136 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
уақытта Сырдария ӛзен алабының суын мемлекетаралық бӛлу Халықаралық үйлестіруші
су шығын комиссиясының (ХҮСШК) бақылауымен жүргізіледі. Қазір Сырдария Кіші
Аралға жылына 46,7 млн. м
3
су береді [1].
Еліміздегі тұщы су кӛздерінің бірі - Сырдария ӛзені негізгі ауылшаруашылық және
су ресурсы болып саналады. Ӛзен жағалауындағы экономиканың дамуына байланысты
адамдардың іс-әрекетінің ықпалынан бұл экожүйе бұзылуға қарай ӛзгеруде. Сондықтан да
оның табиғи экожүйесінің қорғау мен су сапасын жақсарту халықтың денсаулығы мен
тұрмысы үшін ӛте маңызды. Кӛктем шыға Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының
диқандары су жетіспеуінен егін егу кӛлемін азайтады, ӛнімді аз алады. Сол себепті
ӛзбектерден су сұрап, тағы да аяқтарына жығылуымызға тура келеді.
Қазіргі таңда адамзаттың антропогендік іс-әрекеті ғылыми-техникалық прогрестің
артуына байланысты ӛзен геожүйелері ӛзгертуші ӛте күшті факторлардың біріне айналып
отыр. Соған орай геожүйелерді түзуші құрамдас бӛліктерге әсер етуші антропогендік
процестердің адам әрекеттерінің нәтижесінде табиғи қалпын ӛзгерту қажет [2].
Сырдария ӛзен суының ластануы жылдан-жылға едәуір жоғары. Ӛзен суының
химиялық құрамы негізінен вегетациялық мерзімдерде нашарлайды. Сондықтан халық
шаруашылықтарда суды үнемдеуді пайдалану, орынды жұмсау, су пайдалану нормасы
негізінде үнемдеу, су қорларын ластанудан қорғау бүгінгі күні басты бағыттағы шаралар
болып табылады. Сырдарияның тӛменгі ағысында климаттың қазіргі сипаты жӛнінде
жинақталған мәліметтер бойынша климаттың ӛзгергендігі байқалады.
Су байлықтарын сақтау - бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су
бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы 2007. 6-т
2. А.Нұрғызарынов. Атыраулық экотоптардың химиялық экологиясы (Сырдың
тӛменгі ағысы). Қызылорда «Тұмар»2003ж.
3. http//www. Google.Kz /html.
4. http//www. yandex.Kz/ html.
РЕЗЮМЕ
В этой статье предусматриваются экологические проблемы при использовании в
сельско-хозяйственных нуждах р.Сырдарьи.
SUMMARY
The article deals with the environmental problems of using the Syrdarya river in
agricultural needs.
ӘОЖ.332.33:6360.83.314(574)
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ
ҚАЛАЛЫҚ АГЛОМЕРАЦИЯНЫҢ РӚЛІ
Ш.М.Надыров –г.ғ.д.,
профессор, Д.Ж.Ахбаева – магистрант
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: мақалада еліміздегі экономикалық маңыздылығы жоғары аудан болып
саналатын Алматы облысының экономикалық-әлеуметтік жағдайы сондай-ақ, оның
дамуындағы қалалық агломерацияның рӛлі және Алматы агломерациясының
маңыздылығы қарастырылған.
Түйін сӛздер: агломерация, урбанизация, мегаполис
Кез келген мемлекеттің даму барысында шешуші рӛлді қалалар атқарады. Әсіресе,
ірі қалалар. Қалаларда адамдар кӛп шоғырланып, ӛте мықты экономикалық және