Ғылыми кеңесі



жүктеу 1,27 Mb.
бет5/6
Дата21.02.2018
өлшемі1,27 Mb.
#10366
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6

Қорытынды: қазан айынан бастап шығармашылық мамандықтарда оқитын студенттермен жекелеген жұмыстар жүргізу және 2 пән бойынша: тіл және ҚР тарихынан жоғары балл жинауын қадағалау.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдаудың жүзеге асуы
Республика бойынша педагогикалық мамандықтарға 7755 білім гранты бөлінді, оның ішінде 875-і сырттай оқу түріне. 2009 жылдың 13 шілдесіндегі №336 бұйрығына сай педагогикалық мамандықтарға 6330 грант бөлінді, 2536-сы квоталандырылды, жалпы конкурсқа 3794 грант жарияланды.

БҚМУ ТҚО-сынан білім гранты конкурсына – 2074 өтініш келіп түсті, оның ішінде 41-і Алтын Белгі иегерлері. Білім гранты конкурсына қатысқан 2074 өтініштен 794 талапкер грантқа ие болды;


2 кесте




Дайындық бағыты

Конкурсқа келіп түскен өтініштер саны

Конкурс қорытындысы бойынша Базалық оқу орнына берілген грант саны

БҚМУ гранттарының саны

1

Білім

699

277

230

2

Гуманитарлық ғылымдар

54

16

4

3

Құқық

90

20

0

4

Өнер

78

23

23

5

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

127

67

1

6

Жаратылыстану ғылымдары

38

45

17

7

Техникалық ғылымдар және технология

104

76

4

8

Ауылшаруашылық ғылымдары

11

80

0

9

Қызмет көрсету

101

14

10

10

Медицина

772

176

0

Жалпы саны

2074

794

289

41 Алтын Белгі иегерлерінен тек қана 1-уі педагогикалық мамандықты 050109 математика (Е.Стульников) таңдады. Қалған 40-ы – құқық, бизнес, әлеуметтік, жаратылыстану, техникалық ғылымдарды және медицинаны таңдады. Ал өнер, ауылшаруашылық ғылымдары мен қызмет көрсету бағыттарын 40 Алтын Белгі иегерлерінің бірі де таңдаған жоқ.



Жыл сайын білім гранты конкурсына көптеген талапкерлер қатысады:
3 кесте
Білім гранты конкурсына қатысушылар туралы сандық мәлімет


4 кесте


БҚМУ грантын иеленгендер туралы сандық мәлімет




Жылдар

Конкурсқа қатысушылардың саны

БҚМУ грантын иеленгендер туралы сандық мәлімет

1

2005 жыл

1851 талапкер

535 грант

2

2006 жыл

1756 талапкер

570 грант

3

2007 жыл

2284 талапкер

423 грант

4

2008 жыл

1749 талапкер

535 грант

5

2009 жыл

2074 талапкер

289 грант



2006 жылғы қабылдау комиссиясының есебінде БҚМУ 423 грантты иеленген деп көрсетілген. Гранттың көп мөлшері төмендегі мамандықтарда:

050119 Шет тілдері;

050117 Қазақ тілі мен әдебиеті;

050110 Физика;

050107 Бейнелеу өнері және сызу;

050106 Музыкалық білім;

050108 Дене тәрбиесі және спорт;

050906 Мәдени-демалыс жұмысы;


Грант аз бөлінген мамандықтар:

050102 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

050609 География;

050115 Құқық және экономика негіздері;

050112 Химия;

050506 Экономика.


2008 жылы гранттың көбі қазақ бөлімдеріне бөлінді:

050114 Тарих – 33;

050117 Қазақ тілі мен әдебиеті - 31;

050115 Құқық және экономика негіздері - 27;

050112 Химия;

050119 Математика – 17;

050111 Информатика – 17;

050103 Педагогика және психология – 15;

050107 Бейнелеу өнері және сызу – 17.
2009 жылы барлық мамандықтар бойынша гранттың өсуі байқалмады:

050109 Математика – 16;

050116 Информатика – 16;

050117 Қазақ тілі мен әдебиеті – 17;

050114 Тарих – 8.

Өнер мамандықтары – 24, экономика мамандықтары – 0.



Қорытынды: Білім гранты конкурсына қатысушылардың саны университеттің грант санының артуына септігін тигізбейді. Конкурсқа түсетін талапкерлер құрамының сапалылығына баса назар аудару керек.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне талапкерлерді қабылдауға байланысты жұмыстарды өткізу және ұйымдастыру
Жыл сайын барлық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау білім гранты мен талапкердің өз қаржысынан төлеуі арқылы жүзеге асады. Кестеден көріп тұрғанымыздай, жыл сайын грантты алумен қатар, ақылы негіздегі оқуға қабылдану да азайып барады. Бұдан қабылдаудың төмендігін байқаймыз.
5 кесте
Конкурстың қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түскендердің сандық құрамы


Жыл

Конкурсқа қатысушылардың саны

Грант

Ақылы

Барлығы

2006

2601

570

1186

1756

2007

2284

423

1493

1916

2008

1749

533

952

1485

2009

2074

289

912

1201

6 кесте



Талапкерлердің мамандықты таңдау сараптамасы көрсеткендей, 2074 талапкердің 1210-ы 1 және 2 мамандықтарын біздің университеттегі мамандықтармен байланыстарған. Олардың ішінде 289-ы білім гранты иегерлері атанды.

Сонымен қатар білім грантын алу деңгейінің төмендеуінің де себептерін атап өтпеуге болмайды:



  1. Техникалық және медициналық мамандықтарға гранттың күрт өсуі;

  2. Жүйесіз арнайы квоталардың бөлінуінің салдарынан педагогикалық мамандықтарға белгіленген балдық деңгейдің күрт өсуі көрінеді. Мысалы, 050102 бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына жалпы конкурс бойынша 300 грант бөлінген. Квоталандыру нәтижесінде қазақ бөліміне барлығы 17 грант және орыс бөліміне 15 грант қалды. 050103 педагогика және психология мамандығына 300 грант бөлінген. Квоталандыру нәтижесінде жалпы конкурсқа 285 орын берілді. Қазақ бөліміне барлығы жалпы конкурс бойынша 7 грант және орыс бөліміне 8 грант қалды.

№7 квоталандыру кестесінің көрсетілімі (қосымшада).



  1. Талапкерлер арасында педагог мамандығын таңдау азайып бара жатыр. 41 Алтын Белгі иегерлерінің біреуі ғана (Е.Стульников, №6ЖОББМ) математика пәнінің мұғалімі мамандығын таңдады. Ал қалғандарының барлығы құқық, бизнес, техникалық және жаратылыстану ғылымдарын таңдады. 90 және одан да жоғары балл жинаған талапкерлер техникалық, жаратылыстану ғылымдарын, құқық және бизнес мамандықтарын астаналық жоғары оқу орындарын таңдауына байланысты БҚМУ-да грант санының төмендеуі орын алды. Ерекше атап өтетін жағдай, облыс және қала мектептерінің оқушылары 4-ші таңдау пәнін жыл сайын өзгертіп отырады. Осы жылы талапкерлердің 60%-ы физика, биология, үшінші орында география, кейін ағылшын тілі мен жалпы тарих және соңғы орында орыс әдебиеті мамандығын таңдады.

8 кесте
2009 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасындағы таңдау пәндерінің сәйкестігі




Таңдалған 4-ші пән

Өтініш тапсырған талапкерлердің саны

%

1

Физика

364

26,86%

2

Биология

303

22,36%

3

География

297

21,92%

4

Шет тілі

213

15,72%

5

Жалпы тарих

102

7,53%

6

Химия

63

4,65%

7

Әдебиет

13

0,96%




Жалпы

1355



Біздің университетімізде 2009 жылдың маусым айында ұлттық бірыңғай тестілеуді облыс және қала мектептерінің 1355 оқушысы өтті.

Конкурсқа келіп түскен 2074 өтініштің сараптамасы көрсеткендей, 999 талапкер 4-ші таңдау мамандығын ең алдымен 1-ші болып білім саласындағы мамандықты таңдаған. 999 талапкердің балдық сапасының сараптамасы көрсеткендей, олардың балы 45-тен бастап 78 аралығында, осыдан мұғалім мамандығына үміткер талапкерлердің құрамы әлсіз екенін байқаймыз.

Біздің жүргізген сараптамамызға байланысты біздің университетке түскен грант иегерлерінің таңдауы төмендегідей:



9 кесте

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тапсырғандардың сандық және сапалық көрсеткіші


Шифр

Мамандық

Тапсырылатын пән

БҚМУ мамандығын

1 және 2 деп таңдаған талапкерлер

Грант конкурсының қорытындысы

БҚМУ мамандығын

3 және 4 деп таңдаған талапкерлер

қ/б

о/б

қ/б

о/б

қ/б

о/б

050102

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Биология

16

5

0

0

7

1

050103

Педагогика және психология

Биология

44

15

2

1

2

1

050117

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ әдебиеті

78

-

9

-

8

-

050418

Кітапханатану және библиография

Қазақ әдебиеті

15

2

2

2

8

0

050114

Тарих

Жалпы тарих

69

23

1

0

7

3

Кестеде көрсетілгендей мамандыққа өтініш тапсырумен қатар талапкерлердің балы жалпы конкурсқа лайық болуы тиіс.

Барлық мамандықтарда төмендегідей көріністі көруге болады. Бірақ 050109 математика мамандығын о/б таңдаған 7 талапкердің 7-і де, ал қазақ бөліміне 16-ның 11-і түсті.

Қорытынды: талапкерлердің мамандық таңдауда санына емес, сапасына көңіл аудару қажет.

Экономикалық мамандықты таңдау ерекше орын алып отыр. Бұл мамандықтар әрқашан сұранысқа ие және бұл мамандыққа ақылы бөлімге болса да оқуға келеді. Алайда, бұл принцип осы жылы жүзеге аспады. Бұрынғы жылдарға қарағанда, биыл экономика мамандығына бірде-бір грант жоқ.




Сырттай бөлімге қабылдау жұмысын ұйымдастыру
Жыл сайын сырттай бөлімге қабылдау жүргізіледі. Негізінен, сырттай бөлімге колледж түлектері және кейбір жағдайда жалпы орта білім беретін мектепті бітірген талапкерлер келеді. Екінші жоғары білім алушыларға қабылдау қарқынды жүргізіліп келеді. Негізінен, бірінші орында 050301 заң мамандығы тұр – 75 адам.

Егер колледжбен жұмысты қарқынды жүргізетін болсақ, онда тек ақылы бөлімге ғана емес, сонымен қатар білім гранты арқылы оқуды да соның ішінде жеделдетілген оқу бөлімінің түрін жүзеге асыруға болады.

Колледж түлектерінің білім гранты конкурсына қатысу қорытындысының сараптамасы көрсеткендей, білім гранты конкурсына қатысқан 221 талапкердің 17-сі білім грантына ие болған:

Ж.Досмұхамедов атындағы колледж түлектері – 9;

Гуманитарлық колледж түлектері – 5;

БҚМУ колледжінің түлектері – 3

Соның ішінде БҚМУ колледжін 2009 жылы ақпараттық жүйе, математика, физика мамандығын бойынша 89 адам бітіргенін ескерсек.

Қорытынды: Колледждің жеделдетілген оқу түрі бойынша жұмысты қарқынды жүргізсек, онда грант санының өсуіне мүмкіндік туады.
10 кесте

Сырттай бөліміне тапсырғандардың сандық құрамы.


Жыл

Грант

Ақылы

Барлығы

2006

50

518

568

2007

35

660

695

2008

36

453

489

2009

35

499

534


Кешенді тестілеу жұмысын жүргізу және ұйымдастыру.
Биыл кешенді тестілеу бір күнде – 19 шілдеде жүргізілді. 996 талапкер тестілеуге қатысты. Оған ҰБТ-дан белгілі бір себептерге байланысты өтпей қалған талапкерлер қатысады: а) колледждегі оқу; б) кәсіптік лицей; в) шетелде оқу; г) денсаулығына байланысты; д) оқу үлгерімінің төмендігіне байланысты ҰБТ-ға жіберілмеуі. Тәжірибе көрсеткендей, бұл топқа жататындардың саны жыл сайын азайып келеді. Бірақ бұрынғы жылмен салыстырғанда 90 адамға өскен.
11 кесте

Кешенді тестілеудің қорытындысы


Жыл

КТ тапсырғандардың саны

Белгіленген деңгейден өтпей қалғандардың % көрсеткіші

2006

1753

50%

2007

1297

50%

2008

906

50%

2009

996

72%

2009 жылы кешенді тестілеуге қатысқан 996 талапкердің ішінде:

а) 709-мектепті бітіргендер;

б) 221-колледжді бітіргендер;

в) 66-кәсіптік лицейді бітіргендер.
72%-ы белгіленген балдық деңгейден өтпей қалғандар – талапкерлердің дайындығының төмен деңгейде екендігінің көрсеткіші (2006-2008 ж.ж,). Жалпы білім пәндерінен дайындығының төмендігі.

Кешенді тестілеу өз жалғасын табады, өйткені биыл оның нәтижесі бойынша белгіленген балдық деңгейден (45 балл) өткен талапкерлер Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына сырттай және күндізгі оқу түрі бойынша қабылданады.

Қорытынды: ҚР БжҒМ-не ҰБТ-ның нәтижесі бойынша мектеп директорларын жұмыстан шығару тәжірибесін алып тастауды ұсыну. Өйткені мектеп оқушылары аз көрсеткіш көрсетсе, ҰБТ-ға жіберілмейді, ал жіберілген жағдайда мектептің пайыздық деңгейі төмендейді. 45 балмен оқуға түсуге мүмкіндік беретін қажетсіз мамандықтарға грант бөлінбей қажет және колледждің барлық түлектерін ҰБТ жүйесі бойынша кешенді тестілеуге дайындығын күшейту қажет.

ҰБТ және КТ әдістемесінің күшті және әлсіз жақтары да бар. Мектепте ҰБТ-ға дайындық қазан айынан басталады және оқушыларды соңғы нәтиже 5-ші пәнді қосқанда 120 балдық көрсеткішті құрайтындай дайындайды. Ал, 100 балмен оқуға түсуге мүмкіндік туғызады. Болашақ мамандыққа деген көзқарас екінші орында қалатыны алаңдатады. Белгілі бір балды жинағаннан кейін мамандық таңдау жүзеге асады. Тек сонда ғана болашақ мамандық жөнінде сөз қозғалады. Оған талапкердің 4 мамандықты таңдауы куә. Талапкер жан-жақты бола алмайды. Өз балына сәйкес ол белгілі бір мамандықтарды таңдайды. Мысалы, егер 4-ші пән биология болса, медициналық мамандықтарға грант санының көп бөлінгендігін біле тұра (4788), ол

1-ші мамандыққа жалпы медицина (дәрігер) – Алматы медициналық Академиясы;

2-ші мамандыққа: биология (мұғалім) – М.Өтемісов атындағы БҚМУ;

3-ші мамандыққа: педагогика және психология (психолог) – М.Өтемісов атындағы БҚМУ;

4-ші мамандыққа: ветеринарлық санитария (ветдәрігер) – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ды таңдайды.

Тәжірибе көрсеткендей, медицина, биология, педагогика және психология мамандықтарына конкурстың жоғары болуына байланысты талапкер ветеринарлық санитария мамандығы бойынша грант иегері атанады. Таңдаудың бұл түрі қазіргі таңда өзекті болып келеді, ең бастысы, ол – студент. Бұндай жағдай әркімнің басынан өтуі мүмкін. Тек жүлдегерлер, оқу озаттары және 95-100 балл аралығында балл жинағандар бұл жағдайды басынан өткермейді. Таңдаулы мамандықтарға конкурс өте жоғары. Осыған орай, биыл 36 Алтын Белгі иегері, 26 халықаралық олимпиада жүлдегерлері, 19 халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары білім грантының иегерлері атана алған жоқ. Өйткені аталмыш мамандықтарға орынның болмауы.

Білім гранты иегерлерінің ішінде білім грантынан бас тартатын мектеп түлектері бар. Оның себебі: Орал қаласы педагогикалық лицейінің түлектері құжаттарын ресейлік жоғары оқу орындары мен білім гранты конкурсына қатар тапсырады. Бұл өз кезегінде білім грантының қажетсіздігін тудырады. Талапкер өз мамандықтарын ауыстырып, ақылы негізде басқа мамандықты таңдай отырып, не өзі таңдаған жоғары оқу орнында оқуға ниет білдірмеуге байланысты жағдайлар кездесті. 2009 жылы біздің тарапымыздан келесі мамандықтар бойынша білім грантының 3 куәлігі қайтарылды: 050109 Математика, 050119 Шет тілі, Автоматтандырылған басқару жүйесі.



жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау