Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау



жүктеу 0,62 Mb.
бет11/21
Дата28.04.2020
өлшемі0,62 Mb.
#30042
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Әбілсерік Махамбет Әбілсерікұлы

Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады.Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Төлем қабілеттілігі компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды.

Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шартты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады.Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда,теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтермен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарызды өтеуге ғана емес,сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді.Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса,онда бұл кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді.Егер коэффициент 1-ден аз болса,онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын,қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады.Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар, банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта,жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалы. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады..

Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек. Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын-ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді білдіреді.

Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.

Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдай сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие)-потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.

«Кокжиде» компаниясында төлем қабілеттілігі коэффициенті жыл басында 0,015 (1427056 \ 89607766), жыл соңында 0,079-ды (5981653 \ 75303715) құрайды.

Кәсіпорынның бір жылдан жоғарғы төлем қабілеттілігін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:



  1. абсолюттік өтімділік коэффициенті;

  2. аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

  3. жалпы өтеу коэффициенті.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті = (ақша қаражаттары + тез өткізілетін бағалы қағаздар) / қысқа мерзімді міндеттемелер

Аралық өтеу (жабу) коэффициенті = (ақша қаражаттары + бағалы қағаздар + қысқа мерзімді қаржы салымдары + дебиторлық салымдар + басқа да активтер) / қысқа мерзімді міндеттемелер

Жалпы өтеу коэффициенті = ( ағымдағы активтер – болашақ кезеңдегі шығыстар) / қысқа мерзімді міндеттемелер

7 кесте «Кокжиде» ЖШС мәліметтерін мысалға ала отырып

ағымдағы активтердің өтімділік көрсеткіштерін талдау

(теңге)


Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл соңы

Ауытқу

1

2

3

4

Барлық ағымдағы активтер

оның ішінде:



54087845

46689702

(7398143)

Ақша қаражаттары

1427056

5981653

4554597

Қысқа мерзімді қаржы салымдары

-

-




Дебиторлық борыштар

9870889

9032446

(838443)

Басқа да активтер

14000000

5170116

(8829884)

ТМҚ, болашақ кезеңдегі шығыстарды қоспағанда

28789900

26505487

(2284413)



Қысқа мерзімді міндеттемелер, барлығы

89607766

75303715

(14304051)



К абсолюттік өтімділік

0,015

0,079

0,064

К аралық өтеу

1,27

0,26

(1,01)

К жалпы өтеу

0,60

0,62

0,02

Кесте мәліметтерінен көргендей, кәсіпорынның абсолюттік өтімділік коэффициенті жыл басымен салыстырғанда 6,4% -ға өскені байқалады. Бірақ оның теориялық мәні: К а.ө. ≥ 0,2 – 0,5.

Аралық өтеу коэффициенті берілген нормаға сәйкес емес, өйткені 1,01–ге азайып тұр. Жалпы өтеу коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда 0,02-ге ға артып отыр. Бұл көрсеткіштің қалыпты мәні 2 – ден төмен болмауы керек.

Келтірілген есептеулерде жалпы өтеу коэффициентіне дебиторлық борыштар мен ТМҚ күрт өсуі оң әсер еткенін көруге болады. Кредиторлық борыштардың көбеюі осы көрсеткіштің төмендеуіне әкелді.

Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржылық жағдайы әсер етеді. Бұл факторлар талданып отырған кәсіпорынның жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Баланс өтімділігін талдау. Кәсіпорынның өтімділігі бұл бар қаражаттарды (активтерді) өздерінің міндеттемелерін уақытында төлеу үшін тез арада мобилизациялау мүмкіндігі. Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А 1 Ең өтімді активтер (ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржы салымдары);

А 2 Тез өткізілетін активтер (дебиторлық борыштар, басқа да ағымдағы активтер);

А 3 Баяу өткізілетін активтер (ТМҚ, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар, ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары);

А 4 Қиын өткізілетін активтер (аяқталмаған күрделі құрылыс, негізгі құралдар, материалдық емес активтер).

Міндеттемелер мен капитал қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:

П 1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер (кредиторлық қарыздар, есептелген салықтар, шығындар);

П 2 Қысқа мерзімді міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер, ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі);

П 3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер (пассивтің екінші бөлімі);

П 4 Тұрақты міндеттемелер (пассивтің бірінші бөлімінің баптары + болашақ кезеңдегі табыстар – болашақ кезеңдегі шығындар).

Баланс абсолютті өтімді деп саналады, егер келесідей қатынастар сақталса:

А 1 ≥ П 1 А 3 ≥ П 3

А 2 ≥ П 2 А 4 ≤ П 4

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең долса, баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама – қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсалютті өтімділіктен азды – көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.

«Кокжиде» компаниясының балансы бойынша теңсіздіктердің сақталуы:



  1. 5981653 <4134114+720485+2864478

  2. 9032446+5170116 < 18000000

  3. 26505487 > 0

  4. 39509615 <10895602+49584638

«Кокжиде» компаниясының балансы өтімді емес. Төлем қаражаттарының бірінші және екінші тобы төлем міндеттемелерін жауып тұрған жоқ.

Жалпы алғанда баланс активі мен пассивті баптарының және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілгі жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. Талдап отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, жыл соңында да төлем қаражаттарының артықшылығы болған.

Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталған. .



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау