57
қонымды, көңiл-ге жағымдылығын, қазақша аударған сол өзiнiң түп нұсқасындағы
дəрежеде сақтай алуы, əрi оны қазақша етiп шығара бiлуi. Бұл ауадрмашыларда өте
сирек кездесетiн қасиет. Басқа аудармашылардың өлеңдерiн оқып, оны түп
нұсқасымен салыстырсақ, сөзi, мазмұны дұрыс болғанымен, түп нұсқасының өзiн
оқығандағы əсердi аудармадан ала алмайсың жəне оқығанда-ақ аударма екенi көрiнiп
тұрады. Абай аудармаларында ол жоқ. Дəл, бұлжытпай аударған өлеңдерi қазақтың өз
өлеңдерiндей болып шығады. Өлеңнiң өз өлеңiндегi əсерi мен Абай аудармаларынан
алатын əсерлерде айырма болмайды. Мiне, аударма жөнiндегi Абайдың озат
шеберлiгi де, бұл күнге шейiн үлгiлiгiде осында. Абай аудармаларының бұл тəрiздi
үздiк болуының бiзше үш түрлi себебi бар: 1. Өзiнiң үлкен таланттылығы. 2. Орыс
тiлiндегi өлеңдерде қолданылатын сөздердiң тек жай мəнiн ғана емес, əдемiлiк
қасиеттерiн терең ұғынуы. 3. қазақ тiлiндегi сөздерге ақынның байлығы.
Пушкин, Лермонтов, Крыловтар - ұлы таланттар. Олар тəрiздi ақындардың
өлеңдерiн аударушы да талантты ақын болуы керек. Кезкелген ақынның оларды
ойдағыдай етiп аудару қолдарынан келе бермейдi. Абайдан кейiнгi ақындарының не
оның алдындағы Алтынсариндардың аударғандары Абай аудармасынан əлдеқайда
олқы жатуы, орыс тiлiн Абайдан аз бiлетiндiгiнде емес, ақындық дарындарының
жетпейтiгiнде.
Əрине, орыс тiлiн жақсы бiлмесе, жеке талант та өз бетiмен аударма жөнiнде
ештеңе арзыта алмайды. Жəне тiлдi бiлу бар да, оның əдемiлiк қасиетiн ұғыну бар.
Екеуi бiр-бiрiмен байланысты болғанмен, бiр емес. Тiл бiлген адамның бəрi бiрдей
əрбiр сөз, əрбiр образдың əдемiлiк қасиетiн түсiне бермейдi. Тiлдегi сөз
образдарының ой тербетiп, жан сүйсiндiретiн əсерiн сезiну тiл бiлген адамның бəрiнiң
қолынан келе бермейдi. Ол үшiн аударушы ақынның өзiнде сол тiлдi жай жақсы бiлу,
түсiнумен қатар, əдемiлiк қасиетiн ұғып, соларды түсiне бiлерлiк ақындық сезiм,
үлкен талантболу керек.
Линейная рука тебя мне поднесла,
В знак памяти, в миниуту расктавания,
И в первый раз не кровь вдоль по тебе текла,
Но сверлая слеза жемчужина страданья...
Еркелi нəзiк қолымен маған тидi,
Умытпа деп айрылған жердi бердi.
Қан сорғалар жүзiне жас сорғалап,
Қайғымен өртенгеннiң белгiсi едi...
58
Осы екi үзiндiнi салыстырсақ, Абайдың орыс тiлiндей образды сөздердiң
əдемiлiк, көркемдiк қасиет, күштi сезiмге өз тiлiнде қандай əсер етедi, оған теңдес
қазақша қандай сөз қолданып, қазақтың өз ұғымынша қандай сөздер əсерлi
болатындығын терең ұғынғандығын, орыс тiлiндегi қолданылған сөз образдары мен
қазақ тiлiндегi қолданыл-ған сөз образдарының жай ғана мəнiн емес, əдемiлiк күшiн,
əсерiн дəлелдеп жатудың қажетi аз. Мiне, осы жерден келiп, орыс өлеңдерiн аударуға
қазақ тiлiнiң сөз байлығының үлкен орын алуы, яғни жоғарғы айтылған үшiншi себебi
келiп шығады. Егер түп нұсқада-ғы үздiк образдарды түсiне тұрса да, оған лайықты
жəне қазақ оқығанда да ой тербетiп, жан үзгендей сөз таба алмай қожыратса, бұлай
болып шықпас едi.
Лермонтов:
Как сталь твоя при трепетном огне,
То вдруг тускнешь, то сверкаешь - десе Абай да сол орыс тiлiндегi күрделi
теңдеудi бұлжытпай күш, қасиет, өз қалпында сақтап:
Болатша дiрiлдеген жалын көрген,
Бiр күңгiрт тартып жəне оттай жанған ,-деп аударады.
Бiр күрделi теңеу орыс тiлiнде қандай үздiк, əдемi, қандай жан тербететiн күштi,
əсерлi десек, қазақшасы туралы да соны айыра аламыз. Сөйтiп Абайдың шебер
аударма-шылығының негiзiнде ұлы талант орыс тiлiнiң əдемiлiк күш, қасиетiн терең
ұғу мен қазақтың өз тiлiндегi байлықты таңдап, талғап ала бiлуде жатқандығын
көремiз.
Абайдың орыс классиктерiнен алған өте бiр құнды əдiсi-сөз арқылы
қаҳармандары-ның мiнез-құлық, iшкi сыр сипатын ашу. Бұл-жан күйiн суреттеудегi
ерекше əдiс.
Абайға дейiн қазақ əдебиетiнiң қай түрiнде болсын мiнездеу де өте кенже қалған
əдiс болатын. Жырларда не əр түрлi поэмада мiнездемелер не кездеспейтiн, кездесе
қалса, жұрнағы не сұлбасы ғана болатын. Жырларда кездесетiн батырлардың бiр-
бiрiнен онша айрылмай, барлығы бiркелкi болып келушiлiгiнiң бiр сабағы осы
мiнездеулердiң бойы өсiп, бұғанасы қатпауымен байланысты. Батырлар жыры, не сол
жырлардағы бiр батыр-дың екiншiлерiнен айырмашылығын көрсетпек болғанда,
көбiне, сыртқы портрет жағынан суреттеу арқылы жекелеп бейнелейтiн.
Абай қазақ əдебиетiнiң бұл кемшiлiгiн сездi де, орыс əдебиетiн, əсiресе, Пушкин
өлеңдерiн аудару арқылы мiнездеудiң тамаша-тамаша үлгiлерiн қалдырды.
«Онегиннiң сипаты» деп аталатын «Евгений Онегин» романынан аударған үзiндiсi
59
адамның мiнез-құлқын суреттеу-өзiне дейiнгi əдебиетте болмауы былай тұрсын, күнi
бүгiнге дейiн теңдесi жоқ мiнездеу.
Сурақтар мен тапсырмалар.
1. Абай Пушкиннiң өзге туындаларыл емес ''Евгений Онегий'' романын таңдап
аударуы нелiктен?
2. ''Евгений Онегий'' қалай аударды?
3. ''Хат формасы'' дегендi қалай түсiнесiң
4. Лермонтовтың ''Дар Терека'' өлеңiн Абай аударған ''Теректiң сыйымен'' салыс-
тырып үйрен.
5. Крылов мысалдарын Абай қалай аударды?
6. Абайдың аудармаларында түпнұсқадан алыстап кеткен жағдайлар бар ма? Болса
нелiктен.
7. Абай аудармаларының сапасы шығу себебi неден деп бiлесiң?
8. Абай аударған Крылов мысалдарын А. Байтурсынов, Ж. Жансугiров аудармалары-
мен салыстыр.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. З.Ахметов. Лермонтов и Абай.
2. Қ.Жұмалиев. Абайға дейiнгi қазақ поэзиясы жəне Абай поэзиясының тiлi.
3. М.Əуезов. Абай Құнанбаев.
4. А.Нұрқатов Абайдың ақындық дəстүрi.
АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҒЫ. АҚЫН ЛИРИКАСЫ, ОЛАРДЫҢ
ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ КӨРКЕМДIКТЕРI.
Жоспары:
1. Ақынның лирикасы туралы.
2. Абай - лирик ақын
3. Ақын лирикасының тақырыптық байлығы
4. Абай лирикасының идеялық көркемдiгi
5. Ақын лирикасының жаңашылдық сипаттары.
Тiрексөздер мен тiркестер: Лирика, лирикалық герой, пейзаждық лирика,
интимдеге лирика, азаматтық лирика, дəстүрмен жаңамылдық, лирикалық
жалпылар, тақырыптық ауқым, лирикадағы сүрет, сезiм мен ой тоғысы,
идеялық-көркемдiгi, идеялық нысана, идеялық мазмұн, лириканың халықтығы
мен ұлттық сипаты.
Достарыңызбен бөлісу: |