Филология факультетi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет11/21
Дата15.11.2018
өлшемі0,54 Mb.
#20278
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

 

33

кiтабының  түсiндiруiнше,  ислам  дiнiндегi  мұсылмандықтың  басты  шарты  иманның 



жетi  шартын  мүлтiксiз  орындау,  соған  көз  жұмып,  пiкiрсiз  нану  жатады.  Абайдың 

айтуынша,  алдынғы  қатарлы  мұсылман  хаким-дерi  осы  жетi  шарттың  бiрiншiсiне, 

əйтеуiр бiр жаратушы  күштiң  барлығына сенгенде, қалған алтауына күмəн тудырып, 

ешбiр ақыл-ойсынына қондыра алмай, оларға қарсы пiкiрде болғандар. Иманның жетi 

шартына  түгел  нанбай,  үзiп-жұлып  сену-мұсылманшы-лық  тұрғысынан  қарағанда, 

барып тұрған дiн бұзарлық қылық. Бiрақ Абайдың танымында мұндай хакимдер дiн 

жағынан ұстаз бола қоймағанның өзiнде де, бүкiл адамзат баласы-ның қамын ойлап, 

бул  дүниенiң  пайдасы  үшiн  қызмет  етуi  себептi,  бiз  оларға  борыштар-мыз  деген  ой 

түйiнен  ашық  бiлдiредi.  Алайда  мұндай    хакимдердi  дiни  көзқарасы  үшiн  емес, 

олардың  қоғамға  тигiзген  пайдасы  үшiн  жоғары  бағалауында  терең  мағыналы  ой 

жатыр. 

Қорыта  айтқанда  Абай  дүниенi  жаратушы  бiр  не  бар,  ол-тəңiрi  деген  ұғымда 



болған  жəне  ол  ұғымнан  қайтпаған.  Бiрақ  Абайды  «дiншiл»  деуге  болмайды. 

Ағартушылық идеясына деизм, пантеизм, антропологизм, затты тануда материализм, 

қоғамды тануды идеализм сарынды болды. Сойып келгенде Абай философиясы, оның 

ислам этикасын сынаған ойлары атеизмге қызмет iстедi.     



Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1.   Абай Шығыс философиясын қалай; қашан, кiмдерден үйренген: деп бiлесiң? 

2.  Абайдың  шығыс  классиктерiне  деген  ықыласы,  сезiмi-қандай  пiкiрлерi, 

шығармалары арқылы танылады. 

3.   Абайдың исламға көзқарасы қандай?  

4.  «Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын» дегендi қалай түсiнесiң?  

5.   Акынның Шығысқа, исламға болған ықласы, көзқарасы бұрын қалай бағаланып 

келдi; қазiр қалайша танылуда, себептерiн айт. 

6.   Абайдың «Алланың өзi  де рас, сөзi де рас» өлеңiн оқып талда! 

Əдебиеттер 

1. Д. Омаров Абайтану, Алмты, 2002. 

2. М. Мырзахметов, Мұхтар Əуезов жəне абайтану проблемалары. 

3. М. Мырзахметов, Абай жəне Шығыс, Алмас-1994 



АБАЙДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ, ЭСТЕТИКАЛЫҚ ОЙ-ПIКIРЛЕРI 

АҚЫННЫҢ ПОЭМАЛАРЫ. 

Жоспар: 


 

34

1.  Абай жəне оның заманы. 



2.  Абай адамдық этика, мораль туралы 

3. Абайдың эстетикалық ой-пiкiрлерi, қалыптасуы. 

4.  Абай сөз өнерi туралы. 

5.  Абай əн-күй туралы. 

6. Абай поэмалары, олардың жанырлық ерекшелiктерi. 

7.  Абай поэмаларындағы адам образы. 

8.  Ақын поэмаларының идеялық-көркемдiгi. 

Тiрек  сөздер  мен  ұғымдар:  Этика,  эстетика-өнер,  философиялық  толғам, 

талғам,  əн-күй,  саз  өнерi,  биiк  талап,  интеллектуаль  денгей,  Александр 

Македонский, Шығыс сюжетi, адамгершiлiгi, мораль мəселелерi.         

Əдебиет  пен  көркем  өнердiң  мəнi  мен  ерекшелiктерi,  оның  қоғам  өмiрiмен 

байланысы  туралы  Абай  арнаулы  теориялық  еңбектер,  трактаттар  қалдырған  жоқ. 

Бiрақ  оның  көптеген  өлеңдерi  тұтас  алғанда  сондай  трактаттарға  бергiсiз  яғни, 

Абайдың  реалистiк  əдебиет  туралы  оның  əлеуметтiк  бағыты  мен  халықтығы, 

көркемдiк қырлары туралы ойлары ақынның поэзиясында соншалықты айқын көрiнiс 

тапқан. 

Солардың  бəрi  ұласа,  қосыла  келiп,  Абайдың  эстетикалық  көз-қарастары 

жайында недəуiр мағлұмат бередi. 

Халықтың  эстетикалық  көзқарасы,  əдемiлiк  пен  сұлулық  туралы  ұғым-

түсiнiктерi  оның  бай  ауыз  əдебиетiнде,  айтулы  ақындарының  өлең-жырларында 

көрiнiс тапқан. 

Мұны  «Бiреудiң  кiсiсi  өлсе,  қаралы-ол»  деген  атақты  өлеңiнде  Абайдың  өзi  де 

жақсы  аңғартады.  Сол  сияқты,  халықтың  мақал-мəтелдерiн  зерттеп,  екшей  отырып, 

мəндiлерiн  пайдалануы  да-ақынның  халық  творчествосындағы  эстетикалық 

элементтерiне айрықша назар аударғандығының белгiсi. 

Поэзия туралы, ақын туралы тақырып Абай творчествосының бүкiл өне бойына  

жүрiп  отырады.  Бұл  тақырып  «Қыран  бүркiт  не  алмайды  салса  баптап», «Базарға, 

қарап  тұрсам,  əркiм  барар»  атты  өлеңдерде-ақ  бой  көрсетедi.  Бiрақ    аллегория 

формасында жазылған бұл өлеңдерде аталған тақырып жанамалап қана өтедi. 

Ал  «Өлең-сөздiң  патшасы,  сөз  сарасы», «Бiреудiң  кiсiсi  өлсе,  қаралы-ол» 

өлеңдерiнен бастап Абай өзiнiң ақындық декларация-сын, эстетикалық принциптерiн 

бар дауыспен əйгiлеп, жар салады. 



 

35

Абай  өз  сөзiн  тыңдаушыға  тiкелей  арнауы,  оны  түземек  болуы-поэзия  адамды 



тəрбиелеудiң, оның ой-санасын оятып, рухани жағынан марқайтудың қуатты құралы 

екендiгiн  қазақ  ақыны  мейлiнше  терең  ұғынғандығының  куəсi.  Сол  тыңдаушыға 

ақынның түйiп айтары мынау:  

Батырды айтсам ел шауып алған талап, 

Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап, 

Əншейiн күн өткiзбек əңгiмеге 

Тыңдар едiң бiр сөзiн мыңға балап 

Сөйтiп, ақын өз тыңдаушысын, яғни халықты əншейiн күн өткiзерлiк маңызсыз 

əңгiмеден  аулақ  болуға,  өмiр  шындығымен  тығыз  байланысты  реалистiк  поэзияны 

ұғарлық, бағалай бiлерлiк дəрежеге көтерiлуге шақырады. 

Осы өлеңiнде Абай сол реалистiк поэзияның сыр-смпатф қандай болатындығын 

да терең ашып бередi, салғаннан содан бастайды: 

Өлең-сөздiң патшасы, сөз сарасы, 

Қиыннан қиыстырар ер данасы, 

Тiлге жеңiл, жүрекке жылы тиiп, 

Теп-тегiс, жұмыр келсiн айналасы. 

Бөтен сөзбенбылғанса сөз арасы, 

Ол-ақынның бiлiмсiз бишарасы. 

Айтушы мен тыңдаушы кəбi надан, 

Бұл жұрттың сөз танымас бiр парасы. 

Осы шумақтарда Абайдың эстетикалық ойларының негiзгi мəнi, оның көркемдiк 

туралы, шынайы поэзия туралы ұғымнанымы анық белгi бередi. Поэзияда мазмұн мен 

форманың үйлесiмiн өте-мөте қадағалап, қапы жiбермеудi қатты көздеген Абай 

көркем шығарманың мазмұнды, яғни идеялы болып келуiне əсiресе мол, айрықша зер 

салады: 

Өлеңге əркiмнiң-ақ бар таласы,  

Сонда да солардың бар таңдамасы. 

Ишi алтын, сырты күмiс-сөз жақсысын 

Қазақтың келiстiрер қай баласы? 

Поэзияны,  көркемдiктi  дербес  күйде,  бөлектеп  алып  қарау  Абай  эстетикасына 

жат.  Ол  «көркемдiк  көркемдiк  үшiн», «көркем  өнер  көркем  өнер  үшiн»  деген 

принциптен  аулақ.  Абай  эстетикасының  тереңдiгi  мен  құндылығы  оның 

творчестволық  принциптерiнiң  əлеуметтiк  айқын  бағдарымен  тығыз  байланысты. 

Мұны ақынның өзi тамаша аңғартқан: 




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау