45
Бiреуiнiң күнi жоқ, бiреуiнсiз,
Ғылым сол үшеуiнiң жөнiн бiлмек.
Абайдың кейбiр қарас өздерi қазақтың мақал-мəтелдерiн талдауға, мəнi ашуға
арналады. Мысалыi «бесiншi сөзi», «Жиырма тоғызыншы сөзi» бұл сөздерiнде ақын
қазақ-тың мақал-мəтелдерiнiң iшiндегi ең терiс дегендерiнiң жақсылыққа емес,
жамандыққа тəрбиелейтiндерiнiң атарлы сырын ашады.
«Мал-адамның бауыр етi», «Түстiк өмiрiң болса, күндiк мал жи», «Малдының
бетi жарық, малсыздың берi шарық», «Ердiң малы елде, ерiккенде қолда», «Өзiңде
жоқ болса, əкеңде жат» т.б. мақалдарды келтiредi де, оларға төмендегiше талдау
бередi.
Абайдың өлеңдерi де қара сөздерi де нақыл сөздерге (афоризмге) мейлiнше бай
келедi. Олардың кейбiреулерi халық мақалына айналып кеттi. Мысалыi «Еңбек етсең
ерiнбей, тояды қарын тiленбей», «Жетiм қозы тас бауыр түңiлер де отығар» деген
сияқты сөздерi ауыздан ауызға тарап, хлық мұрасына айналды. Бұл оның нақыл
сөздерiнiң ел тiлегiмен қабысқандығын, түрi жағынан көркем, жатық, мазмұны
жағынан терең мағыналы екенiн дəлелдейдi.
Абайдың нақыл сөздерiнiң қайсысы болсын, үлкен ой терең мазмұнды, халықтың
нақыл сөздерiнен де шет елдiң ақыл иесi, ұлы адамдарының ақыл сөздерiмен де тең
түседi. Басқаларын былай қойғанда Абайдың «Көңiлдегi көрiктi ой ауыздан
шыққанда өңi қашады» дейтiн сөзi - асқан құнды пiкiрi де, қорытылған өмiр
шындығы, Абайдың нақыл сөздерiнiң iшiнде бүгiнгi жастардлы тəрбиелеу үшiн де
пайдалы жақтары көп. Оның қара сөздерiндегi еңбек, ғылым, адамгершiлiк. əдiлдiк
т.б. жөнiндегi пiкiрлерi бүгiнгi тəрбие жұмыстарына нақтылы құрал болуға жарайды.
Сұрақтармен тапсырмалар
1. Абайдың қара сөздер жазуының себептерi неде деп бiлесiң?
2. Ақын қара сөздерi қандай жанырларға жақын?
3. Абай қарасөздерiнде Лирикасында айтылған ой-пiкiрлердi қалай дамытқан?
4. Абайдың қарасөздерiн тақырыптың тұрғыдан қалайша топтастыруға болады?
5. Ақынның қарасөздерiн оқып шығып, олардағы дiни ұғымдардың қалайша
қолданылғандығын түсiндiр.
Əдебиеттер:
1. М.Əуезов, Əр жылдар ойлары.
2. Қ.Өмiралиев, Абайдың афоризмi.
АБАЙДЫҢ САТИРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ
46
Жоспар:
1. Сатира жанры туралы.
2. Қазақ əдебиетiндегi сатира.
3. Абай сатирасы-сыншыл реализмнiң үздiк үлгiсi.
4. Ақын сатирасының тақырыптары.
5. Абай сатирасының көркемдiк ерекшелiктерi.
6. Абай сатирасының
Тiрек сөздер мен ұғымдар: Əлеуметтiгi-сыншылдық, сатира мен юмор, ащы
мысқыл, əтуакеле-ке, типтер мен типтiк бейнелер, қоғамдық мəнi, қоғамдық
сатира.
Абайдың реалистiк поэзиясының ең бiр өрiстi, өзектi саласы-оның сатиралық
шығармалары. Сатира-халық поэзиясында да, жекеленген ақындар творечествосында
да ежелден берi бар жанр. Бiрақ Абай сатирасында дəстүрлiк сипаттан гөрi
жаңашылдық сипат əлде-қайда басым, мейлiнше мол.
Сатиралық сарындар Абайдың тұтас аяқталған, осы тақырып-қа түгелдей
арналған шығармаларында көне емес, əлеуметтiк тақырыптарға арналған басқа
шығармаларында да, тiптi ғибраттық өлеңдерiнде де жиi ұшырасып, ақынның
творчествосына ерекше бiр сипат, реңк берiп ыпырады.
Абайдың сатирашылық таланты оның алғашқы кездегi шығармаларынан,
импровизациялық өлеңдерiнен де айқын таныла-ды Егер «Кiм екен деп келiп ем түйе
қуған» «Шəрiпке» сияқты өлеңдерiнде Ирония, зiлсiз кекесiз ғана болса, ал
«Абралыға» атты өлеңде ақынның ыза өшпендiлiгiмен астасып жатқан уытты, өткiр
мысқыл бар. Мұнда ақын «құржаң-құржаң етiп» намаз оқи беретiн, бiрақ сол не
оқығанын да дұрыстап бiлмейтiн дiндар адамның «пақырлығын» онда «құлақ бар, ми
жоқтылығын» аяусыз ажуа етедi:
Мен
жасымнан көп
көрдiм,
Мұсылманды,
кəпiрдi
Абралыдай
көрмедiм
Намаз бiлмес
пақырды,
Қираҳатын оқытып
Көрiп едiм-шатылды.
Ниет қыла бiлмейдi,
Не қылады нəпiлдi
Намазшамның
артынан
Құржаң-құржаң етедi
Жер ұшық берген
кiсiдей
47
Тоңқаңдай ма-
нетедi,
Нəпiл түгiл, намазы
Бəрi желге кетедi.
Абайдың алғашқы кездегi арнау өлеңдерi сырттай алғанда ауыз əдебиетiнде,
сондай-ақ Абаймен тұстас талай ақындардың творчес-твосында кездесетiн мысқыл
өлеңдермен, ұқсас, үндес сияқты көрiнгенмен, тереңдеп əрi бармай қарағанда
олардың арасында iштей үлкен айырмашылық ерекшелiк барлығын аңдау қиын емес.
Абай, арзан ажуа айтудан, əйтеуiр күлкi етуден аулақ. Ол өзi мысқылдап отырған
құбылыстың iшкi мəнiне тереңдеп үңiледi жəне сол кеселдiң туындап жатқан төркiнiн
тап басып, дəл табады, өзiнiң ызалы тiлiнiң зiлi мен кəрiн соған қадайды. Сондай-ақ,
Абайдың алғашқы кезеңдегi сатиралық арнау өлеңдерiнде нағыз эпиграммаға тəн
жинақылық пен алмастай тiлгiр өткiрлiк те бар.
Өз кезiндегi қазақ əдебиетiнде теңдесi жоқ лирик-ақын болған Абай үздiк
шыққан сатирик те едi. Қашанда əдебиеттiң бағытбағдары мен сипаты оны тудырған
дəуiр сипатымен тығыз байланысты. Сондықтан Абай дəуiрiндегi əрi ол негiзiн
қалаған əдебиеттiң сатиралық бағыты айқын да өткiр болмауы мүмкiн емес едi. Солай
болып қалыптанды да;
Бiрiншiден, сатирик-Абай өзiнiң əшкерелеушi, уытты шығармаларының
мазмұнын құраған шындықты, тақырыптар мен идеяларды со кездегi қоғамдық,
əлеуметтiк құрылыстан тапты.
Екiншiден, Абай өзi көрген, жан-жүрегiмен түршiге сезiнген сол шындықты
қатал қалпында, ащы күйiнде, барынша шынайы бейнеледi.
Үшiншiден, ақын сол түнек ортаға, қауымға үкiишi ретiнде қарады. Бiрақ ол
өзiнiң рухани жəне адамгершiлiк позициясын ешуақыт əлсiретiп, аласа тартқызған
емес.
Абайдың еңсенi езген ескiлiктi, жексұрындық пен ащы шындықты аяусыз сынап,
ақтара ашуы оның əсем шындықты, жан-жақты үйлесiм тапқан шындықты
орнықтырмақ болған мақсұтына тура, орайлас келдi. Өйткенi, мiн-мерезден, содыр-
сойқаннан, сан-сан сорақылықтан ада болмай тұрып, өмiр де, шындық та саф таза
күйге еңбек емес. Ал ақын сол сорақылықтарды неғұрлым тереңiрек қармап,
батылырақ сылыған сайын əсемдiк пен сұлулыққа, əдiлет пен адамгершiлiкке
соғұрлым молырақ, əсерлiрек қызмет етпек.
Абай поэзиясының сатиралық, əшкерелеушiлiк пафосы өте күштi. Бiрақ ол
əруақыт бiр сипатты болған жоқ. Ақын творчествосы негұрлым кемелденiп, биiктеген
сайын ондағы сатиралық бағыт та соғұрлым тереңдей түстi. Егер алғашқы сатира-лық
өлеңдерiнде Абай жекелеген адамдардың басындағы, мiнез-құлқындағы ұнамсыз