алдын-ала болатын коммуникативті жағдаят туралы ақпарат (жеткілікті/жеткіліксіз), коммуниканттардың когнитивтік болжамдарының сəйкес келуі. Теріс жауап жағдайында көмекші коммуникативті тəсілдер қолданылады-ақпаратқа тура жəне жанама сұраныс жасау, кешірім сұрау, жол беру т.б.;
сөйлеушінің ұстанымы (симметриялық/ симметриялық емес, күшті/əлсіз). Әлсіз ұстаным жағдайында сөйлеуші өзін-өзі таныстыру тактикасы немесе (өзін) «жоғарлату ойыны» жəне (серіктесін) «беделін түсіру» сияқты коммуникативті тəсілдер қолданылады;
сөйлеуші мен тыңдаушы арасында қарым – қатынас типін орнату (кооперативті/қақтығыс). Құрылғылардың сəйкес келмеуі көңіл-күйді орнататын тактикаларды, өзін – өзі таныстыруды қолдануды талап етеді;
тілдік тактиканы жемісті таңдау шарты сөйлеудің қолдану аясында əлеуметті жəне мəдени тəуелділікті тудырады;
нақты жағдаяттарда іс-əрекеттің бірнеше нұсқасы енетін, сценарийге (фрейм) сүйенетін коммуникативті тəсілдер. Сценарий – белгі лі немесе белгілі бір қалыпты жағдаяттардағы стандартты бірізді əрекеттер болып табылады. Мысалы, «досыңмен кездейсоқ кездесу» жағдаятына сценарий келесі əрекеттің бірізділігін болжайды: таң қалу, қайта сұрау, бірнеше тақырыпты талқылау, жалпы мүдде, сəлем жолдау, қоштасу;
сөйлеушінің тактикалық міндеті жəне стратегиялық ой маркері тілдік құрал болып табылады. Тілдік тактика индикаторлары қызметі сөйлеу кезіндегі қорытындыға тəн белгі, бұл тілдік стратегиянының түрін анықтайды. Тілдік тактиканың маркері семантикалық деңгейде тілдік қатынасқа түскен кезеңнің, оқиғаны белгілеу кезеңінің, əрекет кезеңін, коммуникативтік жағдаяттың жəне қатысушылар арасындағы қарымқатынас кезеңінің ерекше белгісі болады.
Атап айтсақ, тілдік тактикада мақтау, жағымпаздық, асыра мадақтау – бұл адресат атына асыра мақтап көтермелеу болса, ал тактикада балағаттау, мазақ қылу – бұл адамды төмендету болып есептеледі. Сөйлеу əрекетіне түсетін адамның əлем туралы білімі тілдік тактиканы тануға жол ашады. Мысалы, кездейсоқ кездесу стандарттық қойылымға құрылады: қысқа амандасу, басқа мəселені қозғамай-ақ, бірден жұмыс барысын сұрау. Лексикалық деңгейде тілдік əсер етуі сөздің стилистикалық параметрі (мысалы, мақұлық, есуас) сөйлеушінің белгілі бір құндылықтарын куəландыратын жəне тыңдаушының құрылғыларына əсер етін «қанағаттанарлық/қанағаттанарлық», «қолданылмайтын/қолданылатын» емес болып құрылады. Тактиканы анықтау бағалауда асыра сілтеушілік, максимализм істің жалпы жағдайын көрсететін көрсеткіші болып табылады. Мұндай жағдайдағы əдетте қолданылатын типтік сөйлемдер мынадай: Ылғы осы; Жылайсың да жатасың, мен саған жүз рет айттым, бұл мазақтау, даттау, араздасу, жанжалдасу конфронтациялық тілдік тактикалардың белгілері болып табылады.
|
|
|
Қазақ тіліндегі етіс формаларының функ. Сематикалық ерекшеліктері
|
Қазақ тіліндегі етіс категориясы шақ пен сан категориялары сияқты өзіндік мағынаға ие болады. Осыған байланысты етістің анықтауы мағыналық жақтарымен сипатталады.
Шындығында, етіс аффикстердің функциясы, ең алдымен, олардың жаңа мағыналы сөз, немесе сөз түрін жасайтындығына байланысты анықталады. Мысалы, тілші-ғалым Қинаят Шаяхметұлы қалыптасқан негіздердің одан әрі нақтылы категорияларға орнығуы – екінші кезектегі үдеріс деп түсіндіреді [89, 36 б.].
Жалпы алғанда, етіс мағынасының сипаттамасына субъект пен объектінің арасындағы қарым-қатынастығы енеді: субъект – іс-әрекетті жасаушысы болса, объект іс-әрекетке тап болып, қимылдың бағытын көрсетеді, бұл жайт – етістің анықтамасынан шығатыны, сөзсіз. Етіске қатысты кейбір деректемелерге көз салсақ, мәселен орыс тілі грамматикасында ырықсыз етіс пен негізгі етістің арасында ешқандай мағыналық айырмашылық жоқ деген пікір қалыптасып, етістер болмыстың бір ғана қатынастығын көрсететін категория деп көрсетілген [90, 345 б.].
Етістің әртүрлі формалары, әртүрлі сөйлем құрылымдарында қолданылатындықтан, бұл – етістікке тән, етіс категориясын, етістіктің басқа категорияларынан айырмашылығы бар. Басқа сөзбен айтқанда, етістіктің морфологиялық категорияларына қарағанда, етіс категориясы сөйлем синтаксисімен тығыз байланыста болады.
Ойымызды нақтылау үшін, қазақ тіліндегі етіс формасының қатысуымен жасалған сөйлемдер жүйесін көркем шығарма тілінен көрсетуді жөн көрдік, мысалы: «Босағада жатқан қызыл ит тастақтағы аттың тықырын естіп, үре бастады» [81, 166 б.] – негізгі етісті хабарлы сөйлем.
|
Достарыңызбен бөлісу: |