159
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тықтар түзейді, бұлар уақыт өте келе белгілі бір этносаяси мəртебе талап ете
бастайды.
Э.т. шоғырланған жəне бытыраңқы күйде болуы мүмкін. Біріншісін этно-
ареалдық, екіншісін – этношашыраңқы топ деп атайды. Э.т. əдетте өзіндік
мемлекеттік құрылым болмайды. Этностық қауымдастықтары мол көптеген
мемлекеттерде Э.т. теңсіздігі немесе «этностық страфикация» орын алады.
Э.т. көптеген себептердің нəтижесінде құралады. Біріншіден, бұл кезінде
тарихи отанын тастап шыққан жəне түрлі елдер мен өңірлерде этномəдени
ареалдар құрған адамдар болуы мүмкін. Екіншіден, бұл көші-қонның, эми-
грацияның, депортацияның, шегаралардың өзгеруінің салдарынан өз этно-
сынан бөлініп кеткен адамдар қауымдастығы. Мəселен, Қазақстандағы Э.т.
орыстардан, месхеттік түріктерден, украиндардан, татарлардан жəне көпте-
ген басқалардан тұрады.
Э.т. көбіне оны қоршаған басқа ұлттық титулды жұртшылықтың арасын-
дағы азшылық болып шығады. Мұндайда Э.т. өз этносымен байланысы əл-
сіреп, негізінен тұрақсыз, тіпті кездейсоқ сипат алады. Ұрпақтан ұрпаққа
ауысқан сайын олар тұрақты түрде экономикалық, əлеуметтік-саяси, əлеу-
меттік-психологиялық, этномəдени қарым-қатынаста бірге өмір сүретін ұлт-
тарға сіңісіп кетеді. Əдетте жыл өткен сайын өздері ажыраған этноспен са-
лыстырғанда ділдегі елеулі айырмашылықтар ұлғая береді. Мұның мысалын
мынадан көруге болады: байырғы қазақстандық орыстар өздерінің тарихи
отанына көшкенде оларды көбіне толыққанды орыстар ретінде қабылдамай-
ды да, олардың жаңа болмысқа бейімделуі тым қиынға соғып жатады.
Əлемдік тəжірибе көрсеткеніндей, этностық азшылықтардың ахуалы,
мəртебесі олардың əлеуметтік-саяси болмысының беріктігіне байланысты.
Тұрақсыздық жағдайында ең жанға бататын ыңғайсыздықты Э.т. сезінеді,
олар өздерінің құқықтарының кемсітушіліксіз жəне нұқсансыз, өзіндік дер-
бес мəдениетті жоғалту қауіпінсіз біршама қамтамасыз етілетіндігіне сенім
болуына аса мұқтаж (қар.
Этносытқ анклав, Ұлттық-мəдени автономия,
Ұлттық-аумақтық автономия, Саны аз халықтар, Халық, Ұлттық аз-
шылық, Халық санағы).
ЭТНОСТЫҚ ТІЛ (ор.
этнический язык, ағыл.
ethnic language) –
Этнос-
тық топтың Тілі, сол топпен (өзін-өзі) бірдейлестіретін тіл (қар.
Автох-
тондық тіл, Жергілікті тіл, Тұрғылықты тіл, Миноритарлық тіл, Халық,
Титулды тіл, Этнос, Тіл, Диаспора тілі, Ұлтаралық қатынас тілі).
ЭТНОТІЛДІК АХУАЛ (грек.
ethnos халық, тайпа + тіл жəне лат.
situacio
жағдай, хал, ахуал, ор.
этноязыковая ситуация, ағыл.
ethnolinguistic situation)
– мемлекеттің, əкімшілік-саяси құрылымның, аумақтық бірлестіктің, өңірдің
шегіндегі этностар мен тілдердің жағдайы мен иерархиясы
. Э.а. объективті
талдау үшін тілдердің функциясын талдау аздық етеді. Тілдерге деген қаты-
160
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
нас, азаматтық, этностық жəне тілдік тұрғылардан өзін-өзі сəйкестендіру,
этносаралық қатынастардың шиеленісу дəрежесі, конфессиялық ықпалдың
дəрежесі, тілдік шиеленістердің болып қалу мүмкіндігі, тілді меңгеру деңгейі
тағы басқа көптеген жайттар ескерілуге тиіс (қар.
Сəйкестілік (Идентифика-
ция), Этностық топ, Этностық бірдейлесу, Этнолингвистика, Этнос, Тіл-
дік ахуал, Тілдік сана, Шиеленіс (Конфликт) (тілдік).
ЭТНОСТЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ /МОБИЛЬДІЛІК/ (лат.
mobilis –
жылжы-
малы, ор.
мобильность этническая, ағыл.
ethnic mobility) – 1. Этнос өкілдері
жағдайларының этностық жұмылдыруға байланысты өзгеруі. 2. Тұрғындардың
Миграциясы мен адамдардың əлеуметтік мəртебесінің өзгеруіне байланысты
этноəлеуметтік үдерістер (қар.
Этностық көші-қон). Қазіргі қоғамда жалпы
үш стратификациялық деңгейді – жоғарғы, орташа жəне төменгі деңгейлерді –
бөліп көрсетуге болады. Ал əр деңгейдің ішінде өз кезегіне қарай түрлі əлеумет-
тік топтардың сатылап реттелген жиынтығы болады. Бұл құрылымнан қандай
да бір орын алатын этностық топтың өз əлеуметтік мəртебесін өсіріп не төмен-
детіп, я болмаса тігінен орын ауыстырып, бір деңгейден басқа деңгейге өтуге
мүмкіндігі бар. Э.ұ. кейде кейбір этностардың кейбір əлеуметтік топтардың түйіс-
кен жерінде қалып айтарлықтай психологиялық қиыншылықтарға ұшырауына
əкеліп соғады. Бұлардың əрі-сəрі күйге түсуі көбінесе қандай да бір себептер-
мен ықпалдас əлеуметтік топтардың біріне бейімделуге қабілетсіздігінен неме-
се оны қаламауынан болады. Екі мəдениеттің арасында тұрғандай күйдегі бұл
феномен, əлеуметтік кеңістікте орын ауыстырумен байланысты бұл құбылыс
этностық маргиналдылық деп аталады (қар.
Этнос, Этностық топтар).
ЭТНОФОР (ор.
этнофор, ағыл.
ethnofore, грек.
ethnos – халық, тайпа +
италиян.
fora – тысқары, сырт, алда) – этностық мəдениет пен ұлттық психи-
каның дара иесі, мысалы, қазақ, орыс, беларус жəне т.б. Ю.Платонов бойын-
ша, этнос өкілі, этностық сана иесі ретіндегі индивид (қар.
Этностық топ,
Этнолингвистика).
ЭТНОСТЫҚ ФУЗИЯ (фр.
Fusion, лат.
fusio балқытып қосу, ор.
этни-
ческая фузия, ағыл.
ethnic fusion) – тілі мен мəдениеті жағынан тектес бір-
неше этностық дербес топтардың жаңа, анағұрлым үлкен бір этнос болып
бірігуі. Мыс., шығыс славян тайпаларының (поляндықтар, древляндықтар,
дреговичтер, вятичтер т.б.) көне орыс халқы болып тоғысуы. Э.ф. – этностық
өзіндік сананың ауысуына алып келетін этнотрансформациялық үдеріс. Өзін-
дік сананы өзгертпейтін, этноэволюциялық үдеріс этностық шоғырланумен
қарама-қарсы қойылып қаралады. Алайда Э.ф. мен этностық шоғырлану
– бір-бірімен тығыз байланысты үдерістер. Э.ф. уақыт өте келе этностық
шоғырлануға ұласады, сондықтан нақты бір этностық үдерісті зерттегенде,
бұл үдерістің Э.ф-ның соңғы сатысы əлде этностық шоғырланудың бастапқы