Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


II Бөлім «Кокжиде» жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау



жүктеу 0,62 Mb.
бет10/21
Дата28.04.2020
өлшемі0,62 Mb.
#30042
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Әбілсерік Махамбет Әбілсерікұлы

II Бөлім «Кокжиде» жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың қалыптасу көздерінің динамикасын талдау
Нарықтық қатынастары жағдайында басқару шешімдерін қабылдау барысында компаниялардың қаржылық есептемесін талдаудың маңызы өте зор. Қаржылық есептеменің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтерді нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке таптарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.Қаржылық есептемені талдау баланстан басталады. Баланс бойынша кез-келген компанияның қаржылық жағдайы анықталынады.

Қаржылық жағдай инвесторлардың өз бағасын алады, егер келесі теңсіздіктер сақталынса:



  1. Меншік капитал ≥ Ұзақ мерзімді активтер.

  2. Ағымдағы активтер ≥ Ұзақ мерзімді міндеттемелер+

Қысқа мерзімді міндеттемелер.

«Кокжиде» компаниясында бұл теңсіздіктер:

1. 10895602 > 39509615

2. 86199317 > 75003715

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кестені құруға болады:


5 кесте


«Кокжиде» ЖШС-гі баланс активтерінің құрамы мен құрылымы





Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл соңы


Ауытқу

∑, теңге

Үлес

салм.%


∑, теңге

%

Сомамен

%

1

Активтер құны, барлығы

оның ішінде:

1.1.Ұзақ мерзімді активтер

1.2 Ағымдағы активтер.



97349214

43261369
54087845



100

44,4
55,6



86199317

39509615
46689702





100

45,8
54,2



(11149897)

(3751754)


(7398143)



-

1,4

Кестеден көргендей активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 11149897 теңгеге азайғанын көруге болады.Бұл кәсіпорын қызметінің нәтижесі төмендегенін байқатады. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік патенциалы мен оның негізгі құралдары жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильдігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.

Кесте мәліметтері көрсеткендей мүлік құныныңда негізінен көп үлес салмақты мобильдік қаражаттар алады, жекелеп айтқанда жыл басында 55,6 пайыз, жыл соңында ағымдағы активтер 54,2 пайызды алады.. Айналым капиталының азаюы компанияның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

Баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау үшін ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсәпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды.Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі.

«Кокжиде» компаниясында бұл коэффициенттің деңгейі:

К іске тартылу жыл басы = (54087845 / 97349214) * 100% = 55,6 %

К іске тартылу жыл соңы = (46689702 /86199317) * 100% = 54,2%

Кәсіпорын активтерін тарату тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш –мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті.Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі:

К моб және иммоб.қараж.қатынасы жыл басы = 54087845 / 43261369 = 1,25

К моб және иммоб.қараж.қатынасы жыл соңы = 46689702 / 39509615 = 1,18

Бұл коэффициент деңгейі мобильдік те және иммобильдік те қаражаттардың сомасының төмендеуі нәтижесінде азайып отыр.Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталымен меншікті капитал қатынасы коэффициентінен артық болуы керек.

Бұдан әрі қарай компанияның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Ол үшін кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлар болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу керек.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруін анықтау қажет.Бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтайды. Біздің талданып отырған компания бойынша бұл коэффициент жыл басында 0,44 (43261369\97349214) жыл соңында 0,46-ны (39509615\86199317) құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне сәйкес келмейді.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл негізгі құралдардың тозу сомасының, оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті және жарамдылық коэффициенті.

Бұл кәсіпорында негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында –

17,7% (9309269\52570638), жыл соңында – 24,5% (12833434\52343049) құрайды, бұл есептеулер негізгі құралдар техникалық жағдайы бойынша халықаралық тәжірибе талабына сай екенін көрсетеді. Бұдан әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымына талдау жүргіземіз.

6 кесте

Кокжиде» ЖШС-нің ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы.



Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл соңы

өсуі (+); кемуі (-)

Сомасы, теңге

Үлес салмағы, %

Сомасы, теңге

Үлес салмағы, %

Ағымдағы активтер,барлығы оның ішінде:

54087845

100

46689702

100


(7398143)

Тауарлы-материалдық қорлар

28789900

53,2

26505487

56,7

(2284413)



Дебиторлық қарыздар

9870889

18,2

9032446

19,3

(838443)

Ақша қаражаттары және инвестициялары

1427056

2,63

5981653

12,8

4554597

Басқа да ағымдағы активтер

14000000

25,97

5170116

11,2

(8829884)



Мәліметтер компанияның активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Мобильдік қаражаттар ішінде көп үлес салмақты өткен жылмен салыстырғанда тауарлы-материалдық қорлар алады. Өткен жылмен салыстырғанда ТМҚ 3,5 %-ға артқан. Бұл дегеніміз компанияда сұранысы төмен ТМҚ-ға бар екенін көрсетеді. Сондықтан ТМҚ-ларға түгелдеу жүргізіп, тұтынушылардың сұранысы жоқ тауарларды анықтау қажет.

Келесі көп үлес салмақты дебиторлық борыштар алады. Дебиторлық борыштар 1,1 %-ға өскен, оған себеп мыналар болуы мүмкін:

1.Өндіріс келемінің бірден өсуі

2.Компанияда баға саясатының нашарлығы.

Талдаудың келесі сатысы баланс активінің құрылу көздерін талдау. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемін белгіленіп, оларға баға беріледі. Сонымен қатар олардың жалпы капиталдағы үлес салмағын анықтау қажет.Ол үшін тәуелсіздік, тәуелділік, қаржыландыру коэффициенттері есептелінеді. «Кокжиде» компаниясы үшін бұл коэффициенттер:


    1. Тәуелсіздік коэффициенті жыл басында 0,079 (7741448 / 97349214) жыл соңында (10895602 / 86199317) 0,12-ге тең.

    2. Тәуелділік коэффициенті жыл басында (89607766 / 97349214) 0,92-ге, жыл соңында (75303715 / 86199317) 0,87-ге тең.

    3. Қаржыландыру коэффициенті жыл басында 0,08 (7741448/89607766), жыл соңында (10895602 / 75303715) 0,14–ке тең.

Есептеулердің нәтижесі компанияның тәуелсіздігінің өте төмен екенін көрсетеді. Тәуелсіздік коэффициенті 0,6-дан төмен болмағаны дұрыс. Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын маңызды көрсеткіш қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Талданып отырған кәсіпорын үшін бұл коэффициент жыл басында 0,079 (7741448+0 / 97349214), жыл соңында 0,12 (10895602,0+0 / 86199317). Бұл есептеуге қарап компанияның қаржылық жағдайының нашарлап бара жатқанын көруге болады, батыс елдері тәжірбиесіне сүйенсек, коэффициенттің қалыпты мәні 0,9 айналасына тең.

Меншікті капиталды талдау. №2-ші БЕС сәйкес меншікті капиталға жарғылық капитал, резервтегі капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражатындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік ситпаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады.

Меншікті айналым қаражаттары көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан ұзақ мерзімді активтердің жалпы сомасын алып тастау керек.

Жыл басында «Кокжиде» компаниясының айналым қаражаттарының көлемі (35519921) теңге (7741448- 43261369), жыл соңында ( 10895602– 39509615) (28614013) теңгені құрады, яғни талданып отырған компанияда меншік қаражаттарының барлығы иммобильдік сипатта екенін көрсетеді. Егер мұндай тенденция келесі жылы да орын алса, онда компания қаржылық қиыншылыққа тап болуы мүмкін, сонымен қатар уақытында жеткізушілермен, жұмыскерлерге жалақы төлеуге, салық комитетімен уақытында есеп айырыса алмайды.

Меншікті капиталды талдау кезінде негізгі бір көрсеткіш маневрлік коэффициенті:

К маневрлік = таза айналым капиталы / меншікті капитал =

(ағымдағы активтер – қысқа мерзімді міндеттемелер) / меншікті капитал

Талдап отырған кәсіпорын үшін маневрлік (жұмсау) коэффициенті жыл басында (5,9%), яғни (7741448 – 54087845) / 7741448, ал жыл соңында (3,28) % яғни (10895602 – 46689702) / 10895602 құрайды. Бұл денгеніміз компанияда меншікті капиталдың мүлдемге қозғалыссыз, яғни меншікті капитал негізігі құралдарға салынғанын және олардың ешқандай пайда әкелмегенін көрсетеді

Кәсіпорынның ТМҚ мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылыққа талдау үшін басты роль атқарады, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткішінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол біздің талдап отырған кәсіпорын үшін есептеуге тұрмайды, өйткені компанияда меншікті айналым қаражаттары жоқ:

К ТМҚ-мен шығындарды жабу жыл басы = меншікті айналым капиталы / ТМҚ

Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде ТМҚ мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғаныны және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.



    1. жүктеу 0,62 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау