Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет20/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

көкірегінде көк сүмбіл бұлақ аунап. 
ұмыт, далам, тымырсық тынышты енді: 
сан-саладан сені іздеп “туыс” келді, 
дүбірлетер төсіңде әлі талай 
ұрпақ аңыз қылғандай ұлы істерді! 
Табиғатты күш қылса тыңдатар үн, 
адамзатты, ей, ақын, жырла, табын! 
Бой түзеп тұр қыз кеуде шынар қала, 
ортасынан қақ жарып құм жотаның! 
Арман қылған бабалар күрсініп мың - 
дала төсі бағындай гүл шыбықтың. 
Шамшырақтар қаласы - өзен бүгін 
тынысындай тынбайтын тіршіліктің! 
өзім қылған ісіме өкінбеймін. 
Менде бір тебіреніс бар 
(кейде өзім де түсінбеймін) 
Дәл сендегі құштарлық күшіндей бір. 
Сондықтан ба – қыз ғұмыр бұл өмірді 
Қуаныш-қайғысымен ішіп жеймін. 
Осы сезім алаулап бойда тұрса 
Асылы кішірмеймін. 
1970  
  
 
 
АҚБӨБЕК ЖЫРЛАРЫ 
 
Ақбөбек  пен  Қайыптың  мұңды  махаббаты  туралы  аңыз  Маңқыстауда  кең  тараған. 
Өнерпаз кедей жігіт Қайыпты сүйген бай қызы бір түнде онымен қашып кетеді де, тауда 
үш күн паналайды. Қайып аң аулап кеткенде, қуғыншылар Ақбөбекті қолға түсіріп, Форт-
Александриядағы (Форт-Шевченко) түрмеге қамайды. Қайып жиһан кезіп кетеді. 
 
 
ДАЛАМЕН СЫРЛАСУ 
 
 
Дала, менің жеңешемдей 
кетіпсің ғой құлпырып тым! 
Маған пәлен демесең де, 
жанарында нұр тұнып тұр. 
Көктеменің күн шуағын 
сағыныпсың, ұғып тұрмын. 
үйде мен де тыншымадым – 
құлпырдың да, қызықтырдың. 
Тыным көрмей жыршы құс-ақ 
саған арнап жаңаша әнін, 
түріне тым тұрсың ұсап 
әжем терген алашаның. 
Тіршіліктің бәрі бүгін, 
бәрі бүгін бір түледі. 
Таулар ғана кәрілігін 
сезінгендей күрсінеді. 
Сілкінбеді, шөге берді, 


қажыған ба өмір соғып? 
Асқақ кейпі келе ме енді, 
ойлағанмен көңіл солып... 
Кәрі таудың құшағына 
тұрақтамай бұлақ-қыздар 
қарт жүрегін құса қылып 
кетіп жатыр құлап құздан. 
Қатпар шыңның мүжік басын 
келемеш қып, қарашы әні, 
жеткізбей жүр күліп қашып 
жалаң аяқ бала сағым. 
...Мен түнімен көз ілмедім, 
көңілім де тыншымайды. 
Бір бейтаныс сезім менің 
жүрегімді шымшылайды... 
 
 
ЖЕҢЕШЕ 
 
 
Жеңешетай, тоқташы, 
құшақтайын сені бір! 
Тасташы сол от басын, 
отырмашы емініп. 
Жақын келші жаныма, 
жанарыма үңілші! 
Шаттық көрсең жадыра
отырма тек түк үнсіз. 
Сен қуансаң, ақылдым, 
қуанамын деуші едің. 
Ағадан да жақындау 
көремін ғой мен сені. 
Жаным бүгін шашты гүл, 
әлем бақыт сыйлап тұр! 
Махаббаттың мастығы 
қуыршақты жинатты. 
Көзінде оның сағым-нұр 
тұнып тұрған секілді. 
Жүрегімді, жанымды 
ұғып тұрған секілді. 
Сол жанарда - қонысым, 
қуанышым не түрлі. 
Менің жаным онысыз 
күнсіз аспан секілді. 
Айтшы маған жыр етіп, 
есіңе алшы бүгін бір. 
Алғаш жүрек дір етіп, 
ғашық болған күніңді… 
 
 
ТҮҢІЛУ 
 


 
Адайлар мені маңдайға біткен күнім деп, 
қастерлеп аса мақтайтын – 
аймаққа кетсе атағым менің дүбірлеп, 
бетімнен бірі қақпайтын. 
Сүйікті болса, еркелеу болып кететін 
әдеті шығар пенденің: 
бір басқа менің еркелігім де жететін, 
ел еді сонда сенгенім. 
“Бөбекте де арман бар ма екен” дейтін қыз 
біткен, жігіттер жүрді жыр арнап. 
Оңымнан туар бақытым - Айым біз күткен 
сағым боп өтті бұлаңдап. 
Жұлдызы болдым елдегі думан-қызықтың, 
алдыма шығар кім бар-ды. 
Енді мен бүгін “күнәкер болып батасын елдің 
бұзыппын” 
сүйгенім үшін бір жанды. 
Ата-ана қайда бетіме жел боп келмеген, 
беремін дейтін тілегін?.. 
Әлпештеп жүріп безеді неге ел менен 
жасыды-ау әбден жігерім... 
Құса боп өтсе қыздары елдің сәні ме, 
халқым-ау, қалай төзгенің? 
Алдамшы екен ғой мынау жалғанда бәрі де, 
махаббатымнан өзгенің. 
 
 
СӨНБЕЙТІН СЕЗІМ 
 
 
“Атыңнан айналайын Бөбек деген”. 
Қайыптың әні. 
Дауысың келді-ау құлаққа, сағынышым, 
құсалықтан Бөбегің арыды шын. 
Кеше мені азаптап көп сүрады: 
“Қай бетке ұшып кетті,— деп, - тағы құсың?” 
Сенің әнің сайрап тұр көкіректе, 
ойламашы азаптан өкінед деп. 
Менін бойым өрт тұрған. 
Қосылмайтын 
жүректердің, жаным-ау, оты көп пе? 
Қайда жүрсін қамығып, сұңқар құсым
бізден бақыт қиялдай бұлтарды шын. 
Бөбек сендік жанары жұмылғанша, 
арнаса да дүйім ел-мың қарғысын. 
Төксін теріс батасын, жала, кегін – 
өзгермейді өзіңдік жан екенім, 
ұқсын, мынау ұға алса, көр кеуделер, 
сөнбейтұғын сезімдер бар екенін. 
 
 


АШЫНУ 
 
 
Түрмедегі Ақбөбекті патша 
офицері корламақ болады. 
Селтиген сары! 
Жетіспей тұрғаным сен едің, 
келдің бе тағы көлгірсіп зымиян күлкіңмен! 
ұстай алмассың Бөбектің шәйі желегін, 
әзер болса, дозағым болар бұл түрмеѕ. 
Ит өлген жерден келді екен сені кім айдап, 
қаңғыбастарға мекен болған ба бұл аймақ?! 
Тірілей мені тәлкек қып қойған мұндайға 
соқыр екен ғой Құдай да! 
Күні кеше сен “жабайылар” деп шікірейіп 
тұрдың емес пе, 
сары жез мұртың тікірейіп тұрды емес пе! 
Жабайыны жөнге саламын десең, алдымен 
мәдениеттілігіңді елестет! 
Жолама маған, 
қолаңса-сасық, күлімсі исіңнен жерінем, 
қорқытам деме - талай қорқудан батыр боп 
алдым тегі мен, 
сенсіз-ақ көрген азабым бастан асып тұр 
мынау даланың шонжарлары мен бегінен. 
Тірілей сенің құшағыңа енбен, жүн ерін, 
аю мойныңа асыла алмайды Қайыпты ораған 
білегім! 
Асқақтығым асып, ашуың қысса, жарып же 
жабайы қыздың жүрегін! 
 
 
ӨМІРГЕ ТҰРАР ҮШ КҮНІМ 
 
 
Туған жер, елдің ішінен 
жанашыр болды түн ғана: 
дегендей бәрін түсінем 
жасыра қойды жылғаға. 
Тауға да жеттік ентігіп, 
бұлақ-қыз күлді сылқылдап. 
Жұлдыздар жиі. Жел тымық. 
Қос жүрек қана тұр тулап. 
Жастанып жүпар жусанды, 
Көрпеміз - түннің шәлісі. 
От сезімдерден бусанды 
қаңырап қалған тау іші... 
Жүректер жалын. Мекен - құз. 
Жанарға бақыт-нұр қонып. 
Тілеумен жаттық екеуміз 
тұрғай деп мәңгі түн болып. 
Таңдағы түстей тәтті еді 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау