Филология факультетi



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет18/21
Дата15.11.2018
өлшемі0,54 Mb.
#20278
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

54

мəдениеттi,  үлкен  идеяны  қолдаушы  басқа  елдердiң  ұлы  ақындарымен  қазақ 



жұртшылығы аралықтарындағы дəнекер болды. 

Абай оларды тек досы көрiп қойған жоқ, əрi өзiнiң ұстазы да санады. Бар өмiр, 

бар  асылын  сол  халық  үшiн  жұмсаы.  Бiрақ  ол  кезде  қазақта  Салтыков  пен  Толстой 

жоқ едi. Ендеше, өмiрге адамгершiлiк көзбен қараған, интернациональдық жүрегi бар 

Абай  сияқты  ақынның  обьективтiк  көзқарасы  Салтыков,  Толстойларды  қазаққа  үлгi 

еткiздi. 

Ендi  аударманың  құрылысына  келсек,  Абай  аудармаларын  негiзiнде  екi  түрлi 

деуге боладыi бiрiншiсi, дəл аударма, екiншiсi-ерiктi аударма. Дəл аудармалар шумақ, 

бунақ,  буын  ұйқастарына  қарай  өзара  жəне  екiге  бөлiнедi.  Кейбiр  өлеңдердi 

аударғанда,  Абай  шумағында,  ұйқас  түрлерiнде  берiк  сақтайды.  Орыс  өлеңдерiнiң 

ырғақ, буындары қазақ өлеңiнiң буындарына дəл келе бермейдi. Өйткенi орыс өлеңi 

тоникалық  не  силаботоника-лық  өлең  құрылысына  жатады.  Сондықтан  Абай 

аударған  өлеңдерiнiң  буынын  қазақша  дəл  беруге  мүмкiн  болмаса  да,  сан  жағынан 

соған  жақын  келетiн  өлеңмен  аударады.  Кейде  ұйқастырып,  кейде  тiптi  образдарын 

да дəлме-дəл шығарады.  

Қазақшасы: 

Қараңғы түнде тау қалғып 

Ұйқыға кетер балбырап. 

Даланы жым-жырт дел-салғып 

Түн басады салбырап. 

Шаңдай алмас жол-дағы, 

Сыбдырламас жапырақ, 

Тыншығарсың сен-дағы, 

Сабыр қылсаң азырақ... 

Орысшасы: 

Горные вершины 

Спят во тьме ночной, 

Тихие долины  

Полный свежей мглой, 

Не пылит дорога, 

Не дрожат листы 

Подожди немного- 

Отдохнешь и ты... 



 

55

Осы өлеңнiң соңғы төрт жолы орысшасына дəлме-дəл. Əрине алдыңғы жолдарын 



да  дəлме-дəл  деуге  болмайды.  Бiр  тiлден  екiншi  тiлге  аударғанда  сөз  орнының 

ауысуы,  бiр  сөздiң  орнына  басқа  синонимдер  алу-аударманың  жалпы  заңы.  Оның 

бұдан басқа да бiрнеше аудармалары - «Жалғыз жалау жалтылдап», «Қонады бiр күн 

жас  бұлт»  т.б.  дəлме-дəл  аудармалар.  Абайдың  дəл  аудармаларының  жəне  бəр  түрi 

деп  «Өнегиннiң  сипаты» (Пушкин), «Жолға  шықтым», «Теректiң  сыйы», «Дұға», 

«Өзiңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйi» (Лермонтов) атты өлеңдерiн айтуға болады. 

Мұнда өлеңнiң буыны, ұйқасы сақталмайды, орыс тiлiндегi өлеңнiң буындарының аз-

көбiне  қарамай,  бəрiн  де  қазақтың  он  бiр  буынды,  қара  өлең  ұйқастарымен 

аударылады.  Лермонтовтан  аударғандарының  көпшiлiгi  шалыс  ұйқас  (а-в-а-в-), 

Абайда (а-а-в-в) көпшiлiгiнде қара өлең ұйқасы. «Онегиннен» аудармасында осындай 

буын  ұйқастары  сақталмайды.  Мысалы  үшiн  Онегиннiң  орысша,  қазақша 

мiнездемесiн алалықi 

Орысшасы: 

Как рано мог он лицемерить, 

Тайть надежду, тевновать, 

Разуверять, заставит верить, 

Казаться мрачным, изнывать, 

Являться гордым и послушным, 

Внимательным иль равнодушным 

Как томно был он молчалив, 

Как пламенно красноречив, 

В сердечных письмах как небреже 

Одним дыша, одно любя. 

Как он ушел забыть себя 

Как взор его был быстр и нежен. 

Стидлив и дерезок, а порой, 

Блистал послушною, а порой, 

Блистал послушною слезой. 

Қазақшасы: 

Жасынан түсiп билеп сыр бермеген, 

Дəмеленсе, күндесе бiлдiрмеген. 

Нанасың не айтса да, амалың жоқ, 

Түсiнде бiр кəдiк жоқ алдар деген. 

Кейде паң, кейде көнгiш орныменен 




 

56

Кейде елеусiз, кейде ынтық формыменен, 



Кейде үндемей жүрсе де сөзге бояу, 

От жалындай жауапкер құрбыменен 

Ғашықтық  сөзге жүйрiк əсiресе, 

«Дем алысым, құмарым бiр сен» десе 

Жанын құрбан жолына қылған жансып, 

Көз қарауы құбылар əлденеше 

Кейде ұялшақ, төменшiк, кейде тiптiк, 

Қамыққансып, қайғырар орны келсе. 

Бұл  өлеңдi  ұйқасы  не  тармақтары  буын  саны  бiрдей  келмесе  де  дəл  емес  деуге 

болмайды. Мазмұны да, мазмұнды берудегi образ, сөз мəндерi дəлме-дəл. Сондықтан 

бiз  мұны  да  дəлме-дəл  аударма  деп  санаймыз.  Дəл  аударманың  осы  соңғы  түрiмен 

байланысты  айтылғанi «Қанжар», «Дұға», «Жолға  шықтым,  бiр  жым-жырт  түнде 

жалғыз», «Теректiң сыйы», «Өзiңе сенбе, жас ойшыл» тəрiздi ұйқас, буын сандарын 

сақтағанымен,  мазмұнын,  образдарын  бұлжытпай  дəл  беру  əдiсiменаударылған. 

Кейбiреулерiнде шумақ не бiрнеше жолдарын Абай аудармай кететiнi рас. Бiрақ ол-өз 

алдына  мəселе.  Бiздiң  бұл  жердегi  айтпағымыз-ақынның  неге  аудармағаны  емес, 

аударған  жерлерiн,  өлеңдерiн  қалай  аударғаны. «Онегиннiң  сипатынан»  келтiрiлген 

үзiндiнiң орысша, қазақшасын салыстыра оқыған адамға дəлдiгi айқын көрiнедi. Кмi 

аударса да, бұдан артық дəл, бұдан артық жан-ды етiп аудара алуы екi талай. Екiншi 

түрiерiктi  аударма.  Бұғанi «Онегиннiң  Татьянаға  жазған  хаты»,  Крыловтан  аударған 

кейбiр  мысал-дар  жəне  қара  сөздi  өлеңмен  аударған  «Вадим»  поэмасы.  Бұлардың 

негiзi ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзi, өз ұғынуынша əдемiлеп 

айтып  бередi.  Солардың  үлгiсiн  ғана  алып  өзiнше  жазады.  Бiрақ  жалпы  сарыны, iзi 

сақталынады.  Кейде  өз  жанынан  сурет,  баяндаулар  қосып,  кейбiр  жер-лерiне  мүлде 

тастап  кетедi.  Кейде  орыстың  ол  кездегi  жоғарғы  топтарының  өмiрiнде  аузына 

түспейтiн сөздердi де Абай Татьянаның аузынан шығарадыi 

Қаймақ едi көңiлiмде, 

Бiзге қаспақ болды жем 

Үкi сөз жоқ өмiрiмде, 

Мен де сорлы бақыты кем... 

«Евгений Онегин» романында қаспақ сөзiнiң жоғы былай тұрсын дворяндардың 

басына мүлде келмейтiн сөздер. Абай аудармаларының екiншi түрi-осы тəрiзде ерiктi 

аудармалар  өлеңдер.  Сонымен  қатар,  Абай  аудармаларының  жəне  бiр  үздiк 

ерекшелiгi-қандай  аудармашы  болсын,  өз  тiлiндегi  көркемдiк,  құндылығын,  құлаққа 




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау