3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру.
Мысалы, қаржылық тұрақтылықты қоймада, жылдың соңында 14538 мың теңге тұратын дайын өнімді және 1721 мың теңгенің тауарын жылдам сату, жылдың соңында 1671 мың теңге құраған дебиторлық борышты тезірек қайтару және кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату арқылы қалыпқа келтіpyгe болады.
Бұдан кейін дайын өнімнің тез өсуінің (1,9 ece) және қоймада тауарлардың іркіліп қалу себептерін зерттеу керек. Бірақ бұл ішкі қаржылық талдаудың жұмысы.
Талданып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтайық.
Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілетсіздігі балансын кұру негізінде, тереңдетілген зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара байланысқан көрсеткішгер топтары кіреді:
1. Төлемеушіліктің жалпы мөлшерлері:
банктің қарызы бойынша уақыты өтіп кеткен борыштар;
жабдықтаушылардың eceп айырысу құжаттары бойынша уақыты өтіп кеткен борыш;
бюджетке салықты толық төлемеу;
басқа да төлемеу, соның ішінде еңбекақы бойынша да;
2. Төлемеушіліктің себептері:
меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;
тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тыс қорлары;
сатып алушылар уақытында төлемеген, тиеліп жіберілген тауарлар;
акцептен бас тарту себепті сатып алушылардың жауапты сақтауындағы тауарлар;
айналым қаражатын күрделі құрылысқа, жұмысшылардың алған қарыздары бойынша борыштарына жұмылдыру, сонымен бірге бөлінген қаржыландыру көздерінің қаражаттарымен жабылмаған шығындар.
Қаржылық шиеленісті азайту көздері.
уақытша бос меншікті қаражаттар;
қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі);
айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк несиелері жәие тағы басқа қарыз қаражаттары.
Қаржылық шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1 және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша).
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қорларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.
Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болын табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қо-сымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.
Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып та-былады.
Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне та-рифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты Негізгі құ-ралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады[29].
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзін-дік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.
Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қол-данылады.
Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |