Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет66/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 141
 
балшықтары,  Майбалық  кӛлінің  минералды  сулары  және  Синегор  кен  орнының  хлорид-
сульфид сулары.  
Ақмола  облысы  ӛзінің  бірегей  табиғи-климаттық  жағдайлармен,  кең  рекреациялық 
әлеуетімен,  іс  кездесулерге,  демалуға,  емделуге  келетін  қазақстандықтарға  ғана  емес, 
сонымен  қатар  шетел  қонақтарға  және  шетел  туристерге  жоғары  классты  қызметтерді 
ұсынатын  курорттық  ӛңірдің  ерекше  беделіне  үміттенетін  астаналық  облыс  ретінде 
Қазақстанның басты аудандардың қатарына енеді [1]. 
Бурабай  курорттық  аймағы.    Қазақстанның  солтүстігінде,  Астана  және  Кӛкшетау 
қалаларының  арасында  таң  қалдырар  ӛңір  –  Бурабай  мекені  орналасқан.  География 
тұрғысынан  бұл  аймақ  Кӛкшетау  қыраты  деп  аталады,  ал  жергілікті  жолбасшылар  оны 
«Қазақстан  Інжуі»  деп  атайды.  Бурабай  курорттық  аймағының  табиғат  кешендері  тек 
Қазақстан  Республикасының  туристерін  ғана  емес,  сонымен  қатар  таяу  және  алыс 
шетелдерінің туристерін де қызықтырады: ол керемет табиғи-климаттық жағдайлары, бай 
емдеу-тынықтыру  ресурстары  мен  тарихи-мәдени  қоры,  пайдалы  географиялық 
орналасуы, трансмемлекеттік, авиациялық, теміржол және автокӛлік магистральдары бар 
курорттық жерлер. Бурабай тауы (690 м.) – керемет кең кӛлемді жер. Бурабай – бұл түйе. 
Оңтүстікке қарай Щучье шоқылары, олардың ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826 м.) деп 
аталады.  Бурабай  ӛңірінің  таулы  аймағы  жұмбаққа  толы.  Бурабай  –  Қазақстанның 
тынығуға  арналған  інжу  орны  тылсым  ғажайыптарға  толып  тұрған  қиял-ғажайып  таулы 
жерде  орналасқан.  Тамаша  қарағайлы  ормандар,  үлкен  жартастар,  кейде  кӛз  алдыңа 
египет  пирамидаларын  елестететін  кӛлемі  жағынан  орасан  зор  шыңдар  тынық  мӛлдір 
кӛлдермен  бӛлінген.  Парктің  аумағындағы  ӛсімдік  әлемінің  түрі  орманды,  далалы, 
шабындық,  шалшықты  және  сортаңды,  800-ге  жуық  ӛсімдік  түрі  бар.  Омыртқалы 
жануарлардың 305 түрі бар. Бурабайда 86 стационарлық демалыс мекемесі шоғырланды. 
Парк  аумағындағы  ландшафттың  қазіргі  кездегі  құрылымында  дала,  кӛл,  орман,  орман-
дала  ландшафтары  және  тӛмен  таулы  ландшафттар  бар.  Щучье-Бурабай  курорттық 
аймағының  аумағында  14  кӛл  бар,  оның  ішіндегі  кӛпшілігі  кіші  кӛлдер.  Жасыл  орман 
айналасында  Щучье,  Бурабай,  Үлкен  және  Кіші  Шыбыш,  Қотыркӛл  кӛлдері  жарқырап 
жатыр.  Кӛкшетаудың  айдарынан  кіші  кӛлдер:  Светлое,  Карасье,  Горное,  Лебединое 
кӛрініп  тұр.  Ӛзен  желісі  онша  дамымаған,  тек  кіші  ӛзендер,  жылғалар  және  уақытша  су 
ағыстары  ғана  бар.  Бурабайдың  кӛрнекті  жері  сол  атаулы  кӛлдегі  Голубой  залив 
шығанағы  болып  табылады.  Дәл  шығанақтың  суынан  сфинкске  ұқсайтын  Жұмбақтас 
жартасы шығып тұр, баурайында ағаштары жайылып ӛскен Оқжетпес жартасы кӛтерілген. 
Мұнда  әр  атаудың  ӛз  аңызы  бар.  Бурабайдың  аң  әлемінде  300-ден  астам  аңдар  бар.  Бұл 
мекеннің ӛсімдік-шӛбі де шипалы [2]. 
Зеренді.  Кӛкшетау  қаласынан  50  км  жерде  Зеренді  кенті  орналасқан.  Зеренді 
Кӛкшетау үстіртінде орналасқан тау-қыраттары бар, орман, кішігірім кӛлдер мен ӛзендер 
жайылған кӛлемді аумақтың бір бӛлігі. Бұл ӛңірге жеке-жеке шоқылары бар жазық жерлер 
мен тау  жүйесі  тән. Жазық  жерлер ӛзен аңғарларымен қиылысады.  Кей жерлерде жазық 
жерлер ӛз арналарымен терең каньондар жасайтын кішігірім ӛзендермен жиі қиылысады. 
Кӛп жылдар бойы мұнда жел, жаңбыр, аяз және аптап ыстық сияқты табиғат құбылыстары 
қожайын  етуіне  байланысты  биік  таулар  отырып,  жарылып,  шашылып,  үгітіліп  қалған. 
Қазір олар биік емес болса да, нәзік, әдемі кӛрінеді әрі қызықтырады. Зерендіге кіріп бара 
жатқанда,  алыстан-ақ  олардың  кӛкше  шыңдары  кӛрінеді.  Кӛз  алдарыңызда  Зерендінің 
жап-жасыл  табиғаты,  кӛгілдір  таулардың  шыңдары,  ондаған  шақырымдарға  созылып 
жатқан кілемдей жайылған орман суреттеледі. Зеренді кӛлі үлкен кӛлемдегі тектоникалық 
шығу тегі  бар, оған теңіз деңгейінен биік орналасуы (370 м) болып табылатындығы тән, 
жағасындағы  демалуға  арналған  жағажай  орындары  аз  және  басым  кӛбі  қарағай  болып 
келетін  ағаштар  сирек  ӛскен.  Кӛлдің  түбі  тегіс,  құмды,  малтатаспен  және  бӛлек-бӛлек 
қойтастармен  жабылған.  Кӛлдің  ұзындығы  7  км,  тереңдігі  6  км.  Суы  тұщы,  мӛлдір, 
жаздың  күні  судың  температурасы  24
0
  С-қа  дейін  жетеді.  Кӛлде  шабақ,  таутан,  рипус, 
айналы  тұқы  жүзеді.  Зеренді  бұл  ӛңірдің  ең  әдемі  кӛлдерінің  бірі  болып  есептеледі.  Бұл 


142  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
тек табиғаттың әшекейі ғана емес, сонымен қатар сүйікті демалыс орны болып табылады 
[3]. 
Ерейментау. Бурабай курорттық аймағына үлкен антропогендік жүктеуді есепке ала 
отырып,  осы  уақытта  жоғары  туристік-тынығуға  арналған  әлеуеті  бар  басқа  да 
аудандарды  игеру  қажеттігі  туындады.  Мұндай  аудандарға  бірінші  кезекте  Ерейментау 
ауданы  жатады. Ерейментау  ауданының  туристік  қызметті  дамыту  үшін  барлық 
алғышарты бар. Ӛңірдің ерекшелігі болып кеңінен белгілі Қарағайлы тауы немесе Сұңқар 
таулары  табылады.  Ерейментау  ауданындағы  тау  ландшафты,  бай  жануарлар  және 
ӛсімдіктер әлемі, қазақтың ұсақ шоқыларының араларында орналасқан ӛзендердің кӛптігі 
–  бүкіл  осы  байлық  туристік  ағындарды  қызықтыру  үшін  әлі  әлсіз  пайдаланылуда. 
Ерейментаудың  аласа  таулары  мен  Сұңқар  аралдық  таулары  экологиялық  экстремалды 
туризмді дамыту үшін қалай болса да келеді. Аумақтың кеңдігі, шын мәніндегі халықтың 
аз  тұрақтауы  Ерейментау  тауларының  аумағына  табиғи-аумақтық  кешенге  зиянсыз 
оңтайлы  жүктеме  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ерейментау  қаласында  «Акмолатурист»  АҚ 
ӛкілдігі  қызмет  етеді.  Табиғат  мүмкіндіктері  Қалқаман  мекенінің  тӛңірегінде  демалыс 
базасын ашуға мүмкіндік береді (бұлақ, орман, су айдыны, қалаға жақын орналасқандық). 
Осыдан активті және пассивті демалыстың барлық  түрі  үшін турларды бастауға болады. 
Сондай-ақ, Тілес, Қоржынкӛл, Ордабай, Бозайғыр, Қабыланкӛл, Алғабас, Баймен кӛлдері, 
Ақдын,  Белодымка,  Тӛре  таулары,  Қарағайлы  (Соколинка)  мекені  экологиялық  туризмді 
дамыту  үшін  қолайлы  жерлер.  Ерейментау  ауданы  демалыс  аймақтары  мен  туристік 
базаларды салу үшін бірден-бір жер болып табылады [4]. 
Сандықтау.  Ӛлке    мәдениеті,  археология  және  табиғат  ескерткіштерімен  бай, 
оларды  тиісті  түрде  сақтау  қажет,  ӛйткені  олар  туристік  ӛнімнің  негізгі  түрлерінің  бірі. 
Сандықтау орта мектебінде ӛлкетану мұражайы бар; кенттің құрылу тарихы, бұл ӛлкенің 
белгілі  адамдары  әлі  есінде  жүрген  байырғы  тұрғындар  бар.  Сандықтау  таулары 
экотуризмді  дамыту  үшін  қолайлы.  Тамаша  табиғат  ландшафтары,  жануарлар  мен 
ӛсімдіктер  әлемінің  алуан  түрлілігі,  экологиялық  қолайлы  аудан  жақсы  туристік  ӛнім 
ретінде  пайдаланыла  алады.  Шиши  аралдық  тауларының  әлем-жәлем  кескіндері,  тағы 
табиғаттың  адам  қолының  тимегендігі,  тек  осы  ауданға  ғана  тән  ӛсімдіктердің  сирек 
түрлері  экотуристерді  қызықтыруға  қолайлы,  ал  Түкті  су  құламасының  жартасты  тік 
беткейлері  –  экстремалды  туризмнің  дамуы  үшін  табылған  олжа. Сандықтау  ауылында 
туристерге  қызмет  кӛрсету  үшін  «СВТ-топқа»  топтасқан  (экологиялық  бірлестік) 
адамдардың  бастамашыл  шығармашылық  тобы  бар.  Сондай-ақ  экотуризм  мен 
экстремалды туризмді дамыту үшін іске дұрыс жол тапқан кезде ӛте үлкен материалдық 
шығындар  қажет  емес,  бұл  алдағы  уақытта  Сандықтау  ауданы  да  туризмнің  үлкен 
перспективаларына үміт береді [5]. 
Облыс  туристік  бизнесті  дамытуға  аса  қолайлы  аумақты  алып  жатыр.  Демалыс 
аймақтарының  индустриалды  кӛп  орналасқан  ӛңірлердің  жақын  болуымен  байланысты 
ыңғайлы  географиялық  орналасуы  бар.  Бірегей  табиғи-климаттық  жағдайларымен  – 
жартасты таулардың, қарағайлы орманның, ыңғайлы жағажайы бар кӛлдердің, «Бурабай» 
курорттық  аудандарындағы  кӛлдердің,  Жӛкей,  Қатаркӛл,  Майбалық,  Үлкен  және  Кіші 
Шыбыш  ӛзендерінің  тынығуға  арналған  аймақтарының  тамаша  үйлесімділігі  бар 
ландшафттың  сұлулығымен  ТМД  мемлекеттерінің  ең  белгілі  курорттарымен  бәсекелесе 
алады.  Облыс  аумағында  «Бурабай»,  «Кӛкшетау»  Мемлекеттік  ұлттық  табиғи  парктері, 
сондай-ақ  бүкіл  Еуро-Азия  континентінде  бірден-бір  жерлердің  бірі  болып  табылатын 
халықаралық  мәндегі  Қорғалжын  қорығы  бар.  Щучье-Бурабай  курорттық  аймағы  –  бұл 
керемет табиғи-климаттық жағдайлары, бай емдеу-тынығу ресурстары мен тарихи-мәдени 
қоры,  Республиканың  орталығындағы  географиялық  Қазақстан  Республикасының 
елордасы  Астана  қаласына  жақын  орналасуы  бар  курорттық  жерлер.  Болашақта  оның 
Еуразияның  ірі  қазіргі  заманғы  орталығы  болуын  күтудеміз.  Мұнда  іскер,  әлеуметтік-
мәдени,  ғылыми-білім  беру,  сондай-ақ  ойын-сауық  мәніндегі  объектілер  салу 
жоспарлануда.  Курорттық  аймақтың  алдағы  уақыттағы  дамуына  шетел  капиталын 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау