалнама
|
3
|
Жыраулар поэзиясының даму бағыттары және зерттелу жайы
|
3
|
Жазбаща сауалнама
|
4
|
Қазтуған жырау және Асан қайғы шығармашылығы.
|
3
|
Глоссарий
|
5
|
Доспамбет жырау шығармашылығы
|
3
|
Тест тапсыр-масы
|
6
|
Шалкиіз жырау шығармашылығы
|
3
|
Реферат
|
7
|
Жиембет және Марғасқа жыраулар шығармашылығы
|
3
|
Тренинг, аyызша сауална-ма
|
8
|
VIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері
|
3
|
Коллоквиум
|
9
|
Тәтіқара ақын шығармашылығы
|
3
|
Жазбаша сауалнама
|
10
|
Үмбетей жырау шығармашылығы
|
3
|
Тест тапсыр-масы
|
11
|
Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармашылығы
|
3
|
Глоссарий
|
12
|
Шал және Көтеш ақындар шығармашылығы.
|
3
|
Коллоквиум
|
13
|
Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары
|
3
|
Ауызша сауалнама
|
14
|
Толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері.
|
3
|
Реферат
|
15
|
ХV-ХVІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы.
|
3
|
Тест тапсырмасы
|
|
Барлығы
|
45
|
|
Білім алушылардың оқу жетістіктерін
әріптік жүйемен бағалау
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық баламасы
|
Пайыздық мөлшері
|
Дәстүрлі жүйемен
бағалау
|
А
|
4,0
|
95 – 100
|
Өте жақсы
|
А–
|
3,67
|
90 – 94
|
В+
|
3,33
|
85 – 89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80 – 84
|
В–
|
2,67
|
75 – 79
|
С+
|
2,33
|
70 – 74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65 – 69
|
С–
|
1,67
|
60 – 64
|
D+
|
1,33
|
55 – 59
|
D–
|
1,0
|
50 – 54
|
F
|
0
|
0 – 49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
«Қазақ хандық дәуір әдебиеті» ПӘННІҢ ОҚУЛЫҚТАР, ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ КАРТАСЫ
Пәні
|
№
|
Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары аты (әдебиет түрі)
|
Оқулықтың шыққан жері, жылы авторы
|
Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар саны
|
Жалпы саны
|
Кітапханада
|
Электрондық түрі
|
1
|
2
|
3
. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV- XVIII ғ.)
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. –
|
4
1. Мағауин М– А., 1992
2. А., 1993
3. Сүйінішәлиев Х.. – А., 1997
4. А., 1971
|
5
|
6
|
7
|
|
Қосымша әдебиеттер
|
|
|
|
|
Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к. Нұрымова Қ.У
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРТЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫ-ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Хандық дәуір әдебиеті » ПӘНІНЕН
(пәннің коды)
5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ (ТЕЗИСТЕРІ)
Шымкент 2015
Құрастырған: ф.ғ.к доцент Жантасова.З.Т.
Дәріс конспектілері (тезистері) «Филология» кафедрасының
«__26__»_08_2015ж. №_1_мәжілісінде талқыланып, бекітілді
Кафедра меңгерушісі:_____________ ф.ғ.д.,профессор Нұрымова Қ.У.
(қолы)
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттітінің пайда болуына негіз болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы.
Хандықтың негізін салушылар - Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.
ХVІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХVІ ғасырда қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында қазақ хандығында ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы.
Алғашқы қазақ заңы - « Қасым ханның қасқа жолының » жасалуы.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына шығуы.
XVII ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының кеңеюі. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңның сипаты.
XVII ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік, ынтымағының арта түсуі.
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары.
Қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңының жасалуы.
XVII ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастары.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде қазақ хандығының әлсіреуі.
Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы.
1710-1711, 1717, 1723-1725, 1740-1742 жылдарда қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың жорықтары.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетінің күйреуі. Жоңғар қалмақтарына күңрете соққы берген қазақ батырларының жеңісті жорықтары.
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың рөлі. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалудағы Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.
Абылай ханға, жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған қазақ батырларына арналған поэзиялық туындылар. Осы шығармалардағы Абылай бейнесі.
Ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық саяси жағдайлардағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.
Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының дара табиғаты, тақырыптық ерекшеліктері. Жыраулардың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы.
Хандық жүйе кезеңіңде жыраулардың ханға, мемлекет билеушілеріне кеңесші, көмекші болуы, оның мемлекет істеріне араласуы, қоғамдағы рөлі. Жырау - хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға.
Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаюы процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші қызметін атқаруы.
Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болуы.
Жыраулардың келесі бір функциясы - сәуегейлігі, көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжал өлеңдер.
Хандық дәуір әдебиетінің даму бағыттары және көркемдік-идеялық ерекшеліктері
Жыраулар поэзиясындағы дара әдебиетке тән белгілер және фольклорлық сипаттар. Жыраулар поэзиясының қалыптасу, даму кезеңдері. Жыраулар поэзиясының даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыру:
І кезең. (ХІ-ХІV ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен мұралары.
II кезең. (ХV-ХVІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.
III кезең. (XVII-XVIIІ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар шығармашылығы.
Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.
Бірінші кезең. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының «Ноғай уа құмық шығырлары». М.Османов, «Жақсы үгіт» М.Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер», Ғ.Мұштақ «Тауарих хамса», Қ.Халидұғлы «Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы.
Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясында туған жер, қоныс, сыртқы жаулармен болған, азаттық күрес, жаугершілік заман көрінісі, өз дәуірінің шындығы, моральдық, этикалық қағидалар, ерлік, ел бірлігі тақырыптарының жырлануы.
ХV-XVIIІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы - сол дәуірдің түрлі көріністерін қазақ тілінде көркем жырланған төл мұрасы. Жыраулар поэзиясында қолданылған көркемдік кестелер, суреттеу тәсілдері, образдар жүйесі.
Толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері. Толғаудың сипаттамасы.
Жанрлық белгілері. Толғау - импровизациялық дәстүрдегі дара шығармашылық үлгісі. Толғаудың мазмұнына, тақырыбына қарай жіктелуі. А.Байтұрсынов, Е.Исмайлов, С.Мұқанов, М.Мағауин, Б.Әбілқасымов сынды ғалым-зерттеушілердің толғауды классификациялау үлгісі. Толғаулардағы, арнау-толғаулардағы көркем шындык, тарихилық мәселесі. Толғаулардың тирадаларға бөлінуі, дидактикалық сипаты.
ХV-ХVІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазтуған жырау
Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. Қазтуған - жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры -«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Қазтуған жыраудың ақындық қуатын танытатын толғауы - туған жерімен, ата қонысымен қоштасу жыры.
Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар.
Мұрат ақын жырлаған «Қазтуған» жырындағы Қазтуған бейнесі жауынгер - жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
Асан қайғы
Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІV-ХV ғ.ғ.) өмірі туралы мәлімет. Тарихи тұлға, ұлы ойшыл. Асан қайғы - Ұлығмұхамед, Жәнібек хандардың қасында болып, мемлекет ісіне араласқан, ықпалды бектерінің бірі.
Асан қайғы - аңыз кейіпкері. Аңызға айналған данышпан Асан қайғы мен тарихи Асан арасындағы қарым-катынас. Асан туралы аңыздардың тақырыбы мен мазмұнына қарай: қайғы аталуына байланысты туған аңыз-әңгімелер; Асанның өміріне қатысты аңыздар және Асанның ұлы Абат пен қызы Жұпардың тапқырлық істеріне байланысты аңыздар болып топтастырылуы. Асан туралы аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. Асан қайғы шығармашылығында «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан қайғының утопиялық таным түсінігі мен ортағасырлық Еуропадағы утопияның ерекшелігі.
Асан қайғы - ХVғасырдағы бүкіл Дешті қыпшақтың ірі жырауы.
Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері. Асан қайғы толғауларындағы дидактикалық сарын: толғауларында насихат, өнеге сөз, ғибрат айтылуы («Еділ бол да, Жайық бол»).
Асан қайғының Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары. Арнау-толғауларының әлеуметтік мәні. Арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы.
Жырау толғауларында өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндірілуі.
Асан қайғы толғауларындағы - болжалдық сарын («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» толғауы «Қилы, қилы заман болмай ма» тирадасы).
Асан қайғы шығармаларының жиналып жариялану және зерттелу жайы.
Доспамбет жырау
Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған - Доспамбет жырау.
Доспамбет жырау өмірінен мәлімет. Доспамбет - ерлік пен еркіндікті аңсаған жорықшы жырау. Жырау толғауларының басты идеясы - ерлікті, батырлықты дәріптеу. Доспамбет жырау толғауларында елді, жерді қорғау міндеті, майданда шаһит кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы. («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере, сере қар» т.б. толғаулары)
Доспамбет жырау толғауларында ерлік, елдік мәселелерінің көтерілуімен қатар, билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысынын да жырлануы, өз заманының белді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай, тоғай, тоғай су »).
Доспамбет жырау толғауларымда дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой-толғаныстарының жырлануы.
Шалкиіз жырау
Шалкиіз Тіленшіұлы (1456-1560) - қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау.
Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіздің ноғайлы-қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүргені.
Импровизатор Шалкиіздің жазбаша сауаттылығын да танытатын толғауларындағы терең ойлылық, суреткерлік шеберлік.
Шалкиіз толғауларындағы қоғам, адам өмірі жайындағы толғаныстар, дүниенің өткіншілігі, өмірдің өзгеруі, өсу процесінде болатындығы туралы пайымдаулары.
Шалкиіз жыраудың философиялық ой- толғаныстарынан туған терең мағыналы афористік сөздері.
Шалкиіз – әскер басы, батыр.
Шалкиіз поэзиясы - белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия. Шалкиіз поэзиясының рухы-ерлік. Шалкиіз толғауларында ұрыс даласындағы батырдың қимыл, қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері.
Жыраудың толғауларында «бұқарашылдық тенденциясының» көрініс табуы. Жалғыздықтың мансұқталып, бірліктің, туыстықтың дәріптелуі («Артында туысқанның кебі игі», «Қамалаған қалың туғанның арқасы»).
Шалкиіздің Би Темірге арналған толғаулары. («Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас кұспен шалдырып »).
Арнау-толғауларындағы заман тынысы, хан мен жырау қарым-қатынасы. Ханды ұлықтай жырлауы немесе ханға мін айтуы.
Шалкиіздің ақындық шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдер.
Шалкиіз - сахара эпосын жасаушылардың бірі.
Шалкиіз тудырған нақыл- афоризмдерді Бұқардың үлгі етуі.
Шалкиіз толғауларындағы жауынгерлік, ерлік рухы Махамбет поэзиясында қайталануы.
Шалкиіз жырау шығармашылығының зерттелуі. Шалкиіз толғауларының Кеңес өкіметі орнағанға дейін-ақ жиі басылып жарық көруі. Шалкиіз шығармашылығының қазақ, сонымен бірге, қарақалпақ, құмық халықтары әдебиетінде зерттелуі жайы.
XVII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ әдебиеті тарихында XVII ғасыр әдебиетінен қалған нұскалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз.
Бұл кезеңдегі поэзияның ірі өкілі - Жиембет жырау. Жалғыз толғауы ғана сақталып жеткен - Марғасқа жырау. Жыраулардың шығармашылық өмірбаяны Есім ханмен байланысты болуы.
Жиембет жырау
Жиембет Бортоғашұлы (XVII ғ.) - Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз әңгімелер.
Жиембеттен қалған елеулі мұра - Есім ханға арналған толғаулары. Арнау-толғауларындағы Жиембеттің хан мен халық алдындағы үлкен еңбегі, жоғары беделі көрініс табуы.
Жиембеттің арнау-толғауында билеуші мен жырау арасында қайшылықтардың суреттелуі және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.
Марғасқа жырау
Марғасқа жырау (XVII ғ.) - Есім ханның батырларының бірі жырау.
Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері Марғасқа жырау - ерлікті, антқа беріктікті жырлаушы. «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.
XVIIІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
XVIIІ ғасырдағы қазақ халқының саяси-экономикалық даму жағдайы. XVIIІ ғасырдың қазақ коғамының тарихында аса бір қиын да күрделі кезең болғаны, осы кезеңдегі қазақтар мен жоңғар қалмақтары арасындағы соғыстар.
Жыраулар шығармашылығында ерлік мәселелеріне елдік мәселелерінің қоса жырлануы.
XVIIІ ғасырда өмір сүрген Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара жыраулардың толғауларындағы сыртқы жауларға қарсы күрес, ерлік сарыны. Бұқар шығармашылығында қазақ халқының өміріндегі мәселелердің көрініс табуы.
XVIIІ ғасыр поэзиясында жыраулық дәстүрдің одан әрі дамуы және ақындық поэзияның алғашқы өкілдерінің шығуы.
Жыраулар поэзиясының тақырыптық, көркемдік, жанрлық жағынан толығуы.
XVIIІ ғасыр поэзиясында адам образының жасалуы, тарихи тұлғалар бейнесінің жырлануы. Жыраулар поэзиясында Бөгембай, Абылайхан бейнесі.
Ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері - Көтеш және Шал ақындардың шығармашылығы.
XVIIІ ғасыр поэзиясында дін, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұл дүние жайы сөз етілетін философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар, күнделікті, өмірге, тұрмысқа қатысты тақырыптармен толығуы.
Ақтамберді жырау
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768)-жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол бастаған батыр, жортуыл жыршысы, әлеуетті жырау.
Ақтамберді жыраудың өмірінен мәлімет.
Қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде өмір сүрген Ақтамбердінің жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны.
Ақтамберді толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру.
Ақтамберді шығармашылығында қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүддесі, көшпенді халықтың өмір-тұрмысы жайлы түсінігі, мінез-құлық ерекшеліктері жырлануы.
Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.
Жырау поэзиясында нақыл, афористік толғаныстардың берілуі.
Тәтіқара ақын
Тәтіқара ақын - қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын.
Тәтіқара ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы.
Ақын өмірінен деректер.
«Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылғаны.
Абылайға арналған «Кебеже қарын, кең құрсақ» өлеңіндегі ақынның турашылдығы.
Үмбетей жырау
Үмбетей (1706-1775) - өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін жырлаған үлкен тынысты жырау.
Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер, батырлардың ерлігі мадақталып, жырлануы.
Үмбетей - Абылай және XVIIІ ғасыр батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі.
Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі.
Үмбетейдің даңқын шығарған «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» толғаулары.
Жырау шығармашылығында жоңғарға қарсы күрестің каһарманы, атақты қолбасшы Бөгембай образының жасалуы.
Бұқар жырау
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) - қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.
Бұқар жырау - өз дәуірінің данышпаны, қазақ хандығының нығаюы, орталықтандырылған мемлекетке айналдыру жолындағы Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі, көрнекті мемлекет қайраткері.
Бұқар жырау - қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ұлы тұлға, кемеңгер жырау.
Бұқар жыраудың өмірі туралы мәлімет.
Бұқар жыраудың шығармаларының жиналуы, зерттелуі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Исмаилов, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай т.б. ғалымдар еңбектеріндегі Бұқар жырау туралы ғылыми тұжырымдар, пікірлер. Жырау толғауларының текстологиясы.
Бұқар жыраудың болжағыштық қасиеті. Болжал өлеңдері. Бұқар жыраудың мұсылманша жазба сауатының болғандығы.
Бұқар жырлары жыраулық поэзияның дәстүрлі жалғасындай болғанымен, әлеуметтік- саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай: адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыру. Бұқар жыраудың жас ерекшеліктеріне байланысты және өмір туралы толғаулары.
Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі.
Абылай туралы тарихи жыр, толғаулардың арасында Бұқардың арнау толғауларының орны.
Бұқар поэзиясы көркемдік, бейнелік тұрғысынан өзіне ғана тән белгілермен сипатталуы.
Бұқардың өзіндік шеберлігі. Көркемдік ізденістерінің әр алуандылығы. Шығармашылығындағы тақырып кеңдігінің поэзия тіліне әсер етуі, образдардың жаңа түрлері, көркемдік әдіс, тәсілдердің молдығы.
Қожаберген жырау
Қожаберген Толыбайұлы (1663-1762) - қазақ елі тарихындағы жырау-ақын, жауынгер, қолбасшы ретінде танымал тұлға. Қожаберген жырау өмірінен мәлімет.
Қожаберген жыраудың қазақ хандығының саяси, қоғамдық, ішкі және сыртқы мәселелерге араласуы.
Оның қосымша өнерпаздық касиеттері: күйші, ұста, емші (сынықшы, жауырыншы), аңшы (мерген, құсбегі, ат сейілі т.б.).
Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері: толғаулары («Ғасыр жас», «Жастық»); тарихи өлең-жырлары («Ата тек», «Қызылжар», «Балта керей соқыр Абыз», «Қойлыбай көреген», «Төрт жігіт»); ән-өлеңдері («Дүние», «Аң сауығы», «Жігіттік», «Шилі өзен», «Сылаң сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау»); төл және қайта жырлаған дастандары («Баба тіл», «Елім-ай», «Ер Көкше», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Ер Сырым», «Ер Едіге», «Орақ батыр», «Елім-ай» дастанының идеялық-композициялық, көркемдік ерекшеліктері. «Баба тіл» дастанының ұлттық-этнографиялық ұлағаты.
Көтеш ақын
Көтеш ақын (1745-1818)-жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер жырау.
Жырау өмірінен деректер.
Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары.
«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арқа ойылдың құба жон түсер қақтар» т.б. өлеңдері.
Шал ақын
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы - жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын.
Шал ақынның өмірінен мәлімет.
Шал ақынның жазбаша сауаты болғандығы.
Шал ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері: этика, мораль мәселелері, кедейлік, адам өмірінің кәрілік, жастық кезеңдері.
Әйел тақырыбының Шал ақын поэзиясында ерекше жырлануы.
Шал ақын шығармаларының сатиралық сипаты.
Шал өлеңдеріндегі лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРТЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫ-ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Хандық дәуір әдебиеті» ПӘНІНЕН
(пәннің коды)
Шымкент 2015ж
Практикалық сабақтардың жоспары
Күні
|
Модуль мен сабақ тақырыптарының нөмірі мен аталуы
|
Практикалық (семинар) сабақтарын өткізу түрі
|
Бақылау түрі
|
Модуль 1. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай
|
|
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Хандық дәуір әдебиетінің даму бағыттары және көркемдік-идеялық ерекшеліктері
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Қазтуған жырау
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Асан қайғы
|
Презентация
|
Ауызша сұрау
|
|
Доспамбет жырау
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Шалкиіз жырау
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Марғасқа жырау
|
Презентация
|
Ауызша сұрау
|
2 МОДУЛЬ. XVII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
|
|
XVII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Ақтамберді жырау
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Тәтіқара ақын
|
Презентация
|
Ауызша сұрау
|
|
Үмбетей жырау
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Бұқар жырау
|
Дөңгелек үстел
|
Ауызша сұрау
|
|
Қожаберген жырау
|
Презентация
|
Ауызша сұрау
|
|
Көтеш ақын
|
Семинар-конференция
|
Ауызша сұрау
|
|
Шал ақын
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.
2. М.Мағауин - әдебиет тарихын зерттеуші.
3. Толғау жанрының табиғаты туралы.
4. Жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері.
5. Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
6. Асан Қайғы: акиқат пен аңыз.
7. Асан Қайғы толғауларының әлеуметтік мәні.
8. Шалкиіз - қазақ жырауларының атасы.
9. Жыраулар шығармашылығындағы арнау толғаулар.
10. XVIIІ ғасырдағы қазақ поэзиясының өзіндік ерекшеліктері.
11. Бұқар жырау толғауларындағы Абылай бейнесі.
12. Бұқар жырау толғауларының дидактикалық сипаты.
13. Бұқар толғауларындағы заман шындығы.
14. Шал ақын поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері.
15. Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы және оның әдебиетке
ықпалы.
16. Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
17. Толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері.
18. ХV-ХVІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы.
19. XVIIІ ғ. өмір сүрген жырау толғауларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері.
20. Жыраулар поэзиясының көркемдік сипаты.
21. Жыраулар поэзиясының тарихилығы.
22. Жыраулар поэзиясының қазақ әдебиетіндегі орны.
23. Хандық дәуір әдебиетіндегі ерлікті жырлау дәстүрі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлы- құқық университеті
Филология кафедрасы
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ (ОСӨЖ) ТАПСЫРМАЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |