Қорытынды. Шешімдер мен ұсыныстар.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, төмендегідей шешім қабылдау керек:
Ата-аналармен бірлескен жұмысты бастау, өйткені ата-аналардың орны ерекше және таңдау да ата-аналарда;
Мұғалімнің құзіреттілігін арттыру; Университет базасында дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастыру. Нәтижесінде, аудан, қала, облыс депутаттары мен ҚР Мәжіліс және Сенат депутаттарына хат жолдау; Мәселе – мұғалім мамандығының құзіреттілігінің төмендігінде, демек, жеңілдіктердің қаралмауы (газ, электр жарығы және жылу төлемдері); физикалық және психикалық жүктемені қажет ететін жұмыс, төмен жалақыны атап өтуге болады.
Облыс әкімі мен Мәжіліс депутаттарына білім қызметіндегі педагогикалық мамандықтардың ережесіне қатысты хат дайындау; Егер бүгін болмаса, алдағы уақытта мұғалімдік кадрларға сұраныс жоғары болуы мүмкін. Мұғалім мамандығына мезгілсіз таңдау әдістемесін өткеннен кейін түлектер мектепке жұмыс істеуге барады;
Облыс мұғалімдерінің кадрлық құрамына сараптама жүргізу. Бүгінгі таңда 050118 Орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарында І курста – 1 адам, ІІ курста – 12; ІІІ курста – 12, IV курста – 16 адам білім алуда. Күтілетін нәтиже, болжау;
Кафедра жетекшілеріне магистрлік және докторлық диссертациялардың тақырыбын нақтылау: мұғалім мамандығын таңдаудың артуы (шешілу жолдары);
Колледж түлектері мен кәсіптік лицей түлектерінің білім деңгейін Облыстық білім беру басқармасының назарына алу;
Жеделдетілген оқу түрі бойынша грантқа түскен мектеп мұғалімдерін Облыстық білім беру басқармасы тарапынан марапаттауға ұсыну;
Болашақ І курс контингентін қалыптастыру мақсатында факультеттерде қабылдау комиссиясын құру. Таңдалған компанияның әдістемесі бойынша жұмыстану – (әлеуметтік зерттеулер, есіктен есікке, телефон арқылы әрбір талапкермен жұмыс);
2009 жылдың 1 қазанынан бастап университетте қабылдау комиссиясын құру. Оның құрамына:
- жоғары оқу орнына дейінгі бөлім жетекшісі (жауапты хатшы);
- ПЕНТ директоры (кейбір жоғары оқу орындарында ол жауапты хатшы да болуы мүмкін);
- белгілі бір бағытта жол сілтейтін проректор;
- мамандар даярлайтын декандар.
Кешенді тестілеу кезіндегі кезекші оқытушылардың ақпарат жинағын дайындау және белгіленген жұмысқа деген жауапкершілікті сездіру;
Университеттің қабылдау комиссиясының міндеттеріне мыналар кіреді: талапкерлерді мамандыққа байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету, жаңа ережелерді түсіндіру, сонымен қатар мамандарды даярлауда жоғары оқу орнының артықшылығын көрсету. Факультеттің қабылдау комиссиясы университеттің жауапты хатшысымен тығыз байланыста болуы керек.
Сонымен қатар университеттің жауапты хатшысының бір орынбасары техникалық хатшылықты басқаруы қажет. Техникалық хатшылық – бұл техникалық жұмысты атқаратын сауатты зертханашылардан құралған топ. Құжаттарды қабылдау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, құжаттың уақытылы берілуі, әңгімелесу кезіндегі хаттамаларды дайындау, тіркеу, нострификацияға құжаттарды дайындау сияқты жұмыстар техникалық хатшының міндеті болып табылады. Техникалық хатшылықта оқытушының болуы қиындық туғызуы мүмкін, өйткені оқытушы 1 қыркүйекте сабақ береді. Ал, бұл оқытушының сабағының сапалы өтуіне кедергі келтіруі әбден мүмкін.
Сол себептен, 2009 жылдың қабылдау комиссиясы жұмыс жасаған әдістемені түбегейлі өзгерту қажет. Қолданылған әдістеме облыс және қала мектептері талапкерлерінің университетке оқуға түсу туралы ақпарат жинауын қажетті деңгейде өткен жоқ.
Мектептердің кафедраларға бөлінуі нақты нәтиже берген жоқ. Бұның себебі кафедра бұл жұмысты оқытушыларға жүктеп қойып және үгіт-насихат жұмыстарын соңына дейін жеткізбеуі болып отыр. Кафедраның және университеттің әрбір оқытушысының жаңа қабылдауға деген көзқарасын өзгерту қажет. №12 кестенің көрсетілуі.
Барлық жұмысты алғаш рет жасау және 8 нұсқаулықтан тұратын құжатты жатқа білу – осының барлығы маңызды рөл атқарды. ҚР БжҒМ үнемі уақытылы орындауды қажет ететін қосымша шұғыл бұйрықтар келіп отырды. Бірақ бұл жауапты хатшыдан жауапкершілікті алып тастамайды.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Қабылдау комиссиясының
жауапты хатшысы Т.М.Даришева
Қаулы
1. Университет пен факультеттерде қабылдау комиссиясын құру
Орындалу мерзімі: 1 қазан, 2009 жыл.
Жауапты: ОӘІ жөніндегі проректор.
2. 2010 жылғы қабылдау туралы ақпаратты жоғарыда көрсетілген ұсыныстармен 2010 жылдың наурыз айында Ғылыми Кеңесте ұсыну.
Орындалу мерзімі: 1 наурыз, 2010 жыл.
Жауапты: Жоғары оқу орнына дейінгі
бөлімнің жетекшісі
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ПОҚ 2008-2009 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ РЕЙТИНГІЛІК ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Жоғарғы оқу орнының оқытушылық корпусының қызметін рейтингілік бағалау, қызметкерлердің ғылыми-педагогикалық еңбегі нәтижелілігінің мониторингісін қамтамасыз ететін қажетті жағдай. Оның қызмет етуі сыртқы және ішкі нормативті құжаттармен анықталған.
Біздің жоғарғы оқу орынымызда бес жыл бойы ПОҚ және құрылым бөлімшелерінің рейтингісі жүзеге асырылуда. 2008-2009 жылдың қорытындысы бойынша рейтингілік бағалаудың өткізілуі университеттің Ғылыми кеңесінің 10.06.2008 жылғы №13 хаттамасында бекітілген Ережеге сәйкес өткізілді. Қызметті бағалау бойынша индикаторлар Ғылыми кеңестің 2009 ж. 26.01. №5 хаттамасында бекітілді. Аталған құжаттардың барлығы университет сайтында орналастырылды http://www.wksu.kz/.
Ғылыми-педагогикалық қызмет түріне алғаш рет өту деңгейі белгіленіп енгізілгенін атап өту керек. Оқу-әдістемелік жұмыстың белгіленген өту деңгейі 100 балды құрады, ғылыми-зерттеу – 45 балл, тәрбие және қоғамдық – 100 балл. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның қызметіне қойылатын талаптарды анағұрлым жоғарлатты.
1 – сурет. Қызметтің әрбір түрлері бойынша белгіленген деңгейден өткен оқытушылар саны (бағананың соңғы бөлігі)
2008-2009 оқу жылының жұмысының қорытындысы бойынша барлық статистикалық есепті 17 кафедраның өкілі болып табылатын, университеттің 176 оқытушысы тапсырды. Яғни кафедралардың тек қана 65% және штаттық оқытушылардың 36,5% ранжылауға қатысты.
Оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу, тәрбие және қоғамдық бөлімдері бойынша ПОҚ жұмыстарының қорытындысы 1-суретте ұсынылған. Оқу-әдістемелік жұмыс бөлімі бойынша ПОҚ 176-дан тек қана 25 оқытушы 100 балдық деңгейден өтті, ал 151 адам тиісті маңызға жете алмады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бөлімі бойынша 29 оқытушы 45 баллдық деңгейден өтті, ал 147 осыған жете алмады. Тәрбие және қоғамдық жұмыстарының бөлімі бойынша бұл сәйкестік 48/128 құрайды.
2-суретте қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша нөлдік бағалары бар оқытушылар санын көрсететін диаграмма ұсынылған.
2-сурет. Ғылыми-педагогикалық қызмет түрлері бойынша нөлдік бағалары бар оқытушылар үлесі (%)
Бекітілген индикаторлар бойынша ешбір нәтижеге жетпеген ПОҚ көп бөлігі ҒЗЖ – 70 адам, ОӘЖ жұмыстары бойынша – 14, Т және ОЖ - 34. Яғни қызметтің тиісті түрінің бірде - бір индикаторы бойынша жұмыс жүргізілмеген. Көрсетілген деректерді 2007-2008 оқу жылының қорытындысымен салыстыру кезінде бекітілген индикаторлар тізбесімен нөлдік бағасы бар ПОҚ санының төмендеуін байқауға болады (3-сурет).
2007-2008 оқу жылында ОӘЖ бойынша нөлдік бағалары бар ПОҚ үлесі 18% құраса, 2008-2009 оқу жылында 8% дейін төмендеді. ҒЗЖ бойынша төмендеу дәрежесі 69,9% дан 39,8% дейін болды. Сонымен қатар осы көрсеткіш әлі де болсын жоғары болып отыр.
3-сурет. ПОҚ соңғы екі оқу жылындағы қызмет түрлері бойынша нөлдік бағасы бар ПОҚ саны
Қызмет түрлері бойынша нәтиженің талдауы көрсеткендей, өз шешімін күтіп отырған мәселелер әлі де болсын бар.
Оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімінде оқытушылар бонусқа ие бола алатын 8 пункт ескерілген, олар оқулықтарды, оқу, соның ішінде электронды құралдарын дайындау. Видео-дәрістерді дайындау, шеберлік-класстарын өткізу, дипломдық жұмыстарды басшылыққа алу, құралдарды дайындау және оларды ҚОЖ «Платон» орналастыру. Бірақ та салыстырмалы талдау растағандай, қызметтің барлық түрлері бойынша өсу байқалмайды (4-сурет). Оқытушылармен дайындалған электронды оқулықтар саны университетте көбейді. Олардың саны 2008-2009 оқу жылында 2,5 есеге өсті. Сонымен қатар 2007-2008 оқу жылымен салыстырғанда ҚОЖ «Платон» орналастырған оқулықтар және оқу құралдарының саны 6,5 есеге азайды.
4-сурет. «Оқу әдістемелік жұмыс» тарауы бойынша жеке көрсеткіштер динамикасы
Ескере кететін жағдай, «ОӘЖ» тарауы бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгендер саны артып отыр: Мұханбетжанова Ә.М. – 580 балл, Жүсіпқалиева Ғ.Х. – 509.5 балл, Қыдыршаев А.С. – 420 балл, Мұханбетова Ш.Е – 419.5 балл, Сырым Ж.С. – 354 балл. Дегенменде, 5-суреттегі гистограммадан бекітілген индикаторлар аясында жұмыс атқарған ПОҚ саны төмендегенін көруімізге болады.
5-сурет. ОҚЖ тарауы үшін жинаған балл саны бойынша ПОҚ-ты бөлу
Сонымен, 501-; 600 диапазонындағы балды оқытушылардың 1,1%-ы, 401-500 диапазонындағы баллды 1,1%-ы, 301-400 диапазонындағы балды оқытушылардың – 0,59%-ы иеленіп отыр. Дәл осы деңгей боынша 100 балды жалпы ПОҚ санының 14,2%-ы басымдылық танытып отыр.
Ғылыми – зерттеу жұмыс тарауы бойынша жинаған балл көрсеткіштері 6- суретте көрсетілген.
6-сурет. ҒЗЖ үшін жинаған балл саны бойынша ПОҚ-ты бөлу
Алынған мәліметтер 45 балдық деңгейде 29 оқытушы басымдылық танытып отырғанын көрсетіп отыр. Қызметтің осы түрі бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгендер: Рысбеков Т.З. – 575 балл, Қыдыршаев А.С. – 478,5 балл, Щербанов Н.М. – 416 балл, Мұханбетжанова А.М. – 376 балл, Мергалиева Л.И. – 345 балл. М. Өтемісов атындағы БҚМУ Ғылыми кеңесінде ҒЗЖ бойынша 10 индикатор бекітілген болатын, ал көптеген оқытушылар 83,5%, үшін ол орындалмай отыр. Бекітілген деңгейді жоғары деп есептеуге болмайды. Жақын шет елдерде бір мақаланың жарық көруі 25 баллмен бағаланса, ал алыс шет елдерде бұл 50 баллмен бағалануда.
Тәрбие жұмысы жоо-дағы оқытушы қызметінің маңызды бөлімі болып табылады. 2008-2009 оқу жылында бұл жағдай 7 балдық индикатор бойынша бағаланды. 7 - суретте жұмыстың осы түрі бойынша оқытушылардың жинаған балын бөлу жөнінде куәландыратын гистограмма ұсынылған. Осы бағыт бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқытушылар: Рысбеков Т.З. – 512 балл , Испулова Р.Н. – 451 балл, Антонов Н.А. – 448 балл , Мұханбетжанова А.М. – 444 балл, Нағымова М.М. – 430 балл. Алайда, нәтижелер куәландырып отырғандай берілген тапсырамаларды тек 48 оқытушы толық орындап отыр.
7-сурет. О ж ТЖ үшін жинаған балл саны бойынша ПОҚ-ты бөлу
Жұмыстың осы бағыты бойынша статистикалық есептілікті тексеру кезінде кейбір оқытушылар өз қызметінің әр түрін көрсетіп отыр, алайда бұл жағдай бекітілген индикаторларда қарастырылмағаны анықталды. Айта кететін болсақ: «Информатика» кафедрасының оқытушылары: Булатова А.К., Сафуллина У.Н. «Жалпы тілбілімі, орыс филологиясы және аударма» кафедрасының оқытушысы, Донскова Г.А. «Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушысы Нұғманова Б.Н. кураторлықты көрсете отырып және сәйкесінше балды жазады.
Индикатор тізіміне кірмейтін статистикалық есептілікті кейбір оқытушылар осы жұмыстың түрі ретінде санап, өздеріне балл қосып алуда. Мысалы: индикаторлар тізбесіне кәсіптік бағдар қызметі кірмейді, бірақ та оқытушылар осы жұмыс түрін статистикалық есепке кіргізіп өздеріне балл қосуда. Мысалы: «Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушылары Сейтимов А.Г., Нағымова М.М; «Музыкалық білім беру» кафедрасының оқытушысы Абуова Р.С. «Театр-хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасының оқытушылары және т.б.
Алайда кейбір оқытушылар өз есептерінде индикатор тізімінде жоқ балды қосып есептегенде, бекітілген индикаторлардағы минус белгісін неліктен байқамайды. Айталық, «Тәрбие және қоғамдық жұмыс» тарауы бойынша индикатор тізімінде «Әкімшілік жаза» П 48 пункті бар. Жылдың аяғында кадр бөлімі осы мәліметтерді барлық оқытушыларға ұсынады. Сондықтан да статистикалық есептілікті тексеру барысында осы мәліметтермен салыстыру жүргізіледі. Салыстыру барысында әкімшілік жазаның бар екенін барлық оқытушылардың көрсетпегені анықталып отыр. Айта кететін болсақ 176 оқытушының 20-да сөгіс болған, алайда тек үш оқытушы ғана өздерінің есептерінде көрсеткен, ал 17 адам яғни 85%, «ұмытып кеткен».
Кафедралардағы статистикалық есептерді рәсімдеу формальды түрде екенін ескере кеткен жөн. Әр түрлі себептер тауып бүгінгі уақытқа дейін компьютермен жұмыс жасауға ұмтылмай және статистикалық есепті қолжазба нұсқасында дайындайтын оқытушылары бар университет кафедрасы жұмыс жасауда. Яғни бұл «Жалпы тіл білімі, орыс филологиясы және аударма» кафедрасы. Кейбір кафедралардың меңгерушілері статистикалық есептердің деректерін растайтын құжаттармен салыстырмайды, сондықтан да тексеру барысында дәлелденбеген деректерді сызып тастауға мәжбүрміз. Бұл жұмысты күрделендіріп, қиындата түседі.
Университет құрылымдық бөлімшелерінің рейтингісі (кафедралардың, институттардың) салыстырмалы принцип арқылы жүзеге асты. Яғни, кафедра оқытушыларымен жинаған балдардың саны, штаттық кестеде көрсетілген ПОҚ мағынасына бөлінді. Рангілік қорытындысы 1 кестеде көрсетілген.
1-кесте
Университет кафедраларының рейтингісі
Орын
|
Балдар
|
Кафедра
|
1
|
211,7
|
Дене тәрбиесі
|
2
|
162,2
|
Педагогика және психология
|
3
|
122,6
|
Физика және математика
|
4
|
117,7
|
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
|
5
|
115,6
|
Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру
|
6
|
88,5
|
Экономикалық теория және бизнес
|
7
|
72,9
|
Жалпы тіл білімі, орыс филологиясы және аударма
|
8
|
72,5
|
Театрлык-хореографиялық өнер және кітапханатану
|
9
|
70,3
|
Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы
|
10
|
69
|
ҚР Тарихы
|
11
|
60,4
|
Информатика
|
12
|
58,0
|
Қазақ тілінің практикалық курсы және құжаттану
|
13
|
57,4
|
Жалпы педагогика және бастауыш оқыту
|
14
|
48,6
|
География
|
15
|
43,7
|
Есеп және қаржы
|
16
|
41,7
|
Вокал және аспаптық өнер
|
17
|
35,7
|
Музыкалық білім беру
|
Кафедраның қорытындысы тек қана кейбір оқытушылардың жинаған балдарының қосындысына тәуелді болған жоқ, сонымен қатар рейтингке қатысқан оқытушылардың санына да тәуелді болды. Рейтингілік кестенің төменгі бөлігінде келесі кафедралар орналасты : «Музыкалық білім беру», «Вокал және аспаптық өнер», «Есеп және қаржы», «География». Ал кестенің жоғарғы бөлігінде – «Дене тәрбиесі», «Педагогика және психология», «Физика және математика» кафедралары. «География» кафедрасында рейтингте штаттық кестесінен ПОҚ 17% қатысты, «Музыкалық білім беру» кафедрасы бойынша - 12,8%. Сол кезде «Дене тәрбиесі» кафедрасы бойынша - 65%, «Педагогика және психология» - 60%. Осындай қорытынды кафедраларда қалыптасқан қызметкерлерді басқару жүйесінің де бейнесі болып табылады. Өз бөлімшесінің мүддесін қорғай алатын және өз құрылымының имиджі үшін күресетін меңгерушілері бар кафедраларда рейтингке қатысқан ПОҚ саны да және олардың жинаған балдары да жоғары. Осыған ұқсас принцип институттардың рейтингісінде де қолданылды (2 - кесте). Бірінші орынға педагогикалық институт ие болды, екінші - мәдениет және өнер институты, үшінші орында экономика және басқару институты. Институттардың осындай бөлінуі екінші жыл қатарынан байқалғанын ескере кеткен жөн.
2-кесте
М. Өтемісов атындағы БҚМУ институттарының рейтингісі
Орын
|
Баллдар
|
Институт
|
1
|
57,5
|
Педагогикалық институт
|
2
|
39,4
|
Мәдениет және өнер институты
|
3
|
33,3
|
Экономика және басқару институты
|
2008-2009 оқу жылында SWOT-талдамасы призмасы арқылы өткен біздің университет қызметінің қорытындысын бағалау мықты, әлсіз жақтарымыз бен мүмкіндіктер мен қауіптерді анықтауға мүмкіндік берді.
Мықты жақтар:
университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелер қызметін рейтингілік бағалау жүйесінің болуы;
оның қызмет етуінің көп жылдық тәжірибесі;
жоғары рейтингтік маңызы бар оқытушыларға материалдық қолдау көрсету;
Әлсіз жақтар:
ПОҚ және құрылым бөлімшелері жетекшілерін орташа мотивациялау;
ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылардың пайыздық деңгейінің аздығы;
құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің қызметкерлерді басқару деңгейінің төмендігі;
объектілерің қызметін рейтингтік бағалаудағы педанттық және пунктуалдық деңгейінің жеткіліксіздігі;
Мүмкіндіктер:
университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелерінің 100% ранжылаудан өткізуді қамтамасыз ету;
университеттің әр оқытушысының персоналдық деңгейін анықтау;
ПОҚ-тың кәсіби өсу динамикасын анықтау;
ғылыми-педагогикалық қызметтің негіздемесін арттыру;
Қауіптер:
рейтингке қатысатын университеттің ПОҚ және құрылымдар санының азаюы;
ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік, тәрбие және қоғамдық қызметтің деңгейінің төмендеуі;
басқару шешімдерін қабылдаудың негіздемесінің төмендеуі;
кадр тұрақтамаушылығы;
кәсіби шеберліктің (құзіреттіліктің) төмендеуі.
Сонымен 2008-2009 оқу жылының университеттің ПОҚ және құрылымдық бөлімшелерінің рейтинг қорытындысы бойынша төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
қызметті рейтингтік бағалауға қатысатын ПОҚ және құрылымдық бөлімшелер санының азаюы;
белгіленген деңгейден өткен оқытушылардың саны - 30% төмен;
жұмыс тиімділігінің төменгі деңгейі ғылыми-зерттеу жұмыс тарауында, нөлдік баға алған ПОҚ саны - 39,8% құрайды;
университетте жүйелі түрде ғылыми-педагогикалық қызметтің жоғарғы деңгейін көрсететін профессор-оқытушылардың негізгі өзегі қалыптасты.
Ұсыныстар:
Қызмет бағасының рейтингтік субъектілерінің мотивациясын арттыру:
жүктеме көлемін өзгерту (көбейту/төмендету)
марапаттауға/жазалауға ұсыну
пролонгациялау/келісімшартты бұзу
үстеме деңгейін жоғарылату
және тағы басқалары
Достарыңызбен бөлісу: |