Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау



жүктеу 0,62 Mb.
бет13/21
Дата28.04.2020
өлшемі0,62 Mb.
#30042
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Әбілсерік Махамбет Әбілсерікұлы

2.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін бағалау және талдау қорытынды кезең болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайда ең алдымен оның қаражат айналымының жылдымдығынан көрінеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен анықталынатындығын айта кету керек.

Іскерлік белсенділік коэффициенттерінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына көрсеткіштер жатады:

1. Капиталдың жалпы айналымдық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:

К О А = Д N / A K,мұнда,

К О А – капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

Д N - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);

A K – авансталған капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы).

Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс ваютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелінетін ол, кәсіпорынның барлық капиталдың айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігін сипаттайды. «Кокжиде» компаниясы үшін бұл көрсеткіш өткен жылда 3,6 рет (752938506 : 209649777,5), есеп беру жылында 2,7 (248741214 : 91774265,5) рет құрады. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталының пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер өткен жылы активтердің әрбір ақша бірлігі 3,6 тенге келтірсе, есеп беру жылында 0,9 теңгеге азайды.

2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарылымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Қор қайтарамдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады. Біздің кәсіпорын үшін бұл коэффициент өткен жылда 12,7 (752938506 : 59113285,5), ал еесп беру жылында 6,01 (248741214 : 41385492) құрайды. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда азайғанын көруге болады, бұл дегеніміз коэффициент төмендеген сайын, шығындардың көбейгеніне әкеледі.

3. Меншікті капиталдың айналымдық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын; ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері тәукелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін сипаттайды. Біздің компанияда бұл көрсеткіштің деңгейі өткен жылда 71,9 рет (752938506 : 10459198,5), есеп беру жылында (248741214:9318525 ) 26,6 рет айналғанын көруге болады, бұл кәсіпорынның акционерлерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің төмендегенін дәлелдейді.

4. Айналым капиталының айналымдық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердік орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

К О ТА = Д N / Т а С , мұнда:

К О ТА – ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;

Т а С - ағымдағы активтердің орташа шамасы.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш өткен жылы 5,0 рет (752938506: 150536492), есеп беру жылында 4,93 (248741214 : 50388773,5) рет айналып отыр. Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы айналым ұзақтығымен де сипатталады. Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы өткен жылда 71,9 – ды ((150536492 * 360 күн) /752938506 ), есеп беру жылында ((50388773,5* 360 күн) /248741214) 72,9 күнді құрайды. Есептеу ағымдағы активтердің бір жылда айналым жылдамдығы 5,0-ден 4,93-ке қысқарғанын көрсетеді, сол себепті бір айналымның ұзақтығы 1 күнге артқан. Бұл кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарланғандығын куәландырады.

5. Дайын өнімнің айналымдық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасы формуласы бойынша анықталады:

К О r= Д N / r ., мұнда:

К О r - дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;

Д N / r - баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.

Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді.Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді, ал төмендеуі – сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдіреді. Бұл көрсеткішті талданып отырған кәсіпорын үшін есептемейміз, өйткені өткен жылда да есеп беру жылында да дайын өнім жоқ.

6. Дебиторлық борштың айналымдық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

К О Д/З = Д NЗ ., мұнда:

К О Д/З – дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Д З  - дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коффициент шоттарды төлеуге қарай құрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі – несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі – несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақытын анықтау мына формуламен анықталады:

Д О Д/З = 360/ К О Д/З = Д З * 360 / Д N., мұнда:

Д О Д/З - дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі. Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі – оң, ал артуы – теріс бағаланады.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш өткен жылда 52,5 рет (752938506 : 14330960,5), ал есеп беру жылында (248741214 : 9032446) 27,5 рет екенін көрсетеді.

7. Ақша қаражатының айналымдық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты

қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше

маңызы зор. Компанияның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының

негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды

қамтамассыз ететін ақща қаражатының құйылуы болып табылады.

Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының

жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы

міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы

болып табылады. Демек, мұндай аса қажет ақша қаражатының қорының

болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін

куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы,

инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын

шығынға ұшырап отырғанын білдіреді

Ақша қаражатының айналымдық коэффициенті мына формуламен есептелінеді:

К ақша қаражатының айналымдығы = Ақша қаражатының айналымы / Ақша қаражатының орташа қалдығы

8. Инвестицияланған капиталдың айналымдығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффиценті кәспорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвесицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында – сатудан түскен табыс (ақша) бөлімінде – кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:

КОИ.К = ДN/ ДИИ., мұнда:

ДИ - және КИ – сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коэффициентімен салыстырған абзал.

9. Істегі капиталдың айналымдылығы. Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі:

КО Ф. К = ДN / Ф К., мұнда:

Ф К - Істегі капитал. Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда

өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағын көруге болады. «Кокжиде» компаниясында бұл көрсеткіш өткен жылда 3,6 рет (752938506 : (209649777,5-0)), есеп беру жылында 2,7 (248741214 : (91774265,5-0)) айналғанын көруге болады.

10. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығы. Перманенттік капиталдың айналыма жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффицент анықтайды:

КО ПЕР/К = ДN / ПЕР/К., мұнда:

ПЕР/К - перманенттік капитал - меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффицент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.

Бұл көрсеткіш өткен жылда жылда 71,9 рет (752938506 : 10459198,5),

есеп беру жылында (248741214:9318525 ) 26,6 рет айналған.

11. Іскерлік белсенділік индексі. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі:

И Д/АNК * ДО/S., мұнда:

Д NК - істегі капиталдың айналымдылық коэффициенті;

ДО/S - негізгі қызметтің табыстылығы;

ДО - негізгі қызметтен түскен табыс;

Д N - өнімді сатудан түскен табыс.

Бұл көрсеткіш талданып отырған кәсіпорында өткен жылы 0,014-ті (3,6 *(2990113/552669857+197278536)), есеп беру жылында (2,7* (3800000/(240703108+4238106)) 0,015-ті құрайды.

Көрсеткіштерді есептей отырып, «Кокжиде» компаниясының іскерлік белсенділігінің төмендегенін көруге болады. Егер келесі жылы компания осы қарқынмен жұмыс істейтін болса, онда қаржылық қиыншылықтарға әкеліп соғатыны даусыз.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерін қарастыру, оларды талдау кәсіпорынның өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі.

Сонымен біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына, қысқаша талдау жүргіздік.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау