Филология факультетi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет16/21
Дата15.11.2018
өлшемі0,54 Mb.
#20278
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

48

жəйттердi мiнеп шенесе, ендi ол сөз семсерiнiң өткiр жүзiн əдiлетсiз қоғамға жəне сол 



қоғам туғызған əлеуметтiк кеселдерге тереңiрек дарытады. Абай сатирасындағы бұл 

ерекше  сипат  оның  сатирашылық  талантының  толысуынан  ғана  емес,  ақын 

творчествосындағы ұлы да үлкен бетбұрыстан-орыстың классикалық əдебиетiнен нəр 

алудан, үйренуден келiп турған едi. 

Қазақ  ақыны  орыстың  классикалық  əдебиетiнiң  халықтық,  реалистiк 

принциптерiн  ғана  емес,  сатиралық  өткiрлiгiн  де  қабылдады.  Пушкин  мен 

Лермонтовтың,  Некрасовтың  əсерiмен  нағыз  халықтық,  азаматтық  поэзияның 

классикалық тамаша үлгiлерiн жасаған Абай əлеуметтiк мəнi зор, шынайы сатиралық 

шығармалар  жазуда  да  орыстың  көрнектi  сатирик-жазушыларынан,  əсiресе  ұлы 

Салтыков Щедриннен мол үйрендi, көп үлгi-өнеге алды.  

Өзi  көп  үмiт  артқан  жастарға  Абайдың  данышпан  сатирик  Салтыков-Щедриндi 

өнеге тұтуы егiн емес-тi. 

Бұл-орыстың  ұлы  сатиригi  творчествосының  зор  маңызын  терең  түсiнген, 

тұшынған əрi одан мол сусындаған суреткердiң ғана айта алатын сөзi едi. 

Орыстың  сатирик-жазушыларының  творчестволық  тəжiрибесiн  қорыту,  одан 

үйрену  арқылы  Абай  ең  алдымен  көркем  сатираның  əлеуметтiк  зор  роль 

атқаратынын,  ол-күрес  құралы  екенiн  терең  түсiндi  жəне  сол  құралды  кiмге  қарсы 

жəне қалай жұмсаудың жолдары мен тəсiлдерiн тапты. 

Орыстың 

классик-сатириктердi 

өздерiнiң 

шығармаларында 

қанауға, 

əдiлетсiздiкке  негiзделген  қоғамның  тағылық  сипатын,  жексұрындығын  жерiне 

жеткiзе  əшкереледi.  Олар  өз  сатирасының  алмастай  өткiр  жүзiн  қанаушы  тапты 

негiзiн қаусатуға, халықты езушiлердi жер бетiнен аластауға, қоғамдық құрылыстың 

тiрегiн шайқалтуға бағыттады. 

Абай  сатирик  құбылыстардың  сыртқы  көрiнiстерiн  де, iшкi  сырларын  да  жiтi 

көре бiлдi. Оның суреткерлiк көрегендiгi ешнəрсенi де қалт жiберген жоқ. Сондықтан 

да  ол  қоғамдық  өмiрдегi  құбылыстардың  дəуренi  өтiп  өшетiндерiн  де,  болашақта 

өркен  жайып  өсетiндерiн  де  терең  тани  алды.  Өзiнiң  сатиралық  өлеңдерiнде  ол  со 

кездегi  қазақ  қоғамында  орын  алған  кеселдi  құбылыстардың  барлығын  да  аяусыз 

түйредi, жерiне жеткiзе əшкереледi. 

Абайдың  көптеген  сатиралық  шығармаларында  ақынның  мыс-қыл  ететiн 

кейiпкерi  жинақты  образ  ретiнде  алынып  отырады. «Сабырсыз,  арсыз,  ерiншек», 

«Болыс болдым мiнекей», «Адасқанның алды жан, арты соқпақ», тағы басқа өлеңдерi 

бұған айқын мысал бола алады. «Бiр сен емес, жазғаным-жалпақ жұрт қой»,-деп өзi 

айтқандай, Абай бұл шығармаларында кейiпкерлерiнiң тысы мен йиiн ақтара көрсету 




 

49

арқылы  бүкiл  заман  шындығын  шебер  суреттедi,  бiрдiң  емес,  көптiң  жинақты 



бейнесiн  жасады.  Бұл  ретте  Абайдың  сатиралық  шығармаларының    кейiпкерлерi 

тiптiк дəрежеге көтерiлген деп айтыуға əбден болады. 

Абайдың «Болыс болдым мiнекей», «Мəз болады болысың», «Дұтбайға» сияқты 

өлеңдерi  де-оның  сатирасының  биiк  шоқтығы,  үздiк  үлгiлерi.  Бұл  өлеңдерiнде  Абай 

болыстың  нағыз  типтiк  дəрежеге  көтерiлген  сатиралық  образын  жасайды.  Бұл 

өлеңдердiң  тақырыбы,  мысқыл  ететiн  объектiсi  бiр  болғанымен,  оларда  сатиралық 

образдың  жасалу  жолдары,  тəсiлдерi  əртүрлi  Алғашқы  өлең  болыстың  өз  атынан 

баяндалады. 

Болыс болдым 

мiнекей, 

Бар малымды 

шығындап. 

Түйеде қом атта 

жал 


Қалмады елге 

тығындап 

Сүйтсе-дағы 

елiмдi 


Ұстай алмадым 

мығымдап- 

Күштiлерiм сөз айтса, 

Бас изеймiн шыбындап 

Əлсiздiң сөзiн 

салғыртсып, 

Шала ұғамын қырындап 

Сыяз бар десе, жүрегiм 

Орнықпайды суылдап. 

Сыртқыларға сыр 

бермей, 

Құр күлемiн жымыңдап.

 

Осылайша  Абай  болыстың  барлық  сырын, iшкi  дүниесiнiң  қалта-рыс-



қатпарларын  ақтарып  салады.  Бұл  өлеңдi  оқығанда  күштiлердiң  алдында  шыбындап 

бас  изейтiн,  əлсiздiң  сөзiн  салғыртсып  шала  ұғатын  екiжүздi  болыс  өзiнiң  дарақы 

мiнезiмен,  бар  жексұрын  бейнесiмен  көз  алдымызға  келедi.  Өлеңнiң  формасы-

болыстың  сыры  мен  шыны  ретiнде  айтылған  сатиралық  монолы.  Осы  тəсiлдi  сəттi 

тауып,  шебер  пайдалану  арқылы  ақын  кеiпкерiнiң  типтик  дəрежеге  көтерiлген 

жинақты беинесiн жасай алған. 

Бiз  Абай  шығармаларынан  бес-болыс,  атқамiнер,  қусұмдардың  ғана  емес,  дiн 

иелерiнiң,  молдалардың  да  сатиралық  бейнелерiн  кездестiремiз. «Көзiнен  басқа  ойы 

жоқ» атты белгiлi өлеңiнде Абай молданы былайша сұреттейдi: 

Кiтапты молда терiс оқыр,  

Доғарадай болып сəлдесi, 

Малқұмар көңiлi бек соқыр, 




 

50

Бүркiттен кем бе жемжесi? 



Бұл  өлеңде  ақын  басына  доғарадай  сəлде  ораған  молданың  монтанылығын, 

арамзалығын,  қараулығын  шебер  əшкерелейдi,  оның  жауыздығын  тағының 

жыртқыштығына балайды. 

Абайдың  сатиралық  шығармаларындағы  ұнамсыз  кейiпкерлер  өздерiнiң  iс-

əрекетiменен, мiнез-құлқымен нақтылы көрiнедi. Бiрақ бiрiн-бiрi қайталамайды, қайта 

толықтырып  ажыратады.  Олардың  барлығы  тұтаса  келiп  жауыздық  дүниесiн 

бейнелейдi, жексұрын типтердiң оқшау бiр галереясын құрайды. 

Орыстың  сатирик  жазушылары  сияқты,  Абай  да  сатиралық  типтер  жасаумен 

бiрге,  солардың  халыққа,  оның  iлгерi  басқан  қозғалысына  жат  сипатын  ашып 

отырады,  олардың  əлеуметтiк  табиғаты  мен  қоғамдық  мiнез-құлқын  жалаңаштап 

көрсетедi. 

Жексұрын  типтердi  суреттей  отырып,  Абай  халық  барын  əсте  естен  шығарған 

емес.  Бұл-нағыз  сатираға  тəн  белгiлердiң  бiрi.  Өйткенi,  сатиралық  шығармалар 

жазудағы  өрелi  мақсаттардың  бiрi  халыққа  соларды  таныту,  солардан  жирендiру, 

соларға қарсы күреске үндеу. 

Абай  сатирасынан  оның  қоғамдағы,  өмiрдегi,  жекелеген  адамдардың  iс-

əрекеттерi мен мiнезiндегi кеселдерге қатты кектенiп, ай-барлы ашуға мiнiп, қасиеттi 

ызаға  бататынын  көремiз.  Нағыз  сатирадан  Чернышевский  iздейтiн,  талап  ететiн 

айрықша  қасиеттердiң  бiрi-осы.  Мұндай  кездерде  Абай  юмормен,  сатирамен  де 

шектелiп қалмай, аса ауыр, тiптi трагедиялық саздарға да көтерiледi. Ол өзiнiң өткiр 

де  ұытты  сатиралық  шығармаларында  жауыздық,  өктемдiк  дүниесiн  қатал  сынады, 

халықтың арман-мүддесiн қорғады.  

Абайдың  сатиралық  шығармаларында  ұнамсыз  күштермен  күресетiн    негiзгi 

тұлға-ақынның  лирикалық  қаҳарманы.  Ол  жарыққа,  прогреске  ұмтылған,  алға  қарай 

талпынған  халыққа  мық  сүйейдi  сонымен  бiрге  Абай  творчествосында  ұнамды 

кейiпкерлердiң  нақтылы  бейнелерi  де  бар.  Соларды  Абай  өзi  жермен  жексен  ете, 

өлтiре сынайтын ұнамсыз типтерге қарама-қарсы қояды. 

Əдiлетсiз  дүниеге,  өктемдiк  пен  надандыққа  қарсы  өзiнiң  кектi  күресiнде  Абай 

сатираны өткiр де қуатты құрал етiп пайдаланды. Сөйтiп, ол қазақ əдебиетiндегi тың 

бағыттың-сатиралық  жанрдың  негiзiн  қалады.  Ақынның  сатиралық  дəстүрлерi  қазақ 

əдебиетiнiң одан кейiнгi дамуына ерекше жемiстi əсер еттi. 

Сатира-Абай  поэзиясының  аса  мол  əрi  ең  бiр  құнарлы  саласы.  Сонымен  бiрге 

бұл-ақын  творчествосындағы  сыншыл  реалистiк  бағыттың  кеңейе,  тереңдей 

түскендiгiнiң айқын да салмақты белгiлерiнiң бiрi.   




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау