3.3. Педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс әрекетінің қызметтері.
Жобалау іс әрекетіндегі негізгі ұстанымдары деп зерттеушілік, аналитикалық, болжам жасау, қайта өңдеу, нормаға келтіретін принциптерді атайды.Сонымен қоса жобалауға білімді болжау негізінде практика үшін тиімді нәтижені беретін ұлттық және құрушы ұстанымдарға сәйкес келеді.
1-кесте. Педагогикалық жобалардың түрлері.
Қазіргі білім беру саласында жобалаудың нәтижесі мен мақсатқа бағытталғаны және объектісіне байланысты негізгі үш түрі белсенді даму үстінде(1-кесте):
Әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе әлеуметтік мәселелерді педагогикалық құралдармен шешуге бағытталған әлеуметтік – педагогикалық жобалау,
Мақсаты, білім беру үдерісінің шеңберінде тұлғааралық қарым – қаитынасты және адамды қайта жасау болатын, психология-педагогикалық жобалау.
Институттар мен білім беру жүйесін инавациялық өзгерту мен білім берудің сапасын жобалауға бағытталған білім берушілік жобалар.
Алғашқы кездерде әлеуметтік–педагогикалық жобалар, педагогикалық өзара әрекет барысында, балалар мен үлкендердің күнделікті өмірде кездесетін, қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге тырысуымен көрініс тапқан. Қазіргі таңдағы оның негізгі функциясы адамның әлеуметтенуіне, қалыптасуына, дамуына әсер ететін, сыртқы факторлар мен жағдайларды айқындау және өзгерту негізіндегі қоршаған ортаны түзету болып табылыды. Жиі әлеуметтік педагогикалық жобалар, педагогикалық процестердің потенциялдық мүмкіндігін өзгертуге, мүмкіндік беретін жетекші білім беру жүйесін ұйымдастыруға негіз болады.
Білім берушілік жобалар шеңберінде,тоұтас мемлекет және бөлен аймақтардағы білім беруді дамытудың жобалары жасалады. Білім беруді басқару оргондарының реформалары және оларды қадағалайтын ұйымдармен, білім беру ұйымдарының құрылу жобалары жасалады.Барлық деңгейде білім берудің мазмұны мен білім беру стандарты қалыптасады
Психологиялық-педагогикалық жобалар,тұлға және тұлғааралық қатынасты қайтажасаумен байланысты, мотивация, ақпаратты қабылдау,білімді меңгеру, іс-әрекетте қатысу, қарым-қатынастан шығатын процестердің үлгісін құруды қарастырады. Психологиялық-педагогикалық жобалау, негізінде тиімді оқыту мен тәрбиелеудің шарты, педагогикалық технологиялар; оқушылар мен оқытушылардың өзара әрекеттесулерінің формасы, тұлғаның өзін жобалау амалы ретінде педагогикалық процесті қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |