Жұмыс станциялары
Терминал (енгізу шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер тұрғандықтан сервер реурстарын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өңдеуді терминалдарда мүнкіндік береді. Бұлай мәлімет өңдеу тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жұмыс өнімділігін артыруға үлкен әсерін тигізеді.
Егер жұмыс станциясының операциялық жүйесі ретінде Windows пайдаланылса , кез келген адам мәліметтер қоймасын сұрайтын мәліметін Winword тексті форматында немесе Excel электрондық кестесі форматында көрсете алады . Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған соң , лазерлік принтерлерде қағазға басып алуға болады.
Жергілікті желі текстік мәліеттерді жұмыс станциялары арасында жылдам тарала алады. Ол үшін тізімнен керек адамды тауып алып , сұхбат терезесіндегі ОК пернесін басу керек . Егер сол станция іске қосылып тұрса , жіберілген текст экранға бірден шығып , оған қоса мәлімет келгендігін білдіретін дыбыс естіледі.
Бұдан басқа ыңғайлы тәсілге электрондық почтаны пайдалану жатады . Оның жұмысы почта қызметі сияқты : хатты жазып , конвертке салып , адресін алып, оны почта жәшігіне салу керек. Электрондық почтада осыған ұқсас - хат текістін теріп , оны файлға жазады. Одан кейін арнаулы почта программасын іске қосып, оған хат адресі мен файл атын енгізеді.
Біріне қосылу амалын қарастыр Желідегі бір компьютер почталық сервер рөлін атқарады. Ол хаттарды қабылдап , оларды адресаттар " почта жәшігіне " салады немесе әркімнің сұрауы бойынша келген хат беріледі және де қабылдап алынған почта басқа жерлерге жіберіледі. Әртүрлі компьютерлер мен жергілікті желілерді телефон арқылы байланыстыра отырып , электрондық почтаны жер шарының кез келген нүктесіне жіберуге болады.
Бұған қоса әрбір компьютер факс - модемді пайдалана алады , бірақ мұндай кезде желіге қосылған барлық станциялар факстарын телефон арқылы жіберіп отырады.
Жергілікті желілерді пайдаланудың жаңа түрі - бейнелік конференция өткізу жаңа ғана пайда болып кеңінен таралуда . Өз бейнелерін көрсете отырып , конференцияға қатысу үшін әрбір компьютер иесі бейне камера және дыбыстық адаптермен жабдықталады . Компьютерлерді желіге байланыстырудың осындай мүнкіндігі бар.
4.Жалпы желілер
Егер басқа мекемеден мәлімет алу (беру) жұмыстары жиі кездесетін болса онда модем сатып алып компьютерлер жалпы желінің амыз.
Модемдер ішкі және сыртқы түрлерге бөлінеді. Ішкі модем кәдімгі адаптер тәрізді компьютер қорабы (корпусы ) ішінде орналасады. Көптеген алып жүруге арналған блокнот - компьютерлерде де ішкі модем болады, олар қосымша қызмет ретінде факстер қабылдап , оларды жібере де алады. Қазіргі сыртқы модемдер де факстермен жұмыс істей береді. Сыртқы модемдер қоректену блогы бар шағын корпусқа орналастырып, асинхронды тізбекті адаптер портына кабель арқылы қосылады.Сонымен, компьютерді жалпы желімен байланыстыру үшін модем сатып алып , оны кез келген бір телефонға жалғауға болады.
Дүние жүзінде көптеген жалпы компьютерлік желілер бар , бірақ олардың арасында ең белгілері Inter , Sprint , Relkom , Fidonet есептеледі. Бұлардың кейбірі тек өз елдер маңында жұмыс істесе кейбіреулері бүкіл дүние жүзін қамтиды. Бірақ барлық желілер бір - бірімен байланысқан .
Жалпы желі топологиясын қарайтын болсақ , ол күрделі граф тәрізді деуге болады , ал оның түйіндерінде компьютерлер орналасқан. Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде арнайы қолданылатын компьютерлер болуы тиіс. Мұндай компьютерлер бірнеше телефон каналдары мен қосылған, сондықтан олардың құрамында да бірнеше модем болады. Әрбір адам өз компьюттерін модем арқылы жалғайды .
Қалай хабарласу керек.
Жалпы желіге қосылу үшін алдымен қажеттісін таңдап алып, сол желіге байланыстыруды жүргізетін фирмаға телефонмен хабарласу керек. Желіні таңдау тәсілі әртүрлі жолмен жүргізіледі.
Жалпы желілер ақылы және тегін пайдаланылатын топтарға бөлінеді :
Ақылы желі почтаны жылдам жеткізіп , жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Ал тегін желі , шектеулі мүнкіндіктермен қызмет жасайды. Біз осы екеуінің керектісін таңдап аламыз. Бірақ ақылы желілер құны жоғары болмайды. Ақы төлей алмайтын жағдайда Fidonet тегін желісіне қосылған жөн. Ол үшін модем арқылы кез келген хабарландыру шығаратын электрондық тақтаға (BBS) телефон соғып, сол жүйенің операторымен хабарласу керек. Желіге қосылу ережелері де, BBS электрондық текістік файл түрінде жазылып тұрады.
Көптеген компьютер және программалық жабдықтар сататын фирмалардың жарнамалары жиі шығып тұрады. Солардың жарнамаларынан хабарландыру шығаратын электрондық тақта телефонын тауып алып, модем арқылы хабарласу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |